I тарау. Графиктер мен Функциялар оқыту әдістемесі мен қолданылатын құралдар



бет5/17
Дата14.05.2023
өлшемі1.74 Mb.
#473678
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Гулнур работа

4.Заманауи белсенді әдіс-тәсілдер

Қазіргі заманауи әдіс – тәсілдерді қолданудың тиімділігі


Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.Себебі, білім берудің мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарас , жаңаша қарым-қатынас пайда болды.Сол себепте Қазақстан Республикасына білім беру жүйесіндегі жаңашаландыру үрдісі жүруде. Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне, мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. 
Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік, дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне байланысты.Оқыту әдістері – оқытушы мен тіл үйренушінің оқу- тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған іс- әрекеттері. «Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу- тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым 
М.М. Поташник: «Инновация- оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» деп анықтама берген.
Үздіксіз дамып жатқан қоғамда еліміздегі білім беру саласында әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген оқытудың жаңаша тәсілі құрылды. Кембридж оқыту тәсілі негізінде ұйымдастырылған мұғалімдердің біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Осы курсты меңгеру үшін, өз білімімді жетілдіруге, жаңаша әдіс – тәсілдерді үйренсем деген оймен ІІІ деңгей бағдарламасын оқуға жолдама алып, оқып үйреніп келіп, өз іс- тәжірбиемде қолданудамын. Кембридж оқу әдіс –тәсілдерін оқып үйренуде менің алдыма қойған мақсатым:қарқынды өзгеріп жатқан заманда мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы,өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге дайын болуы,оқыту үрдісінде тың идеялар мен жаңаша әдіс – тәсілдерді қолдануы; өз әріптестерімнің тәжірибесін жетілдіруі, тәлімгерлік үдерістерін іске асыру болып табылады. Заман ағымына қарай курсты өткен әрбір ұстаз үнемі өз білімін жетілдіруге, іс-тәжірибесін өзгертуге, оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыруға, сабақ үрдісінде оқушылардың іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуге міндетті.
Бұл біліктілікті арттыру курсында әлем мойындаған озық тәжірибе туралы мол мағлұмат алып, өз тәжірибеме өзгерістер енгізе отырып, жаңаша форматта орта мерзімді, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сабақтар топтамасын жоспарлаудан бастадым.Курстан өткеннен кейін толық ақпарат алып, алған білімімді іс-тәжірибемде жасауға кірістім. Біздің іс-тәжірибемізде оқытудағы үрдіс бойынша дәстүрлі оқытумен,сабақта мұғалімнің берген, түсіндірген дайын білімімен оқушылар біржақты білім алып келді. Ал, қазіргі сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының терең білімді түсінуі, оны өзі ізденіп алуы, алған білімді сыныптан тыс жерде қолдана білуін талап етеді. Сабақ үрдісінде мұғалімнің басты рөлі ол сыныпты ұйымдастыру, оқушыға бағыт-бағдар беріп, топтық жұмыстағы оқушылардың жеке қабілеттерін байқап, жеке мүмкіндіктерін ашу. 
Әрине бір сабақта 7 модульді ықпалдастыра отырып қолдану мүмкін емес, сондықтан бір сабақта кемінде үш – төртеуін кіріктіруге тырыстым.
Оқытуды Кембридж тәсілі бойынша ұйымдастыруда 7 модульді басшылыққа ала отырып, АКТ қолдану болып табылады. Білім беруде АКТ-ны қолдану модулі бойынша баланың да және өзімнің де жоғары деңгейде АКТ-ны пайдаланудың тиімді жақтарын түсіндім, себебі өз тәжірибемде көбіне презентацияны көрсетуде, тек көрнекілік ретінде тақырыптың мазмұнын меңгеруде өзім таныстырып, балаға қолдануға мүмкіндік беріп отырамын. Мысалы үй тапсырмасын тексеруде оқушыға қолжетімді болу үшін интерактивті тақтаға алдын ала дайындалған жауаптарды қолданам. Сабақтың басында тұсукесерге үнемі есептерді және мәртебелі сұрақтарды уақытты үнемдеу үшін интерактивті тақта арқылы дайындап көрсетем.Мысалы берілген тапсырманы тексеру үшін де дұрыс жауапты интерактивті тақтада әзірлеп дайындаймын.Бұл өте тиімді және оқушыларға да тексеруге ыңғайлы. Сонымен қатар сабақта зерттеуге берілген тапсырманы оқушылар сабақтың үстінде ғаламторға тікелей ену арқылы зерттеген математик ғалымдар туралы мәліметтерді тез тауып, постерге түсіріп басқа топтарға ұсына білді және тағы бір мүмкін сандық фотоаппарт пен сандық видеоны пайдалану арқылы сабақтың одан әрі сапалы болуына септігін тигізді, Өйткені видео және фотоаппаратқа қарап отырып, өзімізді реттеуге, сабақты талдауға, баланың өз-өзін реттеуге көп үлесі тигізеді. Өзімнің сабағымда мен флипчартпен жұмысты белсенді пайдаланудамын. Мысалы: жай бөлшектерді қосу, жай бөлшектерді салыстыру, жай бөлшектерді салыстыруға есеп шығару т.с.с. тақырыптарға құрастырып пайдаландым.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: жаңа форматта сабақ өткізу барысында білім беру үрдісі нәтижелі болу үшін оқушылардың білімді өз бетімен меңгертуде мұғалім бағыттаушы ролінде болады. Білімді өз бетімен меңгеру барысы оқушының «өзін-өзі реттеу» үрдісіне жатады. Өзін-өзі реттеу арқылы балада түсіну, қадағалау, бақылау қабілеттері дамиды. Бұл қабілеттер оқушыда метатану үрдісі арқылы жүзеге асады. Бұл модуль бойынша сабақ бермей тұрып, өзін-өзі реттеу алдымен өзімде жүрді, яғни алдымен өзімді психологиялық тұрғыдан реттей отырып, балаларды үйретем. Жаңа білімді меңгеру барысында топтағы жұптық жұмыстарда балалар бір-бірінің пікірлерін тыңдау кезінде өздеріне және құрбыларына баға беру арқылы өз-өздерін реттей алғанына көздері жетті.Топтық оқыту әдісін қолдану кезінде оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі бағалау топта оқушылардың білім деңгейін, ынтасын көтереді, бір-біріне көмектесу, бірінің білмегенің бірі толықтыру арқылы сенімділік артып, оқушының тақырыпты меңгерудегі олқы жерлерін бақылап, мұғалім мен оқушылар арасында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатылады. Математика сабағындағы топтық жұмыстар қолданылған жекелеген жобаларда толық топтарға қарағанда, шағын топтағы оқушылардың шығармашылық неғұрлым тиімді жұмыс істегені байқалады.Себебі, тығыз ынтымақтастық пен қателіктер сындарлы әңгімелесу жағдайында математика есептерін шешуде өздерін сенімді ұстайды.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету стратегиясы оқушылардың жаңа білімді меңгеруде берілген ақпарат туралы ойлау, талдау, бағалауда алынған ақпаратты одан әрі жетілдіруге бағытталған пәндік шешім болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіру барысында сабақта әр түрлі әдіс –тәсілдерді қолданам: жоғары төмен мәртебелі сұрақтар, Венн диаграммасы, ыстық орындық, семантикалық карта, бесжолды өлең. Аталған тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың жауаптарын талдай отырып ойларын еркін, ашық жеткізетіндігін, болжам жасай алатындығын, ұшқыр ойлап оны дәлелдеуге мүмкіндіктерінің артқанын байқалады. Мысалы: Венн диаграммасы арқылы «Жай бөлшектерді қосу» және «Жай бөлшектерді азайту» ережелерін пайдаланып айырмашылығы мен ерекшеліктерін постерға түсіріп салыстыру біледі және оларды бір ортақ бөлімге келтіруге болатына арқылы сыни түрде сипаттама бере алатыны анық.Осы тапсырманы орындау барысында ерекше көзге түскен оқушылар өзінің постерін жақсы қорғайды. Бекітуге барлық топтарға постер берліп, мысалы "теңдеу" деген сөзге бесжолды өлең құрастыруға тапсырма берілді.Бес минуттың ішінде тапсырмаларын орындап, қорғайды.Осы тапсырма оқушылардың математикалық тілін дамытуға жақсы көмектеседі. Сабақты қорытындылау мақсатында "Ыстық орындық" әдісін пайдаланып ойын ойнатам.Ортаға өз еркімен бір оқушы шығып, оған басқа топтар сұрақтар қояды.Барлық сұрақтарға жауап беруге тырысады. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, тақырыпты талдауға,салыстыруға, сол арқылы есептердің шешімін табуға, өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыра отырып талдауға, жинақтауға, шешім қабылдауға ұйретудемін. Қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға тақырапқа сай сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап беріп, осы қойылған сұрақтар арқылы ассоциация жасатып, постер қорғауға мүмкіншілік беремін.Осы тапсырманы орындай отырып топтастыру жасап постерлерін қызығушылықпен орындап, қорғайды. Постерлерін қорғай отырып, екі топ бір-біріне «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша бір-бірін бағалап, екі жетістікетері мен бір ұсыныстарын айтып кетеді.Сәтті жерлерін екі жұлдыз,ал болашақта кемшіліктер жібермесе деген ұсыныс әдісі бойынша бағалауда қатты қызығушылық танытқаны байқалады. 
Сабақ үрдісінде қолданылатын 7 модульдің біреуі ол бағалау.
Сабақта суммативті және формативті бағалау түрлерін қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген ынтасы арттырып, бір-бірін бағалау кезінде әділдік, сенімділік пайда болып, сыныптағы ұйымшылдық қалыптасады. Әр сабақ сайын бағалау критерийлерін қолданып, смайликтер арқылы бағалау,топ басшылары бағалау және өзін-өзі бағалау арқылы, бағалау түрлерін өзгертіп отырам, бұл сабаққа деген ынтасын арттырып, оқушылардың білім деңгейін көтереді. 
Модульдерді сабақта ықпалдастыра отырып дарынды және талантты оқушыларды оқытуда жаңашыл идеяларды тиімді пайдалана отырып, олардың жан-жақты ізденуі арқылы, өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы, танымдық қабілетін ашып, шығармашылығын дамыту болып табылады. Жас ерекшеліктеріне байланысты дарынды мен талантты балаларға арналған тапсырмаларды бөлек дайындадым. Арнайы тапсырмаларды орындау барысында және сыныптағы топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде өзімнің бақылауға алған жоғары деңгейлі оқушымның бойынан дарынды балаларды анықтаудағы Фриманның өлшемдерінің есте сақтау және білім; өз білімін жетілдіру; ойлау қабілетінің жылдамдығы; мәселені шешу өлшемдері көрініс тапқанын байқадым. Зерттеуге алынған жоғары деңгейлі оқушы постер қорғау барысында ақпаратты біліп қана қоймай оны өткен материалмен байланыстыра отырып дәлелді жауап береді. Ал қалған өлшемдерінің көрініс табуын оқушының күрделенген тапсырмаларды, яғни деңгейлік тапсырмаларды шешу жұмысын тексеру кезінде байқалады. Осы модульды сабаққа енгізуім дарынды балаларымның арасындағы бәсекелестікті одан сайын жөғарлай түседі, ал бәсекелестік бар жерде алған білімнің нәтижелерін оңай көруге болады деп ойлаймын. Тағы бір осы модульды пайдаланудағы өзгерістерім, дарынды оқушылар топпен жұмыстану барысында креативтік орта құрып, топ мүшелерінің өз мінез құлқына, жалпы өмірге өзіне шығармашылықпен қарауына түрткі болды. Өзіне сенімділік, басқаларға құрметпен қарауға, оқушылар бойында өзіне деген сенімділікті қалыптастыруда үлестерін қосты. Әр сабақта оқушылардың дарындылығын деңгейлік тапсырмалардың деңгейін жоғарлатып, сабақ үстінде көбірек танымдық тапсырмаларды беруге тырысып отырмын.Негізінде әр бала өз деңгейінде дарынды. Біз сол баланың бойындағы дарындылықты аша білуіміз керек. Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша сабақ беретін сыныптарымның жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар берем. Жас ұрпаққа жан жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныпта оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды.Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай білім деңгейіне сай сабақтың түрін ттауып, сол тақырыпты игеруде мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі-математикалық дидактикалық ойын элементтерін қолдану. Сондықтан өзімнің сабағымда мен мынадай ойындарды пайдаланудамын:математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар. Мысалы: Қоян қайда секіреді?, Кім бірінші?, жасырылған тапсырмалар, ойлап, тап т.с.с. Әр сабақта ынтымақтастық атмосфера құру, шаттық шеңберін жасау, әр түрлі әдістермен оқушыларды топқа бөлу топ мүшелері арасында ынтымақтастық орнатып, бір-біріне деген сыйластығы артатыны белгілі.
Жаңа материалды меңгергенін пысықтау үшін мысал есептерді интерактивті тақтадан қарап шығарды. Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмаларды бірінші жеке, одан кейін топта сағат тілі арқылы тексеріп отырды Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Дарынды балаларды оқытуда Л.С.Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез- келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Выготский бойынша «ЖАДА» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 72б.).
1-деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар үлгі бойынша формуланы «қолдану» арқылы орындады, яғни жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізді.
2-деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түсті. Оқушылар өз бетімен жұмыстанды. 
3 - деңгей тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорытуы бар арнайы математикалық диктант берілді. Бұл тапсырмаларды дарынды, ізденімпаз, математика пәнінен қабілеті жоғары оқушыларға арналды. 
Жоғары деңгейлі оқушыларымның барлығы, оның ішінде Камалов Еркінде үшінші деңгейлі тапсырмаларды орындап үлгерді және топпенде бөлісіп отырып, түсіндірді. Үшінші деңгейлі есептерін шығаратын оқушылардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң әр топбасшы параққа оқушылардың балдарын қойып есептеп отырды. Қорытындысын бағалау парағына түсірді. (Қосымша
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау – білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Және осы бөлімде оқушының ойлау қабілетін арттыру мақсатында логикалық есептер бердім. Оны оқушылардың ойлау қабілеттілігінің шапшаңдығын шыңдай түсетіндіктен қолдандым. Логикалық тапсырмаларды интерактивті тақтадан көрсету арқылы орындады, кейін жасырынған жауапты өз жауабымен салыстырды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет