«геоморфология және геология негіздері»


Су-гравитациялық процестер



Pdf көрінісі
бет29/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Су-гравитациялық процестер. Беткейлер ылғалданған кезде таужыныстар
сырғи бастайды. Бұл топқа сырғыма, солифлюкция, нивация және дефлюкция
процестері 
кіреді.
Сырғыма – ірі таужыныстар блоктарының немесе қираған массаларының
беткей массивінде пайда болған айырылым бетімен сырғып кетуі. Сырғыма
жерасты суларымен ылғалданған массаның ауырлық күші ықпалымен қозғалысқа
келуінен пайда болады. Сырғымалар қалыптасу үшін беткей еңістігі 25
0
-тан аз
болмай, беткей алқабындағы таужыныстардың біршама бөлігі ылғалдануы қажет.
Солифлюкция беткейлердегі таужыныстардың морыған қабатының ауырлық
күші мен ылғалдану ықпалынан баяу ағу процесі. Солифлюкция қар
жиынтығының еріген кезінде нивация процесіне ұласады. Солифлюкция мен
нивация кезінде дамитын бедер күрделі пішіндер жасайды. Олардың ең ірі пішіні
– тау үсті террасалары.
Су-беткейлік процестер. Бұл процестер мору өнімдерін жазықтық бойынша
шайылумен және беткейлерді уақытша ұсақ су сорғаларының бүлдіруімен


44
білінеді. Бұл екі процесс өте тығыз байланысты және беткейлік шайылу процесі
ретінде бірге қарастырылады. Оның басты нәтижесі, делювий түзілімдері жаралу
болғандықтан оны делювийлік процесс деп те атайды. Сонымен қатар,
беткейлерде мезгіл-мезгіл ірі бұлақтар да пайда болады.
Беткейлік шайылу – беткейлер жазықтығымен ағатын жаңбыр немесе еріген
қар суының әрекетімен байланысты. Ол өсімдік аз дамыған семиаридтік
алқаптарда қарқынды өтеді. Еңістеу беткейлерде (еңістік бұрышы 5
0
-қа дейін)
ағын су арна жасамай, жазықтық бойынша әсер етеді. Шаю процесі беткей бетінің
тегістелуіне әкеледі. Бірақ ол таужыныстардың беріктігіне де байланысты. Берік
таужыныстар шайылмай, бастапқы тегіс емес бедер пішінін сақтап қалуы мүмкін.
Беткейлік шайылу қарқыны көп жағдайда қопсық өнімдер жасайтын мору
процесімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет