Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Дәріс №18 Геометриялық нивелирлеу



бет47/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Дәріс №18

Геометриялық нивелирлеу

Жоспар

1. Геометриялық нивелирлеудің мәні.

2. Геометриялық нивелирлеудің ортадан және алға нивелирлеу әдістері.

3. Геометриялық нивелирлеудің қарапайым және күрделі нивелирлеу әдістері.


Геометриялық нивелирлеуде нүктелердің биіктік өсімшесі нивелир деп аталатын аспап пен рейкалар арқылы анықталады, нивелир горизонталь жазықтықта келтірілген дүрбі арқылы рейкадан есеп алуға негізделген. Геометриялық нивелирлеудің «ортадан» және «алға» нивелирлеу деген әдісі бар.

Ортадан нивелирлеу кезінде нивелир нүктелер арасына, ал рейкалар сол нүктелерге орнатылады (18.1, а-сурет).

Содан кейін А және В нүктелерінде тұрған рейкаларға кезекпен қарап, дүрбінің визир сәулесінің осы нүктелерден биіктіктері «а» және «б» есептеліп алынады. Егер А нүктесін артқы, ал В нүктесін алдыңғы деп білсек, онда «а» - рейкадан алынған артқы есеп, «b» -алдыңғы есеп болады. Содан В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы биіктігінің айырмашылығы былайша анықталады:

Һ = а-b (18.1)

мұндағы, һ - биіктік өсімшесі.





18.1-сурет.Нивелирлеудің түрлері

Демек, ортадан нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі артады және алдыңғы есептердің айырмашылығына тең.

Ескере кететін жағдай, егер а>b болса, онда һ оң таң-
балы, ал а< b болса, онда һ теріс таңбалы болады.

Нивелирді екі нүктенің ортасына орнатып, биіктік өсімшесін осылайша анықтауды ортадан, нивелирлеу деп атайды.

Ортадан нивелирлеудегі аспаптан рейкаға дейінгі қашықтық нивелирлеу жұмыстың дәлдігіне, сол жердің рельефіне байланысты және де екі қашықтык, бір-біріне тең болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет