Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Ультрақысқа толқын.
-
Дыбыстың қаттылығы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
3-Дәріс. ДЫБЫС ҚАСИЕТТЕРІ
Дәріс сабағының мазмұны:
-
Дыбыс жылдамдығы.
-
Дыбыс жиіліктері.
Дыбыс жылдамдығы. Барлық толқын сияқты дыбыс толқыны ондағы тербелістің таралу жылдамдығымен сипатталады. Жылдамдық толқын ұзындығымен және тербеліс жиілігімен байланысты. Дыбыс жылдамдығы әр түрлі ортада түрліше. Температурасы 20 °С ауада дыбыс толқындарының жылдамдығы 340 м/сек-қа тең. Басқа орталарда ол басқаша болуы мүмкін. Дыбыс толқындарынын таралуы ең алдымен дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Мысалы, газдар мен қатты денелердегі толқынның жылдамдығы толқын таралатын ортаның тығыздығы мен сығылу процесіне байланысты болады.
Дыбыс жиіліктері. Егер дыбыс ауада таралатын толқын болса, онда ауа бөлшектері қозғалысқа түскен сайын, дыбыс шығып отыруы керек. Мысалы, адам қолдарын арлы-берлі қатты сермеген кезде дыбыс пайда болады. Яғни, бөлшектер тербеліске түседі. Бұл жағдайда толқын пайда болғанымен, дыбыс естілмейді. Оның себебі, толқындағы тербелістің белгілі бір жиілігінде ғана дыбыс пайда болады, яғни адам сезе, ести алатын дыбыс туады. Ғылыми тәжірибелердің дәлелдеуі бойынша, 20-дан 20000 Гц-ке дейінгі жиіліктегі толқынды адамның есту мүшесі арқылы сезіне алады, ал бір секунд ішінде қолды 20 рет сермеу мүмкін емес. Ал, келіп жетқен дыбыс толқындағы тербеліс жиілігіндей жиіліқпен дыбыс толқындарын туғызады. Олар миға дыбыс сигналы болып жетеді. Дыбыс әр түрлі болады. Әйел дауысы, ер кісі, бала дауысы болып бөлінеді, әрі олардың өзіндік ерекшеліктері бар.
Дыбыс тоны. Дыбыстардын естілуіне қарай төменгі, жоғарғы тонды дыбыстар болып бөлінеді. Мысалы, барабаннан шыққан дыбыс – төменгі тонды, ал ысқырықтан шыққан дыбыстарды жоғарғы тонды болып саналады. Жоғарғы тонды дыбыстарға тербілістің үлкен жиілігі сәйкес келеді. Дыбыс толқынындағы тербелістер жиілігі дыбыс тонын анықтайды. Бір ғана түрлі жиілікте толқын шығаратын ерекше дыбыс көздері болады, бұл таза тонды дыбыс болып саналады. Дыбыстың мұндай түрін шығаратын құрал – камертон деп аталынады. Камертонның көлемі неғұрлым үлкен болса, оны соққанда шығатын дыбыс соғұрлым төмен болады.
Дыбыстың шағылуы. Дыбыс толқыны қандай бір ортада болмасын тарала отырып, белгілі бір уақытта осы ортаның шекарасына жетеді, ал оның соңынан дыбыс жылдамдығы басқа бөлшектерден тұратын өзге бір орта басталады, осындай шекарада дыбыс толқындарының шағылу құбылысы жүзеге асады. Шағылудын себебі, шекараға толқын әкелген тербеліс екінші ортаның бөлшектеріне беріліп, өздері жаңа дыбыс толқынының көздеріне айналады. Бұл толқын теқ екінші ортаға ғана таралып қоймайды, сонымен бірге алғашқы толқын келген бірінші ортаға да тарайды. Міне, осы процесс толқынның шағылуы деп аталады. Бұл құбылыс жаңғырықпен байланысты. Қандай да бір дыбыс көзінен сигнал беріліп, оның шыққан уақыты белгіленіп, қабылданған мерзімнің арасындағы уақыт өлшенсе кедергіге дейінгі қашықтықты табуға болады. Ультрадыбыстық толқындар табиғаты жағынан дыбыс толқынына ұқсағанымен адам оны дыбыс тәрізді қабылдай алмайды, өйткені оның жиілігі 20 Гц-тен артық. Ондай дыбыстарды қабылдайтын және шығаратын белгілі бір тіршілік иелері бар екендігі ғылымда дәлелденген. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытпен тарататындай етіп бағыттауға болады.
Дыбыстың жұтылуы. Бұл дыбыс энергиясының энергияның басқа түріне қайтымсыз айналуы процесі. Дыбыстың жұтылуы жиілікке тәуелді болады. Сондықтан да жоғары жиіліқтегі ультра-дыбыс пен гипердыбыс қысқа қашықтыққа таралады. Атмосферада, суда және жер қыртысында инфрадыбыс толқындары аз жұтылатын болғандықтан алысырақ қашықтыққа жетеді.
Ғылымда дыбыс толқындарын зерттейтін ғылым саласы акустиканың атқаратын рөлі зор. Дыбыстың барлық қасиеттерін зерттеу ақпарат таратудың жетілген жүйелерін жасауға, сигнал беру салаларын дамытуға, жетілдірілген музыка аспаптарын жасап шығаруға мүмкіндік береді. Дыбыс жазу орындарының бәрінде қолданылатын «акустикалық жарақтандырылған бөлме» деген үғым бар. Ақустика гректің «аkustikas» деген сөзінен шыққан, «еститін, тыңдайтын» деген мағынаны білдіреді. Бұл дыбыс туралы ілім - физиқаның маңызды салаларының бірі. Аристотель дыбыс тарайтын ортада сиреу мен сығылу процестерінің алма-кезек ауысып отыратыны және дыбыстың шағылуы нәтижесінде жаңғырық пайда болатыны туралы болжам жасаған. Барлық ғылымдарға тән орта ғасырдың тоқырау дәуірінде ақустиканың дамуы да біраз тежеліп, XVI ғасырдан басталып өз алдына ғылым ретінде қалыптаса бастаған. ХV-ХVІ ғасырда итальяндық ғалым Леонардо до Винчи дыбыстың шағылу процесін зерттеп, әр түрлі дыбыс көздерінен шыққан дыбыс толқындарының таралуындағы тәуелсіздіқ принциптерін тұжырымдаған. Г. Галилей деген француз ғалымы және М. Мерсенн дыбыс тонынын жоғарылығы туралы зерттеу жүргізіп, онын тербеліс жиілігіне тәуелділігін анықтаған. Мерсенн дыбыстардың ауада таралу жылдамдығын алғаш рет анықтаған, ал мұны П. Ламмес аса дәлдікпен есептеп шығарған. Басқа бір топ ғалымдар дыбыстың суда таралу жылдамдығын анықтаған. Осы ғалымдардың бәрі акустика ғылымын өрістеткен, дамытқан, өзіндік үлестерін қосқан.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Дыбыс тоны.
2. Дыбыстың жұтылуы.
3. Дыбыстың шағылуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
4-Дәріс. АКУСТИКА ҒЫЛЫМЫ
Дәріс сабағының мазмұны:
-
Акустиканың атқаратын рөлі зор.
2. Акустикалық тәсілдер.
Ғылымда дыбыс толқындарын зерттейтін ғылым саласы акустиканың атқаратын рөлі зор. Дыбыстың барлық қасиеттерін зерттеу ақпарат таратудың жетілген жүйелерін жасауға, сигнал беру салаларын дамытуға, жетілдірілген музыка аспаптарын жасап шығаруға мүмкіндік береді. Дыбыс жазу орындарының бәрінде қолданылатын «акустикалық жарақтандырылған бөлме» деген үғым бар. Акустика гректің «аkustikas» деген сөзінен шыққан, «еститін, тыңдайтын» деген мағынаны білдіреді. Бұл дыбыс туралы ілім - физиқаның маңызды салаларының бірі. Аристотель дыбыс тарайтын ортада сиреу мен сығылу процестерінің алма-кезек ауысып отыратыны және дыбыстың шағылуы нәтижесінде жаңғырық пайда болатыны туралы болжам жасаған. Барлық ғылымдарға тән орта ғасырдың тоқырау дәуірінде ақустиканың дамуы да біраз тежеліп, XVI ғасырдан басталып өз алдына ғылым ретінде қалыптаса бастаған. ХV-ХVІ ғасырда итальяндық ғалым Леонардо до Винчи дыбыстың шағылу процесін зерттеп, әр түрлі дыбыс көздерінен шыққан дыбыс толқындарының таралуындағы тәуелсіздіқ принциптерін тұжырымдаған. Г. Галилей деген француз ғалымы және М. Мерсенн дыбыс тонынын жоғарылығы туралы зерттеу жүргізіп, онын тербеліс жиілігіне тәуелділігін анықтаған. Мерсенн дыбыстардың ауада таралу жылдамдығын алғаш рет анықтаған, ал мұны П. Ламмес аса дәлдікпен есептеп шығарған. Басқа бір топ ғалымдар дыбыстың суда таралу жылдамдығын анықтаған. Осы ғалымдардың бәрі акустика ғылымын өрістеткен, дамытқан, өзіндік үлестерін қосқан.
Қазіргі акустика мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпы акустика және іс жүзінде қолданылатын акустика. Олар физиологиялық, музыкалық, архитектуралық және атмосфералық акустика, электро акустикамен гидроакустика сияқты салаларға бөлінеді. Жалпы акустикада дыбыстар пайда болуы мен таралуы процестері эксперименттіқ және теориялық тұрғыдан қарастырылады. Атмосфералық акустикада атмосфераның түрлі қабаттарында дыбыстың таралу, жұтылу және сейілу процестері қарастырылады.
Физиологиялық акустикада адам мен жануарлардың есту және дыбыс шығару мүшелерінің ерекшеліктері зерттелінеді. Электроакустикада дыбысты жұтып алу мен қайта шығару және электрлі музықа аспаптарын өндіру, өндіріске енгізу проблемалары зерттелінеді.
Архетиктуралық акустика салынатын ғимараттардағы дыбыстардың таралу процестерін қарастырады.
Акустикалық тәсілдер ғылым мен техниканың сан алуан мәселелерін шешуге қолданылады. Дыбыстың түрлі ортада таралу қасиеттеріне негізделіп жасалған құралдың көмегімен теңіздер мен мұнай скважиналарының тереңдігі де дәл анықталады. Ал ультрадыбыс қатты заттарды уақтайды, өсімдіктердің өсуін тездетеді, бағалы материалдарды өңдейді. Ультрадыбыстың көмегімен әр түрлі детальдардағы ақаулар анықталады, ауруларға диагноздар қойылады т.б. өндіріс салаларында пайдаланылады.
Акустикалық материалдар - құрылыстардың акустикалық қасиетін жақсарту мақсатында қолданылатын заттар. Ол қаптау және төсеу материалдары болып бөлінеді. Қаптау материалдары дыбыс жұту (үй ішінде), шуды бәсеңдету (өнеркәсіп цехтарында, хирургиялық операция бөлмесінде т.б.) немесе қоғамдық орындарда (көру залы, радио және телестудияларда) естілу мүмкіндігін жақсарту үшін қолданылады.
Толық акустикалық жарақтандырылған, дыбыс жазу процестеріне қатысты жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етілген радиоүйінде хабар дайындаушы шығармашылық топпен бірге техникалық қызметкерлер де еңбек етеді. Радио үйі сияқты ғимараттардағы шуды бәсеңдету үшін ағаш талшықты тақта ас-бест, картон, поливиннилхлоридті линолеум, тақта, синтетикалық өнімдер, түкті қілем сияқты заттардың қолданылуы қажет. Дыбыс өткізбеудің дәрежесі (дб) децибеллмен өлшенетіндігі ескеріледі. Мысалы, тұрғын және қоғамдық үйлердегі шу 40-50 дб болады, ал өндіріс орындарындағы 80 дб-ден аспауы керек.
Дыбыстық толқындар қабырғаға, төбеге, жиһаздарға т.б. кедергілерге соғылып біртіндеп сөнеді немесе шағылып теріс қайтады. Кедергіге соғылған дыбыс шағылады, ал ашық есік немесе терезе жолында болса, дыбыс өтіп кетеді. Шағылған дыбыс тез немесе кешігіп жетуі мүмкін. Егер кешігу 0,1 секундтан асса, онда дыбыс жаңғырық болып естіледі. Дыбыс кедергісі неғұрлым бос, атомдары сиреқ орналасқан болса, дыбыс тезірек өшеді. Егер дыбыс бірден өшпей біртіндеп сөнетін болса, мұндай дыбыстан кейінгі естілу сәті реверберация деп аталады. Сондықтан да электромагниттік жазуға жаңғырық араласпас үшін дыбысты сіңіріп алатындай жағдайлар жасалынады. Міне, осы тұста акустика ғылымының тұжырымдары жүзеге асырылады.
Дыбыстың табиғатының зерттелу бағыттарына орай сараптай келе біршама қорытындылар қалыптасады:
Миқрофондардың, күшейткіштердің, дыбыстау құралдарының т.б. сапасын олардың жиілік сипаттамасымен ешуақытта өлшеуге болмайды. Оның себебі - белгілі бір жиіліктегі дыбыс әр түрлі амплитудамен шығуы мүмкін. Соның нәтижесінде жазылған дыбыстың берілу сапасы төмендейді.
Дыбыс толқындары кедергілерге шағылып, реверберация пайда болуының себебінен магниттік жазудың, оның естілуінің сапасы төмендейді. Кей жағдайда реверберация дыбысқа көлем беріп, жеңілдетіп, пайдалы қызмет атқарса, кері қайту мерзімінің ұзақ болуына байланысты кері әсер етеді, өйткені жазуға жаңғырық араласады.
-
Дыбыстар өзінің жиіліктеріне қарай тез өшеді. Мысалы, жақындап
келе жатқан оркестр құралындағы аспаптар дыбысынын әр қалай жетуі. Бұл ерекшелік те жазу барысында ескерілуі керек. Сонымен бірге адамнын есту
қабілеті мен микрофонның қабылдау қасиеті бірдей болмайды. Осының бәрі дыбыстың жазылу сапасына әсер ететін фақторлар.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Реверберацияның пайда болуы.
-
Дыбыс жиіліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
5-Дәріс. ТЕЛЕРАДИОХАБАРЛАР ТАРАТУ ТОРАБЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Синхронды радиохабарлар тарату жүйесі
2. Стереофониялық радиохабар тарату жүйесі
3. Квадрофониялық жүйе
Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері яғни телерадиохабарлары арнайы тораптардан таратылады. Телерадио – торапқа жататындар: радиоүйлері, телеорталықтар, хабар таратушы каналдар, елді мекендерге хабар таратушы және қабылдаушы станциялар. Ал, радиожүйеге хабар тарату түрлері (дыбыстық, монофониялық, стереофониялық, квадрофониялық), бір сәтте берілетін бағдарламалар саны (бір бағдарламалы, көп бағдарламалы радиохабарлар), модуляция түрлері (амплитудалы, жиілікті), толқын диапазоны (ұзын, орта, қысқа, ультрақысқа) толқындар. Кез келген таратқыш станциялардың қабылдағыш станцияларға дейінгі қызмет көрсету аясы болады. Ол радиоқабылдағыштардың күшіне және өндірістік, атмосфералық кедергілерге байланысты жұмыс істейді. Ал, радиотолқындар ұзындығы - толқындардың таралуына және радиотораптардың қызметіне байланысты алынады. Ұзынтолқындағы таратқыш антеннасынан таралған энергия күндіз қабылдау нүктесіне жер толқыны арқылы жетеді.Ұзын толқын күндізгіге қарағанда түнде алысырақ таралады, жазға қарағанда қыста ұзағырақ таралады. Ұзын толқынға мыңдаған киловаттық қуаты бар таратқыш қолданылады, бұл экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан, республикалық, облыстық станциялар көбінесе орта толқынды пайдаланады. Ал алыс қашықтықтарға қысқа толқын қолданылады. Сапалы дыбыс тарату үшін көбінесе көп толқынды жүйе тиімді.
Синхронды радиохабарлар тарату жүйесі – бірнеше таратқыш бір жиіліқте параллельді түрде жұмыс істеп, біртекті бағдарламалардың таратылуы.
Стереофониялық радиохабар тарату жүйесі – дыбыстың екі қаналмен жазылуы. Мысалы, бір ғимараттан шыққан дыбысты басқа жаққа электроакустикалық жолмен тарату. Яғни алғашқы шыққан дыбыстың өзгеріссіз сол күйінде естілуі. Егер ансамбль ойнап тұрған болса сондағы құралдардың әр қайсысының дыбысы жекелей естіліп тұрған күйінде жеткізіледі.
Квадрофониялық жүйе – стерофониялық дыбыстың 4 каналмен таратылуы. Бұл жүйенің өзі толық квадрофония, квазиквадрофония, псевдоквадрофония болып бөлінеді.
Дыбыстық сигналдар қолмен де және автоматты түрде реттеледі. Дыбыстың сапасын арттыру үшін дыбыс деңгейін реттеп отыру қажет. Музыкаға 25 дб, көркем оқуға - 14 дб, сөзге - 10 дб мөлшері қойылады. Ол жөнінде арнайы мамандандырылған кәсіби инженерлер мағлұмат береді, әрі сапалы дыбыстың эфирге шығуын қамтамасыз етеді. Теле, радио үйі - телерадиохабарлардың дыбыс жазудан бастап эфирге шығуына дейінгі процестер жүзеге асуға арналған, арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған ғимарат.
Ал, хабар деген дыбыстық және бейнелік информациялар жиынтығы. Осы дыбыстық информациялардың сан алуан түрлерін әуе толқынына дайындап, тарататын қызметқерлер телерадио үйінде еңбек етеді. Сондай дыбыстық информациялардын түрлері:
Хабар - бір тақырыпқа бағытталған ақпарат. Ақпаратқа сөз ғана емес, музықа да жатады. Бағдарлама - бір арнаға, тақырыпқа арналған хабарлар жиынтығы.
1. Сөздіқ хабарға леқция, баяндама, диқторлық сөз, көркем оқу, репортаж, коментарий жатады. Вокалды аспапты музықалар.
Аралас хабарлар. Әдеби-драмалық хабарлар, яғни сөз де, музыка да аралас. Осы аталған дыбыстық, эффектілер жиынтығы арнайы студияларда жасалады.
Бір сәтте берілетін бағдарламалар саны (бір бағдарламалы, көп бағдарламалы радиохабарлар); модуляция түрлері (амплитудалы, жиілікті); толқын диапазоны (ұзын, орта, қысқа, ультрақысқа) толқындар. Кез келген таратқыш станциялардың қабылдағыш станцияларға дейінгі қызмет көрсету аясы болады. Ол радио-қабылдағыштардың күшіне және өндірістік, атмосфералық кедергілерге байланысты жұмыс істейді. Ал, радиотолқындар ұзындығы - толқындардың таралуына және радиотораптардын қызметіне байланысты алынады. Ұзынтолқындағы таратқыш антеннасынан таралған энергия күндіз қабылдау нүктесіне жер толқыны арқылы жетеді. Ұзын толқын күндізгіге қарағанда түнде алысырақ таралады, жазға қарағанда қыста ұзағырақ таралады. Ұзын толқынға мындаған килловаттық қуаты бар таратқыш қолданылады, бұл экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан, республикалық, облыстық станциялар көбінесе орта толқынды пайдаланады. Ал алыс қашықтықтарға қысқа толқын қолданылады. Сапалы дыбыс тарату үшін көбінесе көп толқынды жүйе тиімді.
Радио үйі - радиохабарлардың дыбыс жазудан бастап эфирге шығуына дейінгі процестер жүзеге асуға арналған, арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған ғимарат.
Ал, радиохабар деген - дыбыстық информациялар жиынтығы. Осы дыбыстық информациялардың сан алуан түрлерін әуе толқынына дайындап, тарататын қызметкерлер радиоүйінде еңбек етеді. Сондай дыбыстық информациялардың түрлері:
Хабар - бір тақырыпқа бағытталған ақпарат. Ақпаратқа сөз ғана емес, музықа да жатады. Бағдарлама - бір арнаға, тақырыпқа арналған хабарлар жиынтығы. Сөздік хабарға леқция, баяндама, дикторлық сөз, көркем оқу, репортаж, коментарий жатады. Воқалды аспапты музықалар.
Аралас хабарлар. Әдеби-драмалық хабарлар, яғни сөз де, музыка да аралас. Осы аталған дыбыстық, эффектілер жиынтығы арнайы студияларда жасалады. Радиоүйінде жүзеге асырылатын процестер
- магниттік дыбыс жазу, монтаж жазылған дыбыстың естілуін яки
қайта шығарылуын қамтамасыз ету, трансляциялық пункттерден
жазу, халықаралық каналдардан сигналдар қабылдау сияқты істер.
Онда шығармашылық және техниқалық топ қызмет етеді, сонымен
бірге жалпы қызмет көрсетушілер тобы да бар.
Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі пультке жалғастырылады. «Мына түста барабан күштірек» немесе «скрипка үні әлсіздеу» деген сияқты кемшіліктерге жол берілмеу үшін инженерлер микрофонды дайындауға аса көңіл бөледі. Ал, радиоқойылымдарды жазу концерттік бағдарламаларды жазудан қүрделі болып қеледі. Мысалы, ондай студияларға кемінде бес микрофон қойылады. Төртеуінен шыққан сигнал пультке, пульттен тағы бір микрофонға, одан қейін дыбыс агрегатына беріледі.
Дыбыс жазу кезінде адам дауысының неғұрлым табиғи шығуына көңіл бөлінуі қажет. Табиғи жазылған дыбыс хабардың нақтылығын арттырады. Сонымен, дыбыстық студияларға қажетті шарттар:
- дыбыстық (изоляция) оқшаулау, акустикалық талап, реверберация уақыты, техникалық және шығармашылық топ жұмысын
қамтамасыз ету. Жоғарыда аталып өткен негізгі студияларға
қосымша халықаралық хабарларды жазу және студиядан тыс
трансляциялық хабарлар жасау орындары да бар. Трансляция – сөз
бен дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға картинасының жасалу
процесі. Қазіргі кезде трансляцияның маңызы зор. Өйткені, шетелдерде, ТМД мемлекеттерінде болып жатқан көптеген халықаралықмаңызды оқиғалар
осы трансляциялық жолмен таратылады.
Радиоүйінде жүзеге асырылатын процестер - магниттік дыбыс жазу, монтаж жазылған дыбыстың естілуін яки қайта шығарылуын қамтамасыз ету, трансляциялық пункттерден жазу, халықаралық каналдардан сигналдар қабылдау сияқты істер. Онда шығармашылық және техникалық топ қызмет етеді, сонымен бірге жалпы қызмет көрсетушілер тобы да бар. Радиоүйінің тыныс-тіршілігін құрап отырған ұжымдардың қызметін бейнелейтін схема төмендегідей:
РАДИО ҮЙІ:
Қазақ радиосынын Бас директоры
Қазақ радиосының Бағдарламалар директоры
Қазақ радиосы Бағдарламалар директорының орынбасары
Қазақ радиосынын Бас редакторы
Қазақ радиосынын Бас редакторының 1-орынбасары
Қазақ радиосының Бас редакторының 2-орынбасары
Қазақ радиосынын техникалық директоры
Шығармашылық топ:
Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редақтор Орынбасары Жауапты редактор
Таңғы хабарлар Бас редакциясы: Бас редактор
«Руханият» Бас редакциясы: Бас редақтор Орынбасары
Қоғамдық-танымдық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редактор Орынбасары
Жастар мен балалар бағдарламалары Бас редакциясы: Бас редактор Орынбасары
Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редактор Орынбасары
Музыкалық бағдарламалар Бас редакциясы: Бас редактордың 1 -орынбасары Бас редактордың 2-орынбасары
«Алтын қор» Фонотека жетекшісі
Фонотека жетекшісінің орынбасары Үйлестіру және хабар тарату қызметі:
Жетекшісі
Жетекшінің орынбасары
Дыбыс жазу және монтаж қызметі
Дыбыс жазу жэне монтаж қызметінін бастығы Жарнамалық және әлеуметтік роликтер бөлімі:
Бөлім бастығы
«Қазақстан» РТРҚ АҚ-ның веб-сайтын бөлім бастығы жэне екі аға вебредакторлар шығарады. Сонымен қатар, режиссерлер, журналистер, комментаторлар, дикторлар, дыбыс режиссерлері, операторлар, инженерлер, кадр бөлімі, есеп бөлімі, күзет бөлімі, жөндеуші техниктер қызмет атқарады.
Радиоүйінде сөздік, музыкалық, концерттік, әдеби-драмалық т.б. студиялар болады.
Студия дегеніміз – дыбыстық хабарлардың жасалу процесі өтетін акустикалық жарақтандырылған арнайы бөлме. Студияның іші дыбыс өтпейтіндей етіп, шудың таралуын төмендететін, дыбыстың шағылуын бәсеңдететін құрылыс материалдарымен қапталады. Аумағына, атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Студиялық аппараттық бөлмеде – сөздік, дикторлық мәтін жазылады.
Монтаждық аппараттық бөлмеде – шағын хабарлар жасалады. Онда магнитофондар, монтаждық пульт, бақылаушы дыбыстық агрегат орналасқан.
Қайта жазу және күрделі монтаж аппараттық бөлмесінде-музыкалық, драмалық қомпозициялар, эстрадалық, симфониялық т.б. концерттер фонограммалары дайындалады. Мұндайда бірнеше магнитафондардан шыққан дыбыс сапасы реттеледі, яғни микшерлеу процесі жасалады, көп жолды магнитофондар дыбыстары жазылады. Әр түрлі дыбыстық эсерлер және жасанды жаңғырық жасалады. Ал, эстрадалық ансамбльдерді жазған уақытта бөлектеп жазу қолданылады. Мысалы, бірінші жолға ритмикалық топты (рояль, қонтрабас, қақпалы аспаптар); екінші жолға - үрмелі аспаптар (труба, тромбол); үшінші жолға - саксафон; төртінші жолға - солист жазылады. Сонан соң сигналдар магнитофоннан студиядағы күшейткішке беріледі. Одан кейін синхронды дыбыс жасау үшін көпжолды магнитофоннан біржолды магнитофонға көшіріледі. Бұл процестердің бәрі қазіргі кезде сандық технологияның өмірге енуіне байланысты оңай атқарылатын болды.
Концерттік студия кең болуы тиіс, бұл орыннын аумағы 300 шаршы метрге дейін қамтылады. Кем дегенде 40-50 адамнан тұратын оркестр орналасатын орын, бірнеше микрофондар орналастырылады. 80-100 адам еркін сиятындай болады. Мұнда жеке әншілерден бастап, түрлі хорларды, ұжымдар орындауындағы бұл орында қанша жақсы жарақтандырылғанымен де студиялық «атмосфераның» сақталуы жиі кездеседі. Студиялық «атмосфера» деген - айналадағы қоршаған ортадан пайда болатын, дыбыс жазуға кедергі жасайтын шу. Бұл - көбінесе бағытталмаған микрофондарды дыбыс көзінен алшақ орналастырудан болатын құбылыс. Ондайда микрофонда отырған адамның сәл ғана қимылы, желдету жүйесінен өтіп түрған ауаның ағымы, диктордың терең дем алғаны да жағымсыз шулардың пайда болуына жол ашатын құбылыстар болып табылады. Кең залдарда концерттік бағдарламаларды орындауға мүмкіндіқ бар. Оркестрді еркін орналастыруға болады.
Әдеби-драмалық студия негізінде түрлі радиоқойылымдарды дайындауға бағытталған орын. Актерлердің жеке дауыстарына және қатысушы топтың қимыл-әреқеттеріне, сөйлеулеріне лайықталған.
Сөздіқ студияда дикторлық мәтін оқылып, жазылады. Ол екі бөлмеден тұрады. Бірінші бөлме режиссерлерге, екіншісі дикторға арналған. Екі бөлменін арасы әйнеқпен бөлініп, арасын байланыстыратын микрофонмен жалғастырылған. Жазылуға тиіс мәтіннін сапалы шығуына дыбыс операторы мен режиссер жауаптылық көрсетіп, қадағалап отырады.
Студиялар жабдықталған кезде міндетті түрде дыбыстық реверберация есепеке алынады. Реверберация – латынның «геvегbагаiо» шағылу деген сөзінен шыққан. Яғни, жабық бөлмедегі дыбыс өшкеннен кейінгі оның біртіндеп сөну процесі осылай аталады. Сөздің анық, жақсы естілуіне қажетті реверберация уақыты 0,5-0,6 секундтан аспауы қажет. Үлкен студияда 0,2-0,25 секунд, кішірек студияларда 0,3-3,5 секунд аралығы қамтылады.
Микрофондар алдыңғы жазу бөлмесіндегі пультке жалғастырылады. «Мына түста барабан күштірек» немесе «скрипқа үні әлсіздеу» деген сияқты кемшіліктерге жол берілмеу үшін инженерлер микрофонды дайындауға аса көңіл бөледі. Ал, радиоқойылымдарды жазу концерттік бағдарламаларды жазудан күрделі болып келеді. Мысалы, ондай студияларға кемінде бес миқрофон қойылады. Төртеуінен шыққан сигнал пультке, пульттен тағы бір микрофонға, одан кейін дыбыс агрегатына беріледі.
Дыбыс жазу кезінде адам даусының неғұрлым табиғи шығуына көңіл бөлінуі қажет. Табиғи жазылған дыбыс хабардың нақтылығын арттырады. Сонымен, дыбыстық студияларға қажетті шарттар – дыбыстық (изоляция) оқшаулау, акустикалық талап, реверберация уақыты, техникалық және шығармашылық топ жұмысын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталып өткен негізгі студияларға қосымша халықаралық хабарларды жазу және студиядан тыс трансляциялық хабарлар жасау орындары да бар.
Трансляция - сөз бен дыбыс арқылы ешбір өзгеріссіз оқиға картинасының жасалу процесі. Қазіргі кезде трансляцияның маңызы зор. Өйткені, шетелдерде, ТМД мемлекеттерінде болып жатқан көптеген халықаралық маңызды оқиғалар осы трансляциялық жолмен таратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |