МАЗМҰНЫ
I Жалпы ережелер..............................................................................
II Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кезеңдері ..................
2.1 Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптары ..…..
2.2 Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) ғылыми
жетекшілерін тағайындау .................................................................
2.3. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма …………………
2.4 Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымы ………………
III Дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеуге қойылатын талаптар ………
IV Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі ……
V Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі ……………
VI Қосымшалар .………………………………………………
I. Жалпы ережелер
1.1. Бұл дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың мақсаты ҚР БҒМ 2009ж. 31 шілдесіндегі № 366 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖБС 5.03.016-2009 сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да дипломдық жұмыстарға (жобаларға) қойылатын жалпы талаптарды бекіту болып табылады.
1.2. Дипломдық жұмыс (жоба) мамандықтың оқу жоспарына сәйкес оқудың қорытынды кезеңіде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.
1.3. Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:
- студенттердің оқу барысында алған теориялық және тәжірибелік, кәсіби білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту;
- дербес ғылыми зерттеу және нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлеу және зерттеу кезінде тәжірибе жасау әдістемесін игеру;
- студенттің дайындық, оның заманауи экономика, ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында өз бетінше жұмыс істеуіне көмектесетін тәжірибелік дағдыларды, кәсіби құзырлықты меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыс (жоба) тиісті ғылым салалары нақты мамандықтарының маңызды сұрақтары мен мәселелерін дербес зерттеу нәтижелерін жинақтауы керек.
1.5. Дипломдық жұмыс (жоба) келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:
- ғалымдар, сарапшылар, тәжірибелік мамандар, инженерлер, экономистер, инженер-құрастырушылар жүргізген зерттеулер мен жобалық шешімдердің нәтижелерін зерттеу және жинақтау;
- зерттелетін нысан бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындылар мен ұсыныстардың болуы;
- нақты міндеттерді, сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-негізделген нәтижелер болуы керек.
1.6. Осы мақсаттарға жету үшін бітіруші студент келесі міндеттер шеңберін шешуі қажет:
- таңдалған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеуі керек;
- қажетті мәліметтерді жинау жолымен зерттеу нысанының (пәнінің) күйіне талдау жасау;
- зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау негізінде нақты қорытындылары мен ұсыныстар жасау;
- алынған нәтижелерді жинақтау негізінде зерттеу нысандарының қызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты мәселелерді, сұрақтар мен міндеттерді шешу жолдарын ұсыну.
1.7. Дипломдық жұмыста (жобада) жүргізілген барлық мәліметтердің нақтылығы мен әділдігіне, қабылданған шешімдерге дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы ретінде студент жауап береді.
II. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кезеңдері
2.1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына қойылатын талаптар
2.1.1. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбын мамандарды даярлаудың бейініне, мамандыққа сәйкес шығарушы кафедра әзірлейді, тақырыптар факультет Кеңесінде қарастырылады және ректордың бұйрығымен бекітіледі.
2.1.2. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбы экономика, ғылым, техника мен мәдениет дамуының жағдайы мен келешегіне сәйкес келуі керек және бүгінгі күнгі өндірістің, білім, ғылымның және мәдениеттің шынайы міндеттері мен мәселелері ескерлуі қажет.
2.1.3. Дипломдық жұмыстардың тақырыптарындағы тақырыптардың жалпы тізімі түлектер санынан 2-3 есеге көп болуы қажет және жыл сайын 30%-дан кем емесі жаңартылып отыруы қажет.
2.1.4. Студент кафедра меңгерушісінің атына жазылған жеке өтініш негізінде бекітілген тақырыптардан дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын таңдайды. Өтінішінде бітіруші студент оған дипломдық жұмысты жазу үшін нақты бір тақырыпты бекіту өтінішімен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы қатарынан нақты бір оқытушыны ғылыми жетекші етіп тағайындауды да сұрай алады. Студент өтінішінің үлгісі 1 қосымшада келтірілген.
2.1.5. Студент зерттеу үшін бекітілген тақырыптар арасында жоқ өз тақырыбын ұсына алады. Бұл үшін ол өзінің ғылыми және тәжірибелік мүдделеріне сүйене отырып, өз шешімін жазбаша түрде негіздеуі қажет.
2.1.6. Сырттай (қашықтықтан) оқу бөлімінде білім алатын студент дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын өндірістік қажеттілікке немесе өзінің тәжірибелік қызметі бейініне сәйкес таңдай немесе ұсына алады.
2.1.7. Студенттер мүдделі шаруашылық субъектілерінің жазбаша тапсырыстары (келісімшарт) бойынша тақырыптарға дипломдық жұмыстарды (жобаларды) орындай алады.
2.1.8. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы студентке ағымдағы оқу жылының бітіру курсының басында белгіленеді және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
2.1.9. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын қажет болған жағдайда диплом алдындағы іс-тәжірибеден өту аяқталған соң шығарушы кафедра меңгерушісінің дәлелді ұсынысы негізінде өзгертуге, нақтылауға және түзетуге болады.
2.2. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) ғылыми жетекшілерін тағайындау
2.2.1. Ғылыми жетекшілер ретінде профессорлар, доценттер, ғылыми дәрежесі бар анағұрлым тәжірибелі оқытушылар және аталмыш жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар қызметі мен ғылыми басылымдары маманды дайындау бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері тағайындалады.
2.2.2. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі міндетті:
- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін тапсырма беруге;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының барлық кезеңдері көрсетілген барлық кезеңге дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының күнтізбелік кестесін әзірлеуге;
- бастапқы мәліметтер көздерін және қажетті негізгі әдебиеттерді, соның ішінде монографияларды, заңнамалық-нормативтік актілерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, мерзімді ғылыми басылымдардан мақалаларды, нұсқаулықтар, ережелер, дәрістік курстар, журналдар, дипломдық жұмыс (жоба) тиісті арнайы әдебиетті терең меңгеру негізінде орындалуы қажет болғандықтан, оның ішінде шетел тілдеріндегі журналдарды ұсынуға;
- студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың күнтізбелік кестесін сақтауы үшін ағымдық бақылауды жүзеге асыруға;
- белгіленген уақытта дипломдық жұмыстың көлемі мен бөлімдері бойынша консультациялар өткізуге.
2.2.3. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге, студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындауы туралы мерзімдік есептерінің мерзімін бекітуге және ғылыми жетекшімен бірігіп дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейі туралы аралық есепті қабылдауға міндетті.
Шығарушы кафедра студенттерінің дипломдық жұмыстарының (жобаларының) дайындығы туралы ақпарат факультет деканына беріледі. Студент дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмаға сәйкес дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейі туралы үш есепті ұсынуы қажет:
біріншісі - оқу үдерісінің кетесіне сәйкес іс-тәжірибеге кетекнге дейінгі I тарауының орындалуы туралы аралық есеп;
екіншісі – оқу үдерісінің кестесіне сәйкес іс-тәжірибе аяқталған соң II және III тараулардың орындалуы туралы аралық есеп;
үшінші есеп оқу үдерісінің кестесіне сәйкес МАК жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын – алдын ала қорғау алдында дипломдық жұмыстың (жобаның) аяқталуы туралы.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалу кестесін сақтамаған және дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейі туралы есеп берілмеген жағдайда ғылыми жетекші шара қолдану үшін кафедра меңгерушісіне жазбаша түрде ақпарат береді.
2.3.Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма
2.3.1. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада бастапқы материалдар мен дерек көздерін сипаттау, студент әзірлейтін сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материал (таблицалар, диаграммалар, сызбалар, суреттер және т.б.) тізімі, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың толық күнтізбелік кестесі болады. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырманың үлгісі 2 қосымшада көрсетілген.
2.3.2. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырманы жұмыстың аяқталу мерзімін көрсетіп, кафедра меңгерушісі бекітеді және ол бірінші беттен кейін нөмірленбей дипломдық жұмысқа (жобаға) қоса тігіледі, бірақ беттердің жалпы санына кіреді.
2.3.3. Жекелеген жағдайларда дипломдық жұмыстың (жобаның) жеке бөлімдері бойынша ғылыми жетекшілікке берілген сағаттар көлемі шегінде (24 сағ.) дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада көрсетіліп, кеңесшілер шақырыла алады.
2.3.4. Күнтізбелік кесте әдебиеттерді таңдаудан бастап алдын ала қорғаудан өтуге дейінгі дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың барлық сатылары көрсетіліп, бүкіл кезеңге құрылады [2 қосымшаны қараңыз].
2.3.5. Инженерлік-техникалық мамандықтарда білім алатын студенттер дипломдық жұмыстарында (жобаларында) негізгі тақырыптан басқа өндіріс технологиясы, автоматтандыру, кешенді механикаландыру, стандарттау, бағдарламалық өнімдерді пайдалану, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті басқару, еңбекті қорғау мәселелері, өнеркәсіптік экология, жобаларды экономикалық негіздеу мәселелеріне түсінік беруді қамтамасыз етуі қажет.
Ескерту. Әдетте мұндай қосымша ақпарат қосымшаларда орналастырылады. Сондықтан инженерлік-техникалық және бірқатар жаратылыстану-ғылыми мамандықтар үшін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің жеке шешімімен қосымшалар ҚР МЖБС 5.03.016-2009 8.43 т. сәйкес беттерді алмастырмай номерлеуді қолдану арқылы (60-90) дипломдық жұмыстың (жобаның) жалпы көлеміне енгізілді.
2.3.6. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі пайдаланылған есептеулер әдістерін негіздеу, өткізілген тәжірибелерді суреттеу, әр түрлі нұсқаларды салыстырмалы талдау арқылы жұмыс тақырыбының мақсатын, міндеттерін ашып, суреттер, кестелер, сызбалар, диаграммалар, схемалар және компьютерлік технологияны қолдану болуы қажет.
2.3.7. Дипломдық жұмысты (жобаны) студент жоғары оқу орнындағы сияқты зерттеу нысаны мен пәніне сәйкес басқа кәсіпорындарда, ұйымдарда, жобалық-құрастырушылық бюроларда, ҒЗИ-ларда орындай алады.
2.4. Дипломдық жұмыстың құрылымы
2.4.1. Дипломдық жұмыс (жоба) студенттің нақты мамандық бойынша өз бетінше машиналық жазба мәтінінде 60-90 бет көлеміндегі қолжазба түрінде әзірлеген ғылыми-зерттеу жұмысы, гуманитарлық мамандықтар бойынша көлемі 100 бетке дейін баруы мүмкін. Қосымшалар көрсетілген дипломдық жұмыс (жоба) көлеміне енгізілмейді.
2.4.2. Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері:
-
Мұқабасы
-
Бірінші беті
-
Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма
-
Мазмұны
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсынымдық бөлімдер)
-
Қорытынды (қорытындылар мен ұсыныстар)
-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Қосымша (лар)
2.4.3. Мұқаба мен бірінші бет дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беттері болып табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін мәлімет беретін ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Дипломдық жұмыстың мұқабасы мен бірінші беті нөмірленбейді, бірақ жалпы беттер санына кіреді. Мұқаба мен бірінші беттің үлгілері 3 және 4 қосымшаларда келтірілген.
2.4.4. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнына кіріспе, барлық тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.
Мазмұнында дипломдық жұмыстың әрбір элементінің (тарау, параграф) қарсысына ол басталатын беттің номері қойылады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны келесі шарттарға жауап беруі керек:
-
Материалды баяндаудың логикалық бірізділігі;
-
Зерттеудің нақты мақсатты бағыттылығы;
-
Жұмыс нәтижелерін баяндаудың нақтылығы;
-
Қорытындылардың, нәтижелердің дәлелділігі және ұсынылатын шешімдер мен ұсыныстардың негізделгендігі
«Мазмұнының» үзгісі 5 қосымшада келтірілген.
2.4.5. Кіріспеде дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының маңыздылығына негіздеме, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, мін деттері және нысаны қалыптастырылып, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың теориялық және әдіснамалық негізі мен тәжірибелік базасы суреттелуі қажет. Кіріспенің көлемі 3-5 бетті құрауы мүмкін.
2.4.6. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Дипломдық жұмысқа (жобаға) 2-3 тарау енуі мүмкін.
Бірінші тарау - теориялық, оған 2-3 параграф кіруі мүмкін. Аталмыш тарауда ғылыми, заңнамалық, статистикалық, тәжірибелік және басқа да әдеби деректерді шолу негізінде зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Әдеби деректерді шолу барысында аталмыш тарауда қарастырылатьын мәселенің мағыналық аппараты, әдіснамалық негіздері ашылып, зерттеліп отырған тақырып бойынша отандық сияқты шетелдік ғалымдардың да әр түрлі көзқарастарына салыстырмалы баға берілуі және қойылған міндеттерді зерттеуде және шешуде өз тәсілі мен үлесі анықталуы қажет.
Екінші тарау – сараптамалық. Бұл тарауға 2-3 параграф енуі мүмкін, оларда арнайы ақпаратты (ғылыми, анықтамалық, нормативті-заңнамалық, техникалық, статистикалық, тәжірибелік және т.б.) меңгеру негізінде зерттеліп отырған нысанға жан-жақты кешенді талдау жасалады, зерттеу нысаны мен пәніне жіті сипаттама беріліп, зерттеліп отырған нысанның факуторлары мен заңдылықтары, қолданыстағы тәжірибедегі даму тенденцтялары, кемшіліктері және оларды әрі қарай шешу жолдары анықталады.
Үшінші тарау – түйіндік, ұсынымдық. Бұл тарау 2-3 параграфтан тұруы мүмкін, оларда зерттеліп отырған мәселені теориялық және тәжірибелік талдау негізінде зертттеліп отырған мәселенің кемшіліктері, аталмыш саладағы шешілмеген мәселелер, моделдеу мен жағдайды қолдану арқылы әрі қарай даму келешегі мен мәселені шешу жолдары анықталады, сонымен қатар зерттеу нысанының қызметін ұйымдастыру және басқарудың жеке бағыттарын жетілдірудің басқа да мүмкіндікті жолдары ұсынылады.
2.4.7. Қорытындының көлемі 3-5 беттен тұрып, дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындыларды, қойылған міндеттерді шешу толықтығын бағалауды, талданатын зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет.
2.4.8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген пайдаланылған ғылыми, оқу, мерзімдік, заңнамалық-нормативтік, статистикалық, электрондық және басқа да көздердің тізімін сипаттап, құрамына 30-дан кем емес дерек көздері енгізілуі қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі 6 қосымшада көрсетілген.
2.4.9. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған және кестелер, суреттер, нұсқаулықтар, техникалық сипаттамалар, бағдарламалық өнімдер, есептеулер және т.б. түрінде ұсыныла алатын, дипломдық зерттеуді орындауға байланысты материалдар енгізіледі.
III. Дипломдық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар
3.1.1. Әрбір студент дипломдық жұмыстың (жобаның) дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу бойынша талаптарға сәйкестігіне нормалық бақылау рәсімінен өтеді. Дипломдық жұмыстың (жобаның) талаптарға сәйкестігі нормалық бақылау парағымен ресімделеді, оған нормалық бақылаушы және студент қол қойып, ол конвертпен дипломдық жұмысқа салынады.
3.1.2. Нормалық бақылаушыларды кафедра меңгерушісі шығарушы кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы қатарынан тағайындайды. Нормалық бақылауға дипломдық жұмысқа жетекшілік етуге арналған жалпы мөлшерден (24 сағат) бір дипломдық жұмысқа 1 сағат есебінен белгіленеді.
3.2. Нормалық бақылау парағының үлгісі 7 қосымшада келтірілген. Нормалық бақылаушының міндеті – дипломдық жұмыстың ресімделуінің МЖБС талаптарына сәйкестігін тексеру.
3.3. Дипломдық жұмыс (жоба) баспа әдісімен баспа машинкасының немесе компьютер мен принтердің көмегімен А4 пішіндегі ақ қағаздың бір жағында бір интервал арқылы орындалуы қажет. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14. Барлық жұмыс бойынша бейнелердің біркелкі тығыздығы, қарама-қарсылығы пен бірдей айқындығы сақталуы қажет. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мұқабасы қатты (кітаптық) болуы керек.
3.4. Беттердің келесі өлшемдерін сақтау қажет: шеттері – сол - 30 мм, оң – 10 мм, жоғарғы – 20 мм, төменгі – 25 мм. Азат жол – 0,8 (төртінші белгіден).
3.5. Дипломдық жұмыстың (жобаның) барысында анықталған қателерді, жаңылыс жазуларды, графикалық дәлсіздіктерді тазалау немесе ақ бояумен бояу және мәтіннің (графиканың) дәл сол дұрысталған жеріне машинкамен басып немесе қолжазбалық әдіспен (қара сиямен, қара тушьпен немесе гелийлік қаламмен) түзетуге рұқсат етіледі.
3.6. Тегі, мекеменің, ұйымның, фирмалардың атаулары, бұйымдардың атауы мен жалқы есімдер дипломдық жұмыста (жобада) түпнұсқа тілінде келтіріледі.
3.7. Әрбір тарау (бөлім) мен әрбір параграф (тарауша) аяқталған ақпаратты беріп, жиынтығында дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуы керек.
3.8. Тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) атауларын астын сызбай, соңында нүктесіз бас әріппен азат жолдан (төртінші белгі) теру қажет. Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, онда олар нүктемен ажыратылады.
3.9. Беттер араб цифрларымен барлық мәтін бойынша алмаспайтын нөмірлеу арқылы нөмірленеді. Беттің нөмірі беттің төменгі жағында ортасында нүктесіз қойылады.
3.10. Мұқаба, бірінші бет пен дипломдық жұмысқа тапсырма нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы нөміріне қосылады.
3.11. Мазмұны мен кіріспенің бірінші беті нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы нөмірленуіне енеді. Беттерді нөмірлеу кіріспенің екінші парағынан 7 нөмірінен басталып әрі қарай мәтін бойынша жалғасады.
3.12. Жеке беттерде орналастырылған суреттер мен кестелер дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерінің жалпы нөмірленуіне енгізіледі.
3.13. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тараулары (бөлімдері) бар жұмыс шегінде нүктесіз араб цифрларымен белгіленген және азат жолдан жазылған реттік нөмірлермен белгіленуі қажет. Параграфтардың (тараушалардың) әрбір тарау (бөлім) шегінде нүктемен ажыратылған нөмірі болуы қажет. Параграф (тарауша) нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.
Мысалы:
1 Қазақстанның қаржылық жүйесі мәнінің теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жүйе ұғымы
1.2 Қаржылық жүйенің қызметі
Дипломдық жұмыстың (жобаның) әрбір тарауы (бөлімі) жаңа парақтан, беттен басталады. Мәтін тарау мен параграфтың атауынан екі жолдық интервалмен (екі Enter) бөлінеді. Бір тараудың ішіндегі параграфтар (тараушалар) мәтіннен өзара екі жолдық (екі Enter) интервалмен бөлінеді. Тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) атаулары бас әріптен басталып, тырнақшаға алынбайды, атаудың соңында нүкте қойылмайды.
3.14. Суреттерді (сызбалар, карталар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фотосуреттер) тікелей олар бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру керек. Суреттер түрлі-түсті болуы және алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірленуі мүмкін. Тарау (бөлім) шегінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Барлық суреттерге сілтемелер берілуі қажет. Суреттерге қажет болған жағдайда атау және түсініктемелік мәліметтер (суреттік мәтіндер) беріледі. «Сурет» сөзін және оның атауын оның түсініктемелік мәліметтерінен кейін келесі үлгіде орналастырады:
Мысалы:
40
30
20
10
2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009
көденеңінен – жылдар
тігінен – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі
1 сурет Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруі
3.15. Кестелер тікелей олар бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі беттерде орналастырылуы қажет. Барлық кестелерге сілтемелер берілуі керек. Кестенің атауын кестенің астында азат жолмен келесі жолдан «Кесте» сөзінен және оның нөмірінен кейін орналастыру қажет.
Мысалы:
1 кесте
Инновацияларды енгізу кезіндегі қосымша құнның артуы
№ р/с
|
Инновациялардың түрлері
|
Қосымша құнның артуы
|
1
|
Жаңа өнімді алу технологиясы
|
17%
|
2
|
Электромагниттік және химиялық активация технологиясы
|
30%
|
3
|
«Де-Смет» фирмасының желісіндегі экстракциялық май өндірісінің технологиясы
|
33%
|
4
|
Күнжараны ұсақтау техникасы мен технологиясы
|
20%
|
Жолдар саны көп кестені келесі бетке (параққа) көшіруге болады. Кестенің бір бөлігін келесі бетке (параққа) ауыстыру кезінде «Кесте» сөзі және оның нөмірі мен атауы кестенің бірінші бөлігінің сол жоғарғы бөлігінде бір рет көрсетіледі, басқа бөліктерінің жоғарғы жағында нөмірді көрсетіп «Кестенің жалғасы» деп жазылады. Кестенің бөлігін көшіру кезінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызығы жүргізілмейді. Көп бағаналы кестені қосымшаға орналастырған орынды.
Кестелерде келтірілетін өлшемдердің өлшем бірліктері келтірілуі, оларды қысқарту ережелері сақталуы қажет. Бағаналар мен басқа мәтіндерде еркін қысқартуға рұқсат етілмейді. Кестенің мәтіндік материалдарында сөйлемнің соңында нүкте қойылмайды.
Егер кестенің бағанында қайталанатын мәтін бір сөзден тұрса, онда оны бір рет жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға болады; егер екі немесе одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші рет қайталау кезінде оны «тағы да» сөзімен, ал одан әрі тырнақшалармен алмастыруға болады. Қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тынақшаларды қоюға рұқсат етілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифрлік немесе басқа да мәліметтер келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады. Кестелер алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірленеді. Кестеде мәтінге қарағанда шрифтінің кішірек өлшемін қолдануға болады.
3.16. Ескертуді мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе осы ескертулер жататын кестеде орналастыру қажет. Кестеге ескертулерді кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін көлденең сызықтың жоғарғы жағына жазады.
«Ескерту» сөзін азат жолдан бас әріппен, ыдыратып және астын сызбай теру керек. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен теріледі. Бір ескерту нөмірленбейді, бірнеше ескерту нүктесіз рет бойынша араб цифрларымен нөмірленеді.
3.17. Мәтіндегі формулалар мен теңдеулер жеке жолға жазылады. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғарғы және төменгі жақтарында біреуден кем емес бос жол қалдырылуы керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол тең (=) белгісінен немесе қосу (+), азайту (-), көбейту (х), бөлу (:) немесе басқа да математикалық белгілерден кейін көшіріле алады, және бұл белгілер келесі жолда қайталанады.
Символдар мен сандық коэффициенттердің мағынасын түсіндіру олар формулада қандай кезекпен келтірілсе, формуланың астында да сондай кезекпен келтірілуі керек. Әрбір симфол мен коэффициенттің мағынасын жаңа жолдан беру керек. түсініктеменің бірінші жолын қос нүктесіз «мұндағы» сөзінен бастайды.
Дипломдық жұмыста (жобада) формулаларды барлық жұмыстың шегінде араб цифрларымен дөңгелек жақшаларда жолдың оң жақ шетінде реттік нөмірлеу арқылы нөмірлеу керек.
мысалы:
Э1-n = ЧП1-n / ВА1-n (8)
Эср = ∑ Э1-n / n (9)
Эк=[∑(ЧП1+ЧП2+ …+ ЧПn )] / [∑(ВА1+ВА2+…+ВАn)], (10)
мұндағы
Э1-n – 1- ден n-ге дейінгі кәсіпорынның экономиакалық тиімділігі;
ЧП1-n – 1- ден n-ге дейінгі кәсіпорынның таза пайдасы;
ВА1-n - 1- ден n-ге дейінгі кәсіпорынның жалпы активтері;
Эср - 1- ден n-ге дейінгі кәсіпорынның орташа экономикалық тиімділігі;
n - кәсіпорындар саны;
Эк – кластердің тиімділігі;
ЧП1, ЧП2, …, ЧПn –n кәсіпорындардың таза пайдасы;
ВА1, ВА2, …, ВАn - n кәсіорындардың жалпы активтері.
3.18. Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер тік жақшаларда келтіріледі. Бір дерек көзіне бірнеше рет сілтеме жасалған уақытта тік жақшада дерек көзінің реттік нөмірінен басқа тиісті беттерінің нөмірі де қойылады. Мәтіндегі сілтемелердің саны пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі дерек көздерінің санына сәйкес болуы қажет.
3.19. Деректер жөніндегі мәліметтерді дипломдық жұмыс (жоба) мәтінінде дерек көздеріне сілтемелердің қойылу тәртібінде орналастырып, нүктесіз араб цифрларымен нөмірлеп және азат жолдан басу керек (6 қосымшаны қараңыз).
3.20. Қосымшаларды дипломдық жұмыстың (жобаның) жалғасы ретінде ресімдейді және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін орналастырады. Барлық қосымшаларға мәтінде сілтемелер болуы керек. Қосымшаларды олардың мәтіндегі сілтемелеріне сәйкес орналастырады. Әрбір қосымша беттің жоғарғы жағында ортасында «Қосымша» сөзін және бас әріптен бастап оның атауы мен нөмірін көрсету арқылы жаңа беттен басталады. Қосымшалардың атаулары мәтінге симметриялы бас әріптен басталып келесі жолдан басталып жазылады. Қосымшалар араб цифрларымен нөмірленеді және дипломдық жұмыстың (жобаның) қалған бөлігімен ортақ алмаспайтын нөмірлену арқылы нөмірленуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |