"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiн бекiту


Өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйелерiне қойылатын талаптар



бет4/5
Дата26.06.2016
өлшемі295 Kb.
#159727
1   2   3   4   5

4.9. Өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйелерiне қойылатын талаптар

      238. Өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйелерi кезекшi маман тәулiк бойы болатын үй-жайларда орнатылады.

      239. Өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйелерi қорғалатын үй-жайда (адрестiк өрт хабарландырушылары орнатылған орындарда) адрестiк өрт хабарландырушыларының құрамына кiретiн адрестiк өрт хабарландырушыларының iске қосылу шегiнiң бақыланатын факторының сандық шамасынан асқан, сондай-ақ қол адрестiк өрт хабарландырушыларын қосқан кезде "Өрт" деген режимге ауысуы қажет.

      240. Өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйелерi "Өрт" деген сигнал келiп түскен адрестiк өрт хабарландырушыларының адрестерiнiң кодтарын (бұдан ары - нөмiрлерiн) визуалды бейнелеудi автоматты түрде қамтамасыз етуi керек. "Өрт" деген сигнал келiп түскен адрестiк өрт хабарландырушыларының бiр мезгiлде немесе кезектесiп бейнеленетiн нөмiрлерiнiң жалпы саны 10-нан кем болмауы қажет.

      241. Өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйелерiнiң:
      1) осы ақпаратты визуалды бейнелеу мүмкiндiгi бар "Өрт" деген сигналдың келiп түскен санын есте сақтау құрылғысы болуы керек;
      2) адрестiк өрт хабарландырушыларының нөмiрлерiн визуалды бейнелеуi бар адрестiк өрт хабарландырушыларының жұмысқа қабiлеттiлiгiн автоматты арақашықтық тексерудi қамтамасыз етуi қажет;
      3) реле түйiспесiнiң көмегiмен "Өрт" және "Ақаулық" деген электрлiк сигналдарды таратуды, сондай-ақ өрт автоматикасының қондырғыларын iске қосуға сигналдарды қосуды қамтамасыз етуi қажет.

      242. Адрестiк өрт хабарландырушысының бас тартқан сәтiнен бастап адрестiк қабылдау-бақылау аспабында ақпарат пайда болғанға дейiнгi аралық 2 сағ. кем болмауы керек.

      243. Өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйелерiнiң:
      1) өрт автоматикасының қондырғыларын iске қосу сигналдарын қолмен арақашықтық қосу мүмкiндiгi болуы керек;
      2) өрт автоматикасының қондырғыларының абайсызда iске қосылуынан қорғанышы болуы қажет.

      244. Адрестiк өрт хабарландырушысынан "Өрт" деген сигнал түскен кезде адрестiк қабылдау-бақылау аспабында қызыл түстi "Өрт" деген оптикалық индикатор және "Өрт" деген үндiк дыбыстық сигнал қосылуы керек.

      245. Өрт автоматикасының қондырғысының iске қосу сигналын автоматты қосуды жүзеге асыратын адрестiк өрт хабарландырушысының кез келген бағдарламаланған топтарының адрестiк өрт хабарландырушысынан "Өрт" деген алғашқы сигналдың түсуi тиiстi қызыл түстi оптикалық индикатордың қосылуымен iлесуi қажет.

      246. Электрлiк қоректенудiң негiзгi көзi ажыратылғаннан кейiн өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйесi "Өрт" және "Ақаулық" деген режимдерден ерекшеленетiн дыбыстық сигнал беру жабдығының және сәйкес оптикалық индикатордың (қызыл түстен басқа) қосылуымен немесе оптикалық индикатордың басқа режимде қосылуымен резервтiк көзден электрлiк қоректенуге автоматты ауыстырылып қосылуы бар "Резерв" деген режимге ауысуы қажет.


      Жұмысқа деген қабiлетiн бұзатын адрестiк өрт хабарландырушысының электрлiк сұлбасының кез келген құраушы элементiнiң қатардан шығуы немесе адрестiк қабылдау-бақылау аспаптары мен адрестiк өрт хабарландырушысының арасында ақпарат алмасу процесiн бұзатын шлейфтiң қатардан шығуы ақаулылық болып табылады.

      247. Ажыратылғаннан, қатардан немесе электрлiк қоректенудiң резервтiк көзiнiң нормасынан төмен разрядынан шығудан өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйесi тиiстi оптикалық индикаторын (қызыл түстен басқа) және "Өрт", "Ақаулық" және "Резерв" деген режимдерден ерекшеленетiн дыбыстық сигнал беру жабдығының қосылуы бар "Разряд" деген режимге ауысуы қажет.


      Электрлiк қоректенудiң резервтiк көзiнiң күйiн мерзiмдi бақылаудан туған "Разряд" деген режимге ауысу кезiнде бақылау арасындағы уақыт аралығы 2 сағ. аспауға тиiс, ал дыбыстық сигнал қысқа уақытты болуы қажет.

      248. Дыбыстық сигналдарды ажырату үшiн адрестiк қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарының бекiтуi бар түймешiгi немесе дыбыстық сигналдарды ажыратудың режимiне сәйкес оның қалпынан оптикалық индикациясы бар бекiтуi бар түймешiгi болуы керек.

      249. Адрестiк қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарының ақпаратты сақтай отыра барлық түскен сигналдарды жедел ажырату үшiн бекiтуi жоқ түймешiгi болуы қажет.

      250. Өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйесiнде "Өрт" деген оптикалық, дыбыстық және электрлiк сигналдарының басқа сигналдарға қарағанда басымдығы болуы қажет.

      251. Барлық санаттағы өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйелерiндегi бағдарламалау және басқару органдары рұқсат етiлмеген қол жеткiзуден қорғалған болуы қажет.

      252. Адрестiк өрт хабарландырушысына адрестiк өрт хабарландырушысының iске қосылу шегiнен немесе өрт сигнал беру жабдығының барлық ұқсас жүйесiнiң iске қосылу шегiнен асатын шамасы бар өрттiң бақыланатын факторы әсер етудiң басталған сәтiнен бастап оның "Өрт" деген режимге ауысуына дейiнгi уақыт аралығы 10 с. аспауы қажет.


      Адрестiк өрт хабарландырушысының қолмен қосу сәтiнен бастап өрт сигнал беру жабдығының адрестiк жүйесiнiң "Өрт" деген режимге ауысуына дейiнгi уақыт аралығы 10 с. аспауы керек.

4.10. Өрт сигнал беру жабдығының автоматты жүйелерiнiң қабылдау-бақылау аспаптарына қойылатын талаптар

      253. Өрт қабылдау-бақылау аспаптарын кезекшi маманның тәулiк бойы келуi бар үй-жайларда орнатылады.

      254. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары мынадай функцияларды:
      1) өрт хабарлағыштарының iске қосылған шлейфтердiң нөмiрлерiнiң жарықтық индикациялары бар және дыбыстық және жарық сигнал беру жабдықтарын қосуы бар қол және автоматты өрт хабарландырушыларынан электрлiк сигналдарын қабылдауды;
      2) барлық ұзындығы бойынша үзiлудi немесе ондағы қысқа тұйықталуды автоматты анықтауы бар сигнал беру жабдығының шлейфтерiнiң ақаусыздығын, сондай-ақ пайда болған ақау туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығын бақылауды;
      3) сигнал беру жабдығының және байланыс желiсiнiң жерге тұйықталуын (егер бұл өрт қабылдау-бақылау аспаптарының қалыпты жұмысына кедергi келтiретiн болса) бақылау;
      4) олардың ақаулығы туралы сыртқы шынжырларға хабарлама беру мүмкiндiгiмен өрт қабылдау-бақылау аспаптарының түйiндерi мен блоктарының жұмыс қабiлеттiлiгi мен күйiн қолмен немесе автоматты бақылауды;
      5) сигнал беру жабдығының кез келген шлейфiн қолмен қосу, сонымен қатар сигнал беру жабдығының бiр немесе бiрнеше шлейфтерiн қосуға сыртқы шынжырларға ақаулық туралы хабарды беру iлесуi керек;
      6) жарықтық индикацияны сақтай отыра қабылданған хабар туралы дыбыстық сигнал беру жабдығын қолмен қосу, сонымен қатар дыбыстық сигнал беру жабдығын ажырату сигнал беру жабдығының басқа шлейфтерiнен хабарларды қабылдауға және жаңадан дабыл хабары түскен кезде кезектi қосылуына ықпал етпеуге тиiс;
      7) өрт қабылдау-бақылау аспаптары қалыптастыратын басқа сигналдарға қарағанда өрт туралы хабарды сыртқы шынжырларға айрықша тiркеу мен берудi;
      8) қол өрт хабарландырғышына өрт туралы хабардың қабылданғанын нақтылайтын керi сигналдың жiберiлуiн;
      9) басқару органдарын бөтен тұлғалардың рұқсатсыз қол жетiмдiлiгiнен қорғауды;
      10) өрт, өрт қабылдау-бақылау аспаптарының ақаулығы мен оның басқару органдарына бөтен тұлғалардың рұқсатсыз енгенi туралы жекелеген хабарлардың автоматты берiлуiн;
      11) қорғалатын бiр үй-жайда орнатылған екi өрт хабарлағышы iске қосылған кезде өрт сөндiрудiң автоматты қондырғыларының басқару аспаптарын жiберудiң бастату импульсiн 30 с кем болмайтын ұстамымен және адамдардың келуi қарастырылмаған үй-жайлар үшiн уақыт ұстамай қалыптастыруды;
      12) электр қоректенудiң негiзгi көзден резервтiкке және сыртқы шынжырларға жалған сигналдарды бермей сәйкес индикацияның қосылуымен керi автоматты ауысып-қосылуын;
      13) сигнал беру жабдығының бiр шлейфiне қалыпты тұйықталған түйiспелерi бар белсендi (энергия тұтынушы) және пассивтi өрт хабарландырғыштарының қосылу мүмкiндiгiн;
      14) қоректенудiң резервтiк көзiнiң (аккумулятордың) күйiн бақылауды;
      15) өрт туралы хабарды қалыптастыру тактикасын бағдарламалау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi қажет.

      255. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары мынадай хабарларды:


      1) сигнал беру жабдығының шлейфiндегi бiр өрт хабарлағышы iске қосылған кезде өрт туралы;
      2) өрт сөндiрудiң автоматты қондырғыларымен бiрге жұмыс iстейтiн өрт қабылдау-бақылау аспаптары үшiн екi өрт хабарлағыштары iске қосылған кезде өрт туралы;
      3) сигнал беру жабдығы шлейфiнiң қысқа тұйықталуы немесе үзiлуi туралы;
      4) негiзгi қорек көзi кернеуiнiң ажыратылғаны туралы немесе кернеудiң рұқсат етiлген деңгейден төмен түскенi туралы;
      5) резервтiк қорек көзiнiң кернеуiнiң ажыратылғаны туралы;
      6) жұмыс қабiлеттiлiгiн автоматты немесе қолмен тексеру кезiнде өрт қабылдау-бақылау аспабының ақаулығы туралы;
      7) негiзгi қорек көзiнен резервке ауысқаны туралы;
      8) бөтен тұлғалардың өрт қабылдау-бақылау аспаптарының басқару органдарына рұқсатсыз қол жеткiзгенi туралы хабарларды беруi қажет.

      256. Өрт қабылдау-бақылау аспаптары хабарларды мынадай тәсiлдердiң бiрiмен тiркеу мен бейнелеудi:


      1) жарық индикациясымен;
      2) жарық индикациясымен және дыбыстық хабарлаумен қамтамасыз етуi керек.

      257. Өрт қабылдау-бақылау аспаптарының мынандай:


      1) кезекшi режимде және дабыл режимiндегi қоректенудiң резервтiк көзiнен тұтынылатын тоқ
      2) қоректену кернеуiнiң ауқымы;
      3) бөгеуiлден қорғанушылық
      4) ақпараттық сыйымдылық
      5) ақпараттылық
      6) шығу байланыстарымен коммутацияланатын ең жоғарғы кернеу;
      7) шығу байланыстарымен коммутацияланатын ең жоғарғы тоқ
      8) жұмысқа техникалық дайындығының уақыты;
      9) өрт қабылдау-бақылау аспаптары өзiнiң жұмыс қабiлеттiлiгiн сақтап қалатын шығару элементiнiң кедергiсiн есепке алмайтын сигнал беру жабдығы шлейфiнiң ең жоғарғы кедергiсi;
      10) өрт қабылдау-бақылау аспаптары өзiнiң жұмыс қабiлеттiлiгiн сақтап қалатын сигнал беру жабдығы шлейфтерiнiң сымдарының немесе "Жерге" сымдарының әрбiрiнiң арасындағы жылыстау кедергiсiнiң ең төменгi рұқсат етiлген шамасы;
      11) хабарландырғыштарды қоректендiру үшiн сигнал беру жабдығының шлейфi бойынша тоқтың шамасы;
      12) дабыл туралы хабарлаудың ұзақтығы;
      13) климаттық әсерлерi бойынша қолданудың жұмыс жағдайлары;
      14) механикалық әсерлерi бойынша қолданудың жұмыс жағдайлары;
      15) габариттi өлшемдерi деген арналу көрсеткiштерi болуы керек.

4.11. Күзет, өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдықтары құралдарына қойылатын талаптар

      258. Күзет, өрт (өрт-күзет) құралдарының сигнал беру жабдықтары (бұдан ары - бұйымдары) төрт бағыттағы:


      1) хабарландырушылар, шлейф құрылғылары және қабылдау-бақылау аспаптары немесе өрт сигнал беру жабдығының арасындағы;
      2) қабылдау-бақылау аспаптары немесе өрт сигнал беру жабдығының, хабарландырушылар және хабарларды беру жүйесiнiң ақырғы құрылғылары арасындағы;
      3) соңғы қайта таратқыштар, хабарларды берудiң жүйесiнiң орталықтандырылған бақылау пультi және үндiк дәлдiктiң стандартты арнасының арасындағы;
      4) хабарларды берудiң жүйесiнiң орталықтандырылған бақылау пультi мен перифериялық аппаратуралар арасындағы үйлесiмдiлiктi қамтамасыз етуi қажет.

      259. Функциялық арналуына қарай бұйымдар тұтынушыларға ену, қорғалатын объектiдегi өрт туралы ақпаратты берiлген түрде қалыптастыруды, алуды, өңдеудi, берудi және ұсынуды қамтамасыз етуi керек.

      260. Бұйымның типiне қарай хабарларды тiркеу мен бейнелеу бiр немесе бiрнеше тәсiлмен:
      1) оптикалық индикациямен;
      2) жарықтық, дыбыстық немесе сөздiк хабарлаумен;
      3) электрлiк сигналды түйiспелi немесе түйiспесiз тәсiлмен қалыптастырумен;
      4) алфавиттiк-цифр басып шығаратын құрылғымен;
      5) магниттi (м) таспамен (дискпен) жүзеге асырылуы қажет.

      261. Функциялық арналуына қарай бұйымдар мына жағдайларда:


      1) бұзушының енген немесе жақындаған;
      2) қарақшылық басып алған; жану ошағын анықтаған;
      3) аппаратураның ақаулығында (қызметтiк хабар);
      4) электр қоректенудiң рұқсат етiлген деңгейден түскен;
      5) негiзгiден резервтiк қоректену көзiне және керi ауысқан (қызметтiк хабар);
      6) сигнал беру жабдығының сигналдық сымдарының немесе шлейфтерiнiң қысқа тұйықталған немесе үзiлген;
      7) аппарат жұмысына рұқсатсыз енген немесе басқа да қызметтiк хабарлар жағдайларында хабар беруi қажет.

      262. Хабардың бiрнеше түрi берiлген кезде бұйым өрт, бұзушының енгенi және қарақшылық басып алу туралы хабарларды берудiң бiрiншi кезектiлiгiн қамтамасыз етуi керек.

      263. Қысқа тұйықталу, жерге тұйықталу, сондай-ақ техникалық құралдар кешендерiнiң жапсар шынжырларындағы қосылу желiлерiнiң үзiлуi жанасатын бұйымдарда бүлiнулердi тудырмауы қажет.

      264. Негiзгi қоректену жоғалған кезде резервтiк қоректенуге автоматты және керi ауысуы бар бұйымдар дабылды хабарларды бермей-ақ ауыстырып-қосуды қамтамасыз етуi қажет.

      265. Күзет, өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы құралдарының типтерi мен негiзгi параметрлерi Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықталады.

4.12. Өрт туралы хабарлау және ғимараттар мен құрылыстарда адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерiне қойылатын талаптар

      266. Берiлетiн сигналдардың сипатына қарай хабарландырушылар:


      1) жарықтық
      2) дыбыстық
      3) сөздiк;
      4) құрама болып бөлiнедi.

      267. Хабарлаудың тәсiлi мен кезектiлiгiне қарай аспаптар 5 топқа:


      1-топ:
      1) хабарлау тәсiлдерi: дыбыстық, жарықтық (жарықтық жыпылықтау сигналы, "Шығу" деген жарық көрсеткiш);
      2) хабарлаудың кезектiлiгi: хабарлаудың бiр желiсi (барлық хабарландырушыларды хабарлау желiсiне бiр мезгiлде қосып);
      2-топ:
      1) хабарлау тәсiлдерi: дыбыстық, жарықтық (жарықтық жыпылықтау сигналы, "Шығу" деген жарық көрсеткiштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткiштерi);
      2) хабарлаудың кезектiлiгi: хабарлаудың екi немесе одан да көп желiлерi (хабарлаудың берiлген кезектiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әрбiр желiнi тәуелсiз қосу);
      3-топ:
      1) хабарлау тәсiлдерi: дыбыстық, сөздiк, жарықтық ("Шығу" деген жарық көрсеткiштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткiштерi);
      2) хабарлаудың кезектiлiгi: хабарлаудың екi немесе одан да көп желiлерi (хабарлаудың берiлген кезектiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әрбiр желiнi тәуелсiз қосу);
      4-топ:
      1) хабарлау тәсiлдерi: дыбыстық, сөздiк, жарықтық ("Шығу" деген жарық көрсеткiштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткiштерi);
      2) хабарлаудың кезектiлiгi: хабарлаудың екi немесе одан да көп желiлерi (хабарлаудың берiлген кезектiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әрбiр желiнi тәуелсiз қосу);
      3) диспетчер бөлмесiнен хабарлау аймағының байланысы;
      5-топ:
      1) хабарлау тәсiлдерi: дыбыстық, сөздiк, жарықтық ("Шығу" деген жарық көрсеткiштер, қозғалыс бағытының жарық көрсеткiштерi);
      2) хабарлаудың кезектiлiгi: хабарлаудың екi немесе одан да көп желiлерi (хабарлаудың берiлген кезектiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әрбiр желiнi тәуелсiз қосу);
      3) диспетчерлiкпен хабарландыру аймағының байланысы;
      4) хабарлау жүйесiн басқаруды толық автоматтандыру және хабарлаудың әрбiр аймағынан эвакуацияны ұйымдастырудың көптеген варианттарын тарату мүмкiндiгi болып бөлiнедi.

      268. Өрт кезiнде хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару мына тәсiлдердiң бiрiмен немесе олардың комбинациясымен:


      1) ғимараттың барлық бөлмелерiне дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналды берудi;
      2) сөздiк хабарламаларды таратуды;
      3) эвакуацияның ұсынылатын бағытына жарықтық және дыбыстық нұсқауларды қосуды;
      4) өрттiң пайда болу орны туралы, жеке қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн, сондай-ақ үрей мен эвакуациялау процесiн қиындататын басқа да құбылыстарды болдырмауға бағытталған эвакуация және әрекет ету жолдары туралы хабарларды ғимараттың немесе үй-жайдың жекелеген аймақтарына берудi;
      5) өрт орнының (диспетчерлiк) адамдардың келуi мүмкiн барлық үй-жайларымен екi жақты байланысын;
      6) эвакуациялық жарық берудi iске қосуды;
      7) электромагниттiк құлыптармен жабдықталған эвакуациялық шығу есiктерiнiң қашықтық ашылуын жүзеге асыруы қажет.

      269. Аспаптар хабарларды тiркеу мен бейнелеудi мына тәсiлдердiң бiрiмен:


      1) жарықтық индикациямен;
      2) жарықтық индикациямен және дыбыстық сигнал беру жабдығымен қамтамасыз етуi қажет.

      270. Сөзбен басқару құралдары жазылған фонограммаларды таратуды және (немесе) хабарламалар мен басқару командаларын микрофон арқылы тiкелей таратуды қамтамасыз етуi қажет.

      271. 4 және 5-топтың сөзбен және дыбыстық хабарлаудың басқа аспаптарында хабарлау аймағымен екi жақты коммуникациялық байланысының мүмкiндiгi болуы қажет.
      Хабарлағыштарға басқару сигналдарын беру туралы дыбыстық сигналдар басқа сигналдардан ерекшеленiп тұруы керек.

      272. Сөзбен хабарлауды басқару аспаптарының өрт кезiнде объектiде штатты болмайтын өзгеру жағдайларында басқару командаларына жедел түзету енгiзу мүмкiндiгi болуы керек.

      273. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерi эвакуация жоспарларын тарату мақсатында жобаланады. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерiн жобалаған кезде оның азаматтық қорғаныс хабарлау жүйелерiмен өзара байланыс мүмкiндiгiн қарастыру қажет.

      274. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерi өрт сигнал беру жабдығының немесе өрт сөндiру автоматты қондырғысы қалыптастыратын командалық импульстен iске қосылуы керек.


      Егер ғимараттың осы түрiне арналған нормативтiк құжаттарға сәйкес өрт сөндiрудiң автоматты қондырғылары мен автоматты өрт сигнал беру жабдығымен жабдықтау қажет етiлмесе хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерiнде қашықтық және жергiлiктi iске қосуды қолдануға рұқсат етiледi.
      Iске қосу элементтерi қол өрт хабарландырушыларына қойылатын нормалардың талаптарына сәйкес орындалады және орналасады.

      275. Жартылай автоматты басқару, сондай-ақ хабарландыру мен эвакуацияны басқару жүйелерiн қашықтық және жергiлiктi iске қосу нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жекелеген хабарландыру аймақтарында жол берiледi.


      Басқарудың түрiн таңдау өрт кезiнде адамдарды қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз етуге сүйене отыра ғимараттың атқарымдық арналуы, құрылмалық және көлемдi-жоспарлау шешiмдерiне қарай ұйымдастырушы-жобалаушы анықтайды.

      276. Объектiнi хабарлаушы аймаққа бөлу кезiнде жобада қорғалатын объектiдегi адамдарға хабарлаудың арнайы кезектiлiгi әзiрленедi.

      277. Өрт хабарлау аймақтарының көлемдерi, хабарлаудың арнайы кезектiлiгi мен жекелеген аймақтарда хабарлаудың басталу уақыты адамдарды өрт кезiнде қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз етуге негiзделе отыра анықталады.

      278. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерi адамдарды ғимараттан эвакуациялау аяқталуға қажеттi уақыт iшiнде қызмет етуi қажет. Эвакуациялаудың қажеттi уақытын нормативтiк құжаттар мен әдiстемелiк ұсыныстардың талаптарына сәйкес объектiлердi жобалаған кезде анықталады.

      279. Сымдар мен хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерiнiң желiлерiн қосу кабельдерiн құрылыс құрылмаларында, қораптарда немесе жанбайтын материалдардан жасалған каналдарда салады.

      280. Эвакуациялық жарықтық көрсеткiштер жұмыс жарық берудiң негiзгi жарық беру аспаптарымен бiр мезгiлде қосылуы қажет. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерiнен өрт туралы хабарлаудың басталғаны және (немесе) жұмыс жарық беру қорегiнiң апатты тоқтағаны туралы командалық импульстi алған кезде автоматты қосылатын эвакуациялық жарықтық көрсеткiштердi пайдалануға рұқсат етiледi. Көру, көрме және басқа залдардан "Шығу" деген жарықтық көрсеткiштер адамдар болған барлық уақытта қосылуы керек.

      281. Дыбыстық және сөздiк өрт хабарландырушыларының саны, олардың орналасуы мен қуаты адамдар тұрақты немесе уақытша болатын барлық орындарда қажеттi естiлудi қамтамасыз етуi қажет.

      282. Хабарлағыштардың дауыс реттегiштерi болмауы және желiге алынбалы құрылғыларсыз қосылуы керек.

      283. Хабарлағыштардың дыбыстық сигналдары басқаға арналғаннан дыбыстық сигналдардан шығатын үндестiгi бойынша ерекшеленуi қажет.

      284. Хабарлау жүйелерiн басқару және эвакуацияны басқару өртке қарсы қорғаныш жүйелерiн басқарудың орталық пунктiнен, өрт орнының бөлмесiнен, операторлық немесе белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттарда айтылған талаптарға жауап беретiн басқа арнайы бөлмелерден жүзеге асырылуы қажет.

      285. Жобаны әзiрлеу сатысында хабарлау жүйелерiн басқару түрiне қарамай (қол немесе жартылай автоматты iске қосуы бар) оның ерiксiз жұмыс iстеуiн немесе кездейсоқ қосылуын болдырмайтын құрылғыны қарастырады.

      286. Физикалық жетiспеушiлiктерi бар (нашар көретiн, нашар еститiн) адамдары бар (жұмыс iстейтiн, тұратын, бос уақытын өткiзетiн) ғимараттар мен орындарда хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерiн жобалағанда және (немесе) жинақтағанда осы ерекшелiктердi ескередi.

      287. Объектiде радио хабар тарату түйiнi бар болса, адамдарды өрт туралы хабарландыруды осылар арқылы жүзеге асыруға болады.

      288. Радио хабар тарату түйiндерiн оларды хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерiне қосу мүмкiндiгiмен бiрге жобалайды.

      289. Хабарлаудың техникалық құралдарының электр қоректенуi ӨАЖҚ талаптарына сай 1-санатқа сәйкес болуы қажет және мына тәсiлдердiң бiрiмен:
      1) 220 В кернеуiмен 50 Гц жиiлiкпен ауыспалы тоқтың желiсiнен;
      2) 3 В, 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В, 30 В, 36 В, 42 В, 60 В немесе 110 В қатарынан таңдап алынатын қоректену кернеуiмен тұрақты тоқтың көздерiнен жүзеге асырылады.

      290. Хабарлаудың техникалық құралдарының резервтiк электр қоректенуi:


      1) ауыспалы тоқ желiсiнiң екiншi тәуелсiз енуiнен;
      2) тұрақты тоқтың қорек көзiнен;
      3) тұрақты тоқтың автономды электр агрегатынан жүзеге асырылуы қажет.
      Тұрақты тоқтың резервтiк көзi ретiнде құрғақ гальваникалық элементтердi немесе аккумулятор батареяларын пайдалануға рұқсат етiледi.

      291. Хабарлаудың техникалық құралдарының тұрақты тоқтың резервтiк көзiнен кезекшi режимдегi жұмыс уақыты 24 сағ. кем болмауы керек.

      292. Хабарлаудың техникалық құралдарының тұрақты тоқтың резервтiк көзiнен дабылды режимдегi жұмыс уақыты 3 сағ. кем болмауы керек.

      293. Хабарлаудың техникалық құралдарының параметрлерi мен орындалуы, жарық көрсеткiштер мен эвакуациялау белгiлерiн, дыбыстық хабарландырушыларды, эвакуациялық жарық берудi орналастыру Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, сондай-ақ белгiленген тәртiпте бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес анықтайды.

      294. Адамдарды қауiпсiз орындарға эвакуациялау бойынша объект мамандарын тәжiрибелiк дайындауды объект әкiмшiлiгi тоқсан iшiнде екi реттен кем болмайтындай, ал адамдар тәулiк бойы болатын объектiлерде түнгi уақытта да жүргiзiледi. Объектiде жүргiзiлген тәжiрибелiк дайындықтар арнайы журналда белгiленедi.

4.13. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын таңбалау мен орауға қойылатын талаптар

      295. Өрт автоматикасының жүйесi мен қондырғыларын таңбалау мен орау Қазақстан Республикасының "Орауға, таңбалауға, этикеткiлеуге және оларды дұрыс салуға қойылатын талаптар" Техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес анықталады.

      296. Көлiктiк ыдысты таңбалаудың iшiнде "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге, қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар" Техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес: "Абайлаңыз, сынғыш!"; "Ылғалдан сақтаңыз"; "Жоғары, аударуға болмайды" деген ескерту қауiпсiздiк белгiлерi болуы қажет.

      297. Орны мен таңбалауды салу тәсiлi нақты типтi және модификацияның өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларына арналған техникалық құжаттамада айтылады.

      298. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғылары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жегiдегi қарсы қорғанышы бар тұтыну ыдысына буып-түйiледi.

      299. Өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғыларын жеткiзу жинағы оларды тасымалдау мен сақтау кезiнде бүлiнуден қорғау мақсатында көлiктiк ыдысқа буып-түйiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет