I бөлім. 2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары


жылы жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер



бет4/13
Дата12.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#129818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2011 жылы жоспарлы көрсеткіштері орындалмаған салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер

млн.теңге

Р/с



БК

Салықтың атауы

Жоспар

Іс жүзінде

Ауытқу

% атқар.

1

101101

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан түскен КТС

610 048,6

586 386,4

-23 662,2

96,1

2

101103

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан төлем көзінен ұсталатын КТС

26 673,5

25 455,6

-1 218,0

95,4

3

101104

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент емес заңды тұлғалардан төлем көзінен ұсталатын КТС

93 430, 2

92 736, 4

-693,8

99,3

4

105104

Резидент емес үшін ҚҚС

48,6

48,0

-0,6

98,9

5

105244

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін Кеден одағы тауарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын шарапқа акциз

488, 2

473,6

-14,6

97,0

6

105301

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлем

5 898, 0

5 880,7

-17, 3

99,7

7

108101

Консулдық алым

3 345,9

3 246,2

-99,7

97,0

8

108119

Мемлекеттік мекемелерге сотқа берілетін талап-арыздардан мемлекеттік баж

1 989, 5

1 434,7

-554,8

72,1

Заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі («Қазкоммерцбанк» АҚ-да 39%-ға, «Қазақстан халық банкі» АҚ-да 43,6%-ға, «АТФБанк» АҚ-да 41,7%-ға, «Банк Центр Кредит» АҚ-да 51,5%-ға) депозиттерінің мөлшері азайған, сол себепті олар бойынша сыйақыға салынатын табыс салығы да төмендеп, резидент заңды тұлғалардан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша түсімдер 2010 жылмен салыстырғанда, 9,1 млрд.теңгеге немесе 26,4%-ға азайған.

2011 жылдың қорытындысы бойынша, мониторингілеуге жататын 300 ірі салық төлеуші республикалық бюджетке - 1 573,2 млрд.теңге, Ұлттық қорға - 3 094,9 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерге – 369,8 млрд.теңге мөлшерінде салықтар мен төлемдер төлеген. Республикалық бюджетке түскен салықтар бөлінісінде кедендік төлемдер мен салықтар (бұдан әрі - КТмС) 683,5 млрд.теңге, КТС - 338,3 млрд.теңге, ішкі тауарларға, жұмыстарға ҚҚС - минус 67,0 млрд.теңге, пайдалы қазбалар өндіруге салықтар (бұдан әрі Есеп бойынша – ПҚӨС) – 122,6 млрд.теңге болды.

2010 жылмен салыстырғанда ірі салық төлеушілерден республикалық бюджетке түскен түсімдер - 606,3 млрд.теңгеге немесе 62,7%-ға, Ұлттық қорға – 955,0 млрд.теңгеге немесе 44,6%-ға, жергілікті бюджеттерге – 23,1 млрд.теңгеге немесе 6,7%-ға ұлғайды.



10-диаграмма

Ірі салық төлеушілерден республикалық бюджетке түскен түсімдер

млрд.теңге

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ескере отырып, 2011 жылы республикалық бюджетке мұнай-газ секторынан 1 785,6 млрд.теңге немесе оның табысының 40%-ы мөлшерінде салық түсті.

Салықтардың негізгі үлесі ірі салық төлеушілерден түсуде, оның мөлшері 2010 жылы - 46,4%, 2011 жылы - 52,4% болды. Олардың ішінде: «Теңізшевройл» ЖШС - 157,8 млрд.теңге, 2010 жылмен салыстырғанда 2,8 есе, «Аджип Карачаганак Б.В.» жауапкершілігі шектеулі компаниясының филиалы - 106,2 млрд.теңге (2 есе), «Би Джи Карачаганак Лимитед» филиалы- 94,0 млрд.теңге (75%-ға), АО «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ - 80,8 млрд.теңге (2,2 есе) болды.

2010 жылмен салыстырғанда, республикалық бюджетке төлемдерайтарлықтай төмендеген:

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да – КТС түсімдері 3,0 млрд.теңгеге немесе 4,0%-ға азайып, бюджетен қайтарылған ҚҚС сомалары 4,0 млрд.теңгеге немесе 32,7%-ға ұлғайған;

«Кар-Тел» ЖШС-да - 13,8 млрд.теңгеге немесе 43,0%-ға төмендеген.

2011 жылы 9 ірі салық төлеуші бойынша республикалық бюджеттен қайтарылған түсімдер олардың республикалық бюджетке төлеген салықтарынан 63,6 млрд.теңгеге («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - 33,7 млрд.теңгеге, «Конденсат» АҚ - 4,5 млрд.теңгеге ж.т.б.) асып кеткен.

Табыс салығы түсімдері бойынша 10,2 млрд.теңгеге немесе 1%-ға, КТС-ның төрт түрінің үшеуі бойынша жоспар орындалмаған. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін төлемдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан 586,4 млрд.теңге немесе жоспардың 96,1%-ы мөлшерінде салықтар түскен. Жоспарланған КТС көлемдерінің түсіміне 2010 жылдың соңындағы аванстық төлемдердің елеулі мөлшері теріс әсерін тигізді, осының салдарынан декларацияларды тапсырудың қорытындысы бойынша артық төлемдерді есепке жатқызу жолымен төленген салықтар азайды.

2011 жылғы 1 мамырға, КТС бойынша 2010 жылғы декларациялар ұсынылғаннан кейін артық төленген салық 59,5 млрд.теңге мөлшерінде қалыптасты, 2011 жылы осы қаржыны салық төлеушілер ағымдағы төлемдерді өтеу үшін пайдаланды. 2011 жылы ақшалай қаражатты төлеу есебінен аванстық төлемдердің мөлшері, 2010 жылмен салыстырғанда, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да - 21,2 млрд.теңгеге, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да - 3,6 млрд.теңгеге, «ҚазРосГаз» ЖШС-да - 6,9 млрд.теңгеге, «Қазхром» АҚ-да - 9,9 млрд.теңгеге төмендеді.

КТС бойынша аванстық төлемдердің қолданыстағы тетігі олардың республикалық бюджетке біркелкі түсуіне және оның негізді жоспарлануына ықпал етпейді. Мәселен, егер 2011 жылы КТС-ның орташа айлық түсімі 48,9 млрд.теңге болса, ал 2011 жылғы желтоқсанда аванстық төлемдер 2,2 есеге өсіп, 109,0 млрд.теңге болды немесе оның жылдық сомасының 18,6%-ын құрады.

Республикада 2011 жылғы 1 қаңтарға, салық органдарында КТС бойынша 255,0 мың төлеуші есепте тұрды, солардың 131,5 мыңы 2010 жылға декларация ұсынды. Салық салынатын табыстарын декларацияда көрсеткен нақты салық төлеушілерге тек 34,2 мың заңды тұлғаны жатқызуға болады, бұл төлеушілердің жалпы санының 26%-ын құрайды.

Салық төлеушілердің басым көпшілігі – 97,3 мың заңды тұлға немесе 74%-ы КТС төлемей, қаржы-шаруашылық қызметінің жүргізілмегенін (63,9 мың), залал шеккендерін (19,4 мың), нөлдік ставкамен салық салынатын табыстарын (14 мың) мәлімдеген.

Соңғы үш жыл бойы КТС түсімдері салық төлеушілердің тек 24-26%-ы есебінен қамтамасыз етілуде. Экономика саласының көрсеткіштерінің өскеніне қарамастан, республикалық бюджет кірістерінің тұрақты өсімі, табысты кәсіпорындар мен ұйымдардың саны өзгеріссіз күйінде қалып отыр. Осының себептерінің бірі ретінде салық төлеушілердің елеулі бір бөлігіне салық жүктемесін оңтайландырудың түрлі жолдарын қолдануға мүмкіндік беретін нашар салықтық әкімшілік етуді атап өтуге болады.

7-кесте
Салық төлеушілердің 2008-2010 жылдардағы декларацияларының нәтижелері


Р/с



Декла-рация-лана-

тын кезең

Табысты

КТС төлемейтін салық төлеушілер

КТС төлемей-тіндер, барлығы

Деклара-ция ұсынған-дары, барлығы

КТС төлемей-тін салық төлеуші-лердің үлес салмағы, %-бен

Жұмыс істемей-тіндер

Залал-ды

Шеге-рімдері кірістеріне тең

1

2008 ж.

31 856

57 266

27 229

7 661

92 156

124 012

74,3

2

2009 ж.

31 061

61 872

30 394

3 955

96 221

127 282

75,6

3

2010 ж.

34 182

63 896

19 351

14 025

97 272

131 454

74,0

Залалды салық төлеушілердің саны, 2010 жылмен салыстырғанда, 36%-ға азайып, 19,4 мың болды, сонымен бірге мәлімделген залалдар 838 млрд.теңгеге немесе 39%-ға ұлғайып, 2 983,8 млрд.теңгені құрады. 2011 жылы салық органдарының жүргізген тексеру нәтижелері негізінде 2,5 мың салық төлеуші бойынша залалдар 65,5 млрд.теңгеге азайды, 56,0 млрд.теңге КТС қосымша есептелді, соның 2,1 млрд.теңгесі өндіріп алынды, бұл есептелген соманың тек 3,8%-ын ғана құрайды.

5,9 мың салық төлеушіге КТС бойынша жеңілдіктер мен артықшылықтардың берілуіне байланысты, «кірмеген» кірістердің сомасы 229,5 млрд.теңгені немесе КТС-ның жалпы көлемінің 39,6%-ын құрады. Жеңілдіктердің жалпы сомасы ішінде инвестициялық артықшылықтар 36,2 млрд.теңге немесе 15,8% болды.

Резидент заңды тұлғалардан КТС бойынша төлем көзінен ұсталатын жоспарлы көрсеткіштер - 1,2 млрд.теңгеге немесе 4,6%-ға, резидент емес заңды тұлғалардан төлем көзінен ұсталатын салықтар 693,8 млн.теңгеге немесе 0,7%-ға орындалмаған.

Сонымен, салық төлеушілер санының өскеніне, айтарлықтай жеңілдіктер мен инвестициялық артықшылықтардың бар болғанына, іске асырылып жатқан бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар санының артқанына қарамастан, салық базасын ұлғайту бөлігінде осыған барабар мультипликативтік нәтижеге қол жеткізілмегенін жоғарыда келтірілген деректер растап отыр.

2011 жылы ҚР-ның аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын ҚҚС түсімдері 208,7 млрд.теңгені құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 9,7 млрд.теңгеге немесе 4,9%-ға артық.

2011 жылы 438 салық төлеушіге ҚҚС өтеудің сомасы 306,4 млрд.теңге болды, бұл 2010 жылға қарағанда 61,3 млрд.теңгеге көп. Көрсетілген соманың 210,5 млрд.теңгесі немесе 68,7%-ы мониторингілеуге жататын 88 салық төлеушіге салық тексерулері жүргізілместен оңайлатылған тәртіппен қайтарылды.

Тау-кен өндіру және өңдеуші өнеркәсіп саласындағы экспорттаушылардың үлесіне ҚҚС қайтарудың 80%-ы тиеді, көлік және сауда-делдалдық қызмет саласының әрқайсысына 9,4%-дан келеді. Бұл ретте қосылған құны бар тауарларды өндірушілерді емес, шикізат өнімдерін өндіретін және делдалдық қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілерді нөлдік ставка бойынша ҚҚС қайтару есебінен қолдау жалғасып келеді.

2012 жылғы 1 қаңтарға, бюджеттен өтелуге тиісті ҚҚС-ның асып кеткен сомасы 543,3 млрд.теңгені құрады (соның 224,5 млрд.теңгесі Қашаған жобасына қатысушы мердігерлік компанияларға - «NCOC» операторына тиесілі), бұл 2011 жылдың бас кезіндегі осыған ұқсас сомадан 2,3 есеге көп.

Шикізат экспорты көлемінің ұлғаюына байланысты, 2012 жылы қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасының едәуір өсуі республикалық бюджет кірісінің атқарылуына теріс «қысым» көрсетуі мүмкін.

2011 жылы табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер 229,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 65,8 млрд.теңгеге көп. Соның ең көбі, яғни 148,5 млрд.теңгесі немесе 64,7%-ы ПҚӨС-ның үлесінде.

Халықаралық саудаға байланысты кедендік төлемдер мен салықтар түсімдері 1 440,3 млрд.теңгені құрап, республикалық бюджеттің негізгі көздерінің біріне айналды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 616,9 млрд.теңгеге немесе 75%-ға көп. Осы ретте аталмыш төлемдердің республикалық бюджет кірісіндегі үлесі (трансферттерді есептемегенде) 2010 жылы - 37,8%, 2011 жылы - 46,1% болды [1.4., 166-бет].

«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 709 қаулысының қабылдануына байланысты, 2011 жылы кедендік төлемдер құрылымында мұнай мен мұнай өнімдеріне салынатын экспорттық баждардан түсетін түсімдердің үлесі айтарлықтай өсіп, 468,4 млрд.теңгені (2010 жылы – 17,5%, 2011 жылы – 32,5%) құрады, осылайша республикалық бюджеттің шикізатқа деген тәуелділігі арта түсті.

Кеден одағы аясында кедендік баждар мен салықтарды алу Кеден одағының Бірыңғай кеден кодексінде көзделген нормаларды қолдана отырып жүзеге асырылды. Кеден одағының тауарлары бойынша Қазақстан Республикасында кедендік ресімделген импорттық және қорғау баждарының жалпы көлемі 197 млрд.теңге болды. Соның ішінде ҚР-ның бюджетіне –14,4 млрд.теңге (7,33%), РФ-ке – 173,3 млрд.теңге (87,97%), БР-ға 9,3 млрд.теңге (4,70%) бөлінді.


1-сурет

2011 жылы кедендік баждардың бөлінуі


Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден жалпы 272,4 млрд.теңге, соның ішінде РФ-тен – 261,6 млрд.теңге, БР-дан – 10,8 млрд.теңге мөлшерінде импорттық баж түсімдері түсті.

Кедендік баждарды бөлу кезіндегі оң сальдо ҚР пайдасына қалыптасып, 89,8 млрд.теңгені құрады. Дәл осындай оң сальдо 2010 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында (Кеден одағында кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімнің күшіне енуінің бас кезінде) 30,6 млрд.теңгеге қалыптасты.

Нақтыланған жоспарда 86,4 млрд.теңге болып көрсетілген салықтық емес түсімдер 2011 жылы 108,9 млрд.теңгені құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 37,5 млрд.теңгеге ұлғайған. 7 ерекшелік бойынша жоспарлы көрсеткіштер - 2,1 млрд.теңгеге, соның ішінде республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттердің сыйақыларының үш түрі бойынша 1,1 млрд.теңгеге орындалмаған. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері, соның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі – ӘКК), мәселен, «КТ «Ақ Бұлақ» ЖШС – 0,6 млн.теңге, «Достық Энерго» АҚ – 496,3 млн.теңге, ӘКК «Байтерек» – 31,0 млн.теңге жоспарланған сыйақыларды төлемеген.

Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар 11,6 млрд.теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 44,6%-ға өскен. Салық салу саласында ең көп үлесті әкімшілік айыппұлдар алып жатыр, олар 5,4 млрд.теңгені немесе айыппұлдардың жалпы сомасының 46,6%-ын құрады, бұл салық тәртібінің төмен деңгейде екендігін, салық органдарының салық мәдениетін арттыру жөніндегі жұмыстарының нашарлығын көрсетеді.

Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға беру үшін алынатын ақы бойынша түсімдердің жоспары 170,6 млн.теңге болғанымен, іс жүзіндегі төлемдер 165,8 млн.теңгені немесе 97,2%-ды құрады. Бұл ретте Есеп комитетінің бақылауы барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің нақты ұсынылған геологиялық ақпаратты және 2010-2011 жылдар үшін ақы төлеудің есебінен республикалық бюджет кірісіне түскен қаражатты тиісті дәрежеде есепке алуды ұйымдастырмағаны анықталды.

Бұған қоса, «Қазақстан Республикасының шөгінді бассейндерін кешенді зерделеу» жобасы үшін геологиялық ақпараттың «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға бюджетке ақы өндіріп алмай берілгені анықталды. Сөйтіп, республикалық бюджет кірісіне 1,6 млрд.теңге түспей қалды. «Сарыарқа» ӘКК» АҚ-ға да геологиялық ақпарат дәл осылайша берілген.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінен түскен дивидендтер түсімі -22,2 млрд.теңгені, соның ішінде жоспарланбаған түсімдер 1,1 млрд.теңгені құрады (Есептің 3.3-бөлімін қараңыз).

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 16,1 млрд.теңгені немесе жоспардың 113,4%-ын құрады, соның ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түскен түсімдер - 7,7 млрд.теңге немесе жоспарға 127,4% болды.

Сонымен бірге, астық сату көлемінің азаюына байланысты, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің жалпы көлемі, 2010 жылмен салыстырғанда, 7,6 млрд.теңгеге төмендеген.

2011 жылы республикалық бюджетке түскен трансферт түсімдері 1 325,4 млрд.теңгені немесе жоспардың 101,1%-ын, соның ішінде Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт 1 200,0 млрд.теңгені немесе трансферттердің жалпы сомасының 90,5%-ын құрады.

Төменгі тұрған бюджеттерден алып қою 103,1 млрд.теңгені құрады, соның ішінде Атырау облысынан - 41,7 млрд.теңге, Маңғыстау облысынан -12, 7 млрд.теңге және Алматы қаласы бойынша 48,6 млрд.теңге болды.

Республикалық бюджет шығындарын өтеуге облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферт түсімдері бойынша жоспарлы көрсеткіштер 18,2 млн.теңгеге немесе 0,2%-ға орындалмаған.

Республикалық бюджет кірістерін талдау мынаны көрсетіп отыр:

1) бюджеттің атқарылуының мұнай-газ секторынан түсетін салық түсімдеріне деген тәуелділігі күшеюде;

2) кірістерді жоспарлау кезінде экономиканың шикізаттық емес секторының резервтері ескерілмейді;

3) инвестициялық жобаларды іске асыруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған республикалық бюджеттің елеулі қаражаты салықтық базаның жұмсалған қаражатқа барабар өсуін қамтамасыз ете алмай отыр;

4) салықтық және кедендік әкімшілік ету тетігіндегі жекелеген олқылықтар салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шығынына алып келуде.


2.1.2 САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімді шараларын жүзеге асыру салықтық төлемдердің республикалық бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады.

2012 жылғы 1 қаңтарға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересі 224,2 млрд.теңге болып, 2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда бересі 25,2 млрд.теңгеге, 2009 жылғы кезеңнен бастап 2,2 есеге өскен.

11-диаграмма

2009-2011 жылдардағы бересі мен берешектің көлемі

млрд.теңге


2012 жылғы 1 қаңтарға, салықтарды, өсімақыларды, айыппұлдарды қоса алғанда, 203,1 мың салық төлеушінің бюджетке берешегі бар, берешек сомасы - 405,9 млрд.теңгені құрап, 2009 жылдан бері ол 2,1 есеге өскен.

Ең көп бересі: КТС бойынша - 135,3 млрд.теңге, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС бойынша - 71,2 млрд.теңге.

Бересінің ең елеулі сомасы: Шығыс Қазақстан облысында – 35,9 млрд.теңге, Маңғыстау облысында – 24,7 млрд.теңге, Алматы қаласында – 24,3 млрд.теңге.

Қаржы министрлігінің деректеріне қарағанда, салық тексерулерінің актілері бойынша қосымша есептеудің нәтижесінде пайда болған және өндіріп алуға келмейтін «қолма-қол ақшаға айналдыру» фирмаларындағы бересі 164,9 млрд.теңгені немесе оның жалпы көлемінің 73,6%-ын құрады. Бересі сомасы 2011 жылдың бас кезімен салыстырғанда 22,8 млрд.теңгеге ұлғайды.

Әртүрлі себептерге байланысты, борышкерлердің тізімделген мүлкін сату сияқты берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың пәрменді шараларының бірі нашар пайдаланылып отыр. Мәселен, борышкерлердің меншігінде мүліктерінің жоқтығына байланысты 159,6 млрд.теңге берешекке тізімдеме жасалмаған, борышкерлердің 29,4 млрд.теңгелік берешек мүлкі кепіл ретінде банктерде жатыр. Әділет министрлігінің Сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне салық органдарының берген 843 борышкердің құны 6,2 млрд.теңге болатын мүлкінің салық төлемеген 57 тұлғаның 245,9 млн.теңгеге мүлкі аукциондарда сатылды, бұл бар болғаны 4,0%-ды құрайды.

Салық тексерулері нәтижесінде 372,1 млрд.теңге салықтар мен төлемдер қосымша есептеліп, оның 19,2 млрд.теңгесі немесе 5,2%-ы өндіріліп алынды.

2012 жылғы 1 қаңтарға, өндіріп алынбаған сомалар ішінен қосымша есептелген 104,7 млрд.теңгені төлеу мерзімі келген жоқ, 92,8 млрд.теңге бойынша - шағым түсіру жұмыстары жүргізілуде, 72,6 млрд.теңгенің өндіріліп алынуы екіталай.

Бюджетке ақшалай қаражат төлеу есебінен өндіріліп алынған болып есептелетін 10,9 млрд.теңге ҚҚС-ның тек 1,2 млрд.теңгесі немесе 11,5%-ы ғана өтелген, оның негізгі үлесі, яғни 9,6 млрд.теңгесі немесе 88,5%-ы ҚҚС бойынша дебеттік сальдоның артуы есебінен өтеліп отыр. Бұл ретте 2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін қосымша есептелген сомалар бойынша берешекті дебеттік сальдо есебінен өтеу кезінде көптеген салық төлеушілер бойынша ҚҚС іс жүзінде бюджетке түспеген.

Салық тексерулерін жүргізу үшін салық төлеушілерді іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі-ТБЖ) қолдану тәуекелі жоғары салаларға баса назар аударудың мақсаттарына сай келмейді, осылайша салық органдарының қолындағы ресурстардың тиімді пайдаланылуы қамтамасыз етілмей отыр.

2011 жылға жоспарланған 3892 салық тексерулерінің іс жүзінде 2439-ы немесе 62,7%-ы аяқталған, соның ішінде тәуекелдің жоғары тобына жатқызылған 1652 салық төлеуші тексерілді. Бұл ретте 406 тексерудің (25%) нәтижесі бойынша қосымша есептелген салықтар мен төлемдердің сомасы тексерілген кезең ішіндегі жиынтық жылдық табыстың 0,1%-нан аспайды. Сонымен, салық органдары қолданып отырған ТБЖ күмән тудырады.

Мысалы, 2006 жылғы 1 қаңтар – 2011 жылғы 31 наурыз кезеңінде жиынтық жылдық табысы 1,4 млрд.теңге болған «Элькорн» ЖШС бойынша 13,4 мың теңгенің, 2008 жылғы 1 қаңтар – 2009 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде жиынтық жылдық табысы 6,0 млрд.теңге болған «Spring Oil Trading» ЖШС бойынша 28,7 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, 2006 жылғы 7 сәуір – 2010 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде жиынтық жылдық табысы 18,7 млрд.теңге болған «Иволга-Паритет» ЖШС бойынша бұзушылықтар анықталмаған.

Салық төлеушілер мен жалған кәсіпкерлік белгілері бар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы салықтық шегерімдерді ұлғайтуға бағытталған мәмілелердің нәтижесінде айтарлықтай салық түсімдері түспей қалуда.

2012 жылғы 1 қаңтарға, жалпы 1044 заңды тұлға, соның ішінде 2010 жылы – 219, 2011 жылы – 270 заңды тұлға сот шешімімен жалған кәсіпорын деп танылған. 2011 жылы 8 934 контрагент 270 жалған кәсіпорынмен қарым-қатынастар жасаған, сөйтіп, олар жалған шот-фактуралар негізінде салықтарды – 110,5 млрд.теңгеге, соның ішінде ҚҚС-ны – 41,4 млрд.теңгеге, КТС-ны 69,1 млрд.теңгеге азайтып көрсеткен. Салық тексерулерінің нәтижесінде 17,7 млрд.теңгенің қосымша салығы есептелген, салық органдарының хабарлауымен салық төлеушілердің өздері 13,8 млрд.теңгені салықтық шегерімдерден алып тастаған, бұл азайтылған салықтардың 28,5% құрайды. Республикалық бюджетке оның 3,0 млрд.теңгесі немесе 2,7%-ы түсті. Жалған кәсіпорындармен жасалған мәмілелердің ең көп сомасы мыналардың үлесінде: Қарағанды облысында тіркелген 1 503 контрагент салықтарды – 29,7 млрд.теңгеге немесе 26,9%-ға, Астана қаласы бойынша 2 220 контрагент - 24,2 млрд.теңгеге немесе 22,0%-ға, Алматы қаласы бойынша 1 530 контрагент – 20,6 млрд.теңгеге немесе 18,6%-ға азайтып көрсеткен.

Жалған кәсіпкерлікті уақтылы анықтап, олардың жолын кесу бюджет шығындарын азайтудың негізін құраушы факторы болып табылады, алайда құқық қорғау органдарына берілген материалдар кейбір өңірлерде өзінің аяғына дейін жеткізілмеген.

Егер Оңтүстік Қазақстан облысында 39 материалдың - 32-сі (82%) бойынша қылмыстық іс қозғалған болса, ал Алматы қаласында 175 материалдың тек 8-і (4,6%) бойынша ғана қылмыстық іс қозғалған. Ең көп қылмыстық істер (85) Павлодар облысында қозғалған.

Есеп комитеті 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепте заңды тұлғалар арасындағы қолма-қол ақша айналымын реттейтін және жалған кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасайтын заңнама нормаларының тиімсіздігі жөнінде мәселе көтергеніне қарамастан, есепті кезеңде аталған мәселе әлі де өз шешімін тапқан жоқ.

Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 2011 жылы екінші деңгейдегі банктердің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді төлеуге кәсіпкерлік субъектілеріне берген қолма-қол ақша қаражатының жалпы сомасы 1 419,8 млрд.теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 153,3 млрд.теңгеге көп. Соңғы үш жылдың ішінде заңды тұлғалар арасындағы айналымда жыл сайын орташа есеппен 1,4 трлн. теңге шамасында қолма-қол ақша пайдаланылған.

12-диаграмма



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет