І экономиканы инвестициялаудың теориялық



бет1/5
Дата19.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#148171
  1   2   3   4   5


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3


І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕРІ.............................................................................................................7


1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы.....................................................................................................................7
1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі...........................................................................................................14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары...............................................24


ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................30


2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі.................................................................................30
2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат.............................................................................41
2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары......................................................................................................................45

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................62

Ъ

КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Өнеркәсiп өндiрiсiнiң дағдарыс жағдайында инвестициялық тартушылықты жақсарту мәселесi экономиканың нақты секторын басқарудың тиiмдi экономикалық құралдарының қатарында аса актуалды болып табылады, яғни бұл “Қазақстан – 2030” стратегиясымен анықталған ұзақ мерзiмдi басымдылықтармен жауап бередi /1/.

Бүгiнгi таңда экономиканың нақты секторының алдында өндiрiстi модернизациялау, құрылымдық қайта құру, жаңа өнiмдi жетiлдiру бойынша және тағы басқа да бағдарламаларды қаржыландыру мәселесi тұр. Бұндай бағдарламалар капитал салымын қажет етедi және кәсiпорынның жеке қаражаттарының шектеулiгiнiң себебiмен қаржыландырыла алмайды. Сонымен қатар орташа және ұзақ мерзiмдi сипатқа ие. Кәсiпорынның жеке қаражаттарының жетiспеушiлiгiнен инвесторлардан, банктерден және мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетудi сұрауға мәжбүр, бiрақ мұндай қолдауды алу жолында кәсiпорын үлкен қиыншылықтармен соқтығысады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайында кредиторлар қайтып келу тәуекелдiгiне ғана емес, ұзақ мерзiмдi салымдардың тиiмдiлiгiнiң төмендеуiнiң тәуекелдiгiне душар болады. Осындай жағдайларға байланысты потенциалды кредиторлар, банктер немесе инвесторлар қысқа мерзiмдi және ликвидтi қаржылық салымды қалайды, ал мемлекеттiк несие мен мемлекеттiк қаржыға қазiргi кезде сенiм арту қиын.

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.

Қазақстанның мұнай-газ кешені еліміздің өндіруші өнеркәсібінің сыртқы, сондай-ақ ішкі барлық инвестициялық ресурстардың көп үлесін тартатын өзегі болып табылады. Қазір біздің еліміздегі инвестициялық ресурстардың мұнай-газ кешеніне бір жақты бағытталуын көп сынайды. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, инвестицияларды ел бәсекелестік артықшылыққа ие болатын басты салаларға бағыттау қажет, ал Қазақстанда ондай маңызды сала болып мұнай-газ кешені саналады. Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы мынадан тұрады: саланың жоғарғы нарықтық потенциалы, табиғи ресурстардың көптігі, білікті еңбек ресурстарының бар болуы, елдің стратегиялық орналасуы және тағы басқалары.

Мұнай-газ кешені инвестиция тартатын сала ретінде барлық экономикадан бөлек дами алмайды. Базалық саланың қалыптасуы жабдықтаушы-саланың және тұтынушы-саланың дамуына ықпал етуі қажет. Мұнай-газ саласы экономиканың тек бір секторының ғана емес, аралас салаларының да және де барлық экономиканың бесеке қабілеттілігін жоғарылатуға қабілетті қозғаушы күш болуы қажет, себебі инвестициялық ресурстардың мақсатты бағытталуы оларды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға көмектеседі.

Еліміздің халықаралық бәсеке қабілеттілігі жеке кластер айналасында дамуы қажет. Бұл тезис дамыған елдердің мысалдарымен түсіндіріледі. Мысалы, Швецияның целлюлозды-қағаз секторының бәсеке қабілеттілігі ағаш өңдеу және қағаз өндіру бойынша құрал-жабдықтарға, конвейерлік линияларға және басқа да аралас тұтынушы-салаларға бағытталады (мысалы, сіріңке өндіру), Дания агробизнес және азық-түлік өнеркәсібі үшін арнайы өндірістік технологиялар дайындап шығарды. Мұнай өндіретін елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, халықтың саны жоғары болғанда мұнай байлығын дұрыс пайдалану әл-ауқаттың жоғары стандарттарын және экономиканың тез дамуын қамтамасыз етеді. Жан-жақты дамыған экономикасы және әскери күші жоқ елдің өзі әлемдік саясатқа маңызды ықпал ете алады және басқа елдерге бақылау жасау механизмдерін жасап шығара алады.

Қазақстанда үлкен көлемдегі мұнайды күту үстінде. Көмірқышқыл газды экспорттаудан түскен табыстар – бұл экономикалық дамудың қозғаушы күші ғана емес, сондай-ақ үкімет үшін «құтқарушы-таяқшасы» болып табылады. Бірақ, біздің білуімізше, таяқтың екі шеті болады. Және осы жерде көп көлемді мұнай үлкен проблемалар туғызуы мүмкін. Дамыған нарықтық экономикасы бар еліміздің экономикасында мұнай жобалары басты орын алатын болғандықтан, олардың экономикалық болуы көмірқышқыл газына бай елдер үшін саяси шешімдер қабылдауына нақты әсер етуге көмектеседі.

Бірақ та сол араб елдерінің тәжірибесі мынаны да көрсетеді: мұнай кен орындарының көп болуы да ештеңені шешпейді. Бізде қалыптасқан экономиканың параметрлерінің бірі болып мынау табылады: экспорт санының өсуінен экономиканың маңызды мәні еш өзгермейді. Яғни, ол Қазақстанның шекарасынан тек мұнай, хром сияқты ұлттық ресурстарды шығару емес, сондай-ақ жұмысшыларды, жақсы кадрларды және тағы басқалары. Және шетелдік инвестицияларда көбірек сыртқа шығарылуы үшін тартылады.

Сондықтан Қазақстанға дамыған нарықтық экономикасымен демократиялық қоғамға жол жүру үшін энергетиканың қиын проблемаларын өз күшімен шешу қажет. Сол кезде ғана экономикалық реформалардың жетістігі жалпы батыс несиелерінің көлемінен ғана емес, сондай-ақ еліміздегі кез-келген экономикалық бағдарламалардың жүзеге асырылуының тиімділігіне, өз күшінің маңыздылығына, мемлекеттің қаржылық және технологиялық мүмкіндіктеріне байланысты.

Инвестиция мәселесi, оның экономиканың нақты секторындағы экономикалық тиiмдiлiгiн жоғарлату туралы төмендегi ғалым-экономистердiң еңбектерiнде қарастырылған: К.Маркстiң, Дж.М.Кейнстiң, Р.Холттың, П.Хавроненоның, Ван Хорн Дж, Э.Хелферт, А.Маршалдың, Дж.Соросаның, П.Самуэльсонның, Р.Гильфердинганың, Лу Цзиньюнаның, Л.Абалкиннiң, М.Агарковтың, Б.Алехиннiң, А.Астахова, С.Жуковтың, Я.Квашидiң, В.Красовскидiң, А.Мартыновтың, Д.Палтеровичтiң, Ю.Плышовскидiң, В.Т.Хачатуровтың, Ю.Яковтың және т.б. Инвестициялық стратегияны анықтау және инвестициялық процестегi басымдылықтарды таңдау сұрақтары, сондай-ақ жалпы инвестицияны пайдаланудың тиiмдiлiгі, сонымен қатар экономиканың нақты секторындағы инвестицияны пайдаланудың тиiмдiлiгі туралы сұрақтар қазақстандық ғалым-экономистердiң зерттеулерiнде көрiнiс тапқан. Олар: А.Ашимбаев, Т.Ашимбаев, У.Баймұратов, А.Есентугелов, М.Кенжегузин, А.Қошанов, К.Қажмұратов, Р.Қамшыбаев, Н.Мамыров, Н.Нұрланова, А.Нұрсеитов, К.Окаев, М.Оспанов, Н.Сағадиев, О.Сабденов, С.Сатубалдин, П.Посаченко және т.б. Сонымен қатар мынандай жағдайды айта кеткен жөн, экономикадағы инвестицияның табиғатын әсiресе нақты сектордың қазiргi түсiнуге қатысты бiрқатар теориялық және тәжiрибелiк мәселелер, өндiрiстiк-техникалық дамуына инвестиция тарту, осы сфераға шетел инвестицияларын тарту, нақты инвестициялық жобаларды бағалаудың әдiстемелiк негiзiн жетiлдiру және оларды таңдау, бағалы қағаздар арқылы инвестициялық процестi жанамалау, жобаның несиелеудi ұйымдастыру және пайдалану әлi де қажеттi көрiнiске ие болған жоқ /7/.

Бұл байланыстың ерекше маңыздысы ең алдымен шаруашылық субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгiн қаржыландырудың iшкi көздерiн iздестiру және оның өндiрiстi дамытуға қаражаттарды салудың рефлексивтi ынталандыруға өтуi. Бұл өз кезегiнде экономиканың нақты секторына инвестицияны күшейтудiң қажеттiлiгiн ұқыпты зерттеу мен ғылыми тұжырымдауды талап еттi. Өйткенi, экономиканың нақты секторы экономиканың тұрақты өсуiнiң негiзi болып табылады, сонымен қатар өндiрiстiң техникалық дамуының ерекшелiгi мен тенденциясын зерттеу, тiкелей шетел инвестициясын тарту үшiн қолайлы климат жасау мәселесiн қарастыру қажет, сондай-ақ кооперативтi бағалы қағаздар рыногын дамыту жобаны несиелеудiң дамуы және оны қолдану механизмiн жетiлдiру қажет. Экономиканың нақты секторына инвесторлардың қаражат салуының тұрақты рефлексивтiлiгiн қамтамасыз етуге концептуалды әдiстерi қазiргi уақытқа дейiн жасалмаған.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы: оның маңыздылығы шетелдiк инвестицияны экономиканың нақты секторына тарту мен ғылыми пайымдауда, сондықтан негiзгi жағдайларды Қазақстан Республикасындағы рыноктық қатынастарды жетiлдiру бағдарламаларын айқындау мен оны тәжiрибе жүзiнде пайдалану мүмкiндiгiнде.

Зерттеу тақырыбының мақсаты: шетелдiк инвестицияны экономиканың нақты секторына тартудың теориялық және практикалық мәселелерiн зерттеу, сонымен қатар алынған теориялық нұсқауларды iс жүзiнде жүзеге асыру болып табылады.

Зерттеу мiндеттерi:

1)Экономиканың нақты секторына шетелдiк инвестицияны тартудағы артықшылығын айқындау;

2)Қазақстан экономикасындағы инвестициялық ахуалды реттеу;

3)Шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн экономикадағы ұйымдық-экономикалық және құқықтық жағдайларды қарастыру;

4)Қазақстан экономикасына шетел инвесторларын ынталандыру мен реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң бағытын айқындау;

5)Мұнай өндiру арқылы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы көзқарасы жағынан экономикадағы жағдайды талдау.

Зерттеу нәтижесiнде алынған қорытындылар мен ұсыныстар нақты мәселенi одан әрi теориялық қарастыруға, сонымен қатар Қазақстан экономикасы алдында тұрған өзектi мiндеттердi шешуге бағытталған қолданбалы сипаттамалы еңбектерде қолдануға болады.

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада - жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық жүргізуші субъектілер жүгізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда, бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тағы басқа да кәсіпорындардың жинағы болып табылады. Мұнда “жинақшы” мен инвестор сәйкес келеді, алайда, бір мезгілде жұмыскер де кәсіпкер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының ролі едәуір үлкен, сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.

Осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде инвестиция туралы көптеген ұғымдар қалыптасты. Көптеген авторлар капитал салымы мен инвестиция арасында айырмашылық жасамайды, ал кейбіреулер инвестиция ұғымын кез келген құралдарды, олардың мақсаттық бағыттарына қарамастан салу деп түсінеді.

Инвестицияға нақты және қайталанбайтын анықтама беру үшін ол өте ауқымды ұғым. Әртүрлі тәжірибелік салалар мен әртүрлі экономикалық салаларда ол өз ерекшеліктерін көрсетеді.

Макроэкономикалық инвестициялар жаңа үйлерге және ең жаңа құрылыс құралдарына кететін өзара байланысты шығын.

Сонымен “инвестиция” – бұл өндірістік теорияда және бүкіл макроэкономикада, инвестиция жаңа капитал құру процесі болып табылады. Ал, енді соңғысы, қаржылық теорияда “инвестиция” қазіргі кезеңдегі “шығын”, болашақта табыс әкеледі деген мақсатпен нақты және қаржылық активтерді сатып алу. Нақтырақ айтқанда, инвестициялар – бұл бүгінгі күндегі анықталған құнның болашақта мүмкін болатын құнмен айырбасы /3/.

Экономикалық даму талаптарына, яғни өндірістік потенциалды жаңа ғылыми-техникалық негізде құруға, әлемдік нарықта өз бәсекелестік бағытын құруға, жоғарғы инвестициялық белсенділік өте қажет. Жаңа экономикалық құбылыс болып табылатын Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдерінің” пайда болуына, кең ауқымды жаңа ғылыми салаларының дамуы мен соған өтуі инвестиция көлемінің осы елдерге көптеп тартылуына байланысты.

Инвестиция – бұл Қазақстан үшін жаңа экономикалық термин болып табылады, және ол нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болды. Бірақ әлі де ол экономикалық әдебиеттерде өзінің бірегей ұғымын тапқан жоқ. Орталықтандырылған жоспарлы ауқымында “жалпы капиталдық салынымдар” деген ұғым қолданылады, және оған негізгі қорларды қайта құруға, оны жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар кіреді.

Ең алдымен нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өнеркәсіптік өндірістің және инвестицияны пайдаланудың тиімділігін қарастырмас бұрын, біздің көзқарасымыз бойынша алдымен “инвестицияның” әлеуметті-экономикалық мағынасын нақтылап түсініп алайық.

Ғылыми әдебиеттерде инвестиция ұғымын анықтауда бірнеше пікірлер қалыптасқан. Пол Самуэльсон былай жазады: “біз таза инвестициялау немесе капитал қалыптастыру деп - тек қоғамның нақты капиталдарының (ғимараттар, өндірістік-материалдық қорлар, қондырғылар және т. б.) өсуін айтамыз” /4/.

Аса танымал “Экономикс” шығарылымының авторлары инвестиция ұғымын кең ауқымда түсінеді. Олардың анықтамаларында инвестиция – “өндірістік шығындар мен өндірістік құралдарды жинақтау және материалдық қорлардың көбеюі”, яғни бұл дегеніміз бүкіл өндірістің шығындары мен жинақтары /4/.

Инвестицияның қайнар көзі бәрімізге белгілі - жинақ болып табылады. Жинақтар бір ғана шаруашылық агентімен асырылса, инвестицияны тіптен бөлек адамдар немесе бөлек шаруашылық субъектілері жүзеге асыра алады. Сондықтан, оқымыстылар бұл ұғымда анықтау барысында оның мазмұнынан гөрі, бағытталуына мән береді. В. Бочаров инвестиция ұғымын - қолданысқа пайдалана алмайтын табыстың бір бөлігі ретінде қарастырады. Инвестициялық ресурстар инвестициялық қызметтегі нақты объектілерге ауыстырылуы және сол жерде капиталдық бағаның табыс түрінде өсуі /6/.

Капитал құнының инвестициялық процеске өсуі туралы Кейнс қарастырады. Оның анықтамасы бойынша инвестиция – бұл белгілі бір кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.

В.Фельзенбаумның айтуынша, инвестиция ұғымы былайша айтқанда нақты инвестицияны мазмұны бойынша “капитал салымы” және “қаржылық” инвестиция түсінігін қамтитын ұғым, яғни меншіктен табыс алуға құқық беретін, тікелей меншік иесі титулына байланысты акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарға салымдар. Бұл жағдайда инвестиция қызметінің объектілігі байқалады.

Халықаралық заң шығарушылар инвестицияны өте кең саяси және шаруашылық бітімгерлік тұрғысынан анықтайды, сонымен бірге инвестордың өзімен – оны инвестициялау субъектілеріне еріксіз байланыстырады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестицияны анықтауда тек оның мазмұнына ғана назар аудармай, оның мақсаттық бағытталуын да қарастыру керек. Осы көзқарас бойынша инвестициялар, жалпы ұлттық өнімді өндіруге жұмсалатын маңызды бөлікті және өндірісті жаңарту мен кеңейтуге кеткен шығындарды құрайды, яғни ақшалай капиталдан бөлек жеке тұлғаның капиталының кеңеюі мен капитал құрумен байланысты.

Тәжірибе жүзінде зерттеушілер инвестиция ұғымына әр түрлі түсініктер енгізеді. Қоғамдық ұғымда инвестиция түсінігін кез келген құралды, жер, қозғалмайтын мүліктер, акциялар, құрылысқа, техникаға салу, сатып алу деп түсінеді.

Өз уақытында Дж. М. Кейнс инвестицияға классикалық анықтама беріп, бұл ағымдағы кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес нақты, әрі дәлірек анықтаманы Пол Хейн берді: “жинақталған өндіріс пен табыстың шайқалуының басты себебі болып Кейнс жүйесіндегі керекті инвестициялық шығындардың көлемінің өзгеруіне байланысты. Инвестиция – яғни болашақта одан күтілген табыстарды алу үшін, қандай да бір құндылықтарды сатып алу. Осыған байланысты станоктар сатып алғанда фирмалар инвестиция жүргізеді”.

Осы заманғы көптеген экономистер, осы анықтаманы түсіндіре отырып, құндылықтарды сатып алуда көптеген ұғымдарды ұйғарады. Түгелдей инвестиция бойынша негізгі капиталға салымдардан бастап, энергия, материалдар, шикізаттар сатып алуға кететін ағымдық шығындар да түсіндіріледі. Мысалы: Журавлева Г.П. мен Малышева И.Ю. екеуінің есептеуінше: “инвестициялар бұл – еңбек заттары мен еңбек құралдарын, материалдар, жаңа технологиялар негізімен байланысты өндірістің жаңалануы мен кеңеюіне кететін шығындар”, яғни бұл жерде негізгі және айналым қорларының салымы арасында айырмашылық жасалмайды және сол уақытта адамдарға ҒТП-ға инвестиция саналмайды. Қазақстандық экономистердің кейбіреулері де осы пікірді ұстануда, яғни инвестициялық қызметтің негізгі объектісі ретінде айналым құралдарын мойындайды және инвестицияның капитал салымының басты айырмашылығы оларды негізгі капиталға сала отырып, айналым құралдарын толықтыру деп түсіндіріледі.

Біздің ойымызша, кішкене анықтама былай болады: “Ағымдағы өндірістің бір бөлігі негізгі капиталдың өсуіне пайдаланылса, онда бұл жағдайда инвестиция орын алады. Инвестиция – бұл ақшалай құралдардың капиталды қайта өндіруге жұмсалуы”.

Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. сондықтан оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Оны шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясатты жүзеге асыру керек. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталған жоқ. Инвестициялық саясат негізді болуы үшін күрделі қаржыны пайдалану мен молайту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін, өңдейтін және олардың өнімдерін пайдаланатын салалар арасында ғылыми негізделген арақатынас болуы шарт.

Инвестиция ұғымы латын сөзі “investise” – “қаржы жұмсау” деген мағына береді. Инвестиция дегеніміз – бизнеске жұмсалатын күрделі қаржы. Ол негізінен бизнестің материалдық жағына жұмсалады. Сондай-ақ кәсіпорынның материалдық жағына негізгі және айнымалы қорларды жатқызуға болады.

Инвестиция негізінен екі формада болады:

1)тікелей;

2)портфелді.

Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда, т.б. шаруашылық салаларына жұмсалатын күрделі қаржы. Портфелдік инвестициялар - шетелдік бағалы қағаздарға жұмсалатын қаржы /2/.

Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелiгi - инвестиция капиталдың құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен байланысты. Материалдық байлық құрып және оны молайта түсу, қоғамымыздың тұрмыс халiн жақсарту - инвестициялаудың негiзгi мақсаты болғандықтан, күрделi қаржыларды негiзгi қорға айналдыру процесi инвестицияның классикалық анықтамасына сай келетiндiктен, “инвестиция” ұғымын қолдану кезiнде оған жан-жакты түсiнiктеме берiп отырған орынды. Инвестициялау процесi инвестициялық ресурстардың материалдық байлықтарға және материалдық емес құндылықтарға айналу процесi. Инвестициялау процесi келесi беттегi 1-кесте түрiнде бейнеленген. Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тең “күрделi қаржы” ұғымын санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтерi бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндiргiш күштердiң ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуi жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерiнiң қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерiнiң рөлi мен мағынасының күшеюi ғылыми-техникалық және әлеуметтiк салаларды қаржыландырудың елiмiздiң материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендiгiн танытып мойындатуға ықпалды әсерiн тигiздi.

Сонымен, бiз “инвестиция” деген ұғымда қаржылық аспаптар, инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың материалдық емес құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi каржының көлемiмен бiрдей. Осыған орай, бiз ол көрсеткiштi бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың қандай түрлерi болмасын капитал әлемiнде әрқайсысының атқарар рөлi әрқилы болғанымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор.

Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұрғысынан қарағанда, инвестициялардың атқарар рольдерi мына төмендегiдей қалыппен сараланып бөлiнедi:



  • жалпы және бүтiндей инвестициялар;

  • негiзгi капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция;

  • iстен шыққанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция.

Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететiн факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi.
Кесте 1 – Инвестициялау процесiнiң сызбасы


Инвестиция
түрлерi


Материалды активтерге жұмсалған
инвестициялар

Қаржылық активтерге жұмсалған инвестиция

Материалды емес активтерге
жұмсалған инвестициялар

Инвестициялау
объектiлерi


Негiзгi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорлар

Акциялар, мемлекеттiк және корпоративтiк облигациялар,
т.б. бағалы қағаздар

Патенттер,
лицензиялар,
сауда белгiлерi,
ғылыми-техникалық
өнiмдер т.б.

Бiлiм беру,
денсаулық
сақтау,
мәдениет
шаралары
және т. 6.

Инвестицияны қолдану аясы

Экономиканың нақты секторы

Қаржылық-
банктiк орта

Инновациялық орта

Әлеумттiк
орта

Инвестицияны қолданудағы мақсат

Жаңа материалдық активтерді ұлғайту

Іске аспай қалған материалдық активтердің орнын толтыру

Материалдық активтердің тиімділігін арттыру

Бос ақша қаражат тарын инвестицияға айналдыру

Материалдық
активтердiң
ғылыми-
техникалық
деңгейiн,
сапасын және
бәсекелестiк
қабiлетiн
арттыру

Бiлiм беру
деңгейiн,
денсаулық
сақтаудың
сапасын
арттырып,
қоршаған
ортаны қорғау
т.б.

Инвестиция-
лаудың
түпкiлiктi
мақсаты


Материалдық байлық пен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтардың көлемiн ұлғайту























Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет