Ғумарбек даукеев атындағы алматы



бет11/20
Дата22.11.2023
өлшемі199.61 Kb.
#484021
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
ABNMethod2023

Бақылау сұрақтары:
1.Тармақталған алгоритмдердің қанша есептеу бағыттары болуы мүмкін?
2. Тармақталған алгоритмдердің мысалдарын келтіріңіз.
3. Бірнеше шарт берілсе қандай команданы қолдануға болады?
4. Берілген шарт орындалғаннан кейін қандай код орындалады?
5. if-elif командасында қанша elif болуы мүмкін?
6. Логикалық өрнектің орындалуының нәтижесі қандай болуы мүмкін?
7. if-elif командасында else блогы болмайтын жағдайды түсіндіріңіз.
8. Бірнеше шарттың тізбегі қалай орындалады?


Берілген шартты тексеру If командасын қайталау саны белгісіз циклды ұйымдастыру үшін де пайдалануға болады. Төменде келтірілген жаттығуларда оны пайдаланудың мысалдары келтірілген.


Алғашқы жаттығулар. Келесі фрагменттерді компьютерде орындап, алынған нәтижелерін талдаңыз.
10. Қарапайым if командалары. Қарапайым команда if бір шарт пен бір амалдан тұрады. Автомобильдердің белгілі бір тізімі берілсін делік. Осылардың ішінен біреуін таңдап, оның атын экранға шығару керек болсын. Бұл амалды келесі операторлардың көмегімен орындауға болады:
cars.py
cars=[“audi”, “bmw”, “subaru”, “toyota”]
for car in cars:
if car==”bmw”:
print(car.upper())
else:
print(car.title())
20. if-else командасы if командасына ұқсас, бірақ else берілген шарт орындалмағанда бір немесе бірнеше амалдың орындалуын анықтайды. Мысал ретінде практикада жиі кездесетін есептердің бірі қарастырылсын. Квадрат теңдеуді шешу. Берілгені келесі квадрат теңдеу:
+
Бұл теңдеуді шешу әдісінің алгоритмін келесі түрде сипаттауға болады:
1. Теңдеудің коэффициенттердің мәндерін жадқа енгізу.
2. Дискриминанттың мәнін есептеу .
3. Егер дискриминант нольден үлкен болса , онда теңдеудің екі нақты шешімі болады: және Керісінші жағдайда теңдеудің нақты шешімі болмайды. Егер болса, онда теңдеудің шешімдері бірдей болады немесе

4. Есептің шешімін шығару.
Нақты қарастырылсын: + Бұл теңдеуді шешудің программасын келесі түрде жазуға болады:
import math
a, b, c = 5,10,3
d=b*b-4*a*c
print("d=",d)
if d>=0:
u=math.sqrt(d)
print("u=",u)
x1=(-b+u)/(2*a)
x2=(-b-u)/(2*a)
print("x1=",x1,"x2=",x2)
else:
print("jauap joch")
30. if-elif-else тізбек командасы. Алгоритмде кейде екіден көп есептеу бағыты болатын жағдайды тексеру қажет болады. Мұндағы барлық шарттар тексеріліп, шындық бағыт анықталғаннан кейін амалдар орындалады. Ал қалғандары қарастырылмайды. Мынадай есеп қарастырылсын: студентке емтихан сессиясынан кейінгі рейтингісі бойынша стипендия тағайындалады. Егер рейтинг 80 балдан кем болса, онда стипендия берілмейді; ал одан жоғары, бірақ 90 балдан кем болса, онда стипендия тағайындалады; ал егер 90 балдан жоғары болса, онда стипендияға қосымша мөлшері 25% қосылады. Осы есептің программасы қарастырылсын:
ball = 92
if ball < 80:
print ('sizge stipendja joch')
elif ball < 90:
print('sizge stipendja bar')
else:
print ('sizge stipendja + 25%')
40. Бірнеше шартты тексеру керек болса, онде and және or кілттік сөздерді пайдалануға болады. Келесі программаны орындап, талдау жасаңыз.
baga = 85
if baga <70:
print (" Sizge 3 degen baga")
elif baga <90:
print ("Sizge 4 degen baga")
else:
print ("Sizge 5 degen baga")
Ескерту. Программада if-elif-else командасына кіретін блоктың саны бірнеше болу мүмкін.
50. Есептеулерде тармақталған функция жиі кездесетіні белгілі. Осыған байланысты келесі мысал қарастырылсын:

x=input("x=")
x=float(x)
if x < 0:
y=x**3+2*x**1
print("y=",y)
elif x <= 0.5:
y=x*x+5*x
print("y=",y)
elif x > 0.5:
y=x+3
print ("y=", y)
Бұл программаға белгісіз шаманың бірнеше рет әртүрлі мәндерін енгізіп, жауабын алыңыз.
60. Берілген теңдеуді шешудің аралықты тепе-тең бөлу әдісімен шешу. Математика пәнінде бұл проблема студенттерге жақсы таныс. Теңдеудің жалпы түрі берілсін: Бұл теңдеуді жалғыз шешімі келесі аралықта орналасқан және оның шекараларында келесі шарт орындалған болсын Теңдеуді шешуден бұрын, алдымен шешімнің дәлдігі немесе дәлдіктің деңгейін анықтайтын кішігірім сан беріледі; ол шарт келесі түрде жазылады:
Әдістің алгоритмін келесі түрде сиптаттауға болады:
10. Алдымен a және мәндерін жадқа енгізу.
20. Егер онда аралығы тепе-тең екі бөлікке бөлінеді:
30. Егер болса, онда теңдеудің дәл шешімінің табылғаны Есептеу процесі тоқтатылады, есептің жауабы экранға шығарылады. Бұл шарт орындалмаған жағдайда келесі амалдар орындалады.
40. Теңдеудің шешімі қай бөлікте орналасқанын анықтау үшін келесі көбейтіндінің таңбасы анықталады
50. Егер ол теріс болса немесе керісінші жағдайда Аралық екі есе кішірейеді.
60. Дәлдік шартын тексеру егер осы шарт орындалса, онда дәлдіктің орындалмағаны; сондықтан есептеу ары қарай жалғасады. Егер онда дәлдіктің орындалғаны; есептің шешімі анықталған, оны экранға шығару керек.
Нақты мысал ретінде келесі теңдеу қарастырылсын:

Бұл теңдеудің ізделініп отырған шешімі келесі аралықта орналасқан: оның себебі , Шешімді анықтаудың дәлдігі eps = 0.0001 болсын.
Теңдеуді шешудің программасы:
a, b, eps = 1.1, 1.2, 0.0001
z=abs(a-b)
while z>eps:
c=(a+b)/2
u=a**3+0.5*a-2
v=c**3+0.5*c-2
if u*v>0:
a=c
else:
b=c
z=abs(a-b)
print('a=',a, ' ', 'b=',b,' ', 'z=',z)
print('koren c=',c)

Программаны компьютерде орындап, амалдардың орындалу барысына талдау жасаңыз. Сонымен бірге, шешімі алдын ала белгілі теңдеу қарастырып, алгоритмнің және программаның көмегімен анықталған сол теңдеудің белгілі бір дәлдікпен анықталған шешімімен салыстырыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет