Ғылыми жоба «Жылқы малдың төресі»



бет7/11
Дата27.09.2023
өлшемі286.62 Kb.
#478854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жылқы 2 (1)

Зертханалық жұмыстар
Жылқы - қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оның пірі - Қамбар ата. Қамбар атаға Тағы бір тілек тілейін, Шын бергенін білейін. Өңкей ала шұбардан, Жал - құйрығы шұбалған, Айғырды бер байсалды, Үйірі толған байталды Өңкей мама биемен Сауған сайын иіген, Желіні сүтін тыймасын, Көнекке саусақ сыймасын. Ұзара берсін желісі, Кеңи берсін өрісі
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған.
Шыңғыртып асау құлынды, Қыл арқанмен байлаған. Жылқышы ата баласы Жылқы бассын үйіңді Бұл өлеңде жылқы жасына қарай талданған
Жылқы жасы 1. Құлын - жылқы төлі 2. Жабағы - 1 жылға дейінгі төл
3. Тай - 2 жастағы жылқы
4. Құнан - 3 жастағы жылқы.
Байтал - 4жастағы ұрғашысы
5. Дөнен - 4 жастағы еркегі
6. Бесті - 5 жасар еркек жылқы. Ат - кестірілген, мініс ат
7. Айғыр - аталық жылқы. Сәурік - жас айғыр.
8. Бие - аналық жылқы. а) мама бие - көп құлындаған жуас бие ә) қулық - алғаш құлындаған бие
Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген. Тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады. Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген.
Жылқы тұқымдары

22 наурыз келді дегенше, бәйге, көкпардың дүбірлі додасы келді дей беріңіз. Оған себеп бар. Қаймана қазақтың жылқы десе, аузындағы асын тастайтыны бәріне аян. Оның ішінде "таза қанды" жылқыларға деген ықыласын сөзбен жеткізу тіптен қиын. 22 наурызда өтетін бәйгеге қазақ атын жыл бойы баптаған. Күнделікті тірліктің өзінде жылқы десе, бес жасар баладан бастап, елу жасар қартқа дейін құлағы елең ете қалады. Бұның бәрі бабалардан қалған қасиет. Ендеше, жылқы тұқымының топтамасына назар салыңыз.
Жылқы туризмі - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Және осылай болып қала береді де. Ақылды, мықты, төзімді жылқыларды таңдай білу қажет. Жалпы жылқы малы адам бұйрығының бәрін дерлік орындауға бейім. 
Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар. Соның ішінде тоқталып өтуге тұрарлық тұқымдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет