«Халықаралық экономикалық қатынас»


Тепе- теңдік валюталық бағам



бет8/10
Дата11.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#128286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.Тепе- теңдік валюталық бағам.Валюта бағамынын қозғалысына орталық банк шетел валютасын сату мен сатып алу арқылы жүргізілетін валюта интервенцияларымен әсер етеді. Айналымнан ұлттық валютаны шығару арқылы орталық банк елдің төлем балансы дефициті кезінде бағамды жоғарылатуға (құлдырауын тежеуге) мүмкіндігі бар. Керісінше, шетел валютасын сатып алу арқылы, ол ақша массасын ұлғайтуын төлем балансы оң сальдосы кезінде ұлттық ақша бірлігінің бағамын төмендетеді Сонымен бірге ұлттық валюта қалқымалы валюталық бағам кезінде төлем балансының жағдайына байланыссыз алыпсатарлық факторларға өте әсерлі болады. Оның бағамын және сыртқы экономикалық тепе-тендікті қолдап отыру еркін айналымдағы валюта қорларының зор көлемі болуын қажет етеді. Бағамға интервенция арқылы әсер ету бағытты болғанымен, қысқа мерзімді сипатта болады. Негізінен валюталық интервенцияның мақсаты ұлттық валютаның бағамының валюта рыногындағы жағдайын мемлекеттегі экономикалық жағдайына сәйкестендіріп, оның төмендеп, не жоғарылап кетуін болдырмау. Сонымен қатар валюталық интервенцияның тиімді болуы, оның әсерінің ұлттық валюта бағамының өзгеру тенденциямен сәйкес бағытталған кезде болады. Одан басқа сыртқы рыноктардағы валюта интервенциялары іші резервтерінің көлеміне тікелей әсер етіп, сол арқылы айналымдағы ақша мөлшеріне әсер етеді. Бірақ бір ақша-несие саясатын ішкі нарықта жүргізу мен сыртқы валюта рыноктарындағы экономиканың белсенділікті бөлу мүмкіндігі бар. Бұл әдіс стерилизация деген атауға ие болып, сыртқы рыноктағы шетел валютасында көрсетілген активтердің әрбір сатылуын, ел ішінде бағалы қағаздын ашық рыногында сондай көлемде сатып алумен қатар жүргізіледі. Және, керісінше сыртқы рыноктағы әрбір сатып алу ішкі рыноктағы сондай көлемде сатумен жүреді.

Бекітілген валюта бағамы кезінде төлем балансы көлеміне не әсер етеді? Төлем балансына әсер етуді екі бөлікке бөлуге болады: сауда балансына әсер ету мен капитал қозғалысы бойынша балансқа әсер ету. Сауда балансы немесе экспорт пен импорт айырмасы; ұлттық өнім шығарумен теріс байланыста, ал валюта бағамына оң байланыста болады. Сонымен қатар, ол шетел сұранысының тәуелсіз өзгерістерге байланысты, мысалға шетел автомобильдерін сатып алудан жергілікті автомобильдерді сатып алуға көшуі сияқты өзгеруі мүмкін. Төлем балансының қаржылық бөлігі ең алдымен пайыз қойылымына (ел ішінде және сыртқы) тәуелді болады. Жоғары пайыз қойылымы шетелден капиталды тартады, бірақ ол қарқынды инфляция әсерінен номиналды пайыз өсуі емес, нақты пайыздар өсуімен сипатталуы тиіс. Түйсік негізінде оңай түсінілетін, жоғары пайыз қойылымы біздің елге шетел капиталын тартып, төлем балансының.оң сальдосын береді деген тұжырым рас, бірақ ол қысқа мерзімде (пайыз көтерілгеннен кейін бір жыл немесе одан аз мерзім) әрекет етеді. Ұзақ мерзімде бұл механизм жұмыс істемей, тіпті кері бағытта екі себептен әрекет ете бастайды:

Алдымен жоғары пайыз мөлшері, шетелден қарыздарды
инвесторлардың елімізде қарыз формасында сақтаған өз активтер
корларын қайта құрғанша тартады. Бірақ ол қайта құру процесі
біткенде оның ағымы саябырлай бастайды.


  1. Егер пайыз қойылымын жоғарылату қысқа мерзімде шетелден
    капиталдарды тарту мен төлем балансын жақсартуды жүзеге
    асырса, одан кейін бұл жоғарылату кері нәтижелерге алып келеді.
    Оның себебі қарапайым - алынған қарыздар қайтарылуы тиіс. Егер
    жоғары пайыз қойылым бүгін бізге қарыз берсе, ертең оны
    пайыздармен қаайтару керек, Біз жоғары пайыздарды капиталдар
    (қарыздарды) тартуды пайдалану туралы, қарыздардың негізгі
    сомасы ғана емес, оған жоғары пайыздарды төлеуге көңіл бөлмей
    айта алмаймыз.

Осы себептерге байланысты пайыз қойылымын жоғарылату елдің төлем балансын жақсартады деген тұжырым тек қысқа мерзімде ғана рас болады. Сондықтан осы пайымдауларды пайдалану, экономикалық саясат алдында тез арада дағдарыстың алдын алу мақсатында ғана қолданылуымүмкін. Өйткені ұзақ мерзімде жоғары пайыз мөлшері жалпы төлем балансына кері әсер ететіні белгісіз.

Мысалға, Корей Республикасының жүргізген валюта-несие саясатының тиімділігі шетел несиелерінің тартуының қолайлы тәртібінде жатыр. Бұл ішкі және сыртқы нарықтағы ұсынылатын несиелер арасындағы пайыз қойылымдарындағы айырмасымен түсіндіріледі. Көрсете кететін жағдай, Корей Республикасының Үкіметі мен Орталық банкі тартылған қарыздарды реформалаудың бастапқы сатыларында өте тиімді пайдалана білді. Одан кейін шетел капитал салымдарының тиімділігі күрт төмендеп кетті, оның себебін бақылау жоқтығымен түсіндірілді. Бұл тәжірибе Қазақстан үшін өте пайдалы. Дамуды ынталандыруда шетел қарыздарын алу кездерінің болуы өте маңызды, бірақ мәселе оны пайдалануда, бақылау ұйымдастыруда болып отыр. Бұл мәселе қазіргі уақытта өте маңызды болуда, өйткені несиелеудің ішкі және сырты нарықтағы пайыз қойылымдары арасындағы айырмашылық кәсіпорындарды ішкі рынокта қарыз алуға ынталандырмайды.

Корея Республикасының Орталық банкі валюта бағамын реттеу мәселесіне айырықша көңіл бөлді. Кореялық волютаның долларға қатысты ақылды девальвациясы корей тауар өндірушілерінің сыртқы рыноктарда бәсеке қабілеттілігінің жоғарылауына ықпал етті. Өкінішке орай, біз оны Қазақстанның Ұлттық банкі туралы айта алмаймыз. Бірақ девальвацияның тек қысқа мерзімде ғана тиімді болатынын ешқашан естен шығармау керек. Әйтпесе ол төлем балансындағы бұрмалау мен елдің сыртқы экономикалық орнының нашарлауына әкеледі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Валюталық бағам және оның түрлері.

2.Тепе- теңдік валюталық бағам.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009


Дәріс №14. Халықаралық қаржылық нарықтар

1.Халықаралық қаржы нарығының құрылымы.

2. Қарыз міндеттемелерінің халықаралық нарықтары.

Тақырып бойынша басты түсініктер: халықаралық қаржы нарығы, қарыз міндеттемелері.

1.Халықаралық қаржы нарығының құрылымы. Әдетте валюта нарығы спот мәмілелеріне және де валюта дериваттарына бөлінеді – тікелей форварттар, своптар, фьючерстер, опциондар.

Спот мәмілелері – екі жұмыс күні ішінде жай стандартты келісімшарт негізінде екі валютамен есептесу.

Фьючерс – валютаға деген стандартталған форварттық келісімшарттар, олардың саудасы биржада өтеді.

Форварт – нақты тауар жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді. Осы уақыт ішінде тауардың белгіленген бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форварт мәмілесінің бағасы спот мәмілесі бағасының ықтимал серпінін ескеретін түзетулер енгізіле отырып белгіленеді.

Опциондар – мезгілдік биржа мәмілелеріне енгізілетін шарт, ол бойынша тараптардың біріне мәміленің бірін бірі жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бірін таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы беріледі.

Географиялық валюта нарығы қатты шоғырланған. Үш қалада (Лондон, Нью-Йорк және Токиода) валюта саудасының 55% өтеді, және де Лондонда 30%. Осы үш қаладағы валюта айналымы күніне 161- тан 464 млрд. долл дейін құрайды. Келесі топқа Сингапур, Гонконг, Цюрих және Франкфурт кіреді. Олардың күнсайынғы айналымы 76-105 млрд. долл. тең.

Валюталық нарықта техникалық мәмілелер сауда жүргізуші жақтармен тікелей немесе банктер, телефон, телефакс көмегімен жүргізіледі.

Арбитраж — бір нарықта валютаның немесе басқада активтердің сатып алуын, оның басқа нарықта дер кезде сатылуын және сату мен сатып алу бағалары айырмашылығы негізінде пайданы алуды қарастыратын операция.

• Қорғалмаған пайыздық арбитраж — тәуекелдерді хеджирлеу механизмін пайдаланбай инвестицияларды жүзеге асыру үшін спот нарығында валютаны сатып алу.


2. Қарыз міндеттемелерінің халықаралық нарықтары. Халықаралық қарыз нарығында қарыз міндеттемелері айналысқа түседі, олар қарыз алушыдан қарызды қарыз берушіге алып беру құқығын дәлелдейді. Бұл қарыз міндеттемелері алуан түрлі болуы мүмкін. өтеу мерзімі бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, қарыздар типі бойынша – мемлекеттік, мемлекетпен кепілденген, және жеке, қарыз түрі бойынша – ресми және жеке қарыз. Ресми қарыз міндеттемелер халықаралық ұйымдар алдындағы және екі жақты міндеттемелер болып бөлінеді. Жеке қарыз міндеттемелері коммерциялық банктерге, облигацияларға, басқада қарыз болып бөлінеді.

Ұзақ мерзімді келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік борыш, кепілденген мемлекеттік борыш, жеке кепілденбеген борыш.

Халықаралық қаржы ұйымдардың несиелеу механизмі мынандай болады:


  1. Осы ұйым мүшелерін несиелеу;

  2. Осы ұйымдардың жұмыс топтары несиелеу алдында мемлекеттің экономикалық-саяси жағдайымен танысу мақсатында елге
    келеді. Қарыз алушы мемлекет өкілдерімен бірге, макроэкономикалық тұрақтандыру мен дамуға көмектесетін жобаларды несиелеу бағдарламаларын жасақтайды. Несиелеу мерзімі ішінде
    осы ұйымның жұмыс топтары қарыз алушы мемлекеттін бағдарламаларды орындауын бақылау мақсатында тұрақты қатынайды;

  3. Берілетін несие транштарға бөлініп, олар бағдарлама мен
    несие шарттары, несие келісіміне сәйкес орындалған жағдайда
    ғана беріледі;

  4. Қарыз алушы мемлекет нақты жобаларды ұсынып, оларды
    халықаралық ұйымдар қолдайтын болса, оған қарыз қаржылары бөлінеді;

  5. Несие қаржылары қарыз алушы мемлекеттің орталық банкінің
    есеп шотына немесе АА категориясынан төмен емес алдыңғы
    қатарлы шетел банктерінің арнайы есеп шоттарына аударылып,
    жобаны жүзеге асыру қаржылары сол жерден алынады.

Халықаралық қаржы ұйымдарының пайыздық қойылымы әр түрлі. Әлемдік қайта құру мен даму банкі стандартты "квалификациялық қарыз алу сомасы" қойылымын, ЕҚҚжДБ - LIBOR, ХВК, - арнайы қарыз құқығының (SDR) пайызымен анықталатын стандартты қойылымын пайдаланады.

Несие беру кезінде халықаралық ұйымдар ел мойнындағы бар борышты, мемлекет бюджетінің дефициті мен макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, несиені өтеу мүмкіндігіне өте қатты көңіл бөледі.

Әлемдік тәжірибені талдау кезінде, сыртқы борышты әлем шаруашылығы мен мемлекет даму нәтижелерімен, даму бағыттары мен барлык, факторлармен байланыстыра қарастыру қажет. Өйткені елдер басқа мемлекеттер ғана емес, халықаралық ұйымдар алдында міндеттемелері бар екенін ұмытпау қажет. Әрине көптеген елдердің қиыншылықтармен кезігуі сыртқы қарыздардың қажетті пайданы қамтамасыз ететін жобаларға салынбауынан болды. Оған көптеген дәлелдер бар, мысалы 70-жылдары алынған қарыздардың басым бөлігі жинак, коэффициенті төмен кезді бастан өткеру үшін, капиталды шетке шығаруды қаржыландыру мен сол кезде нарық бағаларында тиімділігі өте төмен жобаларды қаржыландыру үшін қолданылды. Тіпті қаржылар басынан бастап тиімді орналастырылғанына қарамастан, жоспарланбаған пайыз қойылымы мен сыртқы сауда жағдайының келеңсіз өзгерісіне байланысты, нақты пайда нормасын жеткіліксіз еткен болатын. Бұл жағдайларда кептеген дамушы елдердің сыртқы борыштары ұлғайып, оны өтеу үшін алынатын пайдасы жеткіліксіз болды.

Сыртқы қарыз бойынша әдебиеттерде мұнайды экспорттаушы елдердің ЖІӨ-де тұтыну нормаларын жоғарылатып, ал мұнай импортер елдері төмендеткенде әлемдік қарыз дағдарысы болмас еді деп к,арастырылған. Бірақ мұнай экспортер елдері экспорттан ұлғайып жатқан түсімдер шеңберінде тұтынуын жоғарылата, ал мұнай импортерлері ағымдағы операциялар есебінің дефицитін болдырмау үшін тұтынуын шектей алмады.

Мұнай өндіруші елдердің ағымдағы операциялар есебіндегі артық қаржылар нәтижесінде коммерциялық банктерді қаржыландырды. Банктер болса, осындай мол қорларды алғаннан кейін, оған пайыз төлейтін болғандықтан, тиімді орналастыратын тұтынушылар іздеді. Оларды сауда дефициті бар мұнай импортер елдерден тапты. Бұл шешім әркайсысына ыңғайлы болды: мұнай өндіруші елдер қысқа мерзімді салымдар жасап, одан пайыз көлемінде пайда алып отырды, ал мұнайды импорттаушы елдер мұнай импортын қаржыландырудың уақытша көздерін тапты.

Соңғы 15 жыл ішінде пайда болған қарыз мәселелері батыс елдерінің қаржы-несие саясаттарының тұрақты факторы болды. Оның шешілуін жеңілдету үшін екі клуб құрылды: қарыз беруші мемлекеттерді біріктіретін Париж клубы және 600 батыс елдерінің коммерциялық банктері мүше болып табылатын Лондон клубы. Қарыз міндеттемелері көп болған жекелеген мемлекеттердің қарыз құрылымын қайта қарау, мерзімін өзгерту мен кейде бір бөлігін немесе толықтай көшіру тәжірибесі күнделікті іске айналды. Бірақ кешірімді сомалар көлемі салыстырмалы түрде үлкен емес, ал Батысқа қарызданудың өсуі әлі шешімін тапқан жок,.

Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, міндеттемелерді орындамаудың кең етек жайылуын болдырмау қажеттігі аталады. Өйткені бұл ірі қарыз берген несиелеуші-банктерді қаржы тұрақтылығы мен халықаралық төлем механизмінің дұрыс әрекет етуіне қауіп төндіруі мүмкін. Қалыптасқан жағдайларда Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) ерекше орын берілді. ХВҚ жүргізілген шараларда маңызды орын алып, тікелей өзі немесе басқа ұйымдар мен коммерциялық банктердің келісілген несиелерді беруді үйлестіруді жүргізді.

Қаржы қиындықтары мол, борышы үлкен дамушы елдер 1982-1985 жылдар аралығында төлем балансының ағымдағы есеп дефицитін күрт азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл шаралар, 1983 жылы мен 1984 жылғы қолайлы халықаралық қаржы жағдайымен қосарланып, төлем балансының сыртқы дефицитінің күрт азаюына әкелді. Бірақ бұл азаю импорт пен капитал салымдарын күрт азайту есебінен ғана жасалды, ал ел экономикасының дамуы мен төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізді. Сондықтан осы әдіс арқылы экономикалык, жағдайын күрт жақсарту көп ел үшін қиын болып, жеке меншік несиелеушілердің жаңадан қарыз беретініне үміттенуге болмайтыны түсінікті болды.

ХВҚ-ның экономикалық тұрақтандырудың күшті бағдарламаларын қолдаудың негізгі құралы болып, құрылымдық қайта құруды кең ауқымда қаржыландыру (ЕСАФ) болуда. ЕСАФ 1987 жылы Атқарушы кеңес шешімімен құрылып, 1994 жылдың ақпан айында ол кеңейтіліп, ірілендірілді. Қазірде ЕСАФ ХВҚ төлем балансындағы қиыншылықтары тұрақты, төмен табысты мүше-елдерге қаржылай көмек (жеңілдіктері бар несиелер түрінде) көрсетудің негізгі механизмі болуда.

ЕСАФ шеңберіндегі қаржылар түбегейлі орта мерзімді құрылымдық қайта құру бағдарламаларды қолдау мақсатында ұсынылады. ЕСАФ шеңберіндегі тұрақтандыру шаралары үш жылдың ішінде төлем баланс жағдайын тұрақтандырып, экономикалық өсуді ынталандырады деп болжануда.

Сонымен қатар, қарыз мәселесін жоюдың негізгі құралдарына: қарыз міндеттемелерін акцияға айырбастау, қарызды сатып алу, қарызды қайта ұйымдастырумен қайта қаржыландыру кіреді. Әрбір мемлекет өзіне тиімді деп санаған әдістерді қолданады.

Қарызды қайта қарастыру операцияларының мәні бар қарыз міндеттемелерін ұлттық, немесе шетел валютасындағы жаңа қарыз міндеттемелеріне ауыстыру болып табылады. Ескі және жаңа міндеттемелер шарттары бір-бірінен қатты өзгешеленуі мүмкін. Мысалға, жаңа қарыздың номиналды құны ескі міндеттемелердің номиналды құнының дисконтын көрсетуі мүмкін немесе номиналды к.ұны өзгеріссіз қалып, келісімді пайыз қойылымы ескі міндеттемелерге қарағанда жоғары немесе төмен болуы мүмкін. 1980 жылмен 1997 жыл аралығында 50 мемлекет осындай қайта қарастыруға байланысты 250 келісім жасаған.

Бұл әдістің кемшілігі - мемлекеттің жағдайын қысқа мерзімде ғана жеңілдеткенімен, ұзартылған кезеңде қосымша пайыз төлеу есебінен жалпы нәтижелік қарыз көлемін ұлғайтады.

Мемлекет өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда борышты өтеу шарттарын жеңілдету қажеттігі туындайды және ол негізінен қарыздың құрылымын қайта қарау жолымен жүзеге асырылады.

Қарыз құрылымын қайта қарау тек қысқа мерзімде ғана тұрақтандырушы фактор болып, стратегиялық жоспарда дағдарыс жағдайын өзгерте алмайды. Оны өзгерту үшін, макроэкономикалық тұрақтандыру қатал шаралармен қатар жүзеге асырылуы керек.

Қарыз құрылымын қайта қараудағы Париж клубының әлемдік тәжірибесі қызығушылықтудыратыны сөзсіз. Ол борыш құрылымын қайта қарастыруды қарыздар мемлекет экономикасының жағдайына байланысты жүргізуге мүмкіндік береді. Борыштың құрылымын қайта қарау механизм түрлеріне:



  1. төлемді кейінге қалдыру (каникул) механизмі;

  2. борышты жою механизмі;

  3. борыштың төлеу мерзімін ұзарту механизмі;

  4. жеңілдікті пайыз қойылымдарын қолдану;

  5. қарыздар мемлекетті төлем қабілетті деңгейге жеткізу үшін
    қосымша несиелеу жатады.

Қарыздар мемлекеттерде туындайтын мәселелер бірдей - өзінің сыртқы міндеттемелерін есептеу қиындықтары, өз позициясын бағалау мен сыртқы нарықтағы бағалар динамикасын көп жылдарға болжау қиындықтары. Ал бағаның ауытқулары сыртқы борышты өтеу мәселелерін ұлғайтады (дұрыс басқару кезінде - қысқартады). Мысалға 1986-1988 жылдары Кеңес Одағының сыртқы борышының өсуіндегі негізгі себеп - қосымша қарыз алу емес, доллардың бағамының басқа валюталарға қатысты өзгеруінен болды.

Сөйтіп, сыртқы қарыз алу ұлттық экономикалық қауіпсіздікке әсер ететін ең бір күшті қауіп екені түсінікті.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2006

2.Доғалова Г. Халықаралық экономика. – Алматы., 2010

3. Мамыров Н.Қ. Халыкаралық экономикалық қатынастар. – Алматы., 2009


Дәріс №15. Төлем балансы

1.Төлем балансы түсінігі.

2.Ағымдығы операциялар шоты.

3.Капитал, қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты.

4.Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі.

Тақырып бойынша басты түсініктер: төлем балансы, операциялар шоты, капитал, қаржы құралдары, шет ел валютасының ресми резервтері.

1. Төлем балансы түсінігі. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елді әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалык операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілетін статистикалық тізімдемесі. Төлем балансы резидент еместерге берілген төлемдерді ғана емес, олардан келген түсімдерді де тіркейді.

Төлем балансының құрылуы мен бағалануы Халықаралық валюта Қорының әдістемесі (төлем балансын құру бойынша нұскау, ХВК 5-басылымы 1993 ж.) негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады.

Төлем балансын құру мен анықтамаларының негізгі ережелеріне:



  • резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды
    есепке алу;

  • операцияларды екі жақты жазу жұйесімен есепке алу;

  • қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана көрсету;

  • әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем
    сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру;

  • операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша
    тіркеу.

Резидент және резидент еместер. Төлем балансын құруда сыртқы экономикалық операцияларды ішкі шаруашылык. операциялардан айыру қажеттігінен резидент ұғымы үлкен маңызға ие болады.

Сыртқы экономикалық операцияларды нақты ұйымдар, компаниялар немесе жеке тұлғалар жасайтындықтан, олар халықаралық экономикалық қатынастар тұрғысынан қарағанда не елдің резиденті, не резиденті емес есебінде саналады. ХВҚ-ың ұсыныстарында "Мемлекеттің экономикасы басқа территорияға қарағанда осы территориямен тығыз байланысқан шаруашылықтардың жиынтығы. Осы елдің төлем балансы, егер көрсетілген шаруашылықтар елдің резиденті болып саналса, олардың басқа елдермен операцияларын көрсетеді. Ал егер олар резидентдеп есептелмесе, олардың осы елмен операцияларын көрсетеді".

Резиденттерді анықтауда түрлі елдердің өзіндік ерекшеліктері
бар. Мысалға: АҚШ-та резиденттерге осы елде тұрақты өмір сүріп
жатқан азаматтар, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компания-
лар жатқызылады. Ал шет елде тұрып жатқан американ азаматта-
рының (мемлекет қызметкерлерінен басқа) АҚШ резиденттеріне
жатқызылуы, олардың шет елде болу мерзіміне байланысты.
Американ корпорацияларының шет елдегі еншілес кәсіпорындары, филиалдары АҚШ үшін шетел фирмалары ретінде саналады.

Алманияда төлем балансы тұрғысынан резиденттерге шаруашылық мүдделерінің ортасы осы елде орналасқан, ұлттық нышаына қарамай, жеке және құқықтық тұлғалар жатқызылады. Осыған байланысты ГФР резиденттеріне ел азаматтары ғана емес, сол елде іс-әрекетін жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер де жатады.

Қазақстанда резиденттер қатарына:


  • Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекен-жайы бар,
    сонымен бірге шетелде уақытша немесе шетелде мемлекеттік
    қызметте жүрген жеке тұлғалар кіреді;

  • Қазақстан заңдарына сәйкес құрылған құқықтық тұлғалар,
    олардың республикада және шет елде орналасқан филиалдары
    мен өкілдіктері резидент болып саналады:

  • Республикадан тыс орналасқан Қазақстанның диплома-
    тиялық, сауда және басқадай ресми өкілдіктері кіреді;

  • Валюталық заң тұрғысынан жоғарыда көрсетілгендерден
    басқа барлық құқықтық не жеке тұлғалар, Қазақстанда немесе
    шет елдерде орналасқанына қарамастан, біздің елдің резиденті
    болып саналмайды.

Резидент еместерге кіретіндер:

  • елге келген туристер, кеме мен ұшақтардың экипаж мүшелері,
    маусымдық жұмысшылар, т.б. және шекаралас облыстарда тұрып
    жатқан шетел жүмысшылары (өйткені олар тұрақты мекен-жайына
    байланысты сол елдердің резиденттері болып саналады).

  • дипломаттар, консульдік өкілдіктер және мерзіміне қарамастан
    шетелде жүрген әскери қызметкерлер.

Қазіргі заман жағдайларында резиденттік мәселе күрделене түскенін атап кету қажет. Ол әлемдік шаруашылықтағы капитал интерұлттануы, трансүлттық корпорациялар іс-әрекетінің кең ауқымдылығы, еңбек күші миграциясының қарқындылығы мен сол сияқты процестерге байланысты.

Егер де төлем балансы резидент пен резидент еместер арасындағы барлық мәмілелерін тіркейтін болса, экономикалық мәмілелер ұғымына түсінік беру маңызды. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық мәмілелер деп бір ел резидентінен басқа ел резидентіне активтерге қүқық меншігінің өтуі немесе экономикалық қызмет көрсетудің, тауарға құқықтық меншігінін өзгерісін көрсететін кез келген құндық айырбасы аталады (Линдерт Г.Х. Экономика мирохозяйственных связей). 5 мағынада кез келген экономикалық мәмілелер әрқашанда жақты болғандықтан, олар төлем балансында екі жақты жазу пісі бойынша есептеу жүйесіне сәйкес көрсетіледі. Осы елдің ұрғысынан қарағанда мәмілелердің бұл жақтары дебеттік және кредиттік баптарға бөлінеді. Көп жағдайларда кредит операциялары оң белгісімен, ал дебеттіктер теріс белгісімен жазылады.

Төлем балансында "+" және "-" белгілерінін пайдаланылуы.


Операциялар

Кредит

Дебет

1. Ағымды есеп




Тауарлар мен қызмет көрсетулер

Тауарлармен қызмет көрсетулер экспорты

Тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты

Табыс

Резидент еместерден түскен төлемдер

Резидент еместерге жіберілген төлемдер

Ағымдағы трансферттер

Резидент еместерден түскен төлемдер

Резидент еместерге төленген төлемдер

2. Капитал, қаржы және қорлармен жасалатын операциялар есебі

Капиталдар трансферті

Резидент еместерден түскен төлемдер

Резидент еместерге төленген төлемдер

Қаржы активтері мен міндеттемелері-мен жүргізілетін операциялар

Қаржы ағымының келуі (резидент еместер алдында міндеттемелердің ұлғаюы немесе резидент еместерге талаптардың азаюы)

Қаржы ағымының кетуі (резидент еместерге талаптардың ұлғаюы немесе резидент еместер алдында міндеттемелердің азаюы)

Кредит - бұл құндардың кетіп, осы елге оның орнын толтыратын Құндардың келуі немесе төлемдер түсуі тиіс. Ал дебет -құндардың келуі және ол үшін ел резиденттері төлемдерді жүзеге асыруы тиіс екені белгілі.

Екі жақты жазу әдісі есебінде кредиторлық жазулар сомалары Дебеттік жазулар сомаларына тең болып, жалпы нәтижесі нольге тең болуы тиіс, Көптеген алдын ала дайындау есебін өндеу негізінде жинақталған төлем балансына төлемдер мен тұсімдерді немесе елдің басқа елдермен жүргізген операцияларындағы міндеттемелері мен талаптарындағы өзгерістерді керсететін көрсеткіштер енеді. Сөйтіп төлем балансын құру принципіне сәйкес оң көрсеткішердің қорытынды сомасы оның теріс көрсеткіштер сомасына тең болып, барлық жағдайларда формальды тепе-теңікті қамтамасыз етуі қажет. Осыған сәйкес төлем балансы әрқашан тепе-тең болады. Бірақ тәжірибеде есептер балансы шықпайды. Оның негізгі себептеріне мәліметтердің әр түрлі көздерден алынуы, кейбір баптар бойынша ақпараттардың төмендетіліп көрсетілуі немесе есептеуде көрсетілмеуін айтуға болады. Сонымен қатар әдістемелік және есептік сипаттағы қателіктер мен байқаусыздықтар да орын алады. Сондықтан төлем балансының барлық есептерінде "таза қателіктер мен байқаусыздықтар" бабы болып, ол есептеуде көрсетуге тиіс болған операциялары бағалаудағы қателіктер мен байқаусыздықтарды керсетеді.

Төлем балансында көрсетілетін ағымдар (қорлар емес) екі бағытта болады. Ағымдар белгілі бір кезеңде саналса, қорлар тек бір уақыт мезгіліне ғана анықталады.

Төлем балансын құрастыруда ағымдарды тіркеу уақытын білу өте маңызды. Тәжірибеде көбінесе мемлекеттің төлем балансын құрастыруда мәліметтерді жинау мен дайындау мерзімі бір жыл болып белгіленеді. Өйткені кәсіпорындардың төлем балансында көрсетілетін бірқатар операцияларының бағалық мәліметтері жылдық негізде ғана түсетініне байланысты. Бірақта, бұл кейбір мемлекеттердің тоқсан сайынғы ұлттық есептер сметасына сәйкес келетін тоқсандық төлем баланстары үшін мәліметтер дайындауын жоққа шығармайды. Ол кейбір мәліметтердің (мысалға, экспорт пен импорт) көбінесе үш ай, тіпті ай сайын келіп түсу мүмкіндігіне байланысты.

Операциялар меншік құқығының заңды түрде ету мезгілінде тіркеледі. Оны келісімге қатысушы екі жақтың бухгалтерлік кітаптарында операцияны тіркеу кезінде жүзеге асырылады деп саналады. Бүл жерде екі жақта осы операцияға бір мезгілде әсер ету тиіс. Операция бойынша төлем уақыты келгенде есептеп қосу әдісі негізінде, мысалға нақтылай есеп айырысу кезінде емес, пайыздарды төлеу кезінде жүзеге асырылады, Көбінесе сауда, қаржы, қызмет көрсету операциялары екі жақта бір мезгілде тіркелмеуі де мүмкін. Бүл жағдайда кәсіпорындарды сұрастыру нәтижелері мен түскөн сауда және валюта құжаттар негізіндегі бастапкы мәліметтерге уақытша өзгерістер енгізу қажеттігі туындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет