Гүлтас сайынқызы


Қамшы сөз: Әдепсіз, аузынан жаман сөздер ғана шығатын адамдар



Pdf көрінісі
бет34/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Қамшы сөз: Әдепсіз, аузынан жаман сөздер ғана шығатын адамдар 
қандай жиіркенішті. Қасында тұру мүмкін емес.
Ел аман болса екен! 
Әке, тіршілікті өтпестей өмір сүру ақымақтық екен. Шындығында бәрі 
көзді ашып жұмғанша болады. 2012 жыл да, осы 2013 жылдың басы да 
елімізге қиындау болып тұр. Өткен жылдың соңында Астандан Шымкентке 
ұшып бара жатқан самолет Шымкент әуежайына 5 шақырым жетпей, жерге 
құлады. Ішінде 27 адам болды. Барлығы көз жұмды. Бір азамат әйелімен 
бірге қаза тапты. 29 қаңтар 2013 жылы Көшетаудан Алматыға ұшып бара 
жатқан самолет те Алматыға 5 шақырым жерде құлады, 21 адам қаза тапты.
Әке, бұдан өткен ауыр қайғы бола ма? Еңсемді тіктеп көтере алмай 
қалдым. Әбден жыладым, Алладан адамдар үшін кешірім сұрадым. «Аллам-
ау, кешіре көрші. Егер қаһарыңды жаудырғың келсе, адам болып адамның 
ісін істемей жүрген жауыздарға қаһарың жаусыншы. Адал жандарды, 
сәбилерді сақтай гөрші» деп жалындым. Жыладым, әке. Міне, қазір де жылап 
отырмын. Жандарым-ау, қандай күйде болдыңдар екен? Ең соңғы рет не деп 
айғайладыңдар? Айналайын, ағайындар-ау, бұл біздерге үлкен ескерту ғой. 
Әрбіріміз Алладан кешірім сұрайық. Малымызды Алланың жолына 
құрбандық етейік, бір-бірімізге кешірімді бола білейік. Ата-бабаларымыздың 
рухтары қиналмайтындай тірі жүрген ұрпақтары жақсы, ізгі амалдарды 
жасайық. Сонда Алланың мейірімі сөз жоқ түседі. Біз аз ғана халықпыз ғой. 
Сол үшін бір-бірімізді жақсы көріп, бір-бірімізді қорғап, сақтап үйренуіміз 
керек. Боранда, т.б. жағдайларда қалған мүсәпір жандарға көмек беру, 
үйлеріне алып келліп, тамақтандыру, т.б. көмек түрлері тегін болуы қажет. 
Біреулердің бақытсыздығынан пайда табу – азғындық. Ел басына қиын 
жағдай болғанда, жолаушы жолда қалғанда оны басқа біреу емес, өзім, 
өзімнің ұлым-қызым деп қарызсыз көмек көрсету керек. Бұл –
адамшылықтың да, Алланың да жолы. Бұның сауабы өте үлкен. Осы 
қағиданы әр адам жасауға міндетті және өз ұрпақтарының санасына құя беру 
керек. 2011 жылы 11 наурызда Жапонияда үлкен зілзала болған кезде халық 
өздерін қандай мәдениетті, салиқалы ұстады. Тонау, ұрлау деген нәрсе 


77 
атымен болған жоқ. 10 литрлік канистрлерін ұстап, жанармай алу кезегінде 
тұрғанда, бір адам кезексіз өтпейді, үлкендері тамақтарын жырып, кішкентай 
елдің балаларына беріп жатты. Үйренетін тұстарымыз өте көп. Біздің ата-
бабаларымыз да текті болған. Соны ұмытпауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет