Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және багалаудагы неқұрайлылықты (формализмді) жою Оқушылардың білімін бағалау үдерісінде күні бүгінге дейін субъективизм (формализм) әлі де бар. Арнайы жүргізген психологиялық зерттеулер көрсетуінше, жауап берген жоғары сьшьш оқушыларьшың 50% жуығы "Мүғалімдер біздің білімімізді дүрыс бағала-майды, көбінесе шын дәрежесінен төмен бағалайды", -деген, ал 10% "Артық бағалайды", - деген. Оқушылардың көпшілігі: "Біздің шамамыз бен біліміміздің сапасына және окудағы табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы дүрыстау, дәлірек баға беретін мүғалім де, тіпті бірге оқитын сынып-тастар емес өзіміз", - деп жауап берген.
Бірақ оқушылардың мүғалім мен басқалардың берген бағасын мән-мағына жағынан өздерінікінен гөрі жоғары санайтыны байқалған. Олардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі түзетуі бір-бірімен тыіыз байланысты үдерістер.
Сондықтан оқушылардың дербестігін, белсенділігін арттыруда мүндай өзіндік әрекеттерге үйрету маңызды мәселе болмақ. Оларды өз жүмыстарының нәтижесін бағалай білуге үйретудің тәрбиелік маңызы зор.
Ұлттық жоспарды іске асыру мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың, кәсіби қоғамдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналардың қызметін жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұлттық жоспардың негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ведомстволық бағынысты ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:
1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз ету:
1) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, құзыретті білім беру парадигмасында мектепті басқару жүйелері анықталды;
2) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытуға бағытталған іс-шараларды ғылыми-зерттеушілік, сараптамалық-талдамалық алып жүру қамтамасыз етілді;
3) балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектеп оқушыларының өмірлік бағдарының мәнін, ата-аналардың рөлін диагностикалау қамтамасыз етілді.
2. Білім беру мазмұнын жаңарту:
1) мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз етеді;
2) оқу жоспарлары тұлғалық жетілуді қамтамасыз ететін білім беру вариативтілігін, коммуникативті дағдыларды қалыптастыратын білім алудағы дербестікті, ақпарат пен технологияны пайдалана білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды қарастырады.
3. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:
1) практикаға бағдарланған оқулықтар әзірленді;
2) жаңартылды, мектеп оқушыларының тұлғалық бағдарын, білім берудің саралануын, практикалық бағытын, дифференциациасын, тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдар педагогтердің практикасына табысты енгізілді;
3) мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейі артты;
4) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға қойылатын талаптар мен тәсілдердің кешенділігі және біртұтастығын қамтамасыз ететін мектептің, отбасы мен қоғамның әлеуметтік өзара әрекетінің мазмұны мен нысаны жаңартылды;
5) тұлғаның кәсіби қалыптасуына ықпал ететін қосымша білім берудің беделі қамтамасыз етілді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 50 %-ы қосымша біліммен қамтылды;
6) ата-аналардың алғашқы кезекте балалардың білім алуға және тұлғалық қызығушылықтарын қамтамасыз етуге назарын аударуды және белсенділігін арттыруды туғызатын ата-аналардың функционалдық сауаттылығы артты.
4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі:
1) білім нәтижелерін тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізілді, сыни тұрғыда бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесі енгізілді;
2) стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдамалар әзірленді;
3) жазбаша тапсырмаларды қоса алғанда білім алушылардың құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу тапсырмаларының базасы қалыптастырылды;
4) оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарламада (PISA) 50-55 орындарға және 4, 8-сыныптардағы оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын бағалау бойынша (TIMSS) 10-15 орындарға қол жеткізілді.
5. Материалдық-техникалық база:
1) білім беру мазмұнының стандарттары мен сабақтан тыс іс-әрекет бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылды;
2) базалық мектептік білім берумен біріктіру міндеттерін шешу үшін қосымша білім беру ұйымдарының қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылуы және балаларға негізгі: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетанушылық, оқу-сауықтыру және т.б. бағыттар бойынша қосымша білім беру мазмұнын дамыту мәселелері шешілді.
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жалпы әлемдік үрдістер мен ХХІ ғасырдың білім беру мазмұнына және функциялық сауаттылықтың дамуына қойылатын талаптар контекстінде арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |