Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттік органның құзыретi
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
2) жұқпалы, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
3) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне бақылау жүргізеді;
4) тамақтан улану, жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулар, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысады;
6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын шешімдер қабылдайды;
7) мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
8) осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басшыларына өз қаулысымен тәртіптік жаза қолданады;
9) мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
10) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларын іске асыру жөнінде салааралық үйлестіруді, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады;
11) гигиеналық нормативтерді және мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді бекітеді;
12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерудің дүркіндігін белгілейді;
13) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар береді;
14) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қояды;
15) өз құзыреті шегінде лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге байланысты қызметті жүзеге асырады және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;
16) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауіп төндіретін химиялық, биологиялық заттардың және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін жасайды және жүргізеді;
17) өнімге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттік стандарттар жобаларын келіседі;
18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіреді, олардың орындалуына қатысады, ғылыми жетістіктерді практикалық қызметке енгізеді;
19) салауатты өмір салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тіршілік ету ортасының жай-күйі және өткізілетін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
20) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу жөнінде сараптамалық комиссиялар құрады;
21) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу тәртібін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің Мемлекеттік тізілімін мерзімді баспа басылымдарында жариялайды;
22) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) гигиеналық оқытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастырады;
24) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингі ұйымдастырады және жүргізеді;
25) жұқпалы, паразиттік, кәсіби және басқа да аурулар мен улануларды тіркеуді жүзеге асырады;
26) тәуекелдерді бағалаудың халықаралық практикада жалпыға бірдей қабылданған әдістерін ескере отырып, тәуекелдерді бағалауға құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындайды және тәуекелдерге бағалау жүргізу тәртібін белгілейді;
27) егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларын баламалы ретінде таниды;
28) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды немесе олардың бөліктерін айқындайды;
29) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7-2-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
7-2-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы,
көліктегі және тиісті аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы және көлiктeгі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi:
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакция (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4) жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда, автомобиль, теңіз, темiр жол және әуе жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзедi;
5) өз құзыретi шегiнде улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөнiндегi бағдарламаларды іске асырады;
7) тиiстi деректер қорын қалыптастыра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;
8) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, азық-түлiк шикiзатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келiсiм бередi;
9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
10) халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады;
11) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;
12) өз құзыретi шегiнде жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы қарайды және келiседi;
13) дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) тәуекелді бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
16) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде шешімдер қабылдайды және тиісті аумақта олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
17) тиісті аумақта жұқпалы аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды жүзеге асырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
18) өнімге, тауарларға, процестерге және көрсетілетін қызметтерге өңірлік стандарттарды қарайды және келіседі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде тиісті аумақта міндетті лицензиялануға жататын қызмет түрлеріне қорытындылар береді;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
19) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, есепке алудың және есептілік нысандарының жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
20) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестігін аттестаттауды жүргізеді;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
21) тиісті аумақта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
22) тиісті аумақта профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуын, тасымалдануын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8-бап өзгерді (бұр. ред. қара)
8-бап. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретi
1. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
2) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы, паразиттiк аурулар әкелiнген және таратылған және улану болған жағдайда, iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетедi;
3) республикалық деректер қорын құра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейді;
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
6) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршілік ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
7) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi жүргiзуге қатысады;
8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
9) азаматтар мен заңды тұлғалардың арызы бойынша шарт негiзiнде сертификаттық зерттеулер жүргiзуге қатысады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жағдайын зерделейдi;
12) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмдерге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге стандарттарды қарайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
13) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйым және мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйым өз құзыретi шегiнде:
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
2) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстер мен адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
3) дезинфекциялық iс-шаралар жүргiзедi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
6) шарт негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша сертификаттық зерттеулер және сараптама жүргiзуге қатысады;
7) жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулердi және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
8) профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтауды жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары:
1) республиканың түрлi өңiрлерiндегi жұқпалы және паразиттiк аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiн зерттеудi, бағалауды және болжауды жүргiзедi, олардың алдын алу бойынша ғылыми негiздеген бағдарламалар әзiрлейдi;
2) жұқпалы, паразиттiк аурулар және улану кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды жүзеге асырады;
3) иммунобиологиялық препараттар шығарады, жаңа вакциналар, қоректiк орта және диагностикумдар шығаруды игередi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейдi және олардың ғылыми негiздемесiн жүргiзедi;
5) халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулық жағдайын тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларымен байланыста зерттейдi, тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi;
6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн жүргiзуде практикалық көмек көрсетедi;
7) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;
8) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
4. Обаға қарсы мемлекеттiк мекемелер:
1) оба бойынша эпидемиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде профилактикалық iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүргiзедi;
2) медицина ұйымдарының iндетке қарсы тұрақты дайындығын қамтамасыз етедi;
3) оба, тырысқақ және басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың ошағын оқшаулау және жою жөнiндегi iндетке қарсы iс-шаралар ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысады;
4) меншiк нысанына қарамастан 1-2 топтағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтайтын зерттеулердi жүзеге асыратын зертханаларда iндетке қарсы режимдi қамтамасыз етедi;
5) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзуге қатысады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
10-бап. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңға сәйкес мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің лауазымды адамдары:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi және оның орынбасарлары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы мен мамандары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары мен мамандар;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің басшылары мен мамандары уәкілетті болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2006.07.07.
Достарыңызбен бөлісу: |