Қхр-ның экономикасын реформалаудың теориялық аспектілері


Қытайдың әлемдік экономикаға әсері



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#124345
1   2   3   4   5

3. Қытайдың әлемдік экономикаға әсері.

3.1 ҚХР-сының әлемдік экономикадағы экономикалық көшбасшылығының қалыптасуы.

XXI ғасырда жетекшілік орын Қытайға беріледі деген ой соңғы жиырма бес жыл бұрын ешкімнің ойына да кіріп шыққан жоқ шығар. 2004 жылғы қаңтар-қазан айларындағы көрсеткіштер бойынша Қытай 1,1 триллион АҚШ долларынан тұратын ішкі жалпы түсімі (IЖВ-ВВП) бойынша дүниежүзінде жетінші орынға ие. Осы көрсеткіштер бойынша Қытай Испанияны озып өтті, Италия, Франция және Ұлыбритания сияқты экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды.

ҚХР – ның қаржылық жүйесі Батыс Еуропа елдерінің қаржылық жүйесінің құрылымын сол қалпында өзгертпей қабылдауға ұмтылмайды. Ол негізінен экономиканың нақты жағдайына, ел басшылығының ұлттық экономиканы сыртқы бақталастарынан қорғанысын қамтамасыз ететін және отандық өндірістің өркендеуін қолдайтын ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарына сәйкестендірілген.

Егерде ҚХР-ның экономикалық саясатының түп негізін алып қарайтын болсақ, онда олардың өздерінің қаржылық жүйесінің әлемдік нарықтағы алуан түрлі күйзелістерден қорғауға, отандық өндірісті барынша қолдауға, соңғы өнімді мүмкіндігінше сыртқа мол шығаруға, елде валюта қорын жинақтауға және елден валюта шығатын көздерді мүмкіндігінше жабуға бағытталғандығын оңай байқауға болады.

Тек қана өздерінің пайдасына көзделген Қытайдың ашық саясатының нәтижелері мемлекеттің валюталық қорларын жинақтауға, елдің экономикалық тәуелсіздігін арттыруға, ішкі нарықтағы бағаларды реттеуге және құнсыздануды болдырмауға мүмкіндік туғызады. Бүгінде Қытай валюталық қорларының көрсеткіштері бойынша дүниежүзі елдерінің арасында Жапониядан кейінгі екінші орында тұр.

Жыл сайынғы ҚХР – ның экономикалық даму деңгейі 8-9% төмен түспейді. Жуық арада телекоммуникациялар мен компьютерлік техникадан бастап, авиация мен энергетикаға дейінгі көптеген жоғары технологиялар саласында Қытай экономикасы дүниежүзіндегі ең алдыңғы орынға шығуы мүмкін. Ішкі жалпы түсімнің нақты көрсеткіштері бойынша Қытай 2010 жылы Ұлыбританияны, ал 2050 жылы – Жапонияны озып өтеді деген болжам жасады қытай экономистері.

Ал Дүниежүзілік Банк пен ХВҚ сияқты ұйымдардың болжамынша, 2015-2020 жылдары экономикалық дамудың абсолютті көрсеткіштері бойынша Жапония мен АҚШ-ты басып озады. Мұндай болжамадарға себеп Қытай елінің соңғы 20 жылда экономикалық, саяси, мемлекеттік ахуалдан шығып, өз дамуында айтарлықтай жетістіктерге жеткендігі болып отыр.

ҚХР – ның экономикалық саясаты отандық өнеркәсіпті дамытуға, экспортқа шығарылатын өнімді барынша кеңейтуге, шектелген импортқа және мүмкіндігінше елден валютаның шығу жолдарын жабуға негізделген. Еркін айналысқа түсетін валютаның және өнімнің ҚХР – на енуге есік ашық, бірақ бұл есік тек бір жаққа ашық. Ал сырт жаққа тек тауарлар ғана шығарылады.

Есептесудің және төлемдердің барлық түрлері тек қана Қытай банктерінде ғана жүзеге асырылады. ҚХР – ның заңды және жеке тұлғаларына тек қана қытай банктерінде ғана қызмет көрсетіледі. Қытайдың банктік жүйесінің 70% мемлекеттік банктер арқылы бақыланып, ал қаржылық саланың 90% мемлекеттің қолында қалып отыр. 2006 жылға қарай халықаралық қаржылар нарығында Қытайдың барлық банкілерінің төлемақылық мүмкіндіктері бақталастыққа толық дайын болуы тиіс.

Әрине, осындай жетістіктермен қатар Қытай экономикасы біршама қиыншылықтарды басынан өткізуде. Мысалы, 2003 жылғы Қытайды дүр сілкіндірген өзгеше пневмония ауруы оның экономикасына үлкен әсер етті. Сол жылдың екінші тоқсанында ҚХР экономикасының даму деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,9% - дан 6,7% - ға дейін төмендеп кетті. Бірақ Қытай үкіметі дер кезінде нәтижелі шараларды қолданып, аталған аурудың таралуын бақылауға ала білді. Статистикалық көрсеткіштер бойынша, эпидемиядан кейінгі Қытайдың ІЖТ – нің даму деңгейі 9,1% сыртқы сауда қатынасы 37,1% дейін жоғарылады[11].

Доллардың юаньға айналдыруы қолдау тапса, оған керісінше юаньның долларға айналуы өзіндік кедергілерге кездеседі. Юаньның толық қанды бағасы жоқ. Қытайға валютаның мүмкіндігінше көптеп әкелінуі мемлекет тарапынан қолдау тапса, сыртқа шығару, банктер мен кеден мекемелерінің көп сатылы рұқсат беру жүйесі арқылы барынша қиындатылған.

1998-2002 жылдар аралығында Қытайдың Ішкі жалпы өнімі(ІЖӨ) 7,9 пайызды құрап, әлемдік жоғарғы көрсеткіштен асып түсті. Ол 2,4 пайызға тең. Ресми деректерге сүйенсек, 2003 жылы «Азия айдаһары»саналатын Қытайдың ІЖӨ-і 9,1 пайызға жетті. Ал өнеркәсіп өндірісі жылына 12,5 пайызға, қызмет көрсету нарығы 6,7 пайызға бірақ өсті.Сондай-ақ, Қытайдың 2004 жылдың бірінші жартыжылдығындағы экономикалық өсімнің өзі көз сүйсінтеді, яғни 9,8 пайыздық дәрежеде.

Осы орайда, мына құбылысқа назар аудара кеткен жөн. Бүгінде Шығыс Азияның азулы мемлекеттері саналатын Сингапур, Оңтүстік Корея мен Тайванның ІЖӨ-нің қосындысы Қытай ІЖӨ-нен сәл ғана асады. Ал 90-жылдары бұл мемлекеттердің ІЖӨ-нің қосындысы Қытай ІЖӨ-нен 1,5 есеге артық болып табылады.

«Morgan Stanly» сараптау орталығының болжамдарына жүгінсек, жоғарыда аталған елдердің ІЖӨ-нің жиынтығы 2010 жылы Қытай ІЖӨ-нің жартысына тең келер болса, 2020 жылы бар болғаны оннан бірін ғана құрайды-мыс. 2020 жылы Азия алпауыты даму деңгейі жағынан АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шығады дейді сарапшы-мамандар.

Қытай экономикасының сыртқы әлемді жаулап алуы негізінен экспортқа шығатын тауар көлемінің өсуінен болып отыр. Қытай Мемлекеттік Кеден басқармасының есебіне жүгінер болсақ, былтырғы жылдың өзінде бұл елдің экспорт көлемі 34,6 пайызға жетіп, 438,5 миллиард долларды құрады[12].

Экспорттың бұлайша жоғарғы мөлшерде болуына бұл елге АҚШ-тан әкелінетін қуатты өндірістік құрал-жабдықтар себеп болып отыр. Ал керісінше Азияның бірқатар дамыған елдері: Жапония, Тайвань, Оңтүстік Корея және Сингапур елдерінің сауда баланстары жыл өткен сайын құлдырауда.

Қытайдың ірі экономикалық серіктестері саналатын АҚШ пен Еуро Одақтың сауда-саттық капиталының көлемі жекелей алғанда 100 миллиард доллардан аса мөлшерге көтерілуде.

Қытай экспортының тауарларына техникалық құрал-саймандар, электронды жабдықтар мен тұтыну бұйымдары жатады. Ал Қытайға келетін импортқа болат өнімдері мен автомобильдер жатады. Халықаралық саудадағы Қытайдың белсенділігі өзге аймақтар мен елдердің экономикалық дамуына ықпал етуде.

Соңғы үш жылда Қытай өндірісінің көлемі 50 пайызға өссе, ал бұл жылдар аралығында АҚШ кәсіпорындары жағымсыз тенденцияға бой алдырды.

Қытай экономикасының қуатты өркендеуі шикізатқа деген үлкен сұраныс тудыруда, соның есебінен мұнайға деген әлемдік сұраныс 3 есеге артса, болатқа сұраныс 90 пайызға, мысқа сұраныс 100 пайызға өсті.

2003-2004 жылдар барысында байқалған Америка валютасының курстық бағам тұрғысынан әлсірету тауар нарығының бағасын көтеріп, шикізат экспорттауға бағытталған Ресей, Бразилия және Австралия сияқты елдердің экономикалық өсіміне күш берді.

Сол уақытта Қытайдың әлемдік нарықтағы тауарларының аралық және ақырғы құнына жағымсыз қысым жасалды, мәселен, үлкен көлеммен Қытай кәсіпорындарынан шыққан тоқыма және өзге де өнеркәсіптік тауарлар жұмыс күшінің төмен бағалануы мен мемлекет валютасының жеткілікті бағаланбауы салдарынан бәсекеге толы әлемдік конъюнктураның қатқыл талабына ұшырады. Міне, осы аталған факторлар Қытай экономикасында шикізаттық тауарлар мен азық-түлік өнімдері бағасының өсіп кетуіне әсер етуде. Ал, АҚШ пен Жапонияда, сондай-ақ Еуропаның бірқатар елдерінде аталмыш тауарлар бағасы әлдеқайда төмен. Егерде АҚШ-тағы шикізаттың құны ақырғы өнім бойынша 10 пайыз, ал еңбек жалақысына жұмсалатын шығын 65 пайызды құраса, Қытайда бұл жағдай мүлдем керісінше. Мұндай дисбаланс Қытай бизнесінің кірісіне жағымсыз әсер етіп, бірте-бірте бағаның өсуіне алып келуде.

Мұнай тұтыну көлемі жөнінен Қытай бүгінгі таңда АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Ешқашанда мұнай экспорттамаған Қытай 1993 жылдан бері қара алтын өндіруші елдердің таза импортеры саналды. Автомобиль нарығының жедел дамуы мен өнеркәсіп қуатының кеңеюі өзге елдердің Қытай автомобильдеріне деген сұранысын арттырып отыр.

Әлемдік нарыққа зерттеу жүргізетін сарапшылар алдағы біраз жылдар бойы Қытайдың дүние жүзі бойынша шетел инветициясын молынан иелене алатын бірден бір ел болып қалатындығына күмәнданбайды. Бұл елдің экономикасының қарқынды дамуына әсер берген нақ осы шетел инвестициялары болып табылады.

Қытайдың ДСҰ-ға шетел инвестициясының бұл елдегі тұтыну нарығының потенциялына ықпал етіп, жұмыс күшін арзандатып, табиғи ресурстарды игеріп қана қоймай, инфрақұрылымды дамытып, саяси тұрақтылықты сақтап қалуға себеп болды. Осы тұрғыда айтар болсақ, Қытай экономикасына құйылатын инвестицияның 70 пайызы негізінен Гонконг, Тайвань, Сингапур және Макао елдерінен болса, ал АҚШ-қа тартылатын тікелей инвестицияның көлемі 15 пайызды құрайды.

Сурет 7 - Қытайға инвестиция ең көп құйыған 15 ел, 2002 ж. (тікелей инвестицияның жалпы көлеміндегі үлес, %)

Қайнар көзі: Дорога в Поднебесную: Made in China - http://k2kapital.com


Шетелден келген инвестициялық қаражат Ұлы қорған елінің телекоммуникация, электротехника, тұрмыстық техника және химия салаларына жұмсалады. Өйткені, бұл салалардан шығатын өнімдер экспортқа жіберіледі.

Қытай экономикасының дамуындағы дисбаланс тек халықаралық саудамен шектелмейді. Аспанасты елінде мемлекеттік кәсіпорындарда жүргізілген реформалардан соң жұмыссыздық анау айтқандай азая қойған жоқ. Десе де, 2003 жылы Қытайдың ірі қалаларындағы өнеркәсіп өндірісінің дамуы 8,6 миллион жаңа жұмыс орнының ашылуына ұйытқы болды. Соған қарамастан, елдегі мемлекеттік мекемелерде жаппай қысқартулар орын алып, ауыл шаруашылығына маманданған аймақтарда жұмыссыздық етек алды.

Елдегі жұмысбастылық сол жылы бар болғаны 6,9 миллион адамды қамти алды. Бұған қарап нені байқаймыз? Яғни, Қытай халқының 70 пайызға жуығы ауыл шаруашылығына бейімделген аудандарда тұрады. Ал бұл жерлердегі таза кіріс көлемі мемлекеттік қазына қанша көбейгеніне қарамастан төмен.

« Paribas Peregrine BNP» инвестициялық банкісінің сарапшылары 2010 жылы қалада тұратын орта таптың үлесі (жылдық кірісі 10000доллардан кем емес) 10-15 пайыздан 25 пайызға өседі деп болжауда.

Сол уақытта халықтың таптық жағдайы айқындала түспек. Бұл процесс негізінен елді жекешелендіруден соң орын алған болатын.

Қытай шет мемлекеттер үшін азиялық иірімге толы, менталитеті көнеден қалыптасқан ел саналады. Қытайдың құпияға толы қырлары кейбір елдер үшін алыстан сыйласуға итермелейді.

Он жылға жуық уақыт оқшауланған экономикалық кеңістікте өмір сүрген Қытай үшін ДСҰ-ға кіру әлемдік экономикалық қауымдастықтың толық қанды мүшесі болуға мүмкіндік берді. Алайда, бірнеше әлемдік стандарттарға жету үшін адам құқықтарын қорғау мен экологиялық нормаларды сақтау үшін Пекинге әлі де біраз даму көкжиектеріне көтерілу керек. Мұның барлығы Қытайға қалған әлеммен ортақ тіл табысу үшін әлі де біраз уақыт керектігін аңғартады.

Әлемдік нарықта негізгі бәсекеге түсетін екі держава бар. Оның бірі –АҚШ болса, екінші орынға - Қытайды қойсақ қателеспейміз. Екі елдің арасындағы экономикалық қатынастарына көз жүгіртіп көрелік. Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық қатынастар ресми түрде 1979 жылы басталды. 1979 жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатып, «ҚХР мен АҚШ арасындағы сауда қатынастары туралы» келісім шартқа қол қойылған. Содан бастап екі арасындағы сауда –экономикалық қатынастар тез қарқынмен дами бастады. Статистикалық мәліметтер бойынша, 1979 жылы Қытай-Америка сауда көлемі 2,45 млрд. долларды құраса, бұл көрсеткіш 1996 жылы 63,5 млрд. долларға жетті. Бұл көрсеткіштерге қарап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың тез дамығандығын көруімізге болады.

Қытайда жұмыс күші құны төмен, дегенмен ол жерде ақша қаражаттарының жетіспеушілігі байқалады. Сондай-ақ АҚШ пен салыстырғанда ғылыми-техникалық сала жетік дамымаған. Ал АҚШ ақша ресурстарына бай, жоғарғы техника мен технологияларды игерген мемлекет. Дегенмен ол жердегі жұмыс күшінің құны жоғары болып келеді. Қытай экспортында көбіне еңбек сыйымдылығы жоғары тауарлар басымдыққа ие – текстиль, киім, аяқ-киім, ойыншықтар т.б. Ал АҚШ өз кезегінде ұшақтар, машина, электрондық бөлшектер, байланыс құралдары мен химия өнімдері сияқты капитал сыйымдылығы мен техникалық сыйымдылығы жоғары тауарларды экспорттайды. Дегенмен соңғы жылдары Қытайда техникалық сыйымдылығы жоғары тауарларды өндіретін салалар да дамып келе жатыр.

Соңғы жылдары шетел компаниялары Қытайдың өндіріс саласына қомақты инвестициялар құя бастады –400 ғылыми-зерттеу орталықтарын құру үшін шамамен 18 млрд. доллар салынды. Атап айтқанда, Microsoft, Intel, Fujison, Siemens және Nokia сияқты компаниялар инвестиция құны 50 млн-нан 100 млн. долларға жететін орталықтар ашты. Соңғы үш жылда Қытайдың өнеркәсіптік өндірісі 50 пайызға өсті[13].

IDC зерттеу фирмасының мәліметтері бойынша, 2003 жылдың екінші жартысында Қытай персоналды компьютерлер нарығында Жапонияны басып озып, әлемде екінші орынға шықты.

Автокөлік құрылысы саласы да көтеріліп келе жатыр. Қытайдың ұлттық даму мен реформа комиссиясының мәліметтері бойынша, 2007 жылы автокөлік өндірісінің жылдық көрсеткіші, 15 млн. бірлікке жетуі мүмкін. Бұл көрсеткіш 2003 жылдан 4,4 мллионға көп. Автокөлік құрылысы қарқынды дамуда. Осыдан 10 жыл бұрын негізгі көлік велосипедтер болған. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, орта таптың қалыптасуы және тұтынушылық несиенің қол жетімділігі автокөлікке деген сұранысты ынталандырды. Автокөлік өндірісі бойынша Қытай әлемде АҚШ, Жапония және Германиядан соң 4-ші орынға шықты[13].

Көріп отырғанымыздай Қытай келешекте тек қана еңбек сыйымдылығы жоғары тауарларды өндіріп қана қоймай, техникалық және капитал сыйымдылығы жоғары салаларды да игеріп келе жатыр. Бұл Қытай елінің барлық салаларда көшбасшы болуға толық мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Кейіннен Қытай АҚШ-тан қалыс қалған салаларда да, АҚШ елін басып озуы да ғажап емес.

Оның бір айғағы келесі мәлімет. Қытай АҚШ-ты басып озып, ноутбуктар, ұялы телефондар және басқа да ақпараттық және телекоммуникациялық салада әлемде ірі экспортерге айналды. Бұл жайында 2005 жылы Экномикалық серіктестік және даму ұйымының көктемде шыққан баяндамасында хабарланды. Бұл ұйымның баяндамасында жалпы атауы "ICT" болып келетін бұл тауарлар тобының экспорты 2004 жылы 180 млрд. долларды құраған, ал сол жылы бұл көрсеткіш АҚШ-та 149 млрд. долларды құраған. 2003 жылы ақпарттық және телекоммуникациялық салада көшбасшылық АҚШ-тың қолында болған еді (137 млрд. доллар), ал Қытай екінші орында (123 млрд. доллар) болған[14].

Сондай-ақ Қытай келесі бір экономикалық мықты держава нарығын жаулауда. Ол держава - Еуроодақ.

Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2005 жылдың бірініші ширегінде Қытайдан келетін импортталған футболкалар 164 пайызға өскен. Нәтижесінде ішкі нарықтағы өнімнің осы түріне баға 26 пайызға төмендеп кеткен. Бұл сатып алушыларға қолайлы болғанымен, Еуропаның текстиль өнеркәсібіне үлкен қауіп болуы мүмкін. Жалпы барлық позициялар бойынша Қытай импорты 2005 жылдың басынан 51 пайыздан 534 пайызға дейін өскен екен. Еуроодақтың сауда жөніндегі комиссары Питер Мандельсонның айтуынша, Еуропа өзінің өндірісінің жойылуына қол қусырып қарап отырмайды деген мәлімдеме жасады. Ол сондай-ақ Қытай Еуропаға экспортталатын тауарларына шектеулер енгізуі қажет немесе ДСҰ-да бұл мәселе бойынша 3 айлық кеңес беру процесі басталады деп ескерткен. Қытай тарапына белгілі бір шектеулер енгізуді АҚШ-та қарастырмақ.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге назар аударсақ қазіргі экономикалық шайқаста Қытайдың басымдық көрсетіп келе жатқандығын көруге болады.

Қытайдағы әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан мәселелер болғанымен, мамандардың пікірінше, Қытай әлемдік экономикадағы көшбасшы ел болуға толық мүмкіндігі бар және ол бұл мүкіндікті жіберіп алмас.



3.2 ҚХР-ң Қазақстандағы мүдделері

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуы нольдік деңгейден бастау алған жоқ. Қазақстан 1980 жылдары Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы кең экономикалық байланыстардың мұрагері болып қалды. Кеңес-Қытай қатынастарының ұзаққа созылған суық кезеңі 1980 жылдардың ортасына қарай қайта жаңғыртыла бастады. 1989 жылы Қазақстан мен ШҰАО(СУАР) арасында 1989-1995 ж.ж. кезеңіне экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды.

Кейіннен орын алған Кеңес Одағының ыдырауы бұл экономикалық келісім шарттың толығымен жүзеге асуына кедергі жасады, алайда Қытай мен Қазақстан арасындағы технико-экономикалық ынтымақтастық толығымен жойылған жоқ. Ол тек елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан көрші Шыңжаң ауданымен ғана емес, Қытайдың басқа да аймақтарымен байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды. Қытай тарапы да бұған қызығушылық білдірді. Республикамыздың бұрынғы КСРО-ның басқа аймақтарымен сауда айналымы төмендеген сайын Қытай Қазақстанға тұтынушылық тауарларды жеткізуде басты рольдердің біріне ие бола бастады.

1990-шы жж. басында Қазақстанда пайда болған өткір тауар дефицитін бәсеңдету функциясын өз мойынына алған Шыңжаң, кейіннен бүкіл Қытай еді. Қытайдың тұтынушылық тауарлары Қазақстанға көптеп келді. Бұл уақытта қазақстандық шикізат пен стратегиялық материалдарының, құрал-жабдықтарының, көлік құралдарының экспорт көлемі лезде ұлғайған болатын. Айтарлықтай дәрежеде, екі мемлекеттің арасындағы сауда сипаты да өзгере бастады.

1992-1993 жж. Қазақстанға қытайлық «көпшілік қолданатын тауарларының» келуінің өсуімен сипатталады. Бұл тауарлардың ағымы көбінесе кең етек жайған «шоп-туризм» арқылы пайда болған. Тауар жетіспеушілігі кезеңінде төменгі сапалы, бірақ бағасы бойынша қол жетімді Қытай тауарлары қазақстандық тұтынушылардылардың минималды сұраныстарын қамтамасыз етті.

Қазақстанмен байланыстарды дамыта отырып, Пекин тек қана экономикалық мақсатты көздемейді. Ол еркін саяси алаңда – Орталық Азияда – тұрақтанып, көрші аймақта, яғни бұрынғы бәсекелесі Мәскеудің бұрын иемденген жеріне, өзінің саяси әсерін күшейтуге тырысуда. Пекинде Қазақстан энергетика саласында қандай потенциалды мүмкіндіктерге ие екендігін түсінеді. Нақ осы салада Қытай экономикасының әлсіз тұсы уақыт өткен сайын сезілуде. Сонымен қатар, Қытай Қазақстанның үлкен табиғи ресурстарын әлемдік айналымға шығару барысында өзінің делдал рөлінен көп пайда табуы мүмкін. Қытайдың қарқынды даму үстіндегі экономикасының мұнайға мұқтаждығы өсе беретіндігі сөзсіз. Сол үшін Қытай Қазақстанды энергетикалық шикізатты тасымалдаушы ең тиімді серіктесі ретінде қарастыратын болады. Өз кезегінде Қазақстан Қытай мемлекетінің сыйымдылығы жоғары нарығын қажет ететін болады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастары жалпы алғанда сәтті даму үстінде. Екі ел арасындағы сауда көлемі жылдан жылға өсуде, 1997 жылмен салыстырғанда 18,3 пайызға артық. Бұл жылдары Қытайдың ҚХР-на шығаратын экспортының 90 пайызы шикізат тауарлары болған еді. Оның ішінде: қара және түсті металдардың прокаттары 42 пайыз(болат, мыс, алюминий), қой терісі 14,3 пайыз, мақта 13,7 пайыз, тері 8,6 пайыз, қалған 10 пайызы минералды тыңайтқыштар.

Қазақстанның Қытайдан әкелінетін импортының құрылымы келесідей: текстиль және трикотаж өнімдері, тоқыма өнімдері – 35,5 пайыз, аяқ киім – 9 пайыз, тұрмыстык электр техникасы – 7,2 пайыз, химреактивтер мен басқа да химикаттар – 6,6 пайыз, азық-түлік – 22,8 пайыз(оның ішінде қант пен кондитерлік өнімдер – 9,8 пайыз, шырындар мен сусындар – 10 пайыз). 2000 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 1,5 млрд доллар құраса, 2002 жылы 1,7 млрд доллар болды[15]. Ал 2004 жылы бұл көрсеткіш 4,5 млрд долларға жетті. 2005 жылдың қаңтар - ақпан айларының өзінде сауда айналымы 826 910,1 мың долларды құрады[16].

Қазақстанның түсті металлургия саласындағы кәсіпорындары ҚХР компанияларымен негізінен сауда келісім шарттары бойынша тауарларды жеткізу бағытында жұмыс істейді. Қытай нарығы көлік шығындары тұрғысынан қарастырғанда қазақстандық машина жасау өнімдерінің өткізілуі үшін ең қолайлы нарық болып есептеледі.

Қазақстан-Қытай қатынастары үшін маңызды және болашағы мол салалардың бірі-химия өнеркәсібі. Бұл салада Қытай компанияларымен тиімді байланыстар орнатылған. Сондай-ақ Қытай капиталын Қазақстанның химия кәсіпорындарына инвестициялауға тарту үшін жұмыстар атқарылуда.

Жылына Қытайға 300 мың тонна минералды тыңайтқыштарды біріккен кәсіпорыдар құру мен инвестициялау, елдегі минералды тыңайтқыштардың өндірісі техникалық қамтамасыз ету мен дамыту арқылы өндіруге және жеткізуге бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама жүзеге асырыла бастады.

Қазақстан Қытайдың оңтүстік провинцияларындағы ірі фирмалармен байланыстарды қайта орнату мен еркін сауда аймақтарын құруға қызығушылық танытып отыр. Бұл халықты сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге оң әсерін бермек.

Қазақстынның Каспий теңізі аймағында үлкен мұнай мен газ қорларының табылуы, екі ел арасындағы серіктестік масштабының нығаюына жол ашуы мүмкін.

Кейбір болжамдар бойынша, Азия-Тынық мұхиты аймағында мұнай импортының өзі 2010 жылы 1,5 млрд тоннаға дейін өсуі мүмкін, Қытайдың өзінде 200 млн. тонна[16].

Қазірдің өзінде Қытай Орталық Азия мен Каспий теңізінің мұнай мен газ кен орындарына қызығушылық танытуда алдыңғы қатарға шығып келе жатқандығын толық сеніммен айтуға болады. Жоғары қарқынды экономикалық дамумен байланысты қуат көздеріне деген мұқтаждық өсуі Қытайды барлық тиімді бағыттардағы қызметінің белсенділігін арттыруға итермелеуде, ол бағыттарға орталық-азиялық аймақ та кіреді.

Мұндай қорытындылар Қытайдың СРРЕІ жобалық институтының жүргізген зерттеулерінен кейін, сонымен бірге мұнайға деген сұраныс пен ұсынысты (мұнай өнімдерінің импортын есепке алмағанда) болжау нәтижелері негізінде жасалып отыр. Бұл мәліметтерде Қытайдың мұнайдың таза импортының көлемі 2010 жылы шамамен 127 млн. тоннаға (сұраныстың жалпы көлемінің 41,37 пайызы) жетеді. Пекин Орталық Азия мен басқа да жерлердегі шетел мұнай мен газ кен орындарына жол ашатын кең көлемді бағдарламасын жасақтап, оны жүзеге асыруға кірісіп кеткендігі айдан анық. Мамандардың мәліметтері бойынша 1993 жылдың өзінде Қытай Венесуэла, Ирак, Иран, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Ресей сияқты мемлекеттерде 15 ірі мүнай-газ келісім шарттарына тұрған. Жалпы жасасқан келісім шарттардың жалпы көлемі 20,7 млрд долларды құраған. Қазіргі таңда Пекин Қытай үшін тиімді энергетикалық жобаларға белсенді қатысуда. Оның бір мысалы 2004 жылы қолға алынған «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры жобасы.

Орталық Азия елдерінің арасындағы пайдалы қазбаларға ең бай, әрі көне Жібек жолы бағытындағы транзиттік мүмкіншіліктері мол Қазақстан Республикасымен сауда – экономикалық қатынастарды дамыту Қытай үшін өте маңызды. Әрине, Қазақстан мен Қытай қуаттылығы жағынан бір – бірімен салыстыруға келмейтін мемлекеттер, бірақ ол «өзара достық қатынасты қолдай алмайды»деген мағынаны білдірмейді. Керісінше, екі мемлекет бір-бірінің көмегімен өз экономикаларын дамытуға үлкен мүмкіндіктері бар. Расында да, екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының мүмкіншілігі мол, сол себепті Қытай өз тарапынан барлық шығындарды көтеруге даярлығын білдіреді.

1993 жылы қазанда ҚР мен ҚХР арасында қол қойылған бірлескен Декларацияның сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту тармағында: « Қазақстан мен Қытай экономикалары өздерінің құрылымы бойынша бір-бірін өзара толықтырады және өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор мүмкіншіліктер бар деп есептейді. Тараптар өздерінің тиісті заңдарының шеңберлерінде, әсіресе, инвестициялар мен мүлікті өзара қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады, ведомстволардың, аймақтардың (атап айтқанда, шекараға жақын) және кәсіпорындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты жан-жақты көтермелейді және дамытады, экономикалық ынтымақтастықтың барлық нысандарын көтермелейді».

Екі мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы орнатылған қарым-қатынастың деңгейін өте жоғары бағалайды. Ал сауда-экономика саласында қол жеткізіліп отырған ынтымақтастық оған негізгі дәлел болып табылады. Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасына негізінен шикізат өнімдерін, оның ішінде қара және түсті металдарды, минералды тыңайтқыштарды, мақта және тері шикізаттарын экспортқа шығарады. Ал Қытай Қазақстанға машиналар мен жабдықтарды, химия өндірісінің өнімдерін, пластмассалық бұйымдарды, электротехника тауарларын, дәрі-дәрмектерді, тоқыма бұйымдарды және халық тұтынатын тауарларды импорттайды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы - ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің арасында Ресейден кейінгі ҚХР-дың екінші серіктестерінің бірі. ҚР мен ҚХР-дың бірлескен Декларациясына сай екі мемлекет мәдени бағдарламалар шеңберінде ғана емес, сонымен қатар сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты дамытуға барынша ат салысуда. Аймақтарымыздың көрші болуы, бай пайдалы қазбалар және екі елдің экономикаларының бірін-бірі толықтыру жағдайлары сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы жағдай жасап отыр.

90-шы жылдардан бастап Қазақстан аймағына ене бастаған Қытайдың кіші және орта бизнесі үлкен қарқынмен дамыды. Қазір Қазақстанда 20-дан астам қытай компаниялары аккредитацияланып, мұнай және газ саласында, тоқыма, пластмасса және металл өнеркәсіптерінде әрекеттенуші 670 біріккен кәсіпорындар қызмет етуде. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында оншақты, Алматы облысында 15-тен астам бірлескен кәсіпорын қызметін ойдағыдай жалғастырып жатыр. Негізінен бұл кәсіпорындар тамақ өнімдерін, ірі қара малын өсіру және ағаш бұйымдарын жасау жұмыстарымен айналысады. Жалпы Қытайдың іскер топтары Қазақстанға не бары 800 млн. АҚШ долларын, ал оның ішінде 500 миллионды Қытайдың ұлттық мұнай компаниясы инвестициялады[11].

Соңғы жылдары Қытай үкіметі барынша елдің батыс аудандарының экономикалық әл-ауқатын көтеру мақсатымен, Қазақстанмен шекараласып жатқан Шыңжан Ұйғыр Автономиялық Ауданымен (ШҰАА) сауда қатынасын кеңейтуде. 2000 ж. наурызда өткен Халық Өкілдерінің Бүкілқытайлық Жиналысының кезекті сессиясында Қытайдың Батыс аймағының экономикасын көтермелеу мәселелері талқыланды. Қытай басшыларының айтуынша, осы аудандарда экономикалық құрылысты дамытудың нәтижесінде, жергілікті халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына, ұлттық азшылықтардың көкейтесті мәселелерінің шешілуіне, аймақтың тұрақтылығына әсер етуші сепаратистік әрекеттердің азаюына мүмкіндік туады.

Қазақстан мен Қытай шекараларының ұзындығы 1700 шақырымды құраса, соның барлығы ШҰАР аймағы арқылы өтеді. Әрине, Қазақстан Республикасымен Қытай Халық Республикасының жалпы шекараларының ұзындығы 1700 шақырым болса, ал соның барлығы ШҰАА аймағы арқылы өтеді, сондықтан Қазақстанмен жасалынатын сауда айналымының басым бөлігі Шыңжаң өлкесінің үлесіне тиеді. Қытайдың Батыс аймақты игеру саясатының жүзеге асырылуы Қазақстан үшін өте тиімді болып отыр. Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы жыл өткен сайын қарқынды өсіп келеді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 3,3 миллиард долларға жеткен болса, соның 1,7 миллиард доллары, яғни 60% жуығы осы аймақтың үлесіне тиеді.Оған нақты мысал ретінде үстіміздегі жылдың алғашқы үш айында «Қорғас»кеден бекетінен өткізілген жүк көлемі бұрынғымен салыстырғанда 2,5 есе артқанын алуға болады.

Қазіргі кездегі ШҰАА-ның халық саны 18,76 млн. адам. Ауыл және қала тұрғындарының орташа жылдық табысы-1099 доллар. Осы жерде 47 ұлт өкілдері тұрады, ал соның ішінде 1,2млн. қазақтар. Қытай үкіметінің Батыс аймақтарды игеру стратегиясы бойынша осы аудандағы халықтың санын 30 миллионға дейін көтермек ойлары бар.

Қытай мен Қазақстанды байланыстыратын темір жол артериясы тура осы Шыңжаң өлкесі арқылы өтеді.Қытайдың Батыс аймағымен және әсіресе Шыңжаң өлкесімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту Қазақстан үшін өте тиімді. Трансқазақстандық темір жол магистралі, мұнай және газ құбырларының құрылысы сияқты ірі жобалар, сонымен қатар ШҰАА-ғы Қазақстан инвестицияларының ұлғаюы қазақ-қытай қарым-қатынастары үшін Шыңжаң өлкесінің маңыздылығын арттыра түседі. Бүгінде Қытай басшылығы Батыс Қытайдың экокономикасын дамытуға баса көңіл бөліп, «Достық» және «Алашанқай»станциялары арқылы жүк тасымалдаудың жылдық көлемін 15миллион тоннаға дейін жеткізуді қарастыруда. Ал бұл мәселе тікелей Қазақстан мен Шыңжаң өлкесіне қатысты.

Екі мемлекет арасында Қытайдың Ляньюньган теңіз портын Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне және кері бағытта жөнелтілетін Қазақстан жүктерін өңдеу және тасымалдауға пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев бұл келісімнің маңыздылығы жөнінде былай деп атап өтті; «...Мұндай келісім Қазақстанға не береді? Темір жол 30 миллион тонна біздің жүгімізді, оның ішінде мұнай құйылған цистерналарды да тасымалдай алады. Ляньюньган портына дейінгі жолдың 3,5 мың шақырым. Аз ұтыс емес. Оның үстіне, біздің тауарымызға Қытайдың да сұранысы зор екенін ескеріңіз»[11].

Екі жақты саудамен қамтамасыз етумен Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуметін неғурлым толық пайдалану тұрғысынан қарағанда еліміздің Қытаймен темір жол саласындағы өзара әрекеттестігі қарқынды дамытудың да болашағы мол. Құлжат-Қорғас, Достық-Алашанькоу шекара асулары арқылы автотрассалар қосылды, Қытайдың Ляньюньган портынан Қазақстанның аймағы арқылы Батысқа, Еуропаға жөнелетін жүк тасымалы жүзеге асырыла бастады. Экономикалық тұрғыдан бұл тармақ Транссібір магистралінен әлдеқайда ұтымды болып отыр.

Қазақстанның статистикалық көрсеткіштері бойынша, Достық/Қазақстан/-Алашанькоу/Қытай/ стансасы арқылы өткізілген ауыр жүк айналымының мөлшері 2004 жылы 9,2 миллион тонна болса, ал 2005 жылдың аяғына қарай бұл көрсеткіш 11 миллион тоннаға жетеді. Ал болашақта Достық-Алашанькоу шекара өткелі арқылы жүк тасымалдау көлемі 2006 жылы-13млн.тонна деңгейге дейін, ал 2010 жылы- 20млн. тонна деңгейге дейін жетеді деген болжам жасалынуда[11].

Көлік жолдарын диверсификациялауға үлкен маңызды болып табылатын Трансқазақстандық темір жол магистрал жобасының құрылысын толық қолдайтындығы жөнінде Қытай басшылығы ашық жариялады. Қазақстандық және қытайлық теміржолшылары мен кәсіпкерлері осы Достық стансасынан Ақтау портына дейін өтетін, ал болашақта Түркіменстан, Иран және Туркия арқылы Еуропаға өтетін теміржолдың құрылысына үлкен қызығушылық білдіруде. Осы Ұлы теміржол жобасы Қазақстан мен Қытай, сонымен бірге ШЫАА үшін стратегиялық маңызы өте зор болып табылады.

«...біз трансқазақстандық темір жол магистралінің құрылысын бастауды жоспарға алып отырмыз. Бұл Достықтан Каспийге дейін созылатын 3 мың км. тұратын ірі жобалардың бірі. Сонымен қатар біз темір жолды Түркменстан, Иран, Туркия және Еуропа арқылы оңтүстікке создыруды ойластырудамыз. Біздің сарапшылардың айтуы бойынша, сонда біздің темір жолымыз көлік тасымалына кететін бір аптаны үнемдеуге мүмкіндік алатын еді», деп көрсетті ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжоу Сяопэй.

Шыңжаңға орталық үкіметтің бюджетіне тыс, жергілікті үкіметтер мен ірі компаниялар және жеке саудагерлердің қаржысы құйылуда. Ал Қазақстанда өндірілген азық-түлікпен сусындықтар Шыңжаң нарығында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан отандық азық-түлік тағамдарын Шыңжаңға экспортқа шығару өте пайдалы болмақ.

Осы орайда 2004 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің және «Қазинвест» қазақстандық инвестицияларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Үрімші қаласында «Қазақстан мен Қытай –сауда және инвестициялық әріптестер»атты бизнес-форумы өтті. ҚР Президенті Н.Назарбаев бизнес- форумда сөйлеген сөзінде қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлердің бірлесіп қатысуы екі жаққа да тиімді, әрі пайдалы болатынын алға тартты. Сондай-ақ, Елбасы, осы мақсатқа қазақстандық кәсіпкерлердің инвестиция салуға қазірдің өзінде дайын екендігін жеткізді.

Үрімші қаласында алғашқы қазақстандық шырын өндіретін «Райымбек Фуд Шыңжаң» кәсіпорнының ашылуы Қытай бағытында жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпкерлердің үлкен жемісі болып табылады. Кәсіпорнының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің өзі қатысты. Жаңадан құрылған сауда орталығының аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Онда жеті галерея залы, басқа да қажетті орындар бар. Жалпы құрылысына 20 миллион доллар қаржы жұмсалған. Алғашқы кезеңде кәсіпорын жылына 52 миллион литр шырын өндірсе, ал енді биылғы жылдан бастап кәсіпорынның өндірістік қуаты 104 миллион литрге дейін арттырылды.

1992 жылдан бастап Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара маңындағы сауда қатынасы да тез қарқынмен дамып, Қазақстан ШҰАА-ның алғашқы ірі сауда серіктесі болып табылады. 2004 жылғы қыркүйектегі Н.Назарбаетың ШҰАА-ға жасаған сапары барысында шекара маңындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатымен «Қорғас» халықаралық орталығының құрылғандығы туралы келісімге қол қойылды. Орталықтың мақсаты негізінен шекара саудасын ретке келтіруге, жеткізілетін тауарлардың сапасын арттыруға, сонымен қатар контрабандалық және контрафакіттік өнімдердің өтуінің жолын кесуге бағытталған.

Қазіргі кезде екі елдің мамандары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін басқару туралы үкіметаралық келісімді үйлестіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп, Қорғаста еркін экономикалық аймақты ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

2004 жылғы мамырда Қытайдың темір жол министрлігі және Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің арасында темір жол көлігіндегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Осы келісім темір жол жүктерін тасымалдау саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығының жаңа нәтижесі ретінде болып табылады. Келісім бойынша, темір жол жүктерін тасымалдау саласындағы екі жақтың ынтымақтастығы өз елінің заңдарына және халықаралық конвенцияларға сәйкестендіріле отырып, теңдік және өзара тиімділік негізінде дамиды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, екі жақ екі ел арасындағы халықаралық жолаушы және жүк тасымалдау, сондай-ақ темір жол қатынасын одан әрі дамытуға келісімге келді.

Мұның сыртында Қазақстан астығын Қытай нарығына шығару бағытында белсенді жұмыстар да жүргізіліп, Қытай жағы Қазақстанның астығын алуға аса зор ынта байқатып отыр. Олардың ойынан Қазақстан астығын екі түлі жолмен алғысы келетіні байқалады. Біріншіден, өндірілген дайын астықты тікелей астып алу; екіншіден, өздеріне жақын облыстардан жерді жалға алып, астық егіп оның өнімдерін Қытай нарығына шығару. Егер екінші ойлары іске асатын болса, онда еліміздің шығыс жақ шекара аудандарындағы тұрғындары сиреп қалған жерлерге Қытай дихандары «уақытша» орын ауыстырып, астық өндірісімен шұғылданатын болады.

Қорытып айтқанда, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан жылғы жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Жалпы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағытында 30-дан астам құжатқа қол қойылып, қазір олар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан-Қытай арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.

Дегенмен де даму барысындағы бүркемеленіп жатқан жағымсыз факторлардың екі ел қатынастарына болашақта кері әсер етуінен осы бастан сақтанған жөн. Қытайда саяси тұрақтылық жағдайының сақталуы Қазақстан үшін бірден-бір маңызды жай, өйткені шығыс көршінің ішкі саяси келіспеушіліктері біздің республикамызға да әсерін тигізуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет