- Глюкокортикоидтты гормондарға: кортизон, гидрокортизн, кортикостерондар жатады. Бұл гормондар көмірсу, белок және майдың алмасуына әсер етеді.
- Глюкокортикоидтар қан плазмасында глюкоза құрамының артуына әсер етеді. Аминқышқылынан және май қышқылдарынан глюкозаның пайда болу процесін, бауырда глюконеогенез процесін реттейді. Глюкокортикоидтар көмірсу алмасуында инсулиннің антагонисі болып табылады.
-
Глюкокортикоидтар белоктың алмасуына да әсер етеді. Глюкокортикоидтардың май алмасуына әсер етуі қан плазмасында май қышқылы концентрациясын арттырады. - Глюкокортикоидтар белоктың алмасуына да әсер етеді. Глюкокортикоидтардың май алмасуына әсер етуі қан плазмасында май қышқылы концентрациясын арттырады.
- Глюкокортикоидтар тұз қышқылының секрециясын реттейді. Глюкокортикоидтардың бүйрек үсті безінің қабығында пайда болуын аденогипофиздің АКТГ реттейді.
Бүйрек үсті безінің милы қыртысының гормондары. - Бүйрек үсті безінің милы қыртысы катехоламиндер; адреналин мен норадреналиндерді өндіріп шығарады. гормоналды секрецияның 80% адреналиннің үлесіне, 20%-норадреналинге бөлінеді.
- Адреналин мен норадреналин секрециясы тирозиннің аминқышқылынан домаффин клеткаларында жүзеге асады.
- Адреналин көмірсу алмасуына әсер етіп, бауыр мен бұлшық етте гликогенді күшейтіп, нәтижесінде қан плазмасында глюкозаның құрамы жоғарылайды. Адреналин липолизді белсендіреді. Катехоламиндер термогенезді белсендіруге қатысады.
-
- Жыныс бездері немесе еркектердің ұрықтары (аталық жұмыртқа) және әйелдердің аналық жұмыртқалары аралас секреция бездеріне жатады.
- Еркектің және әйелдің жыныс гормондарының секрет шығару процесін және олардың қанға бөлінуін ішкі секреторлық функция атқарады. Аталық ұрықтар сияқты аналық жұмыртқалар да еркек және әйел гормондарын синтездейді, бірак ер адамдарда – андрогендер, ал әйелдерде экстрогендер. Жыныс гормондарының жыныс мүшелерінің өсіп дамуына, екінші жыныс белгілерінің білінуіне әсері мол, сондай-ақ адам мінез-құлқын мен жыныстық жағынан пісіп жетілуін анықтайды. Әйел организмінде жыныстық гормондар етеккір циклын реттейді, сонымен қатар жүктіліктің қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етеді және сүт бездерінің сүтті бөлуіне дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |