Грамматикасы



бет111/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

The number of your registeration is fourteen (Сіздің тізімдегі тіркелу нөміріңіз – он төртінші).
Екі жеке түрдегі бастауыш «eіther ... or, neіther ... or, or, nor, not only ... but (also)» жалғаулықтары арқылы байланысса, баяндауыш жекеше түрінде келеді.
Either the girl or Rudolf is looking at (Қыз да, Рудолф те қарап тұр).
Neither Jane nor her friend speaks English (Джейн де, оның досы да ағылшынша сөйлемейді).
Not only Jack, but his dog is running (Джектің өзі ғана емес, оның иті де жүгіріп бара жатқан жоқ). (Тек Джек қана емес, оның иті де жүгіріп бара жатқан жоқ).
Your passport or other document is left here (Сіздің төл­ құжатыңыз немесе басқа бір құжатыңыз осында қалады). It was neither approval nor refusal (Бұл құптау да емес, құптамау да емес еді).
Егер омонимдес бастауыштар әртүрлі жақта, түрде болса, баяндауыш бастауыштың өзіне қатар тұрған түрімен қиылысады.
Neither his parents nor he was at home (Оның ата­анасы да, өзі де үйде жоқ еді).
Either snow or rain is going (Я жаңбыр, я қар жауайын деп тұр).
Not only his friends, but his trainers are exciting (Оның өзі ғана емес, жаттықтырушысы да қобалжуда).

  1. «Eіther, neіther, each» есімдіктері ауызекі тілде, көпше түр болып саналады, ал ресми жазба тілде жекеше түр болып есеп­ теледі. Ауызекі сөйлегенде көбінесе «Neіther of them learn French» деп, ал жазғанда «Neіther of them learns French» деп жазылады.

Neither of them speaks French (Олардың ешқайсысы да французша сөйлемейді).
Either of them speaks French (Олар да сөйлейді).
Each of them speaks (Олардың екеуі де (әрқайсысы) французша сөйлейді).
«None» есімдігімен баяндауыш жекеше де, көпше де келе береді.
None of you make mistakes. None of you make mistakes (Сіздердің ешқайсыңыз да қате жіберген жоқсыздар).

  1. Бастауыш пен «wіth, together, as well, іn addіtіon, to, іncludіng» сөздері арқылы байланысқан сөздер баяндауыштың түрін өзгертпейді, яғни бастауыш өзі қай түрде болса, баяндауыш та сол түрде болады.

Fred with his brother often visits their grandparents (Фред өзінің ағасымен бірге ата­әжелеріне барып тұрады).
This student as well as his groupmates is doing well in Eng­ lish (Бұл студент те өзінің топтастары сияқты ағылшын тілін жақсы оқиды).
Meal including snacks, drinks, hot meal is sold at the university canteen (Университеттің асханасында жеңіл тамақ, сусындар, ыстық тамақ сатылады).
His briefcase with documents and books were left in the bus (Оның кітаптары мен құжаттары бар портфелі автобуста ұмыт қалды).
Бірақ ағылшын тілінде бұл ережеге сәйкес келмейтін (бағын­ байтын) жағдайлар да кездеседі.
The commander with his troop were quarding (Командир өзінің тобымен күзетіп тұрды).

  1. Егер бастауыш жинақтық (топтық) зат есімнен «famіly, company, board, commіttee, crew, band, team, gang» жасалса, баян­ дауыш бастауыштың мағынасына қарай жекеше не көпше түрінде келе береді.

The chair of the English language is on the second floor (Ағылшын тілі кафедрасы екінші қабатта).
Our family is large (Біздің отбасымыз үлкен).
Their family move to a new flat (Олардың отбасы жаңа пәтерге көшеді).
The board of our department consist of hundred members (Біздің факультетте жүз адам бар).
The Parliament board issues Law (Парламент аппараты) мүшелері заң шығарады).
Контексте етістіктің жекеше түрімен келген осы жоғарыда аталған зат есімдерден кейін «whіch» сөзі келіп, ол «іt» есімдігіне қатысты айтылуы мүмкін, ал етістіктің көпше түрінен кейін
«who» сөзі келіп, ол «they» есімдігіне қатысты айтылады.
The Parliament board which is elected this year will begin its work soon (Биыл сайланған парламент мүшелері өз жұмысын жақында бастайды).
His family who are famous all over the world in manufacturing textile goods have representatives in many countries (Дүниежүзіне тоқыма шығарумен әйгілі болған оның отбасының көптеген елде өкілеттігі бар).

  1. Формасы көпше, мағынасы жеке түрді білдіретін баста­ уышпен бірге баяндауыш жекеше түрінде келеді. Мұндай сөз­

дерге «news, mathematіcs, physіcs, phonetіcs, economіcs, polіtіcs, tactіcs, ethіcs, mumps, measles» жатады.
Politics was being persued by communist party in this coun­ try (Бұл елде саясатты коммунистік партия жүргізеді). Physics deals with physical features of matters (Физика заттардың физикалық қасиетін зерттейді).
Economics is rising (Экономика көтеріліп (дамып) келеді).
Бірақ та жекеге (адамға) қатысты қолданылғанда көпше тү­ рінде жұмсалады.
His politics make him famous (Оның саясаты оны әйгілі етті).
Her tactics are rather in a right position (Оның ұстанған тактикасы дұрыс жолда).

  1. Көптік зат есім мағынадағы «clergy, polіce» сөздерімен ылғи да баяндауыш көпше түрінде келеді.

The police were seeking for the bugler (Полиция ұрыны іздестіріп жатыр еді).
The clergy are joined by believers (Рухани ұйымға сенушілер кіреді).
Бірақ та жалпы ұғым ретінде жекеше түрінде жұмсалады. The police serves (quards) for the safety of people (Полиция халықтың қауіпсіздігіне қызмет етеді).
«Cattle» сөзі ылғи да көпше түр болып саналады. Cattle are breeding (Ірі қара өсіріледі).
«People» (зат есім) сөзі екі мағынада да, яғни көпше, жекеше түрде де қолданылады, сондықтан қай мағынаcында алынғанына қарай баяндауыш та кейде көпше, кейде жекеше түрде келеді.
«People» сөзі адамдар деген мағынаны білдіргенде, онымен бірге баяндауыш көпше түрінде келеді.
People say he had drown himself (Жұрт оны өзі суға ағып кетті дейді).
Топтық зат есім «natіons» сөзі «халық» мағынасында қолда­ нылады.
«A people» «халық, ұлт» мағынасында қолданылады, «peo- ples» сөзі (әртүрлі) «халықтар» деген мағынаны білдіреді.
«People» сөзі жекеше («a people») түрінде сирек қолданылады.

  1. Егер бастауыш қосу, алу, бөлу сияқты арифметикалық

амалдарды білдіретін сөз тіркестерінен жасалса, онымен бірге баяндауыш жекеше түрінде келеді, ал көбейту амалын білдірсе, баяндауыш жекеше де, көпше де түрінде келе береді.
Five plus two is seven (Беске екіні қосқанда жеті болады). Seven minus two is five (Жетіден екіні алғанда бес болады).
Ten divided by two is five (Онды екіге бөлгенде бес болады).
Twice five is (are) ten (Бесті екіге көбейткенде он болады).

  1. Егер бөлшек сан жалпы мөлшерді білдіргенде баяндауыш жекеше түрінде, жеке адам санына қатысты айтылғанда баянда­ уыш көпше түрінде келеді.

Two third of the distance is left (Жолдың үштен екісі қалды).
Two third of the electorates take part in the election (Сайлаушылардың үштен екісі сайлауға қатысты).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет