І экономиканы инвестициялаудың теориялық


Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат



бет4/5
Дата19.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#148171
1   2   3   4   5

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты - оның шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бөлігі. Кәсіпорын экономикасында инвестиция маңыздылығын анықтап, бағалау қиын. Қазіргі заманғы өндірістің сипаты ол - үнемі өсіп отыратын капитал сыйымдылығы мен ұзақ мерзімді факторлар болмақ. Кәсіпорын өзінің өнімінің сапасын жақсарту үшін шығындарын төмендету, өндіріс күштерін ұлғайту, бәсекелестік жағдайында нарықтан өз орнын табу үшін үнемі капитал салып отыруы тиіс.

Сондықтан да оған үнемі өте жақсы жасалған инвестициялық стратегия жасап, оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс.

Мемлекеттің инвестициялық саясатының сәтті жүзеге асырылуы елдегі қолайлы инвестициялық климаттың болуын ұйғарады. Және сол ғана экономиканың сол немесе басқа саласына, секторына инвестициялар тарту шарттарын анықтайды.

Инвестициялық климат өз кезегінде, басқа елдер, аймақтармен салыстырғанда берілген елдің капитал салымдарының тиімділік көрсеткіштерімен және тәуекел дәрежесімен анықталатын оның қолайлығы дәрежесімен сипатталады. Ол бес фактордың әрекет етуімен түсіндіріледі:

1)Елдің, аймақтың геосаяси жағдайы және оның табиғи-ресурсты потенциалы. Олар, ереже бойынша, елдің басқа елдермен (өндірістік дамыған елдермен көршілес болу) қарым-қатынасы бойынша географиялық жағдайлармен, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық жолдардың өтуімен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін, теңіз порттарының және жеке шикізат базасының болуымен анықталады. Бұл фактор елдің инфрақұрылымдық тартымдылығын дамыту қажеттігін ескертеді.

2)Елдің өндірістік потенциалы және аймақтық тауарлық нарықтардың жағдайы. Бұл фактордың инвесторлар үшін ең тартымды элементтері болып дамыған жол-көліктік, телекоммуникациялық инфрақұрылымға, жеткілікті біліктілікке ие арзан жұмысшы күшіне, өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер және халық тұтынатын тауарлары бар аймақтық нарықта еркін «таушаға» ие аймақтар табылады.

3)Қаржылық инфрақұрылым дамуының деңгейі. Бұл фактор банктердің, биржалардың, көтерме-делдалдық фирмалардың, сауда үйлерінің, сақтандыру, инвестициялық, лизингтік компаниялардың, инвестициялық қорлардың және т.б. даму деңгейімен анықталады. Олардың болуы мен даму деңгейінен капиталдың аймақтық нарықтарының қалыптасуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер, халық, құнды қағаз шығару, банктің несиелік ресурстарының қорларын тарту есебімен инвестициялау үшін қаржылық ресурстарды жию мүмкіндігіне тәуелді болып келеді.

4)Салық саясаты. Бұл факторды жүзеге асыру салық салу жағдайларын реттеу, елдің экономикасының приоритетті сферасына инвестициялар тарту мақсатында қосымша жеңілдіктер енгізу, бюджет қорларының есебімен жеке инвестицияларды сақтандыру жолымен жүзеге асырылады.

5)Экономикадан тыс тәуекелдер: дамудың арнайы бағдарламаларын талап ететін елдегі әлеуметтік-саяси жағдайлар тұрақты еместігі, жағымсыз экологиялық жағдайлар және т.б.

Қазақстанның инвестициялық климатын жоғарыда көрсетілген факторлар бойынша бағалайтын болсақ, онда ол бірнеше дәстүрлі жағымды жақтарымен ерекшеленетінін көруге болады: мазмұнсыз нарық, КСРО-ның бұрынғы республикаларының нарыққа шығуы, сәйкесінше арзан жұмыс күші, бай ғылыми-техникалық потенциал.

Шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды болып табиғи ресурстардың бай қорлары есептеледі. Қазақстан ең ірі вольфрам өндіруші болып табылады, ол оның қорлары бойынша әлемде бірінші орынды алады, екінші орынды – хром және фосфор рудалары бойынша алады, төртінші – қорғасын мен молибден қорлары бойынша, сегізінші – Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украинаға орын бере отырып темір рудалары қоры бойынша алады. Республика минералды-шикізат нарығының белсенді қатысушысы болып табылады.

Республикадағы инвестициялық климаттың жағымды жақтарын қарай отырып, мынаны ескеру керек: салалық және аймақаралық айырмашылықтар болады. Соңғы жылдары инвестициялық іс-әрекет елдің барлық аймақтарында жандандырылды. Мысалы, 2003 жылы елдің 13 аймағында негізгі капиталға инвестициялардың ерекше өсуі байқалды: Жамбыл (4есе), Қызылорда, Алматы, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Атырау (1,3 – 1,7 есе), Ақтөбе облысы және Астана қаласы (1,2 есе). 2-13%-ке өсу Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Негізгі капиталға инвестицияның ерекше төмендеуі 2002 жылмен салыстырғанда Батыс Қазақстан (32%-ға), Ақмола облысы (7%-ға) және Алматы қаласында (17%-ға) болды. Сонда да инвестиция салу үшін тиімді болып елдің батыс аймағы табылады. 2003 жылдың қорытындысы бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының үлесі республиканың негізгі капиталындағы шетелдік инвестициялардың барлығы 82%-ды құрады.

Қазақстан Республикасының дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде он жылдық даму кезеңінде мұнай-газ саласы ел экономикасында бірінші орынға ие болды. Ол өз басынан өтпелі кезеңнің және нарықтық реформалардың барлық қиыншылықтарын, басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді, сондай-ақ әлемдегі қаржылық-экономикалық дағдарыстың жағымсыз салдарларын кешірді. Бірақ та қиыншылықтар мен сынақтарға қарамастан, республиканың мұнай-газ кәсіпорындары қарқынды дамып келе жатыр.

Республика территориясында мұнай мен газдың ірі барланған қорларының болуы шетелдік инвесторлардың табысты қызметі үшін маңызды жағдай болып табылады. Тартылатын инвестициялардың көп бөлігі Қазақстан экономика-сының минералды-шикізат секторының дамуына бағытталған (8-кесте ).

Сонымен, 2006 жылы мұнай-газ секторына инвестициялар көлемі 4810 млн.долларды құрады, соның ішінде шетелдік және отандық инвесторлардың салымдары 4365,2 млн. (90,7%) және 444,8 млн. (9,2%) құрады.


Кесте 8 - 2005-2006 жылдардағы ҚР-сының минералды шикізаттар түрі бойынша минералды-шикізат секторына инвестициялардың динамикасы

(млн.долл.)



Минералды шикізаттардың түрлері

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

1

2

3

4

5

Мұнай, газ және газ конденсаты

2129

2990,7

3492,7

4810

Полиметалдық рудалар

185,5

224,6

287,7

306,9

Көмір

216,3

175

251

276,5

Мыс

206,7

213,6

287,7

306,9

Темір және марганец

110,5

15,8

187,1

189,6

Алтын

43,7

60,6

68,2

78,9

Хромиттер

38,9

52,3

57,5

46,9

Уран

25,4

31,6

37,9

46

Алюминий (бокситтер)

22,7

30,6

44,8

32,4

Никель, кобальт

0,1

0,4

0,45

0,53

Шикізаттың басқа түрлері

41,8

44,8

24,9

27,3

Кең таралған пайдалы қазбалар

26,2

31,3

43,06

56,4

Жер асты сулары

35,3

31,5

42,1

42,6

Барлығы

3082,1

4043,1

4743,9

6090,7

Қайнар көзі: письмо Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан №06-02-1662 от 13.03.2007г

Қазақстанда құрылған инвестициялық климат жалпы қолайлы болып табылады. Осыған және сондай-ақ, елдің негізгі инвестициялық потенциалы болып табылатын бай табиғи ресурстардың болуына байланысты республика шетелдік инвестицияларды тарту көлемі бойынша ТМД және Батыс Еуропа елдері арасында алдыңғы орындарға ие болды.

Отандық инвесторлардың рөлін жоғарылату жобаларды мемлекеттік қаржыландыруды жақсарту есебінен, сондай-ақ кәсіпорындардың өзінің инвестициялық қызметінің тиімділігін көтеру есебінен де жүзеге асуы керек. Бұл жақсару, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қаржы нарығы мен ссудалық капитал нарығының қалыптасу тиімділігін көтеру салдарынан жетуге болады. Бірінші жағдайда есептің шешуде: біріншіден, нақты секторға несиелерді бағыттау жолымен несиелендіру тиімділігін күшейту есебімен және қол жетімді несиелік ставкалар арқылы банктік жүйенің жұмысын жақсарту; екіншіден, мемлекеттік қаржыландыру рөлін күшейту; үшіншіден, кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі портфельді инвестициялар мәнділігін күшейту. Тек қана олар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қор нарығында өз акциялары мен облигацияларын өндіру және өткізу негізінде, сондай-ақ басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алуда қатысу негізінде дивидендтер алу жолымен кәсіпорынның жеке капиталын жоғарылатудың негізгі механизмі болуы керек.

Отандық инвестицияларды дамыту қажеттілігін айта отырып, мынаны ескеру керек: республикадан “капиталдың қашуы” сияқты жағымсыз құбылыстың болуын тоқтату есебімен жүзеге асырылады. Тек қана эмиграция бойынша республикадан капиталдың төгілуі, мысалы 2003 жылы 229,6 млн.долл. құрады. Қазіргі кезде ол қазақстан экономикасының әртүрлі сферасына көп жоспарлы тікелей және жанама әсер етеді. Жалпы капитал төгілуі келесідей салдардан тұрады:



  • шетелден оның шығындарының орнын толтырмайтын капиталдың шығуы ішкі инвестициялардың көлемінің қысқару себептерінің бірі болып табылады;

  • халықаралық несиелік ресурстардың жасанды сұранысын дамыту және ішкі капитал салымдарының қысқаруы;

  • капитал шегінен ”қашып” кеткен пайда елге инвестицияланбайды;

  • капиталдың төгілуі қаржы нарықтарының тұрақтылығын бұзады және оның сегменттерінің асимметриясына әкеледі;

  • үлкен көлемде капиталдың шығуы Қазақстанның төлем балансының жағдайына қарсы әсерін тигізеді;

  • теңге курсына жанама әсер ететін валюталық резервтердің қысқаруы. Егер де капитал шегіне қашып кеткен бөлігі республикада қалғанда, елдің валюталық резерві 90-жылдар аяғына қарағанда маңыздырақ болар еді;

  • капиталдың төгілуі Қазақстанның көптеген макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді және өз кезегінде әлемдік нарықтағы елдердің инвестициялық бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді.

Қазақстаннан “капиталдың қашып кетуі” заңды, сондай-ақ заңсыз түрде жүзеге асырылады. Заңды түрге басқа қаржылық бөлімшелердің ссудалық формадағы банк депозиттері мен әртүрлі шоттарында заңды және жеке тұлғалар капиталын орналастыру жатады.

Шетелге капиталды аударудың заңсыз түріне экспорттан түскен шетелдік банктер табысының есебінен депонирлеу; экспорттық бағаларды төмендетіп, импорттық бағаларды жоғарылату; оффшорлы компанияларды қолдану.

Капитал салымдарының тиімділігін бағалаудың 3 тәсілі бар:


  • Салыстырмалы шығындармен шығарылым бағасы арқылы салыстырылады, яғни, қаржылық талдау. Әлемдік тәжірибе бойынша инвестициялау тиімділігін бағалауда қаржылық жағдайды ғана ескеру аздық етеді. Мысалға болжанбаған инфляция жағдайы орын алса құрдымға алып келеді.

  • Тиімділікті қаржылық-техникалық критерийі бойынша да есептейді. Дұрыстап қарайтын болсақ инвестициялық жобаға салынған салымдар сол технологияның өзіне тәуелді. Технология арқылы біз кәсіпорынның күштілігін байқаймыз және технология инвестициялық мақсатқа қол жеткізуде тікелей әсер етеді.

  • Тиімділікті бағалаудың техникалық әдісі.



2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары

Көптеген батыс елдері үшін Қазақстан бұрынғы посткеңестік кеңістіктегі ең жағымды климат құрылған аймақ болып қалып отыр. Сыртқы нарықтардағы жағдайларға қарамастан, республикада қаражаттарын мұнай, телекоммуникациялау, энергетикалық және экономиканың басқа секторларындағы жобаларға салатын әлемдік трансұлттық компаниялардың бар болуы өзгеріссіз. Сонымен бірге, республикадағы инвестиция климатын келешекте жақсарту үшін шетел капиталының ағу жолында күрделі бөгеттер әлі де бар. Объективті себептер санына республиканың континентальдығын, дәстүрлі сыртқы нарықтардан, негізгі инвестор елдерден салыстырмалы қашықта болуы, көліктік коммуникациялардың және бүкіл инфрақұрылымның төмен дамуын жатқызуға болады.

Инвестициялық процесті жандандыру үшін субъективті сипаттағы бөгеттер жеке жағдайларда заңнаманы орындамау немесе оның кемшіліктеріне байланысты пайда болады.

Инвесторларды таңдау және тарту кезінде тек қана халықаралық қаржылық ұйымдарға емес, Қазақстандағы көзделген экономикалық түрлендірулерді жүзеге асыруға жағдайы бар өнеркәсібі дамыған елдердің үкіметтік құрылымдарына да бағытталу керек.

Шетел инвесторлары салымдар тартымдылығы мен түрде және басқа елдерге қаражаттарды қауіпсіз табысты салу мүмкіндіктерімен салыстыруда инвестициялардың экономикалық тәуекел дәрежесін анықтайтын факторларды қабылдайды. Бұдан шыға отырып, инвестициялық процесті мемлекеттік реттеу белгілі бір талаптар мен шарттарға жауап беру қажет, олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы және перспективадағы жоспарларына сай көлемдерде капиталдың тұрақты ағынының негізін қалауы мүмкін.

Инвестициялық процесін тұрақтандыру мен жылдамдатудағы бұл талаптардың бастылары келесілер:



  • заңнаманың тұрақтылығы, қаржылық, салықтық, кедендік реттеудің нормативтік-құқықтық базасын құру;

  • салықтық алымдар, тарифтер мен белгіленетін жеңілдіктерді рационализациялау;

  • Қазақстанның өндірістік күштері дамуының приоритетті мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін салалық және территориалдық қатынастардағы иілгіш қаржылық реттеудің болуы;

  • шетелдік инвестицияларға қатысты, әртүрлі министрліктер мен ведомствалар тарапынан инвестициялық процесті реттеу шараларын қайталауды жоюға байланысты проблемаларды шешу кезінде мемлекеттік органдар компетенциясының жоғары деңгейде болуы.

Өкінішке орай, мұндай прецеденттер кейбір мұнай-газ кен орындарын жасақтау кезінде орын алады және ол шетелдік компаниялардың өндірістік циклге өте үлкен емес материалдық және қаржылық ресурстарды нақты кіргізетінін білдіреді, ол ресурстар есебінен тек ағымдағы өндіруді жүргізуге болады, бірақ кейінгі шығыны көп жұмыстарды – пласттық қысымды қолдау, қалдықтарды жою, шикізатты кешенді пайдалану және т.б. жүзеге асыру мүмкін емес. Осылайша, келісім бойынша алынған кен орындарды минималды шығындармен және қоршаған орта үшін едәуір залалмен жасақтай отырып, кейбір инвесторлар жер қойнауын перспективада рациональды пайдалану үшін одан да көп шығынды қажет ететін жағдайға дейін жеткізеді.

Әлемнің барлық елдерінде шетел капиталын белгілі бір формада салу регламенттеледі. Көптеген елдерде шетелдік капитал үшін жағымды режим белгіленгенмен, мемлекет антимонопольды заңнамаларды қолдану жолымен және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, экономиканың кейбір салаларына оны салуды экономикалық, қаржылық және басқа шектеулерді енгізіп оның ағынын реттейді. Шетелдік капиталды тартуда қызығушылық таныта отырып, оны салу үшін жағымды шарттар құра отырып, ол үшін жағымды режим туралы жариялай отырып, мемлекет заңға қарсы келетін іс-әрекеттерді болдырмай, өндірістің бір салаларына салынуын қолдап және екіншілеріне салынуын шектеп отыруы керек.

Әрине, шетелдік инвестицияларды тарту экономиканың өсу факторы ретінде оң мәнге ие, бірақ олардың көлемдері сыртқы борышты өтеу мүммкіндігімен қатаң байланысты болуы керек.

Ұлттық экономикаға сыртқы қарыздың кез келген түсімдері есептелген пайыздарды төлеу, кәсіпкерлік пайданы аудару, сыртқы қарыздың негізгі бөлігін өтеу формасында экономикалық ресурстардың кері ағынын тудырады. Мөлшері бойынша бұл төлемдер шетелдік инвестицияларды пайдалану масштабтарына байланысты және валюталық түсімдердің едәуір бөлігін жұтады. Сондықтан шетелдік қарыздық қаражаттардың максималды мүмкін ағынын анықтау үшін ұлттық экономикаға шетелдік инвестициялардың жеткіліктілік коэффициентін қолдану қажет, ол халықаралық тәжірибеде қарыз бойынша жыл сайынғы төлемдердің экспорттың жылдық көлеміне қатынасы ретінде есептеледі:



К = S / N · 100

мұндағы, К – жеткіліктілік коэффициенті; S – сыртқы қарыз бойынша жыл сайынғы төлемдер; N – экспорт көлемі.

Әлемдік тәжірибеде, егер ұлттық экономикаға шетелдік инвестициялардың жеткіліктілік коэффициенті 20-25%-дан асса, елге экономикалық тәуелсіздікті жоғалту қаупі барын білдіреді деп саналады.

Қазақстан үшін бұл сан едәуір аз болуы керек. Бұл отандық экспорт құрылымы бірқатар елеулі кемшіліктерге ие болуымен байланысты, ал валюталық түсімдердің көп бөлігі тауарлар экспорты есебінен құралып отыр.

Экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету экономика дамуының ұлттық мүдделерін қорғау механизмдерін құруға және өткізуге мемлекеттің дайындығы мен қабілеттілігін білдіреді. Ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі экономика қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қатерлерін анықтау және алдын алу бойынша, мұнай-газ кешенінің барлық буындары кіретін стратегиялық салаларға шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі принциптерін сақтау бойынша іс-әрекет болып табылады.

Ел қауіпсіздігіне белгілі бір қатерлердің әсер етуі оларды сипаттайтын кқрсеткіштер негізінде анықталады. Осы кезде көрсеткіштердің мәндері емес, олардың шекті шамалары маңызды болады, оларды орындамау өндірістің әр түрлі элементтері дамуының нормальды жүрісіне кедергі келтіреді, экономикалық қауіпсіздік облысында жағымсыз, талқалдау тенденцияларының құрылуына алып келеді. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық көрсеткіштер кешені өз шекті мәндерінің мүмкін шекарарларында болуы қажет, ал бір көрсеткіштің шекті шамасы екіншілеріне залал әкелмеу керек. Шетелдік инвестицияларды тартудың жалпы принциптеріне назар аудара отырып, біз оларды мұнай-газ кешеніне қатысты нақтылауға тырыстық (9-кесте).

Кесте 9 - Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешеніне шетелдік инвестицияларды тартудың қағидалары

Қағидалар

Сипаттамасы

Азаттықтың экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатымен экономикалық және экологиялық қауіпсіздік

Экономикалық мақсаттылық

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалардың, Қазақстан Республикасы үшін несиелер мен займдар алудың экономикалық мақсаттылығы

Әлеуметтік-экономикалық тиімділік

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалардың, несиелер мен займдар берудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі

Экономикалық саясат мақсаттарымен корреляция

Елде жүргізілетін құрылым мен инвестициялық саясатқа сәйкес приоритетті объектілерге шетелдік инвестицияларды салу

Донор-елдерді приоритетті таңдау

Қазақстан Республикасының экономикасы үшін шетелдік инвестициялардың залалсыз болуы мен олардың беделіне сенімділік негізінде донор-елдерді приоритетті таңдау

Минималды коммерциялық тәуекел

Ұлттық және шетелдік серіктестіктердің қаржылық жағдай ткралы, заңнамалық-құқықтық инвестициялық режимге сәйкес құқықтар мен міндеттер туралы өзара ақпараттанудың негізінде жетілетін коммерциялық тәуекелдің минимизациясы

Баяндалған қағидаларға порблемалардың спектрі жатады, оларды шешу отандық өндірістің тиімділігін жоғарлатуға, өнеркәсіптің приоритетті салаларын құрылымдық қайта құруға, мемлекет мүдделеріне және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін шетелдік инвестициялар ағыны үшін жағымды жағдайларды құруға бағытталған.

Осылайша, инвестициялық процесте шетелдік капиталды тарту және меңгеру Қазақстандағы тұрақтылық пен экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, оны салалар экономикасын көтеруде, инвестициялаудың табыстылығы мен қауіпсіздігін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мен жағымды жағдайларды, сенімді басқарудың, инвестициялық жобаларды өткізудің, ұлттық экономиканың стратегиялық салалары мен объекьілеріне шетелдік капиталдың кіруін экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық регламентациялаудың жағдайларын құруда басты бағыттырдың бірі болып табылады.

Жүргізілген зерттеудің негізінде инвестициялық климатты едәуір жақсартуға және инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар құруға болады. Төмен инвестициялық белсенділіктен өту үшін және инвестициялық климатты жақсарту үшін қызметті келесі бағыттардда күшейту қажет:


  • қайтарымды негізде жеңілдік несиелеу негізінде орталықтандырылған инвестициялар есебінен приоритетті өндірістерді мемлекеттік қолдау жолымен. Шетелдік капитал белгілі бір кәсіпорындар қызметіне немесе белгілі бір инвестициялық жобаларды өткізуге мемлекеттің реакциясына өте сезімтал. Жеңілдік несиелеу формасында мемлекеттің қатысуы шетелдік инвесторлардың тәуекелін төмендетіп, пайда нормасын көбейтеді;

  • жеңілдік салық салу мен жағымды инвестициялық ортаны құру;

  • мемлекеттік бюджеттен инвестициялық қаражаттар мен шетелдік капиталды мақсатты және тиімді пайдалануды мемлекеттік бақылауды күшейту мен жетілдіру;

  • сәйкес басқарушылық шешімдерді жасау мақсатымен Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының приоритетті бағыттарын анықтау.

Шетелдік капиталды реттеудің экономикалық механизмінің басты құрамдас бөлігі болып салықтық преференциялар табылады, олар: табыс салығынан жартылай босату, инвестицияларға салықтық жеңілдіктер немесе инвестициялық салықтық несие, жылдамдатылған амортизация, жанама салықтардың бірқатарынан босату.

Шетелдік инвестицияларды тартуға мемлекеттің тікелей әсер ету әдістерінің негізгі бөліктерінің бірі нормативтік-құқықтық база болып табылады. Оған анықтаушы талап – бұл тұрақтылық, қол жеткізушілік, меншікті экспроприациялауға қарсы үкіметтің кепілдігі, инвестициялық қызметтің кепілдігі. Әдетте, әр мемлекетте шетелдік инвестициялар туралы заңнама болады. Оның мазмұны мемлекет шетелдік капиталды және инвестицияларды тарту мен пайдаланудағы өз рөлін қалай түсінетінін көрсетеді.

Мемлекет шетелдік инвестицияларды тарту және пайдалану жағдайында қолдана алатын маңызды әдістердің бірі бақылау болып табылады. Мемлекет пен шетелдік инвестор қатынастарының маңызды элемент болып мемлекеттің бақылау функциясы қызмет етеді. Бұл әсіресе шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен қызмет етір тұрған ұлттық клмпаниялардың басқаруына беру, қосылу, жұту және сатып алумен байланысты шетелдік инвесторлар үшін маңызды.

Мемлекеттік бақылау әдісі елде шетелдік инвестициялар туралы заң бар немесе жоқ екеніне тәуелсіз барлық өндірістік дамыған елдерде шетелдік инвестицияларды реттеуде кең қолданылады. Бірақ та бұл жағдайда мемлекеттің бақылауы әкімшілік сипатта емес, Антимонопольды реттеу формасына енеді. Нақты инвестициялық жобалардың салдарынан нарықты монополизациялау дәрежесі бақылау процесіндегі жалғыз критерий болып табылады.

Шетелдік инвестициялар жөніндегі қазақстандық заңдарда, сондай-ақ ТМД басқа елдерінің заңдылықтарында бақылау критерийі қолданыс таппады. Оның себебі – шетелдік капиталдың ұйғарымды жүйесінің жоқ болуы.

Сонымен, жоғарыда айтылғанға қарасақ, шетелдік инвестицияларды тартудың механизмін жетілдірудің негізгі бағыттары болып:

1)барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметін реттеуші нормативті-құқықтық базаны жетілдіру және тұрақтандыру;

2)инвестициялық белсенділікті ояту үшін қолайлы жағдайлар құру;

3)республикада капитал нарығын реттеуге қажетті институционалды және инфрақұрылымдық элементтерді дамыту;

4)шетелдік инвесторлар мен серіктестер сенімін қамтамасыз ету, стратегиялық инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын жоғарылату, Қазақстанның несиелік рейтингін жоғарылату, шетелдік кредиторлар алдындағы міндеттерді уақытында орындау;

5)кадрлық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру және т.б.

Қазіргі уақытта республиканың экономикалық дамуын қолдай отырып, мұнай өнеркәсібі, сондай-ақ оның барлық құрылымдық жүйелері болашақта Қазақстан экономикасының басты секторының біріне ие болу мүмкіндігі бар.

Мұнай-газ секторында орындалатын экономикалық маңызды инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру механизмі, жоғары да көрсетілген қаржылық және ұйымдық қамту өлшемдеріне байланысты, өзінің құрамына аймақтық инвестициялаудың стратегиялық міндеттерін шешудің бір ізділігін қамтиды.

Аймақ деңгейін инвестицияларды бағдарламалау механизмін қайта құруға, қайта ұйымдастыруға бағытталған стратегиялық сипаттағы міндеттер деп есептеуге болады:



  • аймақтық инвестициялық нарықтың тиімді қалыптасқан инфрақұрылымын құру;

  • сұраныстың төлем қабілеттілігін кеңейту, соның ішінде аймақтың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өнімі және инвестициялық ресурстарға сұранысты қанағаттандыру;

  • шаруашылық кәсіпорындардың ішкі ресурстары есебінен инвестициялауды қамтамасыз ету жағдайларын құру, яғни амортизация және табыс;

  • халықаралық капитал нарығына және басқа да инвестициялық ресурстардың аймақтық инвестициялық нарыққа интеграциялануы;

  • нақты аймақ экономикасына шетелдік капитал мен отандық инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қалыптасқан экономикалық жағдайларға байланысты мынадай стратегиялық міндеттер елдің барлық аймақтарына жалпы қажет деп есептейміз:

  • аймақтық инвестициялық субъектілер арасында аймақ кешенінің деңгейінде есептеулер қалыптастыру, соның ішінде әртүрлі төлем құралдарын қолдану және де республикалық заңнамамен белгіленген шектерде коммерциялық вексельдер айналымын қоса алғанда, вексельдік айналымды ұйымдастырудың әдістері мен амалдарын қолдану;

  • аймақ экономикасының өндірістік секторын өтімділіктің жоғары деңгейімен қамтамасыз ету, соның ішінде корпоративтік бағалы қағаздарды шығару, вексельдік айналым есебінен;

  • аймақтардың шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін сыртқы қаржылық көздерді мобилизациялау;

  • тартылған капиталдарды инвестициялау үшін тұрақты каналдарды анықтау;

  • шаруашылық айналымға аймақтағы бар ресурстарды, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, ғылыми-техникалық потенциалды енгізу.

Инвестициялау бағдарламаны жасау кезінде келесідей құрамдас элементтер ескерілуі қажет:

  • құрылымдық – құрам мен мөлшерді бекіту, тапсырыс беруші мен атқарушының міндеттері мен құқықтарын анықтау, олардың өзара қатынастарының принциптерін анықтау;

  • процедуралық – бағдарлама бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімдерін анықтау.

Инвестициялық бағдарламаның басты проблемаларын анықтау үшін жобаға дейінгі талдау жүргізу қажет, оның негізінде Қазақстанның нақты алынған аймағындағы инвестициялық қызметтің даму стратегиясын анықтайтын мақсатты блок жасалуы мүмкін.

Мақсатты бағдарламаларды құру процесінде жасау алгоритмі сызба түрінде көрсетілуі мүмкін.

Инвестициялау бағдарламасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін нақтылау, оларды ранжирлеу, инвестициялық бағдарламаның жалпы стратегиялық мақсатына үшін мақсаттардың әрқайсысының салыстырмалы маңыздылығын бағалау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін (сурет 4). Бұл бағалау өз кезегінде сараптамалық талдау процедурасына негізделуі мүмкін. Бұл кезде мақсаттарды өткізу шаралар кешенін жүзеге асырумен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Экономикалық стратегияны жүзеге асыру, біздің ойымызша, жалпы аймақтық инвестициялық бағдарламалар және олардың қосалқы бағдарламалары шеңберінде қамтылуы керек.

Бұл жағдайда инвестициялық қосалқы бағдарлама мынадай негізгі талаптарға сәйкес болуы керек:


  • қосалқы бағдарлама мақсаты кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік аймақтық саясаттың жалпы мақсаттарына сәйкес болуы керек;

  • қосалқы бағдарламаны құрайтын іс-шаралар кешені қайшылықтардан, қосарланушылықтан, сондай-ақ қаржыландырудан қашып құтылу үшін аймақта әрекет ететін басқа әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шаралармен бірге болуы керек.

Инвестициялық бағдарлама







Инвестицияларлық қосалқы бағдарламалардың мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру

Инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша шаралар кешенін қайта дайындау





Қосалқы бағдарламалардың экономикалық мәнділігін қалыптастыру

Ағымдық, перспективті және стратегиялық бағдарламалардың анықтамасы








Инвестициялық бағдарламалар бойынша өзара байланысты ресурсты құраушы жүйелердің қалыптасуы

Сурет 4 - Инвестициялық бағдарламаларды мақсатқа сай орындауды қайта дайындау және қалыптастыру бойынша бір ізді шаралардың сызбасы.
Экономиканың нақты секторындағы инвестициялық сфера, әсіресе өндірістің техникалық дамуы шаруашылық қызметтің қатысушысы ретінде әлі де артта қалып келеді. Шаруашылық субьектілердің өздерінің жеке жинақтауына негізделген, инвестицияны қаржыландырудың көздерін іздестіру мен реттеу арқылы басқа да аспектілері – ұзақ мерзімді қаражат салымына тұрақты ынталандырушы механизмді құру, өндірістік аппаратты жаңарту да шаруашылық субьектілердің әрдайым қажеттілігін көрсететін және инвестицияға бейімделген қолайлы рыноктық ортаны қалыптастыру.

Өндірістің техникалық дамуында инвестицияға деген сұраныстың қалыптасу заңдылықтары зерттелген, яғни ең алдымен жүйелік, рыноктық және институционалды өзгерістерді жүзеге асыру үшін ұсынылған арнайы техно аудандар мен техно парктер, қаржы-несие саясаты мен инвестицияны қаржыландыру көздерін өзгерткен жеке инвесторлардың дамуы және жаңа меншік формаларының динамикалық дамуы. Бұл белгілі бір деңгейде осы сферадағы рыноктық жағдайға адекватты тұжырымдалған инвестициялық шешімдерді жасауға әрекет етеді. Өндіріске инвестициялаудың рационалды стратегиясын қалыптастыру мен инвестициялық жобаларды қаржыландырудың жағдайларын жасау үшін тәжірибеде шаруашылық субьектілер экономикалық критерийлер мен инвестициялық климатты бағалау көрсеткіштері түрінде шешім қабылдаудың жаңа әдістемелік құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар тұжырымдалған. Ұсынылған әдістемелік құралдарды қолдану компанияның, кәсіпорынның қызметін ішкі-өндірістік жоспарлау тәжірибесінде тұжырымдалған инвестициялау стратегиясын жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қабылдайтын инвестициялық шаруашылық шешімдердің іс-әрекетін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шаруашылық етудің рыноктың жағдайына бейімделген экономиканың нақты секторындағы инвестициялық сұранысты қысқа мерзімді болжаудың жаңа әдістемелік қағидалары – жасалған және ұсынылған.

Қаржы-несие және басқа да рынок капиталында әрекет ететін басты параметрлер мен инвестициялық қаржыландырудың обьективті жинақталатын жағдайлармен сәйкес келетін өндірісті инвестициялаудың экономикалық тартымдылығын бағалаудың жасалған әдістемелік негізгі экономиканың нақты секторының инвестициялық дамуының ғылыми тұжырымдалған болжамдарын қалыптастырумен неғұрлым тиімді капитал салынатын сфераны таңдау және инвестициялық жоспарлаудың экономикалық тұжырымдалған парадигмасын жасау үшін нақты негізі ретінде қызмет етуі мүмкін.

Бұл аспектіде арнайы техно аудандар мен техно парктер капитал салымының табыстылығының нақты ішкі нормасын анықтау қағидаларында өндірісті экономикалық тәуекелсіз инвестициялаудың критериясы тұжырымдалған; инвестициялық жобаларды тәуекелсіз қаржыландыру үшін капитал салымының минималды тиімділігін бағалаудағы берілген әдістеме инвестициялық несие және басқа да қаржылық параметр бойынша пайыздық қойылымдар мен инфляция деңгейін есептеу арқылы экономиканың нақты секторына инвестицияның тиімділігі мен қаржылық жағдайын және инвестициялық тартымдылықты сандық бағалау үшін мүмкіндіктерді ашады. Инвестициялық іс-әрекеттегі жоғарғы нәтижелерге жету мен инвестициялаудың жаңа қағидаларын тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ ынталандырушы механизмді күшейтуді жүзеге асыру мақсатында шаруашылық субьектілердің инвестициялық белсенділігін салықтың ынталандырудың оптималды жүйесі тұжырымдалады.

Шаруашылық субьектілер өзгерген инвестициялық ортаға тез бейімделуі қажет және осы өзгерістерге әсер ете білу немесе оларды бақылай білу керек, ал инвестициялық жобалар ортаның болашақта өзгеруіне бейімделуі қажет. Бәсекелік ортада аман қалу үшін шаруашылық субьектілер бәсекелестерді озу мүмкіндігін беретін анықталған қабілеттермен иелік ету қажет. Оларға жаңа өнімді жасау және өндіріс шығындарын төмендетуге көңілін жинақтай отырып өзінің қабілеттілігін дамыту қажет. Инвестициялық стратегияны жасау мен оны пайдалану үлкен мәнге ие. Стратегиялық шешімдерді қабылдау ерекшелігі мынада, яғни олар бәсекелік ортадағы шаруашылық субьектілердің оптималды позициясын сақтау мен жетуге бағытталуы қажет. Корпоративтік стратегия шаруашылық субьектілердің маркетинг, өндіріс, инвестициялау және инвестиция алу сияқты салаларындағы қызметін шарттастырады. Техникалық-экономикалық тұжырымдауды дайындау кезінде дайындығын шарттастыратын орталық стратегияны дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін жақын жатқан мақсаттарды анықтау керек. Шаруашылық субьектілердің инвестициялық тартымдылығы – инвестиция тиімділігіне қарағанда кең түсінік, ол инвестордың тәуекелдігіне ескерту қажет. Сондықтан шаруашылық субьектінің инвестициялық мүмкіндігін анықтау кезінде инвесторлардың өздерінің инвестициялық потенциолына жеткілікті көңіл бөлу қажет. Шаруашылық субьектілердің қаржылық-экономикалық қызметінің негізгі бағыттарын қарастыра отырып төлем қабілетіне, негізгі қаражаттар мен шығындарды пайдалануға және қалыптастыруға, ақша қаражаттарының жағдайына, есептеулер мен басқа да активтерге, қаражат көздерінің құрылымына және оларды пайдалануға, қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорынның тәуекелсіздігіне және оның негізгі қаражаттарын тиімді пайдалануға баға беру қажет.

Анықталған стагнация жағдайында өндіріс, құрылымдық және қарыз дағдарысын тереңдеуі, халықаралық кеше бойынша пайыздық қойылымдар өсуі, экономиканың нақты секторын және оның құрылымдық қалыптасуын көтеру үшін ішкі көздерді жинақтау және тікелей шетел инвестицияларын тарту мәселесі күрделі тапсырма болып табылады және шетел инвесторларының қызметін инвестициялық реттеудің заңдылық либерализациясы көмегімен ғана шешілуі мүмкін. Қазіргі жағдайда ішкі жинақтаудың мобилизациялау мәселесі халықтың төмен төлем қабілеті мен банктік және банктік емес қаржылық жүйенің дамымағандығымен күрделенген.

Экономикаға шетел инвестицияларын тартуды белсендіру үшін салық салу жүйесін жетілдіру және банк жұмыстарын жетілдіру мен банктік емес қаржылық институттардың (сақтандыру мекемелері, зейнет ақы және инвестициялық қорлар, және тағы басқа) байланысын дамыту жолымен кеше банк жүйесіне халық жинағын тарту негізінде бюджет табысын көтеру арқылы елдің масштабында ішкі жинақтаудың нақты бағдарламасын жасау қажет, сондай-ақ экономиканың нақты секторын көтеру бойынша бағдарламаны дефициттік бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу қажет. Экономиканың нақты секторын тиімділігін тездету мен көтеру мақсатында әлемдік шаруашылық интеграциясына бағытталған ең алдымен ірі өндірістік кәсіпорындарды реабилитациялаудың нақты бағдарламасы жасалынуы қажет. Осының негізінде инвестиция салудың басты басымдылық бағыттары анықталынуы қажет және осы туралы қоғам, кәсіпорын және шетелдік, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер ацпортпен қамтамасыз ету қажет. Олар үшін заңдылық тәртіп бойынша салық салудың, кешелеудің, мемлекеттік субцидиялаудың жеңілдік беру жағдайы анықталынуы қажет.

Бағалы қағаздармен байланысты инвестициялық процесс экономиканың нақты секторындағы ұдайы өндіріс процесіне басты факторы болып табылады. Қандай да бір инвестор, бағалы қағаздарға қаражаттарын сала отырып, уақыттың экономикалық бағасын ескеру қажет; қазіргі сәтте тұтынудың бас тарта отырып, ол өскен көлемде өзінің қажеттілігін болашақта қанағаттандыруға сенім артады. Сонымен қатар, инвестиция – ақша қаражаттарының құның ұлғайту, пайда алу мақсатында ақша қаражаттарын әр түрлі активтерді алу /37/. Бағалы қағаздың басты түрі ретінде акция инвестиция үшін ыңғайлы және тартымды обьектісі болып табылады. Акцияда инвестициялық тауарлар ретінде бағалы қағаздың сапалылығы неғұрлым жақсы көрсетіледі. Инвестициялық тауарлардың тұтыну құны мынада, яғни олар табыс әкеледі және болашақ, тұтынушылықты қанағаттандыра алады. Бірақ, акциялар әрдайым табыс әкеле бермейді, сондай-ақ шығынға әкеліп соғуы мүмкін; осы шығындардан және өзінің табысын сақтандыру үшін инвесторлар әр түрлі бағалы қағаздар арасында өздерінің салымдарын бөліп салады. Бұл мәселе оңай емес, сол себептен инвестициялық тәжірибеде инвестициялық қорлар атына ие болған акциялардың қоғамдық портфелдері пайда болды. Инвестициялық қорлар өздерінің салымшыларының қаражаттарын соларға өздерінің акцияларын сату жолымен жинақтайды және алынған қаражаттарды бағалы қағаздарға таратады.

Қазақстандық қор рыногы жағдайында бағалы қағаздардың ликвидтік шараларын анықтау үлкен маңызға ие. Бағалы қағаздың ликвидтілік шараларын әрбір нақты инвестор үшін эмпирикалық түрде анықтауға болады, сондай-ақ қандай да бір эмитенттің акцияларының ликвидтілігінің нормативті шарасын анықтауға болады.

Акцияның табиғатына байланысты, қор рыногында әрекет ететін және жекешелендіру кезінде оны қалыптастыруға қатысытын екі ірі инвесторлар тобын бөлуге болады. Бір тобы бағалы қағазды меншік титулы ретінде қарастырады, ал басқасы – инвестициялық тауар ретінде. Бірінші топты кәсіпорында бақылауды қамтамасыз ететін акцияның қабілеттілігі қызықтырады. Осы топтың инвесторлары бақылау үшін қандай да бір қол жететін қаражатты төлеуге дайын. Екінші топтың инвесторлары акцияның табыс әкелетін мүмкіндігін тартады. Бұл топ анағұрлым көп мүшелі болып табылады, оның құрамы азаматтарды санамағанда әр түрлі инвестициялық институттар кіреді, олардың ішіндегі ең бастысы болып коммерциялық банктер мен инвестициялық қорлар табылады. Банктер инвестициялық процесте өздерінің қаражат есебінен немесе делдал ретінде қатысады. Делдал ретінде банктер қаржылық брокер, сондай-ақ акция эмиссиясын кепілі мен ұйымдастырушысы ретінде шығуы мүмкін. Акцияға салым салудың тиімділігін бағалау кезінде инвестор үшін маңыздысы, акцияның болашақ бағасын алдын ала көру, өйткені курстың айырмасы бойынша ұтыс дивидендтерді әлде қайда көтереді.

Корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялық салымдардың тиімділігін бағалауға деген әдістемелік тәсілдерді қарастыру инвестордың көз қарасы жағынан бұл бағалы қағаздардың салыстырмалы тартымдылығы туралы келесідей қортындыға келуге мүмкіндік берді; біріншіден, – бағалы қағаздарға қаражат салымы тұрақсыз экономикалық даму кезінде өзінің артықшылықтары бар, немесе бекітілген пайыз инвесторды эмитенттің қаржылық жағдайынын нашарлауы кезінде табыстардың бөлігін жоғалтудан қорғайды, сондай-ақ қазіргі жағдайда неғұрлым сенімді болып компания мүлігінің жоғарғы өтімділігінің кепілдігі табылады; екіншіден, – компанияның қаржылық жағдайын мен экономика – кезінде акцияға инвестицияның бағытталуы тиімді болады, өйткені дивидендтер компания табысына пропорционалды өседі. Сол кезде табыстың бекітілген пайызы, мысалы облигация бойынша, капиталдық пайдалылығын шектейді және инвесторды табыстың жоғарғы көзінен бас тартуы мәжбүр еткізеді. Осы жерде мынадай қорытындыға келуге болады, яғни корпоративті бағалы қағаздарға салым салудың инвестициялық тәуекелділік мәселесі жөнінде айтпасақ болмайды және тәуекел мен табыс арасындағы оптималды арақатынасын іздестіру. Бағалы қағаздарға салымдардың ықтималды тәуекелділігінің көлемін бекіту тәуекелдік түріне байланысты, сол себептен тәуекелді басқару кезінде капиталдың құрылымына, жоғалтудың көлеміне, жоюлардың салдар мен мүмкіндігіне байланысты тәуекелдіктің пайда болу себептері мен құрылу деңгейі бойынша топтастырып және табиғатын шығару қажет.

Экономиканың нақты секторын инвестициялаудың ұшқыр мәселесі болып бағалы қағаздарға капитал салымының тәуекелділігінен инвесторды қорғау. Берілген мәселе шешімін табуы мүмкін, біріншіден, – тәуекелдік компенсациялау мақсатында менеджер жағынан инвестициялардың эмитенттері жағынан, яғни компания, кәсіпорын, мемлекет және тағы басқа жағынан сенімді кепілдеме беруді пайдалану мен құру арқылы; және үшіншіден, – банктік депозиттерді сақтауда әрекет ететін жүйені жасау. Бұл жерде тәуекелдікті компенсациялайтын немесе төмендететін жаңа тәсілдер мен әдістерді пайдалану мен дамыту талап етіледі; фьючерлік келісім шарттар, опциондар және басқалай көмегімен диверсификациялау, инвестициялық несиелер (сонымен қоса, қарыздың қаржыландыру, зайымдар, салымдар, несиелер, ипотекалық ссудалар) арқылы жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар бұл ірі коммерциялық банктерге акция пакетінің бөлігін беру жолы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, сондай-ақ біріккен кәсіпорын құру және шетелдік қаржылық топтарын басқаруда келісімшартқа отыру жолы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ, қазіргі жағдайда кәсіпорынның инвестициялық белсенділігін қаржыландыру көзі болып акцияның курстық құның болжаулық бағалауды есептеу мен эммисиондық табыс та қаржыландыру көзі ретінде болуы мүмкін. Акцияның курстық құның есептеу үшін шетелдік тәжірибеде пайдаланатын келесідей бағалау әдістері қолданылуы мүмкін; активтердің өтемділігін есептеумен қатар кәсіпорынның өз қаражаттарымен балансын бағалаудың өтемі әдісі, негізгі және айналмалы қорлардың өсу коэффиценттерінің базасындағы сараптамалық әдіс, сондай-ақ өндірістің табыстылық коэффиценттері, кәсіпорын қызметінің әр түрлі аспектісі бойынша баллдық коэффиценттерін анықтау әдісі және қолма-қол ақшаның дисканттық түсімін талдау әдісі.

Қазіргі кездегі Қазақстан үшін жобалық несиелеудің әлемдік тәжірибелі пайдалану мен зерттеу актуалды болып табылады. Жобалық кешелеу аясында әлемдік тәжірибені жетілдіру отандық экономиканы құрылымдық қайта құру мен реформалау жолы бойынша қозғалысты жеңілдетеді және инвестициялық сфераның дамуындағы қиыншылықтардан құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, инвестициялық саясатты өткізуде белсенді және тиімді қатысу. Шетелдік тәжірибені зерттеу қалыптасқан ішкі жағдай мен өткізілетін жобаның сипаттамасына байланысты кешелік жобалауды ұйымдастырудың әр түрлі схемасы болуы мүмкін. Мысалы “өніммен төлеу” схемасы жоғарланған сұраныстың өнімі шығарумен байланысты жобаларды кешелеуді ұйымдастыру түрінде қызық болып табылады.

Жалпы, жобалық кешелеудің жалпы жұмыс спецификалық қағидаларының мазмұны негізінде келесідей құрылымдық механизмді ұсынуға болады; кешелеу обьектісі, обьектіні таңдауды бөлу әдістері; қаражат көздерін шектеу қағидасы, кешелеудің ұйымдастыру схемасы; координоция және бақылау. Бұндай кезде жобалық кешелеу механизмі түсінігін обьектіні (жобаны) таңдаумен, кешені пайдалану шегі мен көздерін анықтаумен, қатысушылар үшін қолданбалы кешелеу жүйесін жасау мен байланысты тәсілдер жиынтығын білдіретін кеше функциясын қайта бөлуді қолдану тәсілі ретінде түсіну қажет /38/.

Жобалық несиелеудің отандық тәжірибесі мен оның дамуындағы әлемдік тіжірибені пайдаланудың мүмкін бағыттарын анықтауда қазіргі сәтке жинақталған бағалаулар келесідей қорытындыға келуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайлар бойынша республика инвестициялық жобалар мен жобалық несиелеудің дамуын белсенді жүзеге асыру үшін әлі қолайлы болып табылмайды. Инвестициялық белсенділікке кері әсер ететін келесідей қағидаларды бөліп көрсетуге болады:


  • тұрақсыздық, анықталмағандық және норматифтік актілермен заңдардың белгісіздігі;

  • қаржылық операциялардың құқық базаларының тиімсіздігі және түсініксіздігі;

  • инфрақұрылыммен байланысты мәселелер;

  • Қазақстандық бизнес мәдениетінің салдарынан шығатын мәселелер және т.б.

Жоғарыда айтылған жағдайлардың әрқайсысы жобалық несиелеу механизмін пайдалану мүмкіндігіне өздерінің іздерін қалдырады. Бұл әсер жобалық несиелеудің барлық аспектілерін қамтиды: институционалды-құқықтық, рыноктық, техникалық және қаржылық-экономикалық. Инвестициялық зерттеудегі әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, тұрақты бағада ұзақ мерзімді перспеективаға ақша қаражаттарының ағымдарын суреттеу үшін мынадай есептеу әдісін қолданылған. Бұл жағдайда капитал құнын білдіретін бастапқы параметрлер нақты санауда, яғни инфляцияны санамағанда, берілуі қажет.Бұл үшін әдетте мынадай формуланы пайдаланылады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет