І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет16/35
Дата19.05.2022
өлшемі417.2 Kb.
#457849
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
І тарау. Жас рпа А лтты Т рбие беруді діснамалы негіздері

Бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:



    1. Әлемдік діндердің қоғамдағы рөлі.

    2. Діндер тарихын үйрену сіздің ойыңызша шарт па? Неліктен?

    3. Қазақ ұлтының даму тарихындағы діннің рөлі қандай?

    4. Ұлттық діннің ұзақ уақыт бойы болуының қандай себептері бар? Ұлттық діндердің таралу аймағының сызба-нұсқасын даярлаңыз.



Әдебиеттер



  1. В.И. Гараджа. Социология религии: Учебник для вуза. –М.,1996.

  2. Б.С. Ерасов. Социальная культурология. М., 1994. Ч. І-ІІ.

  3. Карин Е. Терроризмгеқарсыкүресстратегиясы// Саясат. 2003. №10

5.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012.

  1. Ирмуханов Б.Б. Этническая история древнего Казахстана. Алматы. Издательство «Мир» 2010. -320с.

  2. Дінтану негіздері. Eciм F., Артемьев А.И., Қанаев С, Біләлова Г. Алматы, «Білім», 2003. -1566.

  3. Арестов В.И. Религиозный экстремизм. – Харковь: Вища школа. 1987.-С-4

  4. Салт-дәстүр сөйлейді. Отбасы хрсетоматиясы. Алматы: «Орхон» Баспа үйі, -2014.288б.



ІІ ТАРАУ. СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ


2.1 Студент жастар тәрбиесіндегі ұлттық менталитеттің рөлі
Адам баласы үш жолмен ақылды бола алады:
іс-тәжірибе жолымен – бұл ең қиын жол;
еліктеу жолымен – бұл ең жеңіл жол;
ойлану жолымен – бұл ең ізгі жол.
Қытай нақылы

Этнос сипаттамасында маңызды нәрсенің бірі – менталит /mens – латынша ойлау тәртібі, ақылдың ерекше рухани қыртысы/ ұғымы. Менталитет термині соңғы уақытта өте кең қолданысқа түсті.


Ұлттық мінез-құлықтың қалыптасуына қоршаған орта мен биологиялық факторлармен қатар, берік дәстүрлі шаруашылыққа негізделген және нақты тарихи-мәдени жағдайларда қалыптасқан этнопсихологиялық-гомогендік ерекшелік, яғни белгілі бір дәрежеде ұлттық мінездің табиғатын сипатталады.
Менталдық - ойлау бейнесі, топтың жекеленген адамдардың рухани бейімделуі. Менталдық танымдылық және түсіндірушілік модельдің құрылуына қарқындылық тудырады, адамның оны өзі сезінбеуі де мүмкін, бірақ ол оның ойын, сезімін белгілі бір бейнеде оятады. Бірталай зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі сана дүниетаным жүйесі, әлем бейнесіндегі ұлттық негізге жүгінген нақтылы жағдайлардың адам тәртібіне және оның табиғи елестетуінің басымдылықта болуы. Осы ретте, менталдық ол ұлттық сананың дәстүрлі қасиетін ерекше бейне арқылы елестетуі. Ұлттық негіздегі әлем бейнесі әр адамның әлем туралы суретті көз алдына келтіру.
Менталдық – табиғи әлеуметтік ортаға адамның ұжым арқылы үдерістегі өзін санасыз кешендік тұрғыдан бейімделуі және ұлттардың ерекшелігін әлеуметтік-мәдени тұрғыда зерттелуі.
Осы тұрғыдан келгенде, менталдық арнайы тарих пен дәстүрлі тарихтың ұжымдық психология тұрғысында ұдайы тереңдеуі және адам қызметінің өмірдегі және тәжірибедегі орнығуы. Бұл туралы, қазақ менталитеті туралы, оның герменевтикалық тұрғыдан зерттелуі қажеттігін баса айтқан, сол арқылы менталитетті зерттеуде іргелі еңбек жазған Т.К.Бурбаевтың мына бір пікірін келтірелік: «Методологиялық тұрғыдан «менталитет» пен «ментальдық» ұғымдарын ажыратудың маңызы зор. Бір айта кетер жай, қазіргі философиялық әдебиеттерде бұл екі ұғым бір-бірінен ажыратылмаған. Олар кейде өзара тең ұғымдар ретінде немесе бір мағына беретін ұғымдар түрінде қарастырылады. Сондықтан да, бұл екі ұғымды бір-бірінен терминологиялық тұрғыдан ажырату қазіргі әдебиетте пікір сайыс көзі болуда...» дейді ғалым.
Сондай-ақ, ол ментальдық пен менталитеттің қолданбалылығы турасында да тың пікір келтіреді: «Ментальдық күнделікті өмірдегі адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінде, ойлау бейнесінде, құндылықтарға деген қатынастарында нақты көрінетін бір қыры. Адамдар күнделікті тіршілікте менталитеттен бұрын ментальдық құбылыстармен жиі кездесеміз. Ментальдық құбылыстар адам мінез-құлқы мен іс-әрекетінің сыртқы көрінісі болса, менталитет ішкі құрылысы, тереңде жатқан дүние. Менталитет теориялық мәселе болса, ментальдық практикалық мәселе». Демек, адамның рефлекторлық дәрежедегі күнделікті тұрмыстық әрекеті ментальдық деңгейдегі қарым-қатынас бастауы болса, тарихи маңызы бар оқиғалар менталитет оянуы, менталитеттің бас көтеруі салдарынан болады. Шындығында, қазақ күнделікті тұрмыстағы қолданбалы іс-әрекеттерін «күйкі тірлік» деп атап, тұрмысының үйреншікті қалпына баса маңыз бермеген. Сөйте тұра, жаңалыққа құштарлығы арқасында әр елеулі оқиғаға қатысты өз көзқарасы мен ұстанымынан ауытқымаған. Бұл енді ментальдықтың емес, менталитеттің көрініс табуы болса керек.
Жалпы алғанда, тарихи уақыттың белгілі бір дәрежеде жиынақталып, сандық құндылықтар сапалық құндылықтарға ауысар сәтінде ментальдық категориялар жиналып, менталитеттің архетиптері мен стереотиптерін құрайды. Басқаша, мысалмен айтар болсақ, қазақтың жекелеген ғұрыптары мен салт-дәстүрінің күнделікті тұрмыстағы қолданбалы ырым-жоралғылары, тыйымдары тұтаса келе, өзінің онтологиялық негізін, астарын айқындай келе менталитетті құрайтын құрамдас бөліктер, «шикізат базасы» болады. Осылай, ойлау арқылы біз, қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі ментальдықтың көптеген көріністерін қазақтың тұрмыс тіршілігі мен белгілі бір шарттар арқылы істелетін ғұрыптық фольклордан, кей реттерде рефлекторлық деңгейге өзгерген бейсаналық әрекеттерінен байқалады. Ғылым өресінен де, тұрмыстық тірлік аясынан алған да менталитет ұғымы ауқымы өте кең ұғым. Мұнда ұжымдық сана және жеке сананың өзара байланысы, адамдардың ойлауының түрлері, олардың мына дүниені қабылдау әдістері, құбылыстарды сезінуі мен түсінуі, оларға өз әлінше бейімделуі, қалыптасқан мінез-құлық үлгілерінің ерекшеліктері және осы негізде, адамдардың құндылықтарға деген қатынасы бар екенін айтуға болады. Басқаша айтқанда, менталитетке тән қасиет – тұтастық, синкреттілік. Менталитет – интегралдық ұғым. Ал ментальдыққа келетін болсақ, ол менталитеттің стереотиптер мен архетиптер түріндегі сыртқы көрінісі. Ментальдық болмыстың негізі – бейсаналық. Десек те, онда бейсаналық, алғы саналық және саналылық бір-бірімен өзарабайланысып жатады. Бұл мәселеге кезінде З.Фрейд жәнеК.Г.Юнг назар аударған болатын.
Менталитет немесе ментальдылық деген ұғым латынның ақыл-ой, ойлау тəсілі, пайымдау, жан дүниесі деген түсініктерден туындайды (французша – mentalite, ағылшынша mentality – ойша, ойдағыдай). Бұл ұғым - жеке адамдардың, не топтардың ақыл санасы мен сананың қабілетін, күшін, ақылдың бастауын, мазмұнын, құрылымын, ойлау түрін, бағытын мүмкіндігін бейнелеп, олардың басқа физикалық құбылыстардан ерекшелігін ажыратып береді.
Менталитеттің қазақ тіліндегі баламасы діл, ділім деген ұғымға жақын. Діл категориясы менталитетке қарағанда логикалық шеңбері жəне ұғымдық ауқымы кең, ұлтымыздың тарихына, дүниетанымына, дініне, əдет-ғұрпына, мінез-құлқы мен ойын-сауықтарына байланысты құбылыстарды дəлірек аңғаруға үлкен рөл атқарады. Ұлттық менталитеттің қалыптасуына, өмір сүруіне көптеген əлеуметтік құбылыстардың əсері бар. Солардың қатарына ұлттық мəдениет, дəстүр, салт-сана, бағыт-бағдарлар, құндылықтар жатады.
Ділімізді айтқанда, дəстүрімізге берік болу керек. Өйткені, дəстүрде ұлттық мінез сақталады. Қазақ халқының мəдениеті – ұлттық мəдениеттің тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі. Бұл – ұлттың рухани дүниетанымы. Ұлттық мəдениеттің сарқылмас рухани мол құндылыққа кенелетін, тəлімі мол, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан дүниесі –ұлттың əдет-ғұрып, салт-дəстүрлері. Дəстүр, əдет-ғұрып пен салт-сана қоғамдағы əлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мəдени даму деңгейін көрсетумен қатар, тəрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің жəне ұйымдасуының маңызды нысандарын құрайды.
Яғни, «Діл – халыққа, ұлтқа белгілі тән дүниетанымдық және руханияттылық ұғымдар жиынтығы. «Діл – ұлттың «Мені», автопортреті. Өзге халықтардан даралайтын сипаты және сол сиаптымен кім екені айтылмай-ақ жат жұртқа танылатын, туабітті қанына сіңген, болмысына дарыған табиғи ерекшелігі; ұлттың табиғи, рухани және тарихи даму жолындағы, өмір ағымындағы жарғылық мәнді әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мінез-құлық, іс-дағды сипаты. Халықтың ойшылдық, шығармашылдық, өнерлік іскерлік қабілеті мен дарынынан, өнегелі тәжірибесінен туындаған, жалпы қоғамдық ортада әбден пысықталған, шындалған мәдени, әлеуметтік, тұрмыстық қағида, ереже, тіршілік амалына, қоғамдық ортасына, діни ұғымына, дүниетанымына, күнкөріс көзіне байланысты халықтың қалыпты өмір сүру дағдысы мен заңдылығы, адами құндылықтар жиынтығы; ұлт тіні, басты арқауы.
Діл – адамның қоршаған әлемді саналы түрде және санадан тыс ұлттық этникалық тұрғыдан қабылдауы, адамның дүниетанымы, өмір сүру қағидалары. Ол – адамның өзін қоршаған әлем және қоршаған әлемдегі өзінің орны туралы түсініктерінің нормасы. Діл адамның өмірлік айқындамалары мен өмір сүру туралы пайымдауларына негіз болады.
Әр халықтың менталитеті әр түрлі. Мәселен, жалпы Европа халықтарының француз, ағылшын, неміс халықтарының тұрмыс жағдайлары біріне-бірі ұқсас, жақын, тек қана айырмашылықтары – ойлау жүйесінде, мінез-құлқында т.б. Ал қазақ халықтарының менталитеті басқаша. Бұған көшпелі халықтардың тұрмыс-жағдайы, қоршаған ортадан туындаған бірте-бірте қалыптасқан мінез-құлқын, ойлау жүйесін, салт-санасын бейнелейтін рухани келбетінің жиынтығын жатқызуға болады. Өйткені көшпелі жағдайда мал бағып, мыңдаған жылдар өмір сүрген халықтардың, оның ішінде қазақтардың менталитетін түсіну мүмкін емес. Қазақ менталитеті еуропалықтар шеңберіне сыймайды. Қазақ жері қандай кең болса, оның менталитеті де сондай мол, рухани жағынан өте бай. Оны еуропалық қалыпқа салып қарауға болмайды. Оның өркениеті де өлшемдік түсінігі де басқа.
Қазақтар – сөз қадірін білген, ақылдысы мен данасын пір тұтқан халық. Қазақ менталитетіндегі сөзге деген құрмет Еуропалықтардың сөйлеу арқылы (дауыс-үн культі) өзін таныту мен қорғау ұстанымынан айырмашылығы арасы біршама деуге болады. Себебі қазақ тілі «сөзді (тілді) қарым-қатынас құралынан гөрі, өнер алды» (Абай) деп түсінген. Міне, сондықтан да болар, бұл халықтың философиясы – поэтикалық, фолькорлық тұрғыда көбірек көрініс берген. Тек оны түсіне білген жан ғана електен өткізіп, алтын, маржанын теріп, айыра білмек.
Немістердің «шетел сөздігінде» менталитет – сезімдік және рухани ойлау тәсілі, және адамдардың немесе топтың рухани хал жағдайы деп пайымдалған. Ал Э.В.Тадевосян – «менталитет тұрақты ойлау түрі, не ана, не мына жеке адамдар, саяси-әлеуметтік институт, топтар, ұйымдар т.б. бөлімшелер туралы шындықтың жинақталған, таратылған бейне түсінігі» - деп жазады.
Менталитетті зерттеушілер «діл» деп жазып жүр. Әр халықтың өзіндік менталитеті бар, ол оның өзіндік бет-бейнесі, ерекшелігі. Бұлары айқындалмаған халықтың тарихта болуы мүмкін емес.
Менталитеттің өзіндік қалыптасу тірек көздері бар. Олар: географиялық орта, материалдық, әлеуметтк-саяси, идеологиялық жағдайлар. Осы факторларға сәйкес адамның рухани дүниесі, ойлау жүйесі, мінез-құлқы, қайраты, жігері, әдет-ғұрып, ойыны т.б. өзіне тән қасиеттері тұрақталады. Солар арқылы бір ұлт бір ұлттан ерекшеленеді. Сол ерекшеліктер негізінде қоғамның рухани байлығы артады.
Қазақ ұлты менталдық бейнесін тұңғыш анықтап берген Әбу-Насыр әл-Фараби. Оның еңбегінде менталитет ойлау қабілетінің жоғары деңгейі – интеллект деп алынған.
Интеллектінің әл-Фараби төрт түрін ұсынады:

  1. Актуалды интеллект – бұл кездесетін қарама-қайшылықтың көкейкестілігін шешуді көздейді.

  2. Әлеуетті (потенциалды) интеллект.

  3. Әрекетшіл интеллект.

  4. Жүре келе пайда болған интеллект.

Көрсетілген төрт интеллекті түрлері парасатты және пайымдағыш іс-әрекеттің нәтижесі ретінде берілген.
Ал, Қожа Ахмет Иассауиде ойлаудың жоғары деңгейі ақыл, даналық сапасында берілген. Оның құрылымы: 1.Тәубешілік. 2.Ғибадатшылық. 3. Сүйіспеншілік. 4.Сабырлылық. 5. Шүкіршілік. 6.Ризашылық. 7. Заһидшілік. 8. Ғаріптік (құдірет алдындағы ғаріптік).
Жүсіп Баласағұни ақыл-оймен, парасат бағаммен, бақытты өмір сүрудің үлгісін ұсынады. 1. Әділет. 2. Даулет. 3. Ақыл-парасат. 4. Қанағат ынсап.
Қорыта келгенде, ұлттық ділі оның ойлау, бағамдау мүмкіндігінің деңгейіне қатысты екенін байқау қиын емес. Осы орайда, жоғарыдағы айтылған даналар іліміндегі менталитетті төмендегідей түземіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет