19
анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып
табылады. Сондай-ақ ата-ана құқықтарының
шектелуiне немесе олардан
айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына,
олар өлдi деп
жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына,
ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-
анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн
қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының
өз баласын тәрбиелеу
немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-
анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының
немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.
4-сурет.Жетімдердің көбеюінің себебі не деп ойлайсыз?
Бұл сауалнаманың басым көпшілігі яғни 52% ата аналардың ішімдікке
салынып баланы қараусыз тастап кетуі деп айтқан.Ал одан кейінгі 36%
атааналардың ажырасуы деп жауап берген екен.Ал қалған пайызы анасының
не болмаса әкесінің қайтыс болуы деген нұсқаны таңдаған екен. Қазіргі таңда
балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетімдердің саны күн
сайын көбейіп
келеді. Жетімдер –қамқорлықсыз қалған әлеуметтік жетімдер және әке-
шешесінен айырылған жетімдер болып екіге бөліп қарастырылады.
Біздің
елімізде жетімдердің басым көпшілігі әлеуметтік жетімдер. Әке-шешелері
ішімдікке салынып, баласына мүлде көңіл бөлмейді. Ал
бұндай
жауапкершіліксіздерді мемлекет заңға сүйене, ата-ана құқығынан айырады.
Тастанды балалардың да саны аз емес. Сау болса да, еш аяусыз баласын тағдыр
қаталдығына қиып, «тастанды» атандырады.