Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»


Желдiң жасампаздық жұмысы



бет39/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Желдiң жасампаздық жұмысы. Жел өзiндiк түзiлiмдер мен әртүрлi оң және терiс бедер пiшiндерiн қалыптастыру арқылы үлкен жасампаздық жұмыс атқарады. Ауданның бедерiне, оны жапқан өсiмдiктiң сипатына және негiзгi жел режимiне байланысты тасымалданған материалдардың аккумуляциялануы басталады. Жаралатын құм-саз таужыныстар эолдық түзiлiмдер деп аталады, олардың негізгісі – лёсс. Эолдық түзiлiмдер климаты құрғақ, тәулiктiк және маусымдық температурасы күрт өзгергiш аудандарда айрықша қарқынды жаралады. Климаты мейлiнше құрғақ, ашық бетiнен булану атмосфералық жауын мөлшерiнен асып кететiн осындай аумақтар шөл деп аталады.
Шөлдер желдiң геологиялық әрекетiнiң (корразия, дефляция, желдiң тасымалдануы мен седиментациясы) басты аренасы ғана емес. Белгiлi мөлшерде шөлдердiң өзi желдiң геологиялық жұмысының нәтижесi болып табылады. Шөл әдетте өсiмдiк жабыны әртүрлi себептерге байланысты солып, қурап кетуiнен пайда болады. Сондай-ақ шөлдердiң жаралуына орман массивтерiн кесiп, жою, жердi дұрыс пайдаланбау және т.б. да ықпал етедi. Шөлдер ұдайы ұлғаюымен сипатталады. Бұрын шұрат және шөлейт болған аудандар бiртiндеп жылжыған құм массаларының астында қала бередi.
Бедерге байланысты шөлдер таулы және құмды түрлерге бөлiнедi. Басты процестер мен эолдық материал сипатына қарай тасты (дефляция басым болғанда), құмды және лесстi (аккумуляция басым болған жағдайда) шөлдер бөлiнедi. Бiздiң планетада шөлдер үлкен аудандарды қамтиды. Мәселен, Азияда олар континенттiң 2156 мың км2, яғни 5,4% ауданын, Африкада – 6550,5 мың км2 (21,6 %) жерiн алып жатыр. ТМД ауқымында шөлдер 2 млн км2 шамасындағы ауданда таралған, олардың ширегi Түркiменстанда, мұнда шөлдер оның 90% аумағын жайлаған.
Ең көп таралғаны – айрықша бедер формалары бар құмды жазық шөлдер. Мұндай формаларға орақ немесе жарты ай пiшiндi ассиметриялы құм төбелерi – барқандар жатады. Олардың негiзiнен бiр бағытта тұрған желдiң әрекетiнен жаралады. Құмды шөлдiң бұл бедер формасының өсуi әдетте бiр кедергiден (сексеуiл бұтасы, тас және т.б.) басталып, бiтiндеп жел суырған және жел үйген беткейлерi қалыптасады. Барқандардың биiктiгi 30-140 метрге жетедi.
Құмды шөлдердiң өте үлкен бедер пiшiндерi теңiз жағалауларында жаралады. Мұнда астыңғы жағы ылғал жерге тiрелген дюна деп аталатын пiшiндер қалыптасады, олар үстi дөңгелек ұзыншақ төбелер. Сахарадағы iрi дюналардың биiктiгi 500 метрге жетедi.
Сазды шөл бедерiнiң өзiндiк пiшiнiне сазды қабыршақпен жабылған саяз қазаншұңқырлар – тақырлар жатады. Оның бетi жарылып кеткенде сызықтық өлшемдерi 7-12 см көпбұрышты тақташаларға бөлiнедi. Сазды шөлдердiң келесi бедер пiшiнi сор немесе сорлы шөл. Ол кеуiп кеткен тұзды көлдердiң орнында пайда болып, саз бен тұздың қопсық қабатымен жабылады.
Лёсстi шөлдер жел әкелген ең ұсақ тозаң бөлшектер аккумуляцияланған бөлiкшелерде жаралады. Мұндай бөлшектердiң жиналуы (өлшемi 0,05-0,1мм бөлшектер 50%-тен асады) сарғыш түстi қопсық және кеуек таужыныс – лёсс қалыптасуына әкеледi. Лёсс жер шарының байтақ кеңiстiктерiн жауып жатады. Мәселен, Алатау бөктерi бойымен созылған лесс белдеуi шығыстан батысқа қарай 1500 км аралықта орналасқан. Таулы жазықтарда ғажайып пiшiндi жекелеген жартастар жаралуы тән, олар тау жұрнақтары деп аталады. Дефляция процестерiмен сусыз ойпаңдардың жаралуы байланысты: Орта Азияда - үрлену қазаншұңқырлары, Африкада – ұзыншақ аңғарлар ваади, танаутастар немесе “ұяшықты” жартастар және басқа терiс пiшiндi бедер түрлерi.
Негізгі әдебиет: 1 [80-84; 84-86 ], 2 [182-195], 4 [88-93; 156-179], Бақылау сұрақтары:

  1. Солифлюкциялы бедер пішіндері.

  2. Шөлдер .

  3. Дефляция және дефляциялы пішіндер, корразия.

  4. Бедердің құмді пішін типтері.

  5. Желдiң жасампаздық жұмысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет