- Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп аталады;
- Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі.
- Күрделі ферменттерде активті орталыққа металл иондары мен коферменттер де кіреді.
Ферменттiң активті орталыѓы - Ферменттiң активті орталыѓы
-
- Ферменттiк катализ жүзеге асқанда бiрiншi сатысында фермент (Е) субстратпен (S) әрекеттеседi де, фермент-субстратты комплекс (ЕS) түзiледi:
-
- Е + S ЕS
-
- Фермент субстратпен өзара байланысқанда, белок молекуласының шаѓын ѓана бөлiгi бұл әрекетке қатысады. Осы фермент молекуласының субстратпен тiкелей жанасатын бөлiгiн ферменттiң актив орталыѓы деп атайды.
- Ферменттiң активті орталыѓы екi бөлiктен құрылады. Субстратты таңдап алуына жауапты актив орталыѓының бөлiгi ферменттiң адсорбциялық орталыѓы деп аталады. Каталитикалық процеске қатысатын активті орталыѓының бөлiгi ферменттiң каталиттiк орталыѓы деп аталады.
- Ферменттердiң құрылымында, ерекшелiгiнде, каталитикалық әсерiнiң меха-низмiнде айырмашылыѓы болады. Осыѓан қарамастан, әр түрлi ферменттердiң активті орталыѓының жалпы қасиеттерi бар.
Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары: - Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары:
- цистеин,құрамында сульфгидрлік тобы –SH бар;
- серин, гидроксильдік -OH тобы бар;
- гистидин, имидазол сақинасы бар;
- аспарагин мен глутамин қышқылдары құрамында екінші карбоксильдік -COOH топ бар;
- триптофан, құрамында индол сақинасы;
- гидрофобты амин қышқылдары, құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады.
- Активті орталық кеңістік пішінді, ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |