Фармакология Сессия жауаптары


)Гипотензивті агенттер: миотропты әсер ететін спазмолитиктер (папаверин гидрохлориді, магний сульфаты, дибазол, Но-шпа)



бет13/24
Дата04.06.2024
өлшемі146.24 Kb.
#502316
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Фарм сессия

70)Гипотензивті агенттер: миотропты әсер ететін спазмолитиктер (папаверин гидрохлориді, магний сульфаты, дибазол, Но-шпа)
Диазоксид (Diazoxide) 1,5%-20ml, Натрий нитропруссиді, Апрессин 10/25мг таб., Магний сульфат 20/25% -5мл амп., Дибазол 0,02 таб.; 1%-1/5мл амп., Папаверин 10/40мг таб.; 2% — 2мл амп., Но-шпа 40/80мг таб., 40мг/2мл амп.
Тамырлардың бұлшықеттерін босаңсытып, қысымдытөмендетеді.
71)Гипотензияға қарсы препараттар.(адреналин гидрохлориді, мезатон, кофеин препараттары)
адреналин гидрохлориді: Бұлшықет ішіне және тері астына енгізгеннен кейін эпинефрин жылдам сіңіріледі; қандағы ең жоғарғы концентрациясына 3-10 минут өткенде жетеді.
Қолданылуы сарысуларды қолданғанда, қан құйғанда, жәндіктер шаққанда немесе аллергендермен жанасқанда дамитын анафилактикалық шокта,
бронх демікпесінің жедел ұстамаларын басқанда
әртүрлі тектегі артериялық гипотензияда (постгеморрагиялық, интоксикациялық, жұқпалы)гипокалиемияда, соның ішінде инсулиннің артық дозалануында
асистолияда, жүректің тоқтауында Жағымсыз әсерлері
Жиі:бас ауыруы рейлі жай-күй діріл жүрек айнуы, құсу анорексия гипергликемия
Мезатон- Препарат организм тіндеріне тез түседі, қан плазмасы ақуыздарымен 95% байланысады. Мезатон – 1-адреномиметик, жүректің -адренорецепторларына елеусіз әсер етеді. 
Қолданылуы артериялық гипотензияда шок жағдайында (оның ішінде жарақаттық, уыттылық) тамырлық жеткіліксіздікте (оның ішінде вазодилататорлардың артық дозалануы аясында) интраназальді – вазомоторлық және аллергиялық ринитте жергілікті анестезия жүргізуде вазоконстриктор ретінде
Препаратты ересектерге көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне және тері астына қолданады. Коллапста көктамыр ішіне енгізуде препараттың бір реттік дозасы – 0,1-0,3-0,5 мл 1 % ерітіндісі
Жергілікті анестезияда 0,3-0,5 мл 1 % ерітіндіден анестетиктің 10 мл ерітіндісіне қосады.
Жағымсыз әсерлері
Жүрек-қан тамырлары жүйесі тарапынан:стенокардия ұстамалары, брадикардия, артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, тахикардия, қарыншалық аритмиялар (әсіресе жоғары дозаларда қолданғанда), жүрек қағуының жиілеуі.
Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, ашушаңдық, мазасыз қозғалыстар, бас айналуы, қорқыныш сезімі, мазасыздық, әлсіздік, бет терісінің бозаңдануы, тремор, құрысулар, миға қан құйылуы.
Ас қорыту жолдары тарапынан: жүрек айнуы, құсу.
Тыныс алу жүйесі тарапынан: диспноэ.
Аллергиялық реакциялар: тері бөртпелері, қышыну.
Көру органдары тарапынан: көз ауыруы, конъюнктива гиперемиясы, қабақ тарапынан аллергиялық реакциялар, мидриаз.
Несеп шығару жүйесі тарапынан: несеп шығару бұзылуы, несеп іркілуі.
Басқалары: қатты тершеңдік, гиперсаливация, аяқ-қолдардың шаншуын және мұздауын сезіну, ысынулар, гипергликемия.
Кофеин ОЖЖ-не тікелей қоздырғыш әсер етеді: психикалық әрекетті ынталандырады, ойлау және физикалық жұмыс жасау қабілетін жоғарылатады, реакция уақытын қысқартады, оң шартты рефлексті белсендендіреді. Кофеинді енгізгеннен кейін күш-жігер пайда болады, шаршағыштық пен ұйқышылдық уақытша азаяды немесе қайтады. Егде жастағы адамдарда айқындырақ әсер етеді.
Қолданылуы
- ОЖЖ, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесі функциясын бәсеңдетумен байланысты жағдайда: есірткілік дәрілермен уланғанда, ауыр инфекциялық ауруларда, жалпы анестетиктерді (наркозды) қолданғаннан кейінгі жағдайда
Ересектерге тері астына 200 мг-ден (1 мл 20% ерітінді) енгізіледі.
Ең жоғарғы бір реттік доза – 0,4 г, ең жоғарғы тәуліктік доза – 1 г.
Жағымсыз әсерлері
- қозу, үрейлену, діріл, мазасыздық, бас ауыруы, бас айналуы, эпилепсиялық ұстамалар, рефлекстердің күшеюі, тахипноэ, ұйқысыздық
- ОЖЖ бәсеңдеуі, қатты шаршағыштық, ұйқышылдық, ұзақ уақыт бойы қабылдағаннан кейін препаратты қабылдауды бірден тоқтатқан кезде бұлшықеттің ширығуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет