9-тарау. Контейнерлер мен баллондардағы сұйық хлорды тұтынушыларға арналған қауіпсіздік талаптары
1-параграф. Толтырылған хлорды тұтынушыларға жеткізуді ұйымдастыру
282. Толтырылған хлорды жеткізу бір аймақта орналасқан (облыс, экономикалық аймақ), тұтынушыларды орталықтандырылған қамтамасыз ету қағидасы бойынша, әдетте бір жеткізушіден мынадай:
1) тығыз орналасқан елді мекендердегі тұтынушыларда сақталатын хлор қорын шектеу;
2) көлік құралдары мен хлорды жеткізу маршрутын пайдалануды оңтайландыру;
3) бос ыдысты кері қайтаруды тездету және реттеу мақсатымен жүзеге асырылады.
283. Халық тығыз орналасқан орындардағы тұтынушыларды қамтамасыз ету хлордың базистік немесе шоғырландырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
284. Сұйық хлорды вагонмен жеткізу кезінде шоғырландырылған және базистік қоймалардың негізгі мақсаты:
1) контейнер мен баллондардың нақты тұтынушыларының қажеттілігін жедел қанағаттандыру;
2) жекелеген тұтынушыларда сұйық хлор қорын шектеу;
3) кері қайтарылатын ыдысты өңдеуді жылдамдату және реттеу болып табылады.
285. Мақсатына сәйкес хлордың базис қоймасы:
1) жеткізушіден хлоры бар вагон-цистернаны қабылдауды;
2) хлорды танкілік қоймаға құюды;
3) хлорды контейнерлер мен баллондарға құюды;
4) бос ыдыстың орнына автомобиль көлігімен толтырылған хлорды жөнелтуге тұтынушылардың өтініштерін орындауды қамтамасыз етеді.
286. Хлор шоғырланған қойма:
1) теміржол арқылы хлорды вагонмен жеткізуді есепке ала отырып, толтырылған хлорды қабылдау мен сақтауды;
2) автомобиль көлігімен хлорды жөнелтуге тұтынушылардың өтініштерін орындауды;
3) бос ыдыстарды жинауды ұйымдастыруды және толтырушы ұйымға реттеп қайтаруды қамтамасыз етеді.
287. Толтырылған сұйық хлорды тасымалдау кезінде 8-тарауда баяндалған талаптар орындалады.
288. Толтырылған сұйық хлорды бір көліктен екінші көлікке ауыстыруға арналған алаңдарда қатты жабын болады және мыналармен:
1) жүк көтергіш тетіктермен;
2) тегістегіштермен;
3) хлордың ағуын бақылайтын сыртқы контурмен;
4) авариялық жағдайларды шектеуге арналған құралдармен жарақталады.
289. Тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде жота бекеттерінде бір тәуліктен астам контейнерлер мен баллондарды сақтауға болмайды.
2-параграф. Контейнерлер мен баллондардағы сұйық хлор қоймаларын орналастыру және орнату
290. Хлор қоймаларын салуға арналған алаңдар қолданыстағы жобалау нормаларына сәйкес және 127, 130, 131, 133-141-тармақтарының талаптарын ескере отырып алынады.
291. Базистік және шоғырланған хлор қоймаларының сыйымдылығы 127 және 129 тармақтарының талаптарын және аймақтағы барлық тұтынушыларды толтырылған хлормен ритмикалы қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып анықталады.
292. Хлорды ұйымдастыру 15 тәуліктік тұтынудан аспайтын хлордың шығын қоймасының ең кішкентай сыйымдылығы қамтамасыз етіледі.
293. Хлорды контейнерлерде (баллондарда) сақтауға арналған қоймалар жеке тұрған жер бетіндегі немесе терең орналасқан ғимараттарда орналасады.
294. Хлор қоймалары отқа төзімді және жылуды аз мөлшерде өткізетін материалдардан құралады.
295. Қоймалардың қабырғаларын, төбелерін, ішкі құрылымдарын қаптау құрылымды хлордың химиялық әсерінен қорғайтын материалдардан жасалады.
296. Қойма орынжайларының едені беті жұмсақ, қышқылға төзімді материалдардан (асфальт, бетон, плитка) жасалады.
297. Хлор қоймаларында орналасқан тұрмыстық орынжайлар сұйық хлорды сақтаумен, құюмен және қолданумен байланысты бөлмелерден оқшауланады және жеке шығу жолымен қамтамасыз етіледі. Бұл бөлмелер жылу берумен, сумен жабдықтау және канализация, жарық беру жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
298. Сұйық хлор қоймаларында жылу беру, әдетте, қарастырылмайды. Хлор шығыны қоймасында сұйық хлоры бар ыдыстан басқа хлор шаруашылығын пайдаланумен байланысты технологиялық жабдықты орнату кезінде қойма орынжайында жылу беру, желдету және ауа баптау жөніндегі құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес ауамен жылу беру қарастырылады.
299. Толтырылған хлорды сақтауға арналған орынжайлар басқа орынжайлардан тұйық қабырғалармен бөлінеді.
300. Хлор қоймасы ғимараттың немесе орынжайдың қарама-қарсы жағынан екі шығу жолымен жабдықталады.
301. Хлор қоймаларында есіктер мен қақпаларды көшіру жолына қарай ашу қарастырылады.
302. Хлордың бөлінуі мүмкін орынжайлар хлор газ талдағыштарымен (газ дабылымен) жарақталады. Хлор газ талдағыштарының (газ дабылының) саны мен орналасу орны жұмыс ауасы аймағындағы хлор құрамын үздіксіз бақылауды ескере отырып, жобада анықталады және негізделеді.
303. Авариялық желдеткішті қосу газ талдағыштан (газ дабылынан) автоматты түрде жүзеге асырылады, ал кіретін есіктерде қолмен басқарылады.
304. Баллондардағы хлор қоймалары үшін авариялық желдеткішті қолмен іске қосуға болады.
305. Хлормен ластанған ауа хлорды сіңіру жүйесіне тазалауға жіберіледі.
306. Хлорды сіңіру қондырғысын іске 118-тармағының талаптарына сәйкес авариялық желдеткішті іске қосумен бұғатталады.
307. Сіңіру қондырғысы 167-тармағына сәйкес болуы қажет.
308. Хлорды контейнерлер мен баллондарда сақтау кезінде ыдыстарды орналастыру:
1) көлденеңінен салу кезінде хлоры бар ыдыстар қабырғаның бір қатарға және өту жолдарында екі қатарға орналасатырылады. Қатарлардың биіктігі осылай төсеу кезінде баллондар үшін 5 қабат (артық емес) және контейнерлер үшін 1 қабат болады.
309. Баллондарды стеллаждарда орналастыруға болады, бұл ретте баллондардың жоғарғы қатары еден деңгейінен 1,5 м артық болмауы тиіс:
2) хлоры бар ыдыстарды тігінен төсеу кезінде:
Қабырғаларда-кемінде баллондардың екі қатары және контейнерлердің бір қатары;
өту жолдарында-төртеуден артық болмайтын баллондардың қатары және контейнерлердің екі қатары орналастырылады.
310. Баллондарды көлік торларында орналастыруға болады. Оларды орналастыру сызбасы жобамен негізделеді:
3) ыдыстарды хлор қоймасында орналастыру кезінде олардың құлауын немесе орындарын ауыстыру мүмкіндігін болдырмайды және тиек вентильдеріне еркін өтуді қамтамасыз етеді (вентильдер көлденеңінен салу кезінде өту жолына жақын орналасады);
4) хлоры бар ыдыстар арасында бойлық және көлденең өту жолдарын орналастыру орны мен өлшемі кез келген контейнер немесе баллон қоймасынан көшіру мүмкіндігін қамтамасыз етуді ескере отырып, жобамен анықталады және негізделеді.
311. Қойма аумағында тікелей күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашынның әсерінен қорғайтын аспа астынан 120-тармағының талаптары сақталған жағдайда бос ыдыстарды сақтауға болады.
312. Сұйық хлор қоймасының алаңы өрт сөндіретін құбыр желісімен, су қорымен және су бүркемесімен қорғауды қамтамасыз ету үшін жылжымалы шашыратқыштармен және тұрақты су бүркемесі жүйесімен жарақталады.
313. Хлорды сақтауға арналған қоймалар авариялық контейнерден немесе баллоннан хлор аққан кезде оны шектеу және (немесе) сирету үшін техникалық құралдармен және жүйелермен, осы Талапқа 5-қосымшаға сәйкес жарақтандыру тізімінде келтірілген техникалық құралдармен жабдықталады.
3-параграф. Контейнерлер мен баллондарды қабылдау және босату талаптары
314. Қоймаға келген контейнерлер мен баллондарды қабылдауды ұйымның бұйрығымен (өкімімен) тағайындалған тұлға жүзеге асырады.
315. Контейнерлерді (баллондарды) қабылдау кезінде:
1) хлор ыдысын кезекті куәландыру мерзіміне;
2) нақты контейнер (баллон) салмағының құю нормасына сәйкес болуына;
3) ыдыстың герметикалығына және қорғағыш қақпақтардың болуына назар аударылады.
Ыдысты толтырудың белгіленген нормасынан артық болған жағдайда (1,25 кг/дм3) шамадан тыс толтырылған контейнер (баллон) дереу босату үшін жіберіледі. Контейнердің асыра толтырылғаны туралы толтырушы зауытқа хабарланады.
316. Ақауы бар хлор ыдысын (вентилі ашылмайтын) сақтауға болмайды. Мұндай ыдысты байқаған жағдайда ақаулықтарды жою шаралары қолданылады.
317. Хлор толтырылған, ақауы бар ыдыстарды, техникалық куәландыру мерзімі өткен ыдыстарды тасымалдауға болмайды. Ақауы бар ыдыс қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, авариялық түрде босатуға жатады.
318. Хлоры бар контейнерлер мен баллондардың жаңадан келіп түскен партиялары:
1) өлшенеді;
2) ыдыстың герметикалығы бақыланады;
3) пішінінің өзгергенін, майысқан жерлері мен ысырмаларының және қалпақтарының болуын анықтау үшін сыртынан тексеріледі.
319. Хлоры бар контейнерлер мен баллондардың жаңадан келіп түскен партияларын қоймадағы контейнерлер мен баллондардың партияларымен аралас қоюға болмайды.
320. Ақау белгілері бар немесе техникалық куәландыру мерзімі өткен ыдыстар босатуға алдымен жіберіледі.
321. Хлор сынамасы алынатын орынжайларда буландырғыштарды, газ тәріздес хлорды тазалауға арналған аппаратуралар, ресиверлерді, мөлшерлеу құрылғыларын орналастыруға болады.
322. Хлор сынамасын алудың технологиялық сызбасында жүйедегі хлор қысымын бақылау қарастырылады және хлор коммуникациясы мен ыдысына судың немесе хлор өнімінің өту мүмкіндігін болдырмайды.
323. Суды өңдеу үдерістерінде хлорды мөлшерлеу кезінде:
1) вакуумдық реттегіштен кейін барлық тораптарда және құбырларда, оның ішінде хлор шығынын реттеу үшін ротометр мен құрылғы алдынан вакуумды ұстауды;
2) хлор өткізгіштер мен хлоратор тораптарына эжектрдан судың өтуінен қорғауды;
3) эжекторға қорек суын беру тоқтаған кезде хлораторға хлор беруді автоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз ететін автоматты вакуумдық хлораторлар қолданылады.
324. Контейнерлерден (баллондардан) хлор алу сұйық күйінде жүргізіледі, одан кейін буландырғышта 149-тармағының талаптарына сәйкес буландырумен жүзеге асырылады. Хлорды пайдалану шектеулі болған кезде газ тәріздес хлордың сынамасын ыдыстан тікелей алуға болады. Бұл жағдайда алынатын хлорды буландыру қарқыны табиғи немесе мәжбүрлі конвекциялау есебінен қоршаған ортадан жылу ағынымен қамтамасыз етіледі және тиісті есептермен негізделеді.
325. Баллоннан (сифонсыз) газ тәріздес хлорды алу баллонды тігінен немесе көлбеу орналасқан күйде жүргізіледі, бұл ретте вентиль тігінен орналасады (көлбеу бұрышы 15°аспайды).
326. Сұйық хлорды алу баллон көлбеу орналасқан кезде вентильмен төмен қарай жүргізіледі.
327. Контейнерден хлор алу ол көлденең орналасқан күйінде жүзеге асырылады. Вентильдер бірінің үстінен бірі орналасады, бұл ретте сифон арқылы жоғарғы вентиль газ фазасынан жүзеге асырылады және төменгі вентиль сұйық фазамен жүзеге асырылады.
328. Баллондар мен контейнерден сұйық хлорды алу ыдыстағы хлор қысымының есебінен жүргізіледі. Контейнерлерді пайдалану кезінде қысым 1,2 МПа аспаса, хлор немесе құрғақ ауамен (азотпен) басып тығыздауға болады.
329. Сұйық хлорды бір мезгілде екі және одан астам ыдыстардан алуға болмайды.
330. Баллондар мен контейнерлерден газ тәріздес хлорды алу 324-тармақтың талаптарын ескере отырып, мынадай:
1) ыдыстың қатуын болдырмайтын сынама алу технологиясын пайдалану;
2) бір мезгілде екеуден аспайтын ыдысты қосу;
3) газ тәріздес хлорды тұтыну желісіне механикалық қоспалардан тазарту жүйесіне беруді жүзеге асыру шарттарын орындаған кезде жүзеге асырылады.
331. Контейнерлер мен баллондардан хлор алу хлор шығынын тұрақты қадағалағанда және сыйымдылықты босату аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
332. Босатылған ыдыста кемінде 0,05 МПа қалдық қысым қамтамасыз етіледі.
333. Ыдыстан (контейнерден немесе баллоннан) хлор алу аяқталғаннан кейін ыдыстың вентилі жабылады да, герметикалығына тексеріледі, одан кейін тығындар мен қорғағыш қалпақтар орнатылады.
334. Босатылған, тасымалдауға дайындалған ыдыстар герметизацияланады және толтырылғандардан бөлек орналастырылады.
10-тарау. Жеке қорғау құралдары
335. Хлормен, сынаппен, сілтімен, қышқылмен және басқа да ащы және улы заттармен жұмыс тері, көз және тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. Хлормен жұмысты арнайы киімсіз және жеке қорғау құралынсыз жүргізуге болмайды.
336. Аппаратураны қосумен хлорды берумен, сыйымдылық жабдығы мен құбырлардан тығындарды алумен байланысты барлық жұмыстар газ шығу қаупі бар жұмыстар болып табылады және газ шығу қаупі бар жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкес жұмысшыларда тыныс алу органдарын қорғау құралдары болған жағдайда жүргізіледі.
337. Тыныс алу органдарын хлордан қорғау үшін пайдаланушыларда хлордың ағуын бақылайтын жылжымалы немесе тасымал (жеке) дабылдар болғанда және ауадағы хлор қосылымы дабылдың ықтимал өзгерісі шегінде өнеркәсіптік сүзгі газ қағарларын қолдануға болады, бірақ көлемі бойынша 0,5 % аспайды. Хлор қосылымы жоғары болған кезде оқшаулайтын тыныс алу аппараттары, өздігінен қорғағыштар және оқшаулағыш костюмдер қолданылады.
338. Аварияларды жою және объектідегі өндіріс персоналын көшіру үшін жарақтау тізіліміне сәйкес (осы Талапта 4-қосымша) техникалық құралдар қоры мен жеке қорғау құралдары қарастырылады.
339. Авариялық жұмыстарды жүргізуге арналған жеке қорғау құралдары «хлор толқынына» бір мезгілде түсуді болдырмайтын екі орында сақталады. Сүзгі газ қағарлары мен өздігінен қорғағыштардың саны мен орналасу орны жобада анықталады.
340. Хлормен жұмыс істейтін персоналдың арнайы киімі, арнайы аяқ киімі және басқа да жеке қорғану құралдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м. а. 2007 жылғы 31 шілдедегі №184-П бұйрығымен бекітілген Жұмысшыны арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық орынжайлармен және құрылғылармен жұмыс берушінің қаражаты есебінен қамтамасыз ету ережесіне сәйкес беріледі.
341. Арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және сақтандыру бұйымдарын беру, сақтау және пайдалану тәртібі ұйымның нормативтік құжаттарымен анықталады.
342. Сынаппен ластанған арнайы киімді өңдеу металл сынабымен және оның қосындысымен ластанған арнайы киімді тазалау бойынша технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
343. Хлор өндірілетін және тұтынатын ұйымның персоналы:
1) хлордың өзіндік белгілерін және ықтимал қауіптілігін;
2) хлор толқыны болған кезде көшіру жолдарын;
3) хлормен зақымданудан жеке қорғау тәсілдері мен құралдарын;
4) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережесін біледі.
344. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету үшін әрбір өндірістік учаске медициналық сөмкемен жабдықталады.
345. Хлормен жұмыс жүргізілетін ұйымдарда және объектілерде мынадай орындарда:
1) өндірістік орынжайларда;
2) сұйық хлор құбырлары төселетін аумақта;
3) мынадай:
танкілердегі хлор қоймаларына;
жеке тұрған буландыру қондырғыларына;
хлорды құю-ағызу бекеттеріне;
тұндыратын теміржол тұйықтарына және хлор ыдысын тиеу орындарына жапсарлас аумақтарда ауа ортасының жай-күйін тұрақты түрде аспаппен бақылауды жүзеге асырады.
Қабылданған қысқартулар
АЖЖ-аварияларды жою жоспары;
ШРҚ-шекті рұқсат қосылымы;
ТК-техникалық куәландыру.
Хлорды өндіру, сақтау,
тасымалдау және қолдану
кезіндегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік талабына
1-қосымша
Ұсынылатын
Сұйық хлорға арналған теміржол цистернасын толтыру журналының нысаны
1-кесте
№
р/с
|
Цистернаның нөмірі
|
Цистернаны кезекті куәлан
дыру мерзімі
|
Рама мен жүріс бөлігі
нің жарам
дылығы туралы қоры
тынды
|
Цистернаны көзбен тексерген және герметикалығына тексергенкүн
|
Цистернаның сипаты
|
Цистернаны толтыру туралы мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы уәкілеттіұйым өкілінің қорытындысы
|
226-тармағына сәйкес цистернаны дайындау және толтыру бойынша қосымша іс-шаралар, қолы
|
Цистернаны
толтырған күн
|
Хлор толтырылған цистернаның массасы,т
|
Құйылған хлордың массасы, кг
|
Толтырған тұлғаның қолы
|
Толтырылған цистернаның 232-235 тармақтарының талаптарына сәйкестігі туралы уәкілетті ұйым өкілінің қолы, цистернаға пломба қойған күн
|
1
|
За
уыт
тық
|
Тір
кеу
|
Көле
мі,
м3
|
Паспорт бойынша ыдыстың массасы, т
|
Ыдыстың нақты масса
сы,
т
|
Цистернадағы қысым,
МПа
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
Сұйық хлор контейнерлерін (баллондарын) толтыру журналының нысаны
2-кесте
№
р/с
|
Ыдысты толтыру мерзімі
|
Ыдысты кезекті куәланды
ру мерзімі
|
Ыдыстың сипаты
|
Хлор құйылған ыдыстың массасы,
кг
|
Құйылған хлордың массасы,
кг
|
Толтырған тұлғаның қолы
|
Толтыру журналы деректерінің бақылау өлшемінің нәтижелеріне сәйкестігі туралы уәкілетті ұйым өкілінің қолы
|
Ыдысқа пломба қойған мерзім, Толтырылған ыдысты герметикалығына тексеру туралы ұйымның уәкілетті өкілінің қолы
|
Көле
мі,
л
|
Паспорт бойынша ыдыстың массасы,
кг
|
Ыдыстың нақты массасы,
кг
|
1
|
2
|
3
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Хлорды өндіру, сақтау,
тасымалдау және қолдану
кезіндегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік талабына
2-қосымша
Жабық ыдыстағы сұйықтық бетіндегі хлордың қаныққан
буының тепе-теңдік (абсолюттік) қысымы
Хлорды өндіру, сақтау,
тасымалдау және қолдану
кезіндегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік талабына
3-қосымша
Ұсынылатын
Негізгі сыйымдылыққа және жылу алмастырғыш технологиялық жабдыққа және құбырларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге қойылатын талаптар
#G0N р/с
|
Жабдықтың атауы
|
Жұмыс құрамы
|
Мерзімділігі(қандай мерзімнен кейін)
|
1
|
Сұйық хлор қоймасыа (танкілер, өлшеуіштер мен буферлік сыйымдылықтар)
|
1. Техникалық куәландыру:
Сыртқы тексеру
Ішкі тексеру
Сынақ қысымымен гидравликалық сынау
|
1 жыл
2 жыл
8 жыл
|
|
|
2. Корпус қабырғасының қалыңдығын өлшеу
|
2 жыл
|
|
|
3. Тиек арматурасын, сақтандыру клапандары мен мембраналарын, БӨПжА тексеру
|
1 жыл
|
|
|
4. Сифондарды тексеру
|
1 жыл
|
|
|
5. Тығыздығын тексеру
|
1 жыл
|
|
|
6. Корпустың сыртқы сыры бар оқшаулағыштың жөндеу
|
1 жыл
|
2
|
Вагоны-цистерны железнодорожные для хлора
|
1. Техникалық куәландыру:
Сыртқы тексеру
Ішкі тексеру
Сынақ қысымымен гидравликалық сынау
|
1 жыл
2 жыл
8 лет
|
|
|
2. Корпус қабырғасының қалыңдығын өлшеу
|
2 жыл
|
|
|
3. Тиек арматурасын, сақтандыру клапандары мен мембраналарын тексеру
|
1 жыл
|
|
|
4. Сифондарды тексеру
|
1 жыл
|
|
|
5. Тығыздығын тексеру (2-қосымшаны қараңыз)
|
1 жыл
|
|
|
6. Цистернаның жүріс бөлігін тексеру және қазандықты бекіту
|
1 жыл
|
|
|
7. Депо жөндеуі
|
Шығарылғаннан кейін 2 жылдан соң және одан әрі жыл сайын
|
|
|
8. Күрделі жөндеу
|
Дайындаушы зауыттың техникалық шартарына сәйкес, бірақ 5 жылда бір реттен кешіктірілмей
|
3
|
Хлорға арналған контейнерлер мен баллондар
|
1. техникалық куәландыру:
Сыртқы және ішкі тексерулер
|
2 жыл
|
|
|
Сынақ қысымымен гидравликалық сынау
|
2 жыл
|
|
|
2. арматураны, сифондарды тексеру және сырлау (қажет болған жағдайда)
|
Әрбір құю алдында
|
4
|
Элементтік конденсатор
|
1. Құбыр және құбыр аралық кеңістікті бөлшектеу, жуу және қажет болған жағдайда конденсатор элементтерін жөндеу және ауыстыру
|
1 жыл
|
|
|
2. Арматураны тексеру және жөндеу, төсемдерді ауыстыру
|
1 жыл
|
|
|
3. Оқшаулағышты жөндеу, сырлау
|
1 жыл
|
|
|
4. Тығыздығын тексеру (2-қосымшаны қараңыз)
|
1 жыл
|
5
|
Буландырғыш,
ресивер, лай шығарғыш, сүзгі
|
1. Тазалау
|
6 ай
|
|
|
2. Жұмыс қысымымен тығыздау
|
6 ай
|
|
|
3. Жөндеу (қажет болған жағдайда ауыстыру)
|
6 ай
|
|
|
4. Тиек арматурасын, сақтандыру клапандарын, мембраналарды тексеру және төсемдерді ауыстыру
|
1 жыл
|
|
|
5. Корпусты жөндеу және сырлау
|
1 жыл
|
6
|
Сұйық және газ тәріздес құбырлар
|
1. Сыртқы тексеру
|
1 жыл
|
|
|
2. Тиек арматурасын, сақтандыру клапандарын және мембраналарды тексеру
|
1 жыл
|
|
|
3. Фланецті қосқыштардың төсемдерін ауыстыру
|
Фланецті қосқыштардың жігін ажырату кезінде
|
|
|
4. Тығыздығын тексеру (2-қосымшаны қараңыз))
|
1 жыл
|
|
|
5. Іріктеп тексеру
|
Өндірісті іске қосқаннан кейін 2 жылдан соң , одан әрі 4 жылдан кейін
|
|
|
6. Төзімділігі мен тығыздығына тексеру
|
Іріктеп тексеруді жүргізу кезінде
|
Ескертпе: 1. Ішкі тексеруді жүргізуге дайындық технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
2. Жабдықты тығыздығына пневматикалық сынау -40°С нүктедегі құрғатылған ауамен (азотпен) жұмыс қысымында жүргізіледі.
Хлорды өндіру, сақтау,
тасымалдау және қолдану
кезіндегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік талабына
4-қосымша
Ұсынылатын
Достарыңызбен бөлісу: |