ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
«5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
| Ғылыми кеңесінде бекітілді
№____хаттама « ____»________ 2013 ж.
Факультет деканы____________Масалимова А.Р.
|
СИЛЛАБУС
«PED 2007» - «Ата-аналармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік-педагогикалық ағартушылық»
(3 кредит)
2 курс, қ/б, күзгі семестр
Модульдің пәндерін жүргізетін оқытушылар туралы МӘЛІМЕТ:
«Ата-аналармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік-педагогикалық ағартушылық» пәні бойынша
Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: доцент Жолтаева Күлпаш Жолтаевна.
Телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс): 8 707 8819924
каб.: философия және саясаттану факультетінің ғимараты, 3 бөлме
Модульдің МАЗМҰНЫ:
Мақсаты: Модуль отбасы мен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау барысындағы жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Болашақ мамандарға отбасы мен жұмыс жасаудағы әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік қамтамасыз етуде қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ педагог-психологтың әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетіндегі ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен жұмыс жасау технологиялар және ағартушылық жұмыспен жүйелі таныстыруға бағытталған.
Міндеттері: Отбасының моральдық-этникалық құндылығын айқындау; отбасының әлеуметтік-экономикалық құқықтық негіздерін білу; тұлғалық-бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жағдайында қарым-қатынастың субъектілі үштігіндегі (бала – ата-ана - әлеуметтік педагог) педагогикалық серіктестікті ұйымдастыру, отбасылық кеңес беру, психологиялық-педагогикалық кеңес беру дағдылары мен біліктерін меңгеру.
Модуль бойынша оқытудың нәтижелері
- Жалпы құзырет:
құралдық: әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет нәтижелері мен үрдістерін түзету және өзіндік бақылау қабілеттілігі; тұтас педагогикалық үрдіс пен жаңа технологияларды қолдану;
тұлғааралық: басқаларды және қоршаған болмысты сыни бағалау қабілеттілігі; тұлғалық-бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жағдайында қарым-қатынастың субъектілі үштігіндегі (бала – ата-ана - әлеуметтік педагог) педагогикалық серіктестікті ұйымдастыру дағдыларын игеру;
жүйелік: болашақ маман тұлғасының кәсіби мәнді қасиеттерін және оның белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру;
пәндік құзырет: әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін болжау және түзетуі; мәдени-ағартушылық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыру білігі.
Пререквизиттері: Өзін-өзі тану және өзін-өзі ұғыну психологиясы, Жасерекшелік психологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |