Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 10 сынып)
Аудандық олимпиада
2014 – 2015 оқу жылы
1. Келесі ұғымдарға түсініктеме беріңіз: латифундия, пассионариялар, хартленд, стагнация (баздану), Лоренц қисығы, (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан. Барлығы 10 ұпай).
2. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені. Дүниежүзі мен Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенінің келешектегі дамуы мен болжамы (10 ұпай)
3. Тест тапсырмалары (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай.)
Тест тапсырмалары
-
Берілген сипаттама қай климаттық белдеуге тән: Орташа айлық температурасы 200С-дан 320С-қа дейін жетеді, мұхит үстіндегі судың температурасы әрқашан 250С шамасында толқын ауытқиды. Судың жоғарғы температурасы, тұздылығы және биологиялық өнімдегі оттегінің аз мөлшерде болуы сәйкес келмейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден 2000мм-ге дейін жетеді. Жаз мезгіліндегі жауын 90-95% , 2-3 айдан 9-10 айларға дейін созылады, ал қыста құрғақ.
А) қоңыржай
B) тропикалық
C) субтропиктік
D) экваторлық
E) субэкваторлық
-
Бұл металлдың маңызды қоры Мұғалжар тауында жинақталған. Металлдың 40-қа жуық түрі Ақтөбе облысындағы Кемпірсай алабында шоғырланған.
А) марганец
B) алюминий
C) алтын
D) никель
E) асбест
-
Қазақстанның қай өзеніне сипаттама берілгенін анықтаңыз: жалпы ұзындығы 2428 км, республика ішінде – 1082 км. Өзен жағасы жыраланып, құм мен саздан құралған. Негізінен еріген сумен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны 400 м3/с.
А) Ертіс
B) Жайық
C) Сырдария
D) Іле
E) Нұра
-
Мұнайды өндіру орталығынан басқа да аймақтарға темір жол көлігі арқылы цистернаға салып, ал Каспий теңізі арқылы танкерлермен жеткізеді. Көп бөлігін мұнай құбырлары арқылы тасымалдайды. Олардың қауіпі аз және тасымалдау сыйымдылығы жоғары болып келеді. Мұнай құбырының ұзындығы канша?
А) 4000 км
B) 5600 км
C) 7000 км-ден аса
D) 10 000 км аса
E) 15 000 км
-
Төмендегі алаптардың қайсысы қоңыр көмір өндіреді:
А) Карағанды
B) Қаражыра
C) Шұбаркөл
D) Екібастұз
E) Майкүбі
-
Оңтүстік - Сібір темір жолы қай қалалар арқылы өтеді:
А) Семей – Алматы – Құлан – Тараз
В) Семей – Алматы - Луговой
С) Орынбор – Ташкент
D) Қарталы – Астана – Құлынды - Барнауыл
Е) Петропавл – Карағанды – Шу
-
«Мерседес-Бенц» автокөлігінің штаб-пәтері қай қалада орналасқан?
А) Вольфсбург
B) Ганновер
C) Мюнхен
D) Кельн
E) Штутгарт
-
Қай жауапта мемлекеттің астанасы дұрыс көрсетілмеген?
А) Камерун - Яунде
В) Бутан - Тхимпху
С) ЮАР - Иоханесбург
D) Македония - Скопье
Е) Грузия – Тбилиси
-
Үнді Мұхитында 10⁰о.е. және 60⁰ ш.б.координаталар нүктесінде кеме апатқа ұшырады делік. Бірінші болып жағалауынан көмеккежете алатын материкті көрсетіңіз:
А) Аустралия
B) Африка
C) Оңтүстік Америка
D) Еуразия
E) Солтүстік Америка
-
Берілген мемлекеттер географиялық орналасуы бойынша негізгі ерекшелігінің бірі болып табылатын бір белгісімен топтастырылған. Осы топқа жатпайтын мемлекетті атаңыз.
A) Монғолия
B) Боливия
C) Молдавия
D) Того
E) Зимбабве
-
Алғашында Испанияның, кейіннен АҚШ-ң отары болған, қант қызылшасы, какос пальмасы, абака өсірумен айналысатын мемлекетті атаңыз:
А) Жаңа Зеландия
В) Малайзия
С) Филиппин
D) Шри-Ланка
Е) Гранада
-
ТМД –ның саяси ұйымдары
A) мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының кеңесі
B) министрлер кеңесі
C) жарғылық ұйымдар
D) маслихаттар және думалар
E) партиялар
-
ТМД-ның алғашқы даму кезеңі осылармен сәйкес келеді
A) 1990-1995
B) 1991-1993
C) 1987-1991
D) 1991-2000
E) 1993-1995
-
Ерлер саны көп елдер:
А) Қытай, Үндістан, Бангладеш, Пәкістан
В) Ресей, Канада, Қазақстан
С) Жапония, Нигерия, Сингапур
D) Бразилия, Аргентина, ОАР
Е) АҚШ, Индонезия, Канада
-
Төмендегі қай сала қызмет көрсету секторына жатады
А) Туризм
В) Білім беру
С) Өнер
D) Транспорт
Е) Өнеркәсіп
-
Қызмет көрсету секторы әлемдік жалпы өнімнің қанша пайызын алып жатыр
А) 5%
В) 32%
С) 40%
D) 20%
Е) 63%
-
Қызмет көрсету секторы қай сала тобына жатады
А) Материалдық емес сала
В) Материалдық сала
С) Инфрақұрылым
D) Жеңіл өнеркәсіп саласы
Е) Ауыл шаруашылығы саласы
-
Төмендегі адам қызметінің қай саласы бірнеше біріккен қызмет түрін қамтиды
А) Туризм
В) Білім беру
С) Денсаулық сақтау
D) Транспорт
Е) Сауда
-
Бұл Қытай аймағының басты кіріс көзі - туризм, банк ісі және сауда болып табылады.
А) Тибет
В) Синьцзян-Ұйғыр ауданы
С) Гонконг
D) Маньчжурия
Е) Ішкі Монғолия
-
Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар формасын көрсетіңіз.
А) Сыртқы сауда, капитал экспорты, ғылыми- техникалық ынтымақтастық
В) Сауда, қызмет көрсету саласы
С) Несие, сауда
D) Туризм, экономикалық ынтымақтастық
Е) Несиелер, ғылыми ынтымақтастық
-
Әлемдік жүк айналымының қандай пайыздық мөлшері Атлант мұхитына үлесіне келеді
А) 30%
В) 42%
С) 50%
D) 62%
Е) 70%
-
Экономикалық дамыған мемлекеттердің өндірістік емес саласына қандай пайыздық мөлшер тиесілі
А) 80 – 90 %
В) 70 – 80%
С) 60 – 70 %
D) 50 – 60 %
Е) 40 – 50 %
-
Әлемдегі дамушы мемлекеттердің қандай өндірістік емес саласына қандай пайыздық мөлшер тиесілі
А) 10 – 20 %
В) 20 – 30 %
С) 30 – 40 %
D) 50 – 60 %
Е) 60 – 70 %
-
Қай жүк түрі теңіз көлігінің жүк айналымында басымдылыққа ие
А) Табиғи газ
В) Кен және пайдалы қазбалар
С) Мұнай және мұнай өнімдері
D) Құрғақ жүк
Е) Бидай
-
Қай аймақ әлемдік әуе жүк айналымында жетекші орынға ие
А) Оңтүстік Америка
В) Солтүстік Америка
С) Еуропа
D) Оңтүстік Азия
Е) Оңтүстік-Шығыс Азия
-
Қай елде әлем бойынша ең үлкен АЭС орналасқан
А) АҚШ
В) Жапония
С) Германия
D) Оңтүстік Корея
Е) Үндістан
-
Бұл елдердің қайсысы алмаз өндіруден айрықша ерекшеленеді
А) Танзания
В) Аустралия
С) Канада
D) Үндістан
Е) Мексика
-
Оңтүстік Африка Республикасы қандай металл түрін өндіруден айрықша ерекшеленеді
А) Алюминий
В) Мыс
С) Күміс
D) Алтын
Е) Титан
-
Қытайдың ұлттық дінін атаңыз
А) католик және иудаизм
В) протестант және сикхизм
С) шиит және ламаизм
D) суннит және синтоизм
Е) конфуция және даосизм
-
Еркек және әйел жыныстылардың арақатынасы
А) жастық құрылым
В) демографиялық құрылым
С) жастық –жыныстық құрылым
D)әлеуметтік-демографиялық құрылым
Е) жыныстық құрылым
БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай
Достарыңызбен бөлісу: |