Гидротехникалық және порт құрылыстарының (ғимаратты қоса алғанда) жалпы сипаттамасы


Порттық құрылыстарды техникалық пайдалану жөнiндегi құжаттама тiзбесi



бет8/8
Дата01.07.2016
өлшемі1.11 Mb.
#170353
1   2   3   4   5   6   7   8

Порттық құрылыстарды техникалық пайдалану жөнiндегi құжаттама тiзбесi



Құжаттаманың атауы

Құжаттаманы жүргiзетiн лауазымды тұлғалар

Құжаттаманы сақтау орны

Ескертпе

1

Порт құрылыстарының жай-күйiн және оларды пайдалану режимiн техникалық қарап тексеру журналы

Құрылысты пайдаланатын ұйым басшысы тағайындаған тұлғалар

Пайдаланатын ұйым

Толтырылған журналдар техникалық мұрағатта сақталуға тиiс

2

Порт құрылыстарын кезеңдiк қарап тексерулер бойынша актiлер мен есептер

Кезеңдiк қарап тексерулердi жүргiзу жөнiндегi комиссия және ПҚжКҚҚ инженерлiк-техникалық қызметкерлерi

ПҚжКҚҚ

Кезеңдiк қарап тексерулердi жүргiзу жөнiндегi материалдар ПҚжКҚҚ қызметi есебiне жинақталады

3

Порт құрылыстарын кезектi қарап тексеру туралы актi

Кезектi тексерiстердi жүргiзу жөнiндегi комиссия және ПҚжКҚҚ инженерлiк-техникалық қызметкерлерi

ПҚжКҚҚ




4

Порт құрылыстарын кезектен тыс қарап тексеру туралы актi

Кезектен тыс тексерiстердi жүргiзу жөнiндегi комиссия және ПҚжКҚҚ инженерлiк-техникалық қызметкерлерi

ПҚжКҚҚ




5

Порт құрылыстарын күрделi жөндеу жөнiндегi жұмыстарды қабылдау-тапсыру актiлерi

Құрылыстарды күрделi жөндеуден қабылдап алу жөнiндегi комиссия

Бухгалтерия




6

Теңiз портының паспорты

Теңiз портының басшысы тағайындайды

Порттың арнайы бөлiмi




7

Порт құрылыстарының паспорттары

ПҚжКҚҚ инженерлiк-техникалық қызметкерлерi

ПҚжКҚ, құрылысты пайдаланатын ұйым, жобалау ұйымы, құрылысқа қызмет көрсететiн мамандандырылған ұйым







Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын,

порт құрылыстарын және теңіз порты

акваториясын пайдалану қағидаларына


4-қосымша

Порт құрылыстарын пайдаланудың жай-күйi мен режимiне техникалық қарап тексеру журналдарын жүргiзу тәртiбi

      1. Порт құрылыстарын техникалық қарап тексеру журналына тұрақты техникалық қарап тексеру жүргiзу үдерiсiнде жүзеге асырылатын порт құрылыстарын пайдаланудың жай-күйi мен режимiне бақылаулар нәтижелерi енгiзiледi.

      Порт құрылыстарын техникалық қарап тексеру журналындағы жазулар порт құрылыстарына техникалық пайдаланудың жөндеулерiн жоспарлау мен ұйымдастыру және басқа да iс-шаралар үшiн және құрылыстарға техникалық қызмет көрсету сапасын бақылау үшiн негiз болады.

      2. Порт құрылысын пайдаланатын ұйым басшысы тағайындаған тұлға оған бекiтiлген порт құрылыстарын пайдаланудың техникалық жай-күйi мен режимiне бақылауды жүзеге асырады, техникалық қарап тексеру журналын жүргiзедi. Журнал порт құрылыстарын тұрақты техникалық қарап тексерудiң әрқайсысын жүргiзген уақытта немесе қарап тексеру аяқталғаннан кейiн бiрден толтырылады.

      3. Техникалық қарап тексеру журналына жазулар мен белгiлердi құрылысты пайдаланатын және журналды жүргiзудi жүзеге асыратын ұйым өкiлi құрылысты пайдаланатын ұйым басшысы, теңiз портының басшысы тағайындайтын ПҚжКҚҚ қызметкерлерi, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның өкiлi жүзеге асырады.

      4. Тұрақты техникалық тексеру кезiнде порт құрылыстарын пайдаланудың техникалық жай-күйi мен режимi бойынша ескертулер болмағанда, Техникалық қарап тексеру журналына порт құрылысын қарап тексеру жүргiзiлген күнi туралы белгi жасалады.

      5. Техникалық қарап тексеру журналының қатты мұқабасы және жұмыс барысындағы жазулар, есептеулер, қызметтiк жазулар үшiн салмалы блокноты және тағы басқалары болады.
      6. Техникалық қарап тексеру журналы қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi.

7. Журналдың 2-бағанында мыналар:

      1) порт құрылыстарын пайдаланудың техникалық жай-күйi мен режимiне бақылау жүргiзу нәтижелерi;

      2) белгiленген пайдалану режимiн айқындалған зақымданулары мен бұзушылықтарын жою жөнiндегi белгiленген iс-шаралар;

      3) өлшеу құралдарын пайдаланумен жүргiзiлген бақылаулар туралы мәлiметтер;

      4) құрылыстардың конструктивтiк элементтерiндегi жарықшақтарға орнатылған маяктардың жай-күйi туралы деректер;

      5) порт құрылыстарына техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу сапасын жалпы бағалау және қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес оларды пайдаланудың белгiленген режимiн сақтау жазылады.

      Журналдың 4-бағанына белгiленген iс-шаралар негiзiнде орындалған жұмыстар, соның iшiнде ағымдағы жөндеулердiң орындалған кезеңдерi немесе осы жұмыстарды орындамау себептерi жазылады.

      Осы бағандағы соңғы жазу теңiз портының басшысы тағайындайтын ПҚжКҚҚ қызметкерi жасаған порт құрылыстарына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу сапасы туралы қорытынды болып табылады.

      8. Техникалық қарап тексеру журналдарына жазулар анық, ұқыпты енгiзiледi, түзетулер мен өшiрiп жазуға рұқсат етiлмейдi. Жазу қателерi ескертiледi және жауапты тұлғаның қолымен расталады. Жазуды қарындашпен жүргiзуге рұқсат етiлмейдi. Журнал нөмiрленедi, тiгiледi және порт мөрiмен бекiтiледi, парақтардың болмауына жол берiлмейдi.

      9. Техникалық қарап тексеру журналында оның мазмұнын түсiндiретiн парақ болады.

­­­­­­­­­­­­­ ___________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет