I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы. 1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі


Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі



бет2/3
Дата04.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#178102
1   2   3

1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі КДЖК-тің 54-бабында белгіленген. Мерзімдер сағаттармен, тәуліктермең, айлармен және жылдармен есептеледі.

КДЖК-тін 54-бабынан мерзімді "есептеу" және иерзімнін "өтуі" мәнінің бірдей емес екенін көреміз. Мерзімнің өтуі іс жүргізу әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін белгілі бір уақыт өткенін немесе өтіп жатқанын білдіреді, оны есептеуге болады. Ал мерзімді есептеу ден қойылып отырған уақытқа оны сағаттармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеудің заңда белгіленген ережелерін қолдануға болатынын білдіреді.

Іс жүргізу мерзімдерін есептеудің өзіндік ерекшелігі күндер мен тәуліктер арасындағы айырмашылықта. Мұның алдында, мерзім-кезеңдердің маңызына сипаттама берген кезде, біз заң шығарушының "күн", "бір күн ішінде", "келесі күні" сияқты ұғымдарды пайдаланғанын атап көрсеткен болатынбыз (КІЖК-тің 209, 212-баптары) және т.т. Сонымен бірге ҚІЖК-тін 54-бабының 1-бөлігіңде мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен, жылдармен есептелетіні айқын атап көрсетілген. Бұл бапта мерзімнің күнмен есептелетіні айтылмаған. "Күн" ұғымының мазмұнын, сірә, тәуліктің жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі бөлігін құрайтын "түнгі уақыт" ұғымымен қамтылмаған тәуліктің бір бөлігі деп түсіну қажет шығар. Жалпы ереже бойынша мерзімді тәулікпен есептеу кезінде ол соңғы тәуліктегі жиырма төрт сағатта бітеді.

Мерзімдер есептеу механизмін түсінудің практикалық манызы бар, әйтпеген жағдайда заң талаптарының өрескел бұзылуы мүмкін. Осыған байланысты мерзімнің өтуі басталатын сағатпен тәулік есепке альшбайтынын, бұған ұстау кезіндегі мерзімдерді есептеудің қатысы жоқ екенін ескеру қажет. Бұл нұсқаға мерзімнің өтуі іс жүзіңде оны есептеуден бұрын басталатыңын бітдіреді. Атап айтқаңда, Р.Х.Якупов былай деп атап көрсетеді: "мерзімдерді есептеудің мұндай тәртібін заң шығарушы кездей-соқ белгілемеген. Сағаттармен есептелетін мерзім өте бастайтын уақыт толық емес сағат, ал тәуліктермен және айлармен есептелетін мерзім өте бастайтын уақыт — толық емес тәулік болуы мүмкін. Сондықтан сағаттармен, соңдай-ақ тәуліктермен және айлармен есептелетін мерзімнің соңғы сәтін белгілеу мерзім бітетін минуттарды және тіпті секунттарды есептеумен қиындатылған болар еді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде осындай дәл есептеулер жасау мүлдем жөнсіз. Мерзімдер есептеудің қабылданған жүйесі есетеуді жеңілдетеді".

Мерзімдерді дұрыс есептеудің маңызды екенін регламенттелуінде іс-қимыл жасалатын уақыт атап көрсетілген бірқатар нормалар дәлелдейді. Мәселен, қылмыс жасады деген күдік келтірген адамды ұстау хаттамасында ол ұсталған сағат, минут, күн, жыл және ай, хаттама жасалған уақыт көрсетілуі қажет (КІЖК-тің І34-бабы).

Сағатпен есептелетін мерзімдер. Бұл мерзімдер белгіленген категорияларға жатқызылады, олар: 1 сағат (ҚІЖК-тің 212-бабы); 3 сағат (КІЖК-тін. 134-бабы); 4сағат (ҚІЖК-тің212-бабы); 6 сағат (ҚІЖК-тің 150-бабы); 24 сағат (КІЖК-тің 232-бабы); 48 сағат (ҚІЖК-тің 496,497-баптары); 72 сағат (КІЖК-тің 136-бабы).

Заңда іс жүргізу әрекеттерін жергілікті уақыт бойынша сағат 22-ден 6-ға дейінгі түнгі уақытта (кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырудан тартыңу көзделген. Сөйтіп, түнгі уақыттың ұзақтығы 8 сағатқа, ал күңдізгі уақыттан ұзактығы 16 сағатка тең. Демалу және үзіліс жасау уақыты көрсетілген нормаларды орындау кезінде осы жағдайларды ескеру қажет. Мысалы, КДЖК-тің 370-бабында былай делінген: "Жұмыс уақыты аяқталған соң, соңдай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) демалу үшін кенесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы". Ондай уақыт деп түнгі уақытты немесе ұзақтығы әдетте 8 сағат болатын жұмыс күні деген ұғымға жатпайтын кез келген уақытты таңуға болады. Сонымең бірге соттың қысқа үзіліс жариялауы мүмкін.

Сағатпен есептелетін ең көп қолданылатын мерзім 24 сағатқа тең. Бұл мерзім КДЖК-тің бірқатар баптарыңда атап керсетілген. Мысалы, қылмыс туралы арыз бойынша шешім ол берілген күннен бастап жиырма төрт сағаттаға кешіктірмей қабылдануға тиіс. Мәселен, егер арыз 2 сәуірде 12 сағат 20 минутта келіп түскен болса, бұл мерзімнің өтуі 2 сәуірдегі 13 сағаттан басталып, 3 сәуірдегі 13 сағатта аяқталады. Ал мерзімнін өтуі басталатын сағат есепке атылбайды. Бұл жағдайда ол — 12 сағат.

Заңмен 48 және 72 сағаттық іс жүргізу мерзімдері сирек белгіленеді.

Белгілі бір іс-әрекеттерді "кідіріссіз", "дереу" немесе "тез арада" орындауды ңұскайтын нормалардағы белгісіз мерзімдер біршама қиындықтар туғызады. Мұндай нұсқаулар, мысалы, ҚІЖК-тін 142, 216, 222, 235, 237-баптарында бар. Мәселен, КДЖК-тің 216-бабынын 2-бөлігінде былай деп атап керсетілген: . "Егер сезікті ұсталған немесе күзетпен қамауға алынған болса, ол өз айғақтарын корғаушының қатысуымен баяндауға құқылы. Қорғаушының қатысуын тез арада қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қамамасыз етуге міндетті". Қарапайым талдау "кідіріссіз", "тез арада" ұғымдарымен белгіленетін мерзім қалай болғанда да жиырма төрт сағаттан аз уақытты кұрайтынын көрсетеді. Сонымен бірге "кідіріссіз", "тез арада", "дереу" сөздерінің тікелей түсінігі бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді тікелей құқықтық негіздер пайда болған сәтте орындау керек. Бірақ бірқатар жағдайларда ол мүмкін болмайды. Осыған байланысты, А. П. Гуляевтің пікірі бойынша іс-әрекет 24 сағаттан кешіктірілмей орындалуға тиіс. Сонымен, "дереу" сөзінің әдеттегі ұғымы бұл мерзімнің КІЖК-тегі қазіргі ұғымына сәйкес келеді.

Тәулікпен және күнмен есептелетін мерзімдер. Бұдан бұрын атап көрсетілгеніндей, мерзім есептеудегі күн 24 сағат деп саналады, мерзім тәулікпен есептелгенде ол соңғы тәуліктердегі 24 сагат ішінде бітеді. Күндер мен тәуліктер есептеудегі негізгі айырмашылық міне, осында.

"Күн" мен "тәулік" ұғымдарының үйлеспейтінін бір нормаларда тәуліктік мерзімдердің, өзге нормаларда — күндермен есептелетін мерзімдердің белгіленуі сияқты фактілер дәлелдейді. Мысалы, КДЖК-тің 212-бабына сәйкес жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс". Жауап алу жалпы ереже бойынша күндізгі уақытта жүргізілетінін ескергенде, күн ұғымына, сірә, жергілікті уақыт бойынша сағат алтыдан жиырма екіге дейінгі уақыт кіруге тиіс болар. Сонымен бірге, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, жауап алуды түнгі уақытта да жүргізуге болады. Бұл жағдайларда күн ұғымына жауап алу басталған сағаттан кейінгі сағаттан бастап есептелетін 24 сағат кіреді.

Мерзімдерді тәуліктермен және күндермен есептеу тәртібіне түсініктер енгізу қажет екенін КІЖК-тің әңгіме мерзім-кез жайында болған кездегі қатынастарды реттейтін бірсыпыра нормалары дәлелдейді- Мысалы, КДЖК-тің 209-бабына сәйкес "айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген күні тағылады". Бұдан бұрын қаралған ережедегідей күн жауап алу басталған сағаттан кейінгі сағаттан бастап есептелетін 24 сағатгы қамтиды. Күндізгі уақытқа келер болсақ, бұл жерде айыпталушыға тағылған айыптың мәнін мүмкіндігінше ертерек білу құқығын жүзеге асыруға оның мүдделі екенін ескеру керек.

Келтірілген мысалдарға орай А. П. Гуляевтін мына бір ескертуі зейін қоярлық: "Заң шығарушының бірдей уақыт аралығы үшін "жиырма төрт сағат" және "тәуліктік мерзім" деген түрлі терминдер қолдануы, сірә, кездейсоқ болмаса керек. Бірдей уақыт аралығын белгілеу үшін түрлі термиңдер қолдана отырып, зан шығарушы аталған мерзімдерді есептеудің түрлі тәртібін белгілеген. Мұндай тұжырымның дұрыс екенін ұсталған адамды қамауға алуға немесе оны босатуға рұқсат беру туралы мәселені прокурордың шешуі үшін, мысалы, айып тағу үшін көзделгеніндей екі тәулік емес, ал кырық сегіз сағат белгіленген де көрсетеді. Сонымен, тәуліктік мерзім, біздің ойымызша, тәуліктермен есептелетін мерзімдердің бір бөлігі болып табылады. Мұның өзі тәуліктік мерзімді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын тәуліктер есепке альшбайтынын білдіреді". Заң шығарушы Іс жүзінде "жиырма төрт сағат", "бір күн", "жетпіс екі сағат", "үш тәулік" сияқты және т.б. мерзімдерді бір мезгілде колданады. Орнына, маңызына және құқықтық салдарына байланысты әр түрлі іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру мерзімдерін саралауға мүмкіндік беретін ерекше мән міне, осында.

Айлармен және жылдармен есептелетін мерзімдер. КІЖК-тің 54-бабына сәйкес ай мен жыл күнтізбе бойынша есептеледі; мерзімді айлармен немесе жылдармен есептеу кезінде мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Ал егер айлар бойынша есептелген мерзім тиісті күні болмайтындай айға келетін болса, мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің ақырғы күні болып саналады. Бұл ереже ұстау, қамауға алу, үйінде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесінде болу оқиғаларына қатысты емес.

Қылмыстық іс жүргізу заңында айлармен есептелетін мерзімдер көзделген; 1 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 184-бабы). 2 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 1-бөлігі), 3 ай (мысалы, КІЖК-тің 153-бабының 2-бөлігі), 9 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 3-бөлігі). Ұзақтығы 1 жыл іс жүргізу мерзімі ҚІЖК-тің 153-бабының 4-бөлігінде көзделген.

Мерзімнің ескіруін белгілеу кезіңде іс жүргізу мерзімдерін есептеудің кейбір ерекшеліктері бар. Мәлім болып отырғандай, егер ҚК-те белгіленген ескіру мерзімі өткен болса қылмыстық іс қозғауға болмайды (КІЖК 37-бап, 1-бөлік, 4-тармақ), сонымен бірге, ақтау үкімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескіруінің заңда белгіленген мерзімдері ішінде және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей жол беріледі (ҚІЖК-тің 473-бабы). ҚК-тін 69-бабына сәйкес мерзімнін ескіруі жылдармен есептеледі: кішігірім қылмыс жасалған күннен бастап 2 жыл; орташа қылмыс жасалған күннен бастап 5 жыл; ауыр қылмыс жасалған күннен бастап 10 жыл; аса ауыр қылмыс жасалған күннен бастап —15 жыл.

Мерзімнің ескіруін үзу және тоқтата тұру қылмыс үшін заңда көзделген жазаның сипаты мен мерзімнін материалдық-кұқықтық регламенттелуіне байланысты іс жүргізу мерзімі сол қылмыс жасалған күннен бастап есептеледі.

Заң шығарушы, егер мерзімнің бітуі жұмыс күні емес күнге келсе, мерзім есептеудің жалпы тәртібін белгілеген. Бұл жерде демалыс немесе мереке күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні ақырғы күн деп саналады. Демалыс күндері деп тек мереке күңдері, сенбі мен жексенбі саналуға тиіс. Бұл жағдай маңызды, өйткені құқық корғау органдарында "құбылмалы кесте" дейтін пайдаланылады, сол кезде демалыс күні аптадан кез келген күнге келеді. Сөйтіп, мерзімді есептеу үшін тек жұмыс күні емес деп белгіленген сенбіні, жексенбіні және мереке күндерін ғана есепке алу маңызды.

Бұл ережені сағаттармен есептелетін мерзімдерге қолдануға болмайды. Әйтпеген жағдайда, А. П. Гуляевтің әділ атап көрсеткеніндей: "аталған ережені занда белгіленген барлық мерзімдерге қатысты ету мерзімдерді сағатпен есептеуді қандайда болсын мәннен жиі айырған болар еді".

Зан шығарушы адамға қамауға алу түріндегі іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезіндегі мерзімдер есептеу тәртібін арнайы керсеткен. Мәселен, КІЖК-тін 153-бабына сәйкес (11-6) қамауға алудын мерзімі айыпталушы (сезікті) қамауда ұсталған кезден бастап прокурор істі сотқа жолдағанға дейін саналады. Адамды сезікті ретінде ұстау уақыты, соттың шешімі бойынша үйде қамауда ұстау және медициналық мекемеде мәжбүрлі түрде болу уақыты қамауға алу мерзіміне есептеледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының қылмыстық істің материалдарымен танысу уақыты қамауға алу мерзімін есептеу кезінде есепке алынбайды. Қамауға алу мерзімдерін регламенттеу ерекше маңызды, өйткені әнгіме адамның жеке басына тиіспеушілік, азамат пен адамға әуел бастан тиесілі құқықты еркін жүзеге асыру сияқты іс жүргізу әрекеттері жайында болып отыр.

Ғылыми пікірталастар

РСФСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (1990 ж.) теориялык, моделін әзірлеушілер өз кезінде іс жүргізу мерзімдерінің әлеуметтік-құқықтық мәнін жаңаша ұғынуға әрекет жасады. Атап айтқанда модель авторлары іс жүргізу мерзімдерінің құқық кепілдіктерінің бір түрі деп түсінілуіне көбірек көңіл бәлген. Мәселен, РСФСР ҚІЖК-тің 341-бабын-да мынадай ереже берілген: "Мерзімдерді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайды, бірақ бұл ұстау, қамауға әлу, үйінде қамауда ұстау және медициналық мекемеде болу кезіндегі мерзімдерді есептеуге қатысты емес". Соңғы ескертпе мерзімнің аяқталуы мерзімнің аяқталуы жұмыс күні емес күнге келген жағдайларға қатысты. Мұның мәнісі аталған модельдің 342-бабында түсіндірілген: "Адамды ұстау, қамауға алу, үйінде қамауда ұстау және медициналық мекемеге орналастыру кезінде мерзім сол шаралар іс жүзінде қолданылған кезден (сағаттан) бастап еселтеледі".

Теориялық модель авторларының көзқарасы олардың қылмыстық іс жүргізу институттары жүйесіне, категориялар мен ұғымдарға қатысты ізденістерінің адамгершілік сипатын қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарын күшейтуге ұмтылушылық бар екенін дәлелдейді.

Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу кезінде тергеу мерзімін есептеу тәртібі туралы мәселе айтыс-тартысты болды. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-тің 48-бабына сәйкес тергеу барысында бір іс жүргізуде бір немесе бірнеше қылмыс жасады деп бірнеше адамды айыптау бойынша, немесе бір адам өзара ұқсас не бір пиғылды бірнеше қылмыс жасаған жағдайда істерді біріктіруге болады.Бұрын қолданылған ҚІЖК-те мерзімдерді есептеу жөнінде әлдебір нұсқаулар болған жоқ. Атап айтқанда, И. Е. Быховский, А. Пюбавин, В. Шимановский есеп жүргізу нүктесі етіп бастапқыда қозғалған іс мерзімі алынуға, ал біріктірілген өзге істерді қозғау мерзімдері бұрын қозғалған істер шегіндегі жеке іс жүргізу мерзімдері ретінде қаралуға тиіс деп санайды. Бұл көзқарасқа А. П. Гуляев дау айтып, бірқатар іс жүргізу жағдайлары бойынша мерзім есептеудің басқа тәртібі болуы мүмкін деп санайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмаған қылмысты істі кінәлі адам әшкереленген іспен біріктірген кезде біріктірілген іс бойынша тергеу мерзімін екінші қылмыстық іс қозғалған кезден бастап есептеген жөн. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген ҚІЖК-інде бұл мәселе барынша толық реттелген (48-баптың 4-бөлігі) және де отандық қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде айтыс-тартыс туғызып отырған жоқ.


ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.

2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.

Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі ҚІЖК-тің 56-бабында регламенттелген. Жалпы ереже бойынша дәлелді себептермен өткізіп алынған мерзім мүдделі адамдардың өтініші бойынша, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың немесе іс жүргізіп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтірілуі мүмкін. Дәлелді себептер жеңу немесе кейінге қалдыру мүмкін емес оқиғалар болуы мүмкін, мысалы, ауыр сырқат, табиғат апаты, жұмыс бастылық және т.т. Осы айтылғанға орай егер шағым немесе өзге құжат мерзім өткенге дейін почтамен, жеделхатпен, ал қамаудағы адамдар үшін — бас бостандығынан айыру орындарынын әкімшілігі арқылы жіберілген болса, мерзім өткізіп алынды деп саналмайтыны туралы заң ережесінің зор маңызы бар. Құжаттар жіберілген мерзімді почта штемпелі бойынша анықтауға болады.

Кейбір іс жүргізу әрекеттері бойынша бастапқыда көзделген мерзімдер ұзартылуы мүмкін. Ұзарту негіздері ҚІЖК-те жеткілікті түрде толық көрсетілген. Жекелеген мерзімдердің (мысалы, алдын ала тергеудің адамға қамауға алу шарасын қолданудың) шұғылдығын дәлелдер жинау ерекшелігімен түсіндіруге болады. Мерзімдерді ұзарту механизмінің ерекшелігі — қылмыстык процесті жүргізуші адамдар өкілеттіктерінің тандап алынатындығы. Мәселен, адамға қамауға алу шарасының қолданылуын аудандық, қалалық прокурор, оларға тенестірілген әскери және өзге прокурорлар үш айға дейін ұзарта алады. Мерзімді алты айға дейін ұзартуға облыс прокуроры, оған теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өкілетті (ҚІЖК-тің 153-бабы).

Мерзімнің ұзартылуы қаулымен ресімделеді. Бұл жағдайда қаулы алдын ала тергеу мерзімін ұзарту тәртібіне ұқсас қабылданады.

Іс жүргізу мерзімдерінің мәнділігі оларды өткізіп алудың нәтижесінде пайда болатан құқықтық салдарлардың сипатынан айкын көрінеді.

Сот ісінің шапшаң жүргізілу інің кепілі ретінде мерзімнің өтіп кетуінің мынадай зардаптары болуы мүмкін:

1. Белгіленген мерзімнің бастапқы іс жүргізу манызының
жойылуы мүмкін. Мәселен, ҚІЖК-тің 399-бабында апелляциялық немесе кассациялық шағым жасау мен сот үкіміне наразылық білдірудің он тәуліктік мерзімі көзделген. Шағым жасау мен
наразылық білдіру құқығын жүзеге асырудың нәтижесі, мысалы, заңсыз үкімнің күшін жою және істі жаңадан тергеуге немесе сотта қарауға беру болуы мүмкін. Аталған мерзімнің өтіп кетуі адамның үкімге шағым жасау, ал прокурордың — оған наразылық білдіру құқығынан айырылуын білдіреді.

2. Іске мүдделі адамдардың іс-қимыл жасауы үшін негіз пайда болуы мүмкін. Мысалы, КІЖК-тің 184-бабында қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қарау үшін кезделген мерзімдердің өткізіліп алынуы арызданушыға прокурордьщ, тергеушінің немесе анықтаушының іс-әрекеттеріне шағымдану құқығын береді (КІЖК185-бап,2-бөлік).

3. Мерзімнің өткізіп алынуы өзге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін негіз бола алады. Мысалы, жасырынып қалған айыпталушыны алдын ала тергеу мерзімі өткенге дейін іздеп табу мүмкін болмаса тергеушінің іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруы мүмкін (КДЖК-тін 50-бабы).

4. Белгіленген мерзімдерді бұзушыларға іс жүргізушілік


ықпал ету шараларын қолдану үшін негіздер пайда болуы
мүмкін. Мәселен, сотта істің: қаралуы кезінде белгіленген анықтау мен тергеу мерзімдерінің дәлелсіз бұзылуы оған құқық қорғау органы басшысының атына жеке қаулы жіберу құқығын береді {ҚІЖК-тің 59-бабы).

Процеске қатысушылар құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері деп көрсетілген мерзімдердің өтіп кетуінің салдары біршама өзгеше болады.

1. Өз құқықтары мен мүдделері бұзылған адамның іс жүргізудегі жағдайы мерзімнің өткізіліп алынуы салдарынан дереу өзгеруі мүмкін. Ол өзгеріс сонын пайдасына болуы мүмкін. Мысалы, 153-бабының 8 бөлігіне сәйкес прокурор айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзартуға рұқсат береді немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тартады. Егер ол ұзартылмаған болса, айыпталушы қамау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады. Егер қамауға алу мерзімі аяқталғанда айыпталушыны одан әрі қамауда ұстау жөніндегі шешім келіп түспесе, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы оны өзінің қаулысымен қамаудан босатады (ҚІЖК-тің 153-бабының 9-бөлігі).

2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
Мерзімнің өткізіп алынуы өкілетті орган тарапьшан тәртіп
бұзушыға іс жүргізушілік ықпал ету шараларының қолданылуына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, КІЖК-тің 158-бабына сәйкес сезікті, айыпталушы, сондай-ақ куә мен жәбірленуші шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда алып келуге (мәжбүрлеләкелуге) ұшыратылуы мүмкін.

Пәрменді прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылуының кепілі болып табылатын мерзімдердің өткізіп алынуының ерекше іс жүргізушілік-құқықтық салдарлары болуы ықтимал. Қадағалау қызметінің мәні прокурордың іс жүргізушілік ықпал ету шараларын қолдануы ретіндегі сол салдарлардың сипатын айкындайды. Аталған салдарлардың процеске қатысушылардың құқықтары мен занды мүдделеріне кепілдік беруге бағытталған мерзімдерді бұзудың салдарларымен ұқсастығы кеп.

Белгіленген іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы іс жүргізу
әрекеттерінің жарамсыз, занды күші жоқ деп танылуына әкеліп
соғады. Ондай әрекеттер іс жүргізу әрекеттері статусынан айырылады және олардағы мәліметтерді дәлелдеу мақсатында пайдалануға болмайды.

Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру мақсатында


шағым берілген жағдайда шешімнін орындалуы өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселе шешілгенге дейін
тоқтатыла тұрады.

Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру жөніндегі арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған


жағдайда ол шешімге реттелетін құқық қатынастарының әрбір
бөлігі үшін белгіленген тәртіппен шағым жасауға, наразылық
білдіруге болады.

Қылмыс құрамы әрекет арқылы, заңда көрсетілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың орын алуы арқылы сипатталады.

Адвокаттар мен өзге де адамдардың (қоғамдық, қорғаушы, заң кеңесшісі, жәбірленушінің, жасөспірімдердің заңды өкілдері) қылмыстық процестерде азаматтарды қорғау, сол сияқты азаматтар мен ұйымдарға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды кьтзметіне кедергі жасауға — ордері, тиісті рұқсаты бола тұра процеске катыстырмау, іс материалдарымен таныстырмау, қылмыстық істің, қаралатын уақытын хабарламау, азаматтар мен заңды ұйымдарды заңгерлік көмек көрсетуге жібермеу, әртүрлі тосқауылдар қою т.с.с. әрекеттер жатады.

Осы қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін бұзуға — осы адамдардың заңды қызметіне негізсіз араласу, оларға нұсқау, бұйрық беру, олардың жұмыс режимін, қызмет көрсету ақысын негізсіз өзгерту т.с.с. жатады.

Қылмыстың зардабы — азаматгар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, қоғамның, мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі болып табылады.

Елеулі зиянның түсінігіне ҚК-тің 228, 307-баптарына талдау жасағанда толық тоқталып өткенбіз.

Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей немесе жанама қасаканалықпен істеледі. Кінәлі адам адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасайтынын сезеді, одан көрсетілген зардаптардың орын алатынын біледі және соны тілейді немесе тілемесе де соған жанамалы түрде жол береді.

Кылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам, егер бұл әрекетті лауазым адамдары қызмет бабын пайдаланып жүзеге асырса, онда оның әрекеті ҚК-тің 307-бабымен сараланады.

Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің, Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери кылмыс-тарға арналған.

Қылмыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген. Онда: әскерге шақыру бойынша не келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген кылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады делінген.

Осыған орай әскери кызмет атқарудың белгіленген тәртібі коғамдық катынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып табылады.

Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібімен байланысы жоқ басқадай қоғамға қауіпті және кұкықка қайшы іс-әрекеттері әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері жалпы қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады.

Әскери қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі — кылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазакқстан Республикасының, Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери кұрамаларында әскери кызмет атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтуі кезінде әскери кызмет атқарушы запастағы азаматтар.

ҚР Қарулы Күштеріне Корғаныс министрлігі және оған бағынышты кұрылық әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-әуе күштері, әскери-космикалық күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамалары, шекаралық әскерлер, қауіпсіздік кызметі әскерлері, үкіметтік байланыс әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, т.б. жатады.

Әскери қылмыстар тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді:

Бағыныштылық тәртібіне және әскери кызметшілердің жарғылық ережелеріне сай қарым-қатынасына қол сұғатын кылмыстар: Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап). Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны кызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап). Бастыққа қатысты күш колдану іс-әрекеттері (369-бап). Бір-бірінін арасында бағыныштылық катынастары болмаған кезде әскери кызметші-лердің, арасындағы өзара қарым-қатынастардың. жарғылық ережелерін бұзу (370-бап). Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап).

Әскери қызметті өтеу тәртібіне карсы бағытталған кылмыс-тар: Бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап). Кашкындық (373-бап). Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери кызметтен жалтару (374-бап).

Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар: Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-бап). Шекаралық кызмет аткарудың ережелерін бұзу (376-бап). Қарауыл (вахта) кызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-бап). Ішкі кқзмет аткарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (378-бап). Қоғамдық тәртіпті ■ қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті камтамасыз ету бойыңша кызмет аткарудың ережелерін бұзу (379-бап).

Кару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсьг қылмыстар: Әскери мүлікті қасақана кұрту немесе бүлдіру (387-бап). Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (388-бап). Әскери мүлікті жоғалту (389-бап). Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-бап). Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-бап). Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (393-бап). Кеме жүргізу ережелерін бұзу (393-бап).

Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы кылмыстар: Әскери құпияны жария ету немесе әскери құпиясы бар құжаттарды жоғалту (386-бап).

Әскери лауазымды кылмыстар: Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра колданылуы немесе әрекетсіздігі (380-бап). Қызметке селқос карау (381-бап).

Шайқас даласында және соғыс жүріп жаткан ауданда әскери кызметті атқару тәртібіне қарсы кылмыстар: Құрып бара жаткан әскери кемені тастап кету (382-бап). Жауға соғыс жүргізу кұралдарын беру немесе тастап кету (383-бап). Тұтқынға өз еркімен берілу (384-бап). Тонаушылық 385-бап).

Әскери кылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз. .

Субъективтік жағынан алғанда бүл қылмыстардың көпшілігі қасақанлықпен, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы кылмыстардың жекелеген тобына және түрлеріне талдау жасайық.

Қылмыс объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, кызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыс құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың занды бұйрығын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау — яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, занды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапка карсы баска әрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады.

Бағынбау мен бұйрықты өзгедей әдейі орындамау іс-әрекетінен қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірілуі қажет. Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер іс-әрекеттен әскери тәртіпте ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштының, алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына әртүрлі дәрежедегі жарақат келтірілсе немесе әскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады.

Бұйрыкқа бағынбаудан немесе оны әдейі орындамаудан келтірілген зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыс кұрамы материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс қасаканалықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.

Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп баскадай өзара қактығыстықтан пайда болған өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген қылмыс бастықтың қызмет бабына байланысты жасалады. Және оған карсы күш колдану әрекетімен ұласады. Күш қолдану ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жолымен немесе өзге де күш қолдану (қолын бұрау, байлап кою, бетін тырнау т.с.с.) арқылы көрініс табады.

Кылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықлен жасалады.

Дәл сол әрекеттер:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы не-


месе ұйымдасқан топ жасаса;

б) қару қолданып жасаса;

в) денсаулықка ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян не-
месе өзге ауыр зардаптар келтірсе, осы қылмыс құрамынын
ауырлататын түріне жатады (396-баптың 2-тармағы). Бүл
көрсетілген жағдайлардың түсінігіне ҚК-тің 363-бабын талда-
ғанда тоқталғанбыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер көрсетілген кылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (369-баптың 3-тармағы).

Бір-бірінін арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери кызметшілердін арасындағы өзара қарым-қатынастардын жарғылык ережелерін бұзу(370-бап)

Қылмыс объективтік жағы бойынша бір-бірінің арасында бағыныштылык катынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-катынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыкқа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш колдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу — арқылы сипатгалады.

Заң бір-бірінің арасында бағыныштылық катынастары болмаған кезде әскери кызметшілердің арасындағы өзара қарым-катынастардың жарғылык ережелер шеңберінде жүзеге асырылуын талап етеді, бұл ережелерді бұзып осы баптын диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу көрсетілген қылмыстың кұрамын құрайды. Көрсетілген ережелерді бұзу нәпсікүмарлык, сипаттағы зорлық әрекеттерімен немесе жәбірленушінің киім-кешегін, тамағын, басқа заттарын тартып алумен ұштасқан жағдаида кінәлінің іс-әрекеті қылмыстардың жиынтығын құрайды. Дәл сол әрекеттер:

а) бірнеше рет.

б) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;

в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобьг не-


месе ұйымдаскан топ жасаса (ҚК-тін 31-бабы).

г) кару колданып жасаса;

д) денсаулыққа орташа ауырлыктағы зиян келтірсе (КК-тің
104-бабы), осы талданып отырылған кылмыс кұрамының ауыр-
лататын түріне жатады (370-баптың 2-тармағы).

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерге (370-баптын 3-тар-мағы) талданып отырылған кылмыстың өте ауырлататын түріне жатады. Ауыр зардаптарға мәжбүрленушінің денесіне ауыр дене жарақатын келтіру, абайсызда кісі өлімінің болуы, жәбірленушінін өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-әрекет-тен касақана кісі өлтіру болса, онда іс-әрекет ҚК-тің 96-бабы бойынша саралануға жатады.

Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап)

Кылмыс объективтік жағынан әскери қызмет міндеттерін аткару кезінде немесе оны аткарумен байланысты бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл тигізуі арқылы сипатталады.

Тіл тигізу деп әскери кызметшінің ар-намысын аяққа басатын, кадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін әрекеттерді айта-мыз. Көрсетілген баптың диспозицияеына сәйкес бір әскери қызметшінің екінші бір әскери қызметшіге тіл тигізуі кылмыс деп қарастырылады. Бұл кылмыс кұрамы бойынша іс-әрекетті саралау үшін күш колданудын орын алуы шарт емес. Әскери кызметшінің тіл тигізуі жәбірленушінің әскери қызметін атка-румен байланысты немесе әскери кызмет міндеттерін аткару кезінде болуы кажет.

Егер бағыныштының бастыққа, сол сияқты әскери кызмет міндеттерін аткару кезінде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тіл тигізуі орын алса, онда мұндай іс-әрекеттер осы қылмыстың, ауырлататын түріне жатады (371-баптың 2 тармағы).Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі.



Бөлімді-немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап) Қылмыс объективтік жағынан шақыру бойынша әскери кызмет өткеруші, әскери кызметшілер жұмыс жасаған бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сиякты бөлімнен босатылған кезде, тағайундау, ауыстыру кезінде іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірак он тәуліктен артык емес уакытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу арқылы сипатталады. Әскери кызметшінің бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен бастықтын рұксатынсыз тастап кетуге құқы жоқ.

Бөлім немесе кызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлер, аумактар жатады. Сондай-ақ кызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлерден тыскары жерлерде әскери қызметшілердің әскери міндетін өтейтін орындары да (уакытша жүмыс орны: эшелон, поезд, жылжымалы маршрут т.с.с.) жатады.

Әскери кызмет өткеруші бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетсе, сол сияқты бөлімнен рұқсат бойынша босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен кызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз келмесе онда онын. әрекетінде осы баптың 1-бөлігінде кәрсетілген қылмыс кұрамы бар. Бұл құрамның субъектілері шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші — жауынгерлер, матростар, сержанттар, старшиналар.

КК-тің 372-бабының 2-тармағының субъектілері болып тәртіптік әскери белімде жазасын өткеріп жатқан әскери кызметшілер танылады.Шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әсқери қызмет атқарушы әскери қызметшілер жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке он тәуліктен артық, бірақ бір айдан көп емес уакытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу үшін жауаптылық КК-тің 372-бабынын, 3-тармағында көзделген. Баптың бұл бөлігінің субъектілері болып шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші жауынгерлер, сержанттар матростар, әскери құрылысшылар-ды, старшиналар немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеруші жауынгерлер, матростар, әскери кұрылысшылар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, кәсіптік әскери білім беретін' мекемелердін, курсантгары, мамандар, офицерлер танылады Осы баптың үшінші белігінде көзделген әрекетгер, егер өз бетімең тастап кету бір айдан астамға созылса, сол сияқты тәртіптік әскери бөлімде жазасын өткеріп жатқан әскери қыз-метші жасаған дәл сол әрекет, егер өз бетімен тастап кету он тәуліктен артыққа созылса кінәлінін, әрекеті ҚК-тін, 372-ба-бының 4-тармағы бойынша саралануға жатады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уакытында жасаған әрекеттер, егер өз бетімен тастап кету бір тәуліктен артыққа созылса, онда кінәлі КК-тің 372-бабы-ның 5-тармағы бойынша ауырлататын жағдайдағы қылмыстык жауаптылыққа және жазаға тартылады.

Бөлімді немесе кызмет орнын ұрыс жағдайында ұзақтығына карамастан өз бетімен тастап кету осы кұрамның өте ауырлататын түрі болып табылады. Мұндай ретте кылмыстын субъектісіне шакыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әске-ри қызмет өткерушілер жатқызылады және бұл іс-әрекет үшін көтеріңкі жаза мөлшері белгіленген. ҚК-тің 372-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші немесе үшінші бөліктері-нде кезделген әрекеттерді жасаған әскери кызметші, егер бөлімді өз бетімен тастап кетуі ауыр жағдаяттардың себептері-нен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуы мүмкін.

Ауыр жағдаяттарға әскери кызметшінің ауыр науқасқа душар болуы, жақындарымен болған бақытсыздық оқиғалар, жарғылық қатынастарға байланысты емес қатынастардан пайда болған өмір мен денсаулыққа төнген қауіптің болуы, тойтарылмайтын күштердің әсер етуі т.с.с. жатады. Қашқындық (373-бап)

Қылмыстык заңда қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай максатпен кызметке келмеу деп белгіленген (373-баптың 1-тармағы).

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Отанды қорғау әрбір азаматтың міндеті және азаматтық борышы әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы зандарға сәйкес азаматтар Қарулы күштер қатарына олардың еріктілік жағдайында шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша әске-ри қызметші болып танылғандар өз бетімен әскери қызметтен заңсыз жалтару максатымен әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кетуге, сол сиякты осындай мақсатпен қызметке демалыстан, іссапардан, емделіп шықканнан кейін келмей қоюға кақысы жок. Бұл міндеттерді орындаудан жалтару кашқындық деп танылады. Кашқындык кұрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол созылмалы қылмыс болып табылады. Қылмыс әскери қызметшінің бөлімді немесе кызмет орнын тастап кеткен немесе белгіленген мерзімде қызметке келмеген уакыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қашқындық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен — әскери қызметген жалтару аркылы сипатталады.

Қылмыстың субъектісі әскери кызметші — шақыру немесе келісім-шарт бойынша өтеп жүрген әскери кызметшілер.

Қашкындық, яғни әскери кызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе кызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен кызметке келмеу осы қылмыс құрамынын ауырлататын түрі болып табылады (377-баптың 2-тармағы).

Соғыс уакытында немесе ұрыс жағдайында жасалған қашқындық үшін жауаптылық ҚК-тін, 373-бабынын 3-тармағында көзделген.

КК-тің 373-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметші, егер кашқындык ауыр жағдайлардың себептерімен болса және егер ол әскери кызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Ауыр жағдайлардың түсінігіне ҚК-тің 372-бабында талдау жасағанда тоқталғанбыз.

Дене мушесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери кыз-меттен жалтару (374-бап)

Қылмыс объективтік жағынан әскери қызметшінің ауруды сылтау ету немесе өзіне кандай да бір болмасын зақым келтіру (дене мүшесін зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтіру немесе жалған кұжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы арқылы сипатталады.

Ауруды сылтау етуге өтірік соқыр, керең, мылқау болып көрінулер арқылы әскер кызметі міндетін өткеруден жалтарады. Өзінің әскери кызметті міндетін өтеуден жалтару мақсатымен дене мүшесін зақымдауға кез келген затпен, кұралмен, қарумен немесе улы, зәрлі нәрселерді қолдану арқылы өзіне-өзі немесе біреу аркылы зақым келтіруді айтамыз Жалған құжат жасауға — әскери қызметті немесе міндетті өтеуден босатуға негіз боларлық өзі немесе басқа біреу арқылы дайындалған шындыққа сай келмейтін құжаттарды жасау жатады.

Өзгеше алдауға — әскери қызметті өтеу мерзімін қысқарту үшін жоғары білімі туралы жалған құжат көрсету, әскери қызметтен жалтару мақсатымен лауазымды адамды сатып алып, өзіне қолайлы іс-әрекеттер істеткізу т.с.с. жатады.

ҚК-тің 374-бабынын 1-тармағы бойынша қылмыстық жау-аптылық әскери қызметшінің дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери кызметтен уакытша жалтарғаны (қарауыл кызметін атқарудан, әскери кезекшіліктен, қауіпті әскери операцияға қатысудан, алыс іссапарға барудан) үшін туындайды. Баптың бұл бөлімі бойынша кылмыс субъектісі болып шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әскери кызмет өткеріп жүргендер танылады. Егер осы көрсетіл-ген адамдар әскери кызмет міндеттерін атқарудан толық босану мақсатында жоғарыда көрсетілген әрекеттерді — ауруды сылтау ету, өзге де алдау жолымен жасалса, онда олардың іс-әре-кеттері ҚК-тің 374-бабының 2-тармағы бойынша сараланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген,
соғыс уакытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекет-
тер — үшін жауаптылық ҚК-тің 374-бабының 3-тармағында
көзделген. ,

Кылмыс субъективтік жағынан тікелей қасаканалықпен және арнаулы максат әскери қызмет, міндетті атқарудан уақытша немесе толық босану арқылы жүзеге асырылады.

Жауынгерлік кезекшілікті атқарудын ережелерін бұзу (375-бап)

Қылмыс объективтік жағынан Қазакстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін камтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті (жауынгерлік қызмет) ат қарудын ережелерін бұзу, егер де.бұл әрекет мемлекеттің кауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы арқылы сипатталады.

Жауынгерлік кезекшілікті аткару ережелері Ішкі кызмеі Жарғысымен, Қорғаныс министрі, Бас Штаб бастығы, Қарулы күштер түрлерінің Бас колбасшысының бұйрығымен және директиваларымен белгіленеді. Жауынгерлік кезекшілік атқару ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не онын. кауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару кызметтерін бұзулар жатады.

Жауынгерлік кезекшілік атқару кұрамына кезекшілік уақытында кызмет орнынан ауытқуға, бөгде жұмыспен айналысуға, өз бетімен кезекшілік орнын тастап кетуге, кезекшілік орнын баска біреуге уакытша болса да беріп кетуге, әскери техниканын дайындығына бөгет келтіретін істермен айналысуға тыйым салынады, сондай-ак, жауынгерлік кезекші өз қызметін аткару кезінде спирт ішімдіктёрін, есеңгірететін, уыжұмарлык заттар-ды пайдалануға, байкау аппараттарын өз бетімен алып тастауға немесе келіп түскен бұйрықты орындамауға кұқылы емес.

Қылмыс құрамы жағынан формальдық—материалдык, құрам-
ға жатады. Өйткені қылмыс жауынгерлік кезекшілікті атқару
ережелерін бұзудан мемлекетгің кауіпсіздігі мүдделеріне зиян
келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болған реттерде аяқта-
лған деп танылады.

Мемлекет қауіпсіздігі мүддесіне зиян келтірілгені немесе келтірілу каупі болғаны нақты жағдайларға байланысты анықталады. Жауынгерлік кезекшілік ережелерін бұзумен мемлекет мүддесіне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның арасындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналыкпен істеледі.

Осы баптың 2-тармағында ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Ауыр зардаптарға — Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттердің әскери барлау ұшактарының, су асты, су үсті соғыс кемелерінің еніп кетуі, адамдардың қазаға үшырауы, әскери техниканын, істен шығуы, маңызды әскери шаралардың жүзеге аспай калуы жатады.

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекетгер үшін жауаптылык ҚК-тің 375-бабының 3-тармағында көрсетілген.

КК-тін 375-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери кызметші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін Шекаралык кызмет аткарудың ережелерін бузу (376-бап)

Кылмыс объективтік жағынан шекаралық нарядтын құрамына кіретін немесе шекаралык кызметтің өзге де міндеттерін атқарушы адамның шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттің кауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы арқылы жүзеге асырылады.

Қазакстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы Заңына сәйкес мемлекеттік шекараны күзету Мемлекеттік шекара әскерлеріне жүктелген және осы аталған занда мемлекеттік шекарада қызмет атқарудың ережелері де белгіленген. Шекаралық кызмет аткарудың ережелерін бұзу әртүрлі болуы мүмкін. Бұларға мысалы, мемлекетгік шекараның күзетілетін объектісін өз бетімен тастап кету; мемлекеттік шекара тәртібін бұзған адамды ұстау шараларын қолданбау; қару колданудың. белгіленген ережелерін сақтамау т.с.с. жатады. Шекаралық қызмет аткарудың ережелерін бұзу мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіру қаупін келтірсе ғана кылмыс құқықтық жазаланушылык сипатқа ие болады. Қылмыс кұрамы формальдық — материалдық. Қылмыстық әрекеттен келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян мөлшері нақты жағдайларға байланысты анықталады.

Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 376-бабының 2-тармағында көзделген. Ауыр зардаптарға дүшпандық әрекеттер жүргізу мақсатымен ше-телдік азаматтың еліміздің аумағына кіріп кетуі; шекаралық қызмет құралдарының істен шығып қалуы; мемлекеттік шекара арқылы контрабандалық тауарлардың өткізілуі; халықаралық қатынастардың шиеленісуі т.с.с. жатады.

Көрсетілген кылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы — шекаралық нарядтың құрамына кіретін немесе шекаралық кызметтің өзге де міндеттерін атқарушы адам. Осы баптың ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери кызметші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Қарауыл кызметін (вахта) атқарудын жарғылық ережелерін бұзу (377-бап)

Қарауыл (вахта) қызметі КР Қарулы күштерінің карауыл кызметі жарғысымен реттеледі. Қарауыл (вахта) қызметі жауынгерлік міндетті аткаруға жатады және жеке кұрамнан Жарғы-да көрсетілген барлық талаптарды мүлтіксіз орындауды, аса қырағылықты және батылдықты талап етеді. Қарауыл кызметі мемлекетгік немесе әскери объектілерді, әскери жасауларды, тәртіптік батальон мен гауптвахтаны күзету үшін белгіленеді. Қарауыл кызметіне соғыс-теңіз флоты корабльдеріндегі вах-талық кызметтер де жатады.

Карауыл кызметше Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер қызметі жүзеге асыратын аса маңызды мемлекеттік объектілерді, арнаулы жүктерді, түзеу мекемелерін, тұтқындағылар мен сотталғандарды күзету кызметтері де жатады.

Заң бойынша қарауыл (вахта) құрамына кіретін адамның қарауыл (вахта) кызметінің жарғылық ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет карауыл (вахта) күзететін объектіге зиян келтіруге немесе өзге зиянды зардаптардың болуына әкеп соқса қылмыстық жауаптылық пайда болады.

Келтірілген зиянға күзетілетін объектіден әскери мүліктің талан-таражға түсуі; әскери техниканың бүлінуі немесе жоғалуы; гауптвахтадағы пайда болған бейберекетсіздік т.с.с. жатады.

Қылмыс құрамы материалдық, қылмыс карауыл (вахта) кызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзудан зиян келтірілген сәттен аяқталған деп танылады.

Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылык ҚК-тің 374-бабының 2-тармағында көзделген.

Ауыр зардаптарға әскери жасауды ұрлау немесе бүлдіру, күзетілетін мемлекетгік немесе әскери объектілердің өте қатты бүлінуі, әскери кару-жарақты ұрлау, адамдардың.каза болуы, тұткындағы немесе сотталған адамның кашып кетуі т.с.с. жа-тады.

ҚК-тің 377-бабынын ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші белігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери кыз-метші қылмысты женілдететін мән-жайларда қылмыстық жау-аптылықтан босатылуы мүмкін.

Ішкі кызмет аткарудын және гарнизовда патруль болудың жарғылык ере-желерін бүзу (378-бап)

Кылмыс объективтік жағынан бөлімнің тәуліктік наряды-на (карауыл мен вахтадан басқа) кіретін адамның ішкі қызмет атқарудың жарғылык ережелерін бүзуы, сол сиякты патруль нарядының кұрамына енген адамның гарнизонда патруль бо-луды-ң жарғылық ережелерін және осы ережелерді дамытуға шығарылған бүйрыктар мен өкімдерді бұзуы, егер ол зияндызардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның міндеті-не кіретін болса деп сипатталған.

Ішкі қызмет аткарудың ережелерін бүзуға тәуліктік наряд-қа кіретін адамнын ішкі қызмет аткарудың жарғылык ереже-лерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы (мыса-лы қызмет орнын өз бетімен тастап кету; талан-тараждын жо-лын кесуге шара колданбау; әскери кызметшілердің жарғыға сай келмейтін әскери кдтынастары, бөлімнің аумағына бөтен адамдардың кіруі; бөлім орналаскан жерден көліктерді тексер-мей шығару т.с.с. әрекеттер жатады.

Гарнизонда патруль болудың жарғылык, ережелерін бұзуға патруль нарядының құрамына енген адамның өз қызметін мүлдем орындамауы немесетиісінше орындамауы (мысалы пат-руль кестесінен немесе маршрутынан бас тарту; заңсыз кару қолдану; біреуді негізсіз ұстау; спирт ішімдіктерін ішу; әске-ри тәртіпті бұзған әскери қызметшіге сактандыру шараларын колданбау) жатады.

Қылмыс құрамы материалдық. Көрсетілген жарғылық ере-желерді оның алдын алуға міндетті адамның бүзуы зиянды за-рдаптарға әкеп сокса кылмыстық жауаптылык туындайды.

Ауыр зардаптарға әкеп сокқан осі>і әрекетгер үшін жауап-тылык ҚК-тің 378-бабының 2гтармағында кезделген. Ауыр за-рдаптарға — адамның абайсызда каза болуы, жәбірленушіге ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі, патруль на-ряды кұрамына кіретін адамның жауапсыздығынан қоғамдык тәртіптің өрескел бүзылуы т.с.с. жатады.

Қылмыс субъективтік жағынан касақаналықпен жүзеге асы-рылады. Абайсыздықпен жарғылык ережелерді бұзу қылмыс кұрамын түзбейді.

ҚК-тін 378-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери кыз-метші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жау-аптылықтан босатылуы мүмкін.

Қоғамдык тәртіпті корғау және коғамдык қауіпсіздікті камтамасыз ету бойынша кызмет аткарудын ережелерін бүзу (379-бап)

Қылмыс объективтік жағынан алғанда қоғамдык тәртіпті қорғау және қоғамдык кауіпсіздікті камтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқару-дың ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет азаматгардың кұқықта-ры мен занды мүдделеріне зиян келтіру арқылы сипатталадыКоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық кауіпсіздікті қам-тамасыз ету ережелерін бұзу осы міндеттерді жүзеге асыруға міндетті Әскери нарядтың құрамына кіретін адамдардың өздері-не жүктелген міндетгерді орындамауынан, сонын, салдарынан азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне зиян келтіру арқылы көрініс табады. Қылмыс құрамы материалдық. Көрсетілген ережелерді бұзу мен одан орын алған зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы шарт. Ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық КК-тін 379-бабының 2-тармағында көзделген.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама касакакалыкпен жасалады.

ҚК-тің 379-бабының ескертуінде осы баптың бірінші бөлігінде кезделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери кызметші кылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауапты-лыктан босатылуы мүмкін делінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет