Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Нәрестені жуындыру»



бет5/26
Дата05.05.2024
өлшемі54.45 Kb.
#500586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
стандарттар 2023 (2)

4.6.2. Стандарт «Нәрестені жуындыру»
Дайындаңыз: стерильді: мақта шариктері, дәке, қысқыш, қолғап, қайнаған суы бар лоток, дезинфекциялық ерітінді, ветошь, КБУ.
Іс- әрекет алгоритмі :

  1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын және жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.

  3. Үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.

  4. Нәрестені жөргектік үстелге жатқызыңыз.

  5. Қысқышпен мақта шаригін алып, қайнаған суға батырыңыз.

  6. Мақта шаригін оң қолыңызға алып, баланың бетін су тиетіндей етіп сүртіңіз.

  7. Стирильденген дәкелі салфетканы алып нәрестенің бетін кептіріп, сүртіңіз.

  8. Қолданылған мақта шаригі мен дәкені КБУ-ға тастаңыз, қысқышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

  9. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.

  10. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


4.6.3. Стандарт «Нәрестенің көзін тазалау»
Дайындаңыз: стирильді дәке салфетка, қысқыш, қайнатылған су, қолғап, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын және жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.

  3. Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.

  4. Нәрестені үстелге жатқызыңыз.

  5. Қысқышпен дәкелі салфетканы алып, қайнатылған суға батырыңыз.

  6. Дәкені оң қолыңызға алып, әр көзді көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіңіз.

  7. Құрғақ дәкемен нәрестенің көзін кептіріңіз.

  8. Екінші көзін дәл осы ретттілікпен өндеңіз

  9. Қолданылған мақта шаригі мен дәкені КБУ-ға тастаңыз, қысқышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

  10. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.

  11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет