I тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың ТҮсінігі және тәртібі



бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#139610
  1   2   3   4


ЖОСПАР
КІРІСПЕ…………………………………………………………3

I - тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ...............5
1.1. Аппеляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құкықтық талдаулары....................................................................5

1.2. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы..........................................................................................20

1.3. Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі...................................................................................23

II - тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ.....................29
2.1. Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері.................................................................................29

2.2. Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі....................................................................37



Ш-тарау. Үкімнің күшін жою немесе оны өзгерту негіздері........................................................................................42

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………...50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………53


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.

Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең

бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.

Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау қүкық бүзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр.

Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ кателесуден қорғау міндетгерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотгыкқ тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады.

Қазакстан Республикасының Конституциясы әрбір адамға өзінің құқыктары мен бостандықтарының соттық корғалуына кепілдік береді. Қылмыстық сот өндірісі және бас сот талқылауы барысында азаматтардың қуқықтары шектелуі мүмкін болғандықтан, Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі1 қылмыстық істерді объективті және әділ шешілуінің маңызды тәсілдерінің бірі ретінде сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану. наразылық білдіру және сот шешімін қайта қарауды тиянақты түрде көрсеткен.

Апелляциялық2 сатыдағы (инстанциядағы)3 өндіріс - күшіндегі заңның новелласы болып табылады. Алайда, кылмыстық іс жүргізудің бірде-бір сатысы жана ҚІЖК-сі қабылданған уакыттан бері мұндай өзгертулерге ұшыраған жоқ.

Апелляциялық өндірістің алғашқы варианты заңшығарушымен істердің сотта қаралу нәтижелерін тексеру нысанында болды. Істердің апелляциялық тәртіппен кайта каралу тәртібі, ол кұрылған сәттен бастап көптеген сенімсіздіктер туғызғандығын айта кету керек. ҚІЖК-нін тиісті ережелерінің күшіне енгізілуінің кейінге қалдырылуының себептерінің бірі осы болса керек.

Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.

Апелляция институты Қазақстанның қүқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандыктан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл жерде қылмыстық іс жүргізу қызметі субъектілерінің алдында тұрған міндеттердің үлкен маңыздылығын, күрделілігін және айрықшалығын ескере отырып, апелляциялық өндіріске арналған отандық құкықтық әдебиеттердің жоқтың қасы екендігін, ал қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің жоқ екендігін айта кету керек.



Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі мен ғылыми жаңалылығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында алғаш рет қылмыстық іс жүргізудің жаңа сатысы, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру, яғни апелляциялық сатысын кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады. Жүргізілген зерттеу қылмыстық сот өндірісіндегі жаңа саты, апелляциялық сатының мәнін, мазмұнын ашуға, тәжірибеде қолданылуын зерттеуге, тарихи және салыстыру-қүқықтық талдаулар жасауға және қылмыстық іс жүргізу сатыларының ішінде алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.

Осы жоғарыда айтылғандарды ашу, зерттеу және талдау жасау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады және ол мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

- заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық
келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы, апелляциялық өндірістің
мазмұнын анықтау;


  • апелляциялық шағымдануға қүқықты тұлғаларды, олардың тәжіри-
    беде қалыптасқан шағымдану, наразылық білдіру әрекеттерін зерттеу;

  • апелляциялық сатыда істі қарау тәртібін және оның бұрынғы кассациялық, апелляциялық сатылардан айырмашылығын ашу;

  • апелляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құқықтық талдау-
    ларын шығару.



І-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі және тәртібі.
1.1. Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары.
Апелляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-қүқықтық талдауларын мен үш бөліммен қарастырдым: 1) қазақтардың дәстүрлі қүқығы бойынша шешімдерін қайта қарау институты; 2) кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта карау институттары және 3) кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту.

1. Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты

Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі кұкығы да дамып, жетілдіріліп отырды. Қазақстан Ресейге косылғаннан кейін оның аумағында қылмыстык іс жүргізудің екі түрі колданылды: біріншісі, қазақтардың дауларды, қүқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-дәстүрге негізделген дәстүрлі құқық бойынша сот өндірісін жүргізу, екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу. Сот өндірісінің екінші түрі бойынша іс орыс тілінде және Ресей заңдары негізінде жүргізілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісі елдегі биліктің еңбекші тап кеңестерінің қолына көшкендігін әйгілеп берді. Революция жасақтаған кеңестік өкімет органдары Қазақстандағы бұрынғы сотгарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазакстандағы сот жүйесінің кұрылуы және оның дамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуіне және мемлекеттік мәртебесінің өзгеруіне байланысты бірнеше кезеңдерді қамтыды.

Қазақтардың ежелгі дәстүрлі қүқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апелляциялық өндіріс жайлы толықкқанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляииялық кайта карау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандыктан, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.

Дәстүрлі кұқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болмағанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әр гүрлі нормалар мен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде бір-бірінен тым алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, біте кайнасып жатқандай еді. Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалар мен институттардың күні кешегі- XIX ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім, сондықтан да болар, казақтың дәстүрлі құқығындағы қайсы бір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айту оңай емес.

Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың дәстүрлі қүқығында қылмыстық және азаматтык құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер білінер-білінбес кана болды. Қазақтардың құқықтық пікірінің дамуы жөнінде XIX ғасырдағы әйгілі казақ ғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш.Уәлиханов былай дейді; «Қылмыс пен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек, тұрмыс-салты басқаша дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес».4

Қазактың белгілі ғалымы, заңгер Т.Культелеев те өз кезегінде: «Қазақ құқығында арнайы «қылмыс» деген термин болмаған, оның орнына «жаман іс» немесе «жаман қылық» деген сөздер қолданылған»5 деп ой түйеді. Шын мәнінде. «қылмыс» ұғымы жаман іс-әрекет пен астасып, ол қоғамға келтірілген шығын ретінде емес, жәбірленушінің немесе онын туыстарының наразылығы ретінде бағаланды, Ал, мұндай жағдай, әрине, жәбірленушінің немесе оның туыстарының қарсы жақтан сыйақы төлеуді талап етуімен аяқталатын. Сондықтан, тіпті адам өліміне байланысты іс те екі жақтың келісімімен, құн төлеу арқылы шешімін табатын. Бұл кісі қазасының орнына жатыстырылатын материалдық өтем деп қабылданды. Осы жөнінде А.Крохалев былай дейді: «Қырғыздарда «кұн» деп өлген адамның қаны үшін немесе руластың мезгілсіз киылған өмірі үшін төленетін өтемді айтады. Сондай-ак, дәстүр бойынша құн мүліктік сыйақы ретінде дене жарақаты жәбірленушінің туған-туыстарына да төленеді».6 Мұны сөз жоқ, қоғамның даму ерекшелігімен, әсіресе, алғашқы қауымдастық пен феодалдық құрылым элементтерінің қатар өрілуімен түсіндіруге болар еді. Феодализм тұсында қоғамдық қатынас жеке меншікке негізделгендіктен, құқық та көбіне осыған ыңғайланды. Сол үшін де, жауаптылық жасалынған іс-әрекеттің ауыр, жеңілдігімен емес, ашығын айтқанда, жәбірленуші мен кінәлінің қай қоғамдық топқа жататындықтарымен өлшенді. Ол (уақыттарда қазақ қоғамында қылмыс пен азаматтық тәртіп бұзушылық ұғымдарының арасында нақтылы шектеулер болған жоқ. «Жәбірленуші – талапкер, ал қылмыскер - жауапкер деп аталды. Қылмыстық іс-әрекеттің де, азаматтық құқық бұзушылықтың да нәтижесі келтірілген зиян деп бағаланды».

Академик С.Зиманов атап өткендей, қазақтың дәстүрлі қүқығы бірнеше жүздеген жылдар бойына кешеуілдеп қалған, тұйық шаруашылық негізінде дамып келді. Бұл әрине, дәстүрлі қүқықтың қайсыбір жекелеген қүқықтық нормаларына өзіндік салқынын тигізді. Мәселен, XIX ғасырдың ортасына дейін дәстүрлі құқық жөніндегі жазбалардан тауар-ақша қатынастарын реттейтін нормаларды кездестіре алмайсыз; сот өндірісін жүргізу ешқандай жазбаша дәлелдемелерді талап етпеді.7 Кінәлі адамнан кек алу, тергеусіз сот жүргізу сияқты көне әдет-ғұрыптар көп уақытқа дейін бұзылған қүқықты қалпына келтіру тәсілі ретінде колданылып келді. Қазақ құқығының тарихында Тәуке хан мен «Жеті жарғы» заңының орны бөлек. Бұл жөнінде ХІХ ғасырдың басында аса кұнды еңбектері үшін көзінің тірісінде мойындалған орыстың шығыстанушы ғалымы А.Левшин былай деп жазды: “Кіші Орданың зерделі қырғыздары, біздің халық тыныштықта өмір сүрген кезде болған, бізде тәртіп те орнықты болған, бізде заң мен әділ сот та болған дегенді айтады».8

Тәуке ханның заңдар жинағында көптеген қылмыстық және азаматтық-құқықтық нормалар және дәстүрлі құқық нормалары болды. Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесін зерделей отырып, онда мынадай элементтердің бар екендігін байқаймыз: а) әдет-ғұрып; ә)билер сотының іс-тәжірибесі; б) билер құрылтайының ережесі. Бұл үш белгі өзара тығыз байланысты. Билер сотының іс-тәжірибесі немесе сот өнегесі, сондай-ақ, билер құрылтайының ережесі қолданыстағы қүқықтық дәстүрлерді тұрақты түрде толықтырып, өзгертіп отырды.

Заңдық күші бар әдет-ғұрыптар негізінен арнайы еш жерде жазылмаған, олар қысқа қайырылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауыз екі жолмен жеткізіліп келген. Міне, хан Тәуке осылардың бәрін жинап, бір зандар жинағының — «Жеті жарғының» аясына жүйелеп топтастырған.

Билер сотының іс-тәжірибесі қазақтың дәстүрлі кұқығын дамытуда маңызды рөл атқарды. Атақты билердің жекелеген нақыл сөздері немесе үкімдері сондай ұқсас істерді қараған кезде үлгі ретінде қолданылды. Сөйтіп, келе-келе олар заңдық күшке ие болды.

XIX ғасырдың екінші жартысына дейін билердің шешімдері еш жерде қағазға түсірілмеген. Олар калайда ауыздан-ауызға таратылып отырған. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін ғана билер кітабы енгізілді. Онда билер шығарған үкімдердің немесе шешімдердің қысқаша мазмұны жазылды. Кейбір жағдайларда билер сотының үкімдері жазба кұжат ретінде жеке рәсімделді.

Қазақтардың қылмыстық дәстүрлі құқығы тарихын зерттеу барысында Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі саяси жағдайына назар аударудың мәні зор. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін мұндағы ең жоғары мемлекеттік билік ханның қолында болды. Ханның билігін қорғау тек сұлтанға тапсырылды. Сот және заң шығару міндеттерін хан билер кеңесімен бірлесе отырып, қазақтардың дәстүрлі құқығы негізінде жүзеге асырды. Егер дәстүрлі құқықта қайсыбір құқықтық жағдайды реттейтін норма жоқ болса, хан сол кемшіліктің орнын өзінің заң шығарушылық қызметімен ыңғайластырды. Мұндай кезде ханның соттық шешімі дәстүрлі құқыққа енгізілген маңызды толықтырылу деп есептеліп, соның негізінде жаңа құқықтық норма жасалынды. Хан жүргізген соттық талқылау ең соңғы сот инстанциясы деп саналды. Хандар мен сұлтандар ықпалды билерді қатыстыра отырып, аса маңызды істерді қарады.

Қылмыстық және азаматтық істерді талқылайтын арнайы орган-билер соты болды. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін билер сот билігінен басқа жергілікті әкімшілік органдардың міндетін атқарды. Академик С.Зиманов билердің әлеуметтік рөлі мен қызметін үш бағытта сипаттайды: біріншіден, олар ірі феодалдық ақ сүйек өкілдері; екіншіден, билер көшпелі халыққа басшылық жасап, олардың іс-әрекеттерінен хабардар болып отырды; үшіншіден, олар судья еді (Зиманов С. Общественный строй казахов первой половины XIX века. Алма-Ата, 1958. 194-195-беттер).

Ежелгі дәстүрлі құқық нормалары бойынша билерді ақсақалдар сайлаған. Олар би болуға дәулетті және халықтың заңдық әдет-ғұрпын жақсы білетін тәжірибелі, білімдар адамдарды таңдады. Бұл жөнінде 1864 жылы жазылған “Сібір ведомствасына қарасты қырғыздардағы сот реформасы туралы жазбалар” деген еңбегінде (Уәлиханов Ш. Көрсетілген шығарма. 151-бет) Ш.Уәлиханов былай дейді: “Тек сот әдет-ғұрпы жөніндегі терең білімін шешендік өнермен ұштастыра білген қазақтарға ғана би деген құрметті атақ берілді.

Билер сотында қаралатын істердің бір ерекшелігі сол, мұнда, әдетте, қылмыстық істер тараптардың бастамашылығымен козғалады. Ал, дауды қарау процесі қарапайым және жұрттың бәріне түсінікті жүргізілді. Істі қарау барысында билер негізінен екі жақты татуластыруға тырысты. Шығарған шешімдерінің түпкілікті, әрі талапкерді де, жауапкерді де қанағаттандыруын көздеді.

Билер соты процестің бәсекелестігіне негізделді. Екі жақ дауды шешу үшін өздерінің қалаулары бойынша сөздерін бір биге немесе бірнеше биге арнады. Талапкерге шағымға қатысты дәлелдемелерді тапсыру міндетғелді. Жауапкерге өзін ақтайтын барлық дәлелдемелерін ұсынуға мүмкіндік берілді. Бұдан басқа, егер тараптар арасында келісім орнаса, қылмыстық процесті кез келген сатыда токтатуға рүқсат етілді. Соттық тергеу ісі басынан аяғына дейін ешқандай жазбасыз, ауызша жүргізілді.

Қазактардың дәстүрлі қүқығы билер соты шығарған шешімдерге тарптардың шағымдану мүмкіндігін қарастырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл институттың өзіне тән ерекшеліктері де болды.

Шағымдану қүқығына ешқандай шек койылмады. Билер сотының шешімі жөнінде басқа бір биге немесе хан сотына шағымдануға ерік берілді. Шешім жарияланғаннан кейінгі шағымдану мерзіміне де шек белгіленбеді. Шағымданушы өзінің қалауы бойынша, өзі сенім білдІрген кез келген биге өтініш білдіруге құқылы болды. Би талапкердің, сондай-ақ, екі жақтың тілегіне сүйеніп, істІ өндірісіне қабылдады. Істі қараған хан (би) шығарылған шешімнің әділдігіне көзін жеткізсе, бұл жөнінде арызданушыны хабардар етті. Егер хан (би) алдыңғы шешімді костап бекітсе, шағымданушы судьяға жабушы ретінде айыпталып, тиісінше жазаланды. Ал, егер шағым орынды деп табылса, хан (би) шешіміне шағым түскен биге келіп, екеуі кінәлаушымен жәбірленушінің көз алдында істі қайтадан қарады. Шешімнің әділетсіздігі дәлелденген жағдайда, хан (би) жаңадан шешу үшін істі әлгі биге кері тапсырды. Сол жерде, егер шешім қабылдаған бидің біржақгылығы әшкереленсе. онда хан (би) істі басқа биге өткізді



2. Кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта қарау институттары.

1917 жылдың 25 қазанында Ресейде жаңа өкімет - Кеңестер өкіметі


жарияланды. Осы кезеңде сот жүйесіндегі институттар, сондай-ақ сот
шешімдерін қайта карау мәселелері шешімін қалай тапты дегенге келер
болсақ, Кенес өкіметі өзінің сот құрылысы және сот өндірісі саласындағы
жұмысын, ең алдымен ескі сот аппаратын жойып, жаңа өкіметтің талабы мен
мұратына сай келетін жаңа сот жүйесін кұруға бағыттағанын атап өткеніміз жөн. Осы бағытга жасалған алғашқы қадам 1917 жылы «Сот туралы» №1
декреттің кабылдануымен басталды. Міне, осы декрет арқылы революцияға
дейінгі қолданыста болған ескі сот жүйесін таратудың негізі қаланған еді.
Сондай-ақ, осы және кейін қабылданған сот туралы №2 және №3 декреттер арқылы сот шешімдерін қайта қараудың жалғыз нысаны — кассация белгіленді.

«Сот туралы» № 1 декрет революцияға дейінгі сот институттарын, соның ішінде апелляцияны да жоюмен қатар жаңа сот жүйесІн бекітті. Ол жергілікті соттар және революциялық трибуналдардан қүралды.

1918 жылдың 7 наурызында жарияланған «Сот туралы» №2 декретте
аппеляциялық өндіріске рұксат етілмейтіндігі және сот шешімдерін қайта
қараудың жалғыз нысаны кассация екендігі нақтылана түсіп, бірінші рет
үкімнің күшін жоюға негіз болатын жайт-таратып көрсетілді.

1918 жылдың 20 шілдесінде қабылданған «Сот туралы» №3 декрет негізінен «Сот туралы» № 1 және №2 декреттердің ережелерін толықтырып, кассациялық өндіріске қатысты нормаларды нактылап берді. Осы декретке сәйкес сот шешімінде 500 рубльге дейін ақшалай өтем алуға және 7 күнге дейін бостандығынан айыруға жаза тағайындалған істер бойынша кассацияға рұқсат етілмеді.

1922 жылы сот реформасын жүргізудің нәтижесінде «РСФСР-дың сот құрылысы туралы ереже» қабылданды. Осы ережеге байланысты РСФСР аумағындағы екі тармақты сот жүйесі (халық соттары және революциялық трибуналдар) қолданылуын тоқтатты. Кассациялық инстанция ретіндегі алты халық судьясы қатыстырылатын халык соттары, губерниялық революциялық трибуналдар. Халық судьяларының кеңесі таратылып, олардың уәкілеттігі губерниялық сотқа берілді. Ол бірінші инстанциядағы сот ретінде аса маңызды кылмыстык және азаматгык істерді қарады және халық соттары қарайтын істер үшін кассациялық соттың міндетін атқарды.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқа Қазақстанның губерниялық (облыстық) соттары үшін қылмыстық істер бойынша кассациялық инстанция болып танылды. Кассациялық алқаның сот мәжілісі құрамына төрағалық етуші және екі мүшесі енгізілді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот ретінде мемлекеттік маңызы бар істерді карады. Оның кұрамына да төрағалық етуші және екі мүшесі енгізілді.

РСФСР Жоғарғы сотының қазақ бөлімін ашу нәтижесінде Қазақстанда үш тармақты сот жүйесін (халық соты, губерниялық /облыстық/ сот, РСФСР Жоғарғы сотының қазақ бөлімі) құру аяқталған еді. Осы уақыттарда сот шешімдерін қайта қарау институтын әрмен қарай дамыту ушін 1922 жылдың 28 мамырында РСФСР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің қабылдануы, сосын 1923 жылдың 15 ақпанында БОАҚ-тың қаулысымен РСФСР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің жаңа редакциядағы нұсқасының бекітілуі үлкен рөл атқарды. Осы ҚІЖК бойынша сот шешімдерін қайта қарау институтының жалғыз нысаны ретінде кассация алынды. Бұл жөнінде 1923 жылғы ҚІЖК-нің 349-бабында былай деп жазылды: «Халық сотының үкімдеріне шағымдану мүдделі жақтардың кез келгені тарапынан тек іс өңдірісінде немесе істі сотта қарау барысында жіберілген тиісті тараптың құқығы мен мүдделерінің формальдық бүзылуы жөнінде жасалуы мүмкін. Бұл кассациялық шағым деп аталады және ол үкімнің мәніне ешқандай қатысты болмауы тиіс».

Кассациялық шағым, наразылық жасау құқығын процесс барысында айыптаушының міндетін атқаратын прокурор, азаматтық талапкер және оның мүддесін қолдаушы өкілдері, айыптаушы, оның заңды өкілдері және қорғаушылары иеленеді.

ҚІЖК-нің 344-бабына сәйкес сотгың үкімдеріне, яки. ұйғарымдарына жасалатын шағымдар соларды қабылдаған халык соты орналасқан аймақтағы губерниялық соттың кассациялық бөліміне ұсынылды.

Қазақ КСР-нің сот кұрылысы туралы жаңа заңы, Қылмыстык және қылмыстық іс жүргізу кодекстері 1958 жылдын 25 желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «КСРО, одақтас және автономиялық республикалардың сот құрылысы туралы заңнамаларының негіздеріне», жоне одактас республикалардың қылмыстық заннамаларының сріне». «КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық сот өндірістерінің негіздеріне» сәйкестендіріліп жасалынған еді.

Сонымен, 1959 жылғы сот қүрылысы туралы заң бойынша Қазақ КСР-інде сот әділдігі республиканың Жогареы соты, облыстық соттары, аудандық (қалалық) халық соттары арқылы жүзсге асырылды.

Осы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (1959 жыл) Қазақ КСР аумағында еліміз тәуелсіздік алып, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданғанға дейін (І997 жылдың 13 желтоксаны) қолданыста болды.

Міне. сол уақыттан бастап, біздің мемлекетіміздің қылмыстық іс жүргіэуінде сот шешімдерін қайта қарау институтының мүлдем жаңа тарихы басталды.



3. Кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту'

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің ең тиімді құрылысы билікті үш тармаққа бөлу қағидасын бекітті. Олар - заң шығарушылық атқарушылық және сот билігі. Осылардың ішіндегі сот билігін жүргізу тек бірыңғай сотгарға жүктелген.

Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандықтан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеуді ең алдымен апелляциялық өндіріс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.

1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі сот шешімдерін қайта қараудың төрт сатысын қарастырады:

-соттың әлі заңдық күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық);

-соттың күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысы (қадағалау инстанциясындағы өндіріс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндірісті қайта бастау сатыларын қолданысқа жіберді. Ал, ҚІЖК-нің соттардың қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау туралы ережесін қолдануды алдымен 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырды.

2001 жылдың 11 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының “Сот ісін жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертілер мен толықтырулар енгізу туралы” заңы соттың заңдық күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау үшін апелляциялық инстанция енгізді. Осы заң республиканың сот өндірісінен кассациялық шағымдануды, наразылықты алып тастады.

Жаңа ереже 46 және 47 тарауларға топтастырылып, ҚІЖК-нің 8 бөлімінен орын алды (“Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау”).

Осындағы 46-тарау “Заңдық күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық, кассациялық шағымдану және наразылық білдіру” ҚІЖК қолданысқа енгізілгеннен кейін 1998 жылдың I каңтарынан бастап өмірге жолдама алды. 9 баптан тұратын бұл тарау кассациялық өндірістің негізгі ережелерін реттейтін мынадай жайттарды қарастырды: сот үкімдеріне шағымдану және наразылық білдіру субъектілері (396-бап), және шағымдарды, наразылықтарды өзгерту, толықтыру, кері қайтару жөніндегі олардың құқықтары туралы (402- баптың 3, 4-тармақтары), шағымдану және наразылық білдірудің тәртібі мен мерзІмдері туралы (398,399-баптар), шағым беруге, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібі туралы (400-бап), шағымның берілгендігі, наразылыктың білдірілгендігі жөнінде тараптарды хабардар ету (401-бап) және істің қаралатын уақыты мен орны жайлы тараптарды құлақгандыра отырып, істі апелляциялық инстакциядағы сотқа жіберу туралы (402-бап), бірінші сатыдағы соттың қаулысьша шагымдану, наразылық білдіру туралы (403-бап).

2001 жылдың 11 шілдесіндегі "Заң тараудьтң тақырыбынан және көрсетілген баптардың мазмұнынан «кассациялық» деген сөзді алып тастап, аталмыш тарауға мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізді:

-396 бап (Үкімге апелляциялық және кассациялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы) апелляциялық шағымдануға және наразылық білдіруге жататын үкімдердің қатарынан Қазакстан Республикасы Жоғаргы сотының
үкімдері алып тасталды;

-397-бап (Заңды күшіне енбеген үкімдерге берілген шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар) а) үкімдерге байланысты шағымдар, наразылықтар ұсынылатын алқалардың атаулары өзгертілді: «сот алқасы» ендігі жерде “қылмыстық істер жөніндегі алқа” деп аталады, яғни тиісінше “облыстық және оларға теңестірілген соттардың...” және “Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының...” деген тіркестерге жалғасып жазылады; ә) сот органдарының қатарынан “Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Президиумы” алып тасталынды; б) бап бір бөлікті үш тармақтың орнына екі бөлікке бөлінген;

-398 – бап (Үкімге шағымдар, наразылықтар беру тәртібі) -өзгеріссіз қалдырылды.

-399-бап (Үкімге шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері) — «он күннің ішінде» деген сөздер «он тәулік ішінде» деп өзгертілді;

-40О-бап (Шағым беруге, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібі) - төрағалық етуші ұзақ уақытқа жоқ болып, оны сол соттың басқа судьясына ауыстыруға байланысты өткізілген уакытты қалпына келтіру жөніндегі өтініш кұкығы туралы толықтыру сақталынды (2000 жылдың 5 мамырындағы заң);

-401-бап (Шағым беру және наразылық білдіру туралы хабардар ету) —өзгеріссіз қалдырылды;

-403-бап (Бірінші сатыдағы соттың қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру) — қаулыларға шағымдануға және наразылық бІлдіруге шектеу қоятын 2-бөлік «осы кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер» деген сөздермен топтастырылды, сонымен қатар, шағымдануға және наразылық білдіруге жататын қаулылардың қатарынан «таңдауға, өзгертуге немесе алдын алу шараларын жоюға» байланысты қаулылар алып тасталды, көрсетілген ережелермен 2000 жылдың 5 мамырындағы заң арқылы толықтырылды.

1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы» заңның 5-бабы апелляциялық, өндіріс нормаларын енгізудің мынадай тәртібін белгіледі: «Осы Кодекстің қылмыстық істерді соттың апелляциялық тәртіппен қарауы туралы ережелері олардың іске асырылуы үшін қажетгі жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 2000 жылғы ! қаңтардан кешіктірілмей күшіне енгізіледі. Аталған нормалар күшіне енгізілгенге дейін апелляциялық тәртіппен қарауға жататын істердІ кассациялық шағым жасау, наразылық білдіру тәртібімен тиісті сотгар қарайды».

Сонымен, қазіргі уакытта ҚІЖК-нің 404-бабы мынадай редакцияда жұмыс істейді;

«I. Апелляциялык тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немес наразылық білдірілген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген сотталушыларға қатысты ғана тексереді.

2. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген бөлігінде және тек шагым немесе наразылық бІлдірілген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бүзылуы белгілі болса, сот осы Кодексте көзделген ережелердІ сақтай отырып, үкімді, сондай-ақ, шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдІрмеген адамдарға катысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы».

Келтірілген нормалардан байқағанымыздай, заң шығарушылар 1997 жылғы ҚІЖК қолданысқа енгізілген кезден, яғни 1998 жылдын қаңтарынан 2000 жьтлдың 5 мамырына дейін кассациялык инстанцияға істі тексеру жөнінде және шағым берілмеген, наразылык білдірілмеген бөлігіне шағым берілмеген, наразылык білдірілмеген адамдарға катысты шешім кабылдауға уәкілеттік бермеген. ҚІЖК-нің 402-бабының екінші тармағын үкімге (каулыға) шағымдану, наразылық білдіру үшІн белгіленген мерзім өткеннен кейін бір күннен кешікпей аталмыш Кодекстің 401-бабының талаптарын орындауды бірінші инстанциядағы сотқа міндеттейтін нақты нормалармен толықтырды, сондай-ақ, апелляциялық инстанциядағы соттар қарайтын объектілердің қатарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты үкімдерінің алынуына байланысты ҚІЖК 397-бабының үшІнші бөлігін тізімнен шығарып тастады.

Сонымен, кассациялық өндірісті қозғау тәртібін және кассациялық шағым жасауға, наразылық білдіруге байланысты тараптар мен сот арасында туындайтын құқықтық катынастарды реттеп келген ҚІЖК-нің 46-тарауы толығымен апелляциялық инстанцияның іс-әрекетІне қалдырылды (жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтырулардан басқасы). ҚІЖК-нің 400,402,403,404-баптарына қосылған бұл өзгертулер мен толықтырулар 2000 жылдың 5 мамырында қабылданған заң арқылы енгізілген болатын.

47-тарау өзінін бұрынғы «Апелляциялық шағымдар, наразылықтар

бойынша істі қарау» деген тақырыбын сақтай отырып, кассациялық инстанциядағы атауларымен 23-баптың 22-ін кабылдады. Мұндағы бір ғана өзгеріс, «кассациялық инстанция» сөзі «апелляциялық» деп ауыстырылды.

2001 жылдың 11 шілдесіндегі заң ҚІЖК-де калдырылған 47-тараудың 22 –бабына мынадай өзгерістер мен толыктырулар енгізді:

-Апелляциялық караудың мәні (405-бал). Апелляциялық сатыдағы сот апеляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық занды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкІмІнің немесе каулысының заңдылығы мен негіздІлігін толық көлемінде тексереді.

-Істі қарау мерзімдері туралы 406-бап апелляциялық сатыдағы сотқа, қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасының төрағасына немесе тиісті сот төрағасына қажет болған жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту кұкығын беру ережесімен толықтырылды. Біздің ойымызша. бүл толықтыру сот өндірісіндегі нақты жағдайларға өте үйлесімді-сияқты. Себебі, қылмыстық істерді карау барысында көбіне ондаған, ал қайсыбір кездері жүздеген томдық тергеу құжаттарын сараптан өткізуге тура келеді. Мұндай істерді қараудың ен басты қиындығы сол, процеске қатыстырылатын адамдардың саны өте көп болғандықтан, олардың бәрін бірдей уақытылы келтіру кейде тіпті мүмкін болмай жатады.

Сонымен қатар, заңда қарастырылған істі қарау мерзімін ұзарту тәртібі де біршама киындатылып жіберген сияқты. Заң шығарушылар мерзімді дәлелдІ себептер негізінде іс өндірісінде жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы арқылы ұзартуды ұсынады. Ал, мерзімді әрмен қарай қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысы бойынша ұзартқанды жөн көреді. Біздіңше, істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартуды тиісті сот алқасының төрағасына тапсырған дұрыс болар еді. Өйткені, оған Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңы бойынша алқа судьяларының арасында істі карауды ұйымдастыру және алқа мәжілістерінде төрағалық ету міндеті жүктелген (15, 21 -баптар). Яғни, істі қарау мерзімін ұзарту мәселесін, ен алдымен сол істі зерттеген адам алқа төрағасының алдына кояды да, кейінгісі мән-жайды сатптай отырып, істің қарау мерзімін ауыстыру жөнінде тиісті шешім қабылдайды. Ал, заң шығарушылар ұсынғандай, үшінші судьяны іске араластыру, алқа төрағасының қабылдаған шешімі бойынша сот мәжілісін өткізу, біздіңше, тек соттың жұмысын қиындатып жібермек. Оның үстіне,мерзімді әрмен қарай ұзартуды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы немесе тиісті сот төрағасы жүзеге асырады ғой.

3. 407-бап. Апелляциялық шағымның, наразылыктың мазмұнына

байланысты қойылатын бұған дейінгі алты талапқа және екеуі қосылды.

Олар:


-үкімге, қаулыға толық немесе оның бір бөлігіне шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырғанын көрсету (4-тармақ);

-арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттелмеген дәлелдемелерді ұсыну (6-тармақ).

Сондай-ақ, апелляциялық шағымданушы және наразылық білдіруші субъектілерге шағым және наразылық келтірілген күнді көрсету жөнінде қосымша міндет жүктелді (8-тармақ).

ҚІЖК-нің 427-бабында шағымдану, наразылық білдіру объектісі ретінде айтылған «өзге де шешім» деген ұғым, сот шешім қабылдаған кезде қолданылатын «каулы» деген процессуалдық ұғыммен ауыстырылды. Заң шығарушылар қарастырылып отырған нормалардың қатарына: «Егер берілген шағым немесе наразылық... кассациялық қараудың мәніне қатысты мән-жайларды қамтымаса...» деген берілген шағымды, наразылықты бағалауға қатысты ережені енгізуден негізді түрде бас тартты.

«Егер кайта жасалғаннан кейін апелляциялык шағым, наразылык аталған мерзім ішінде сотқа табыс етілмесе, олар берілмеген болып есептеледі” деген толықтыру шағым, наразылық айтушыларды процессуалдық мерзімді сақтауға міндеттейді, ал сотқа шағым, наразылық түспеген жағдайдағы заңмен белгілеген міндеттерін жүзеге асыру құқығын береді.

4. 408-бап. Апелляциялык сатыдағы сот отырысын белгілеу. Заң шығарушылар істі қараудың уақыты мен орнын «жоғары тұрған сотпен келісе отырып» белгілеуді бірінші сатыдағы сотқа жүктеді. Сондай-ақ, істің қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлау үкім (қаулы) шығарған сотқа міндеттелді.

428-баптың, екінші бөлігінде көрсетілген «Өзінің шағымын немесе сотталушының пайдасына шығарылмаған прокурордың наразылығын карау; кезінде қатысуға өзінің тілегін білдірген сотталушы кассациялық сатыдағы сот отырысына жеткізілуге тиіс» деген қатаң ереже апелляциялық истанциядағы сот үшін мынадай жалпы ережемен өзгертілді: «Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, онын апелляциялык сатыға қатысу туралы өтініші канағаттандырылуға тиіс.

Бұл өзғерту ҚІЖК-нің 69-бабының екінші бөлігінде көрсетілген сотталушының келтірілген шағымдар мен наразылықтарға байланысты сот қарауына катысу кұқығы туралы ережеғе сәйкес келеді. Сотталушының қатысу негізІне оның өтініші алынады. Сотталушыны оның жағдайын нашарлату жөнінде мәселе көтерген прокурордың наразылығымен, яки жәбірленушінің шағымымен таныстыру, сондай-ақ оған апелляциялық инстанциядағы сотқа қатысу құкығын тусіндіру және соттың қай жерде, қай уақытта өтетінін ескерту процесті бастауға ерік береді. Қамауда отырмаған сотталушыны жеткізу апелляциялық инстанциядағы соттың міндетіне жатпайды. 2000 жылдың 5 мамырында қабылданған заң ҚІЖК-нің 428-бабының үшінші бөлігін «Прокурордың кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуға міндетгі» деген ережемен толыктырды. Бұл ереже ҚІЖК-нің 408-бабында сакталынды.

ҚІЖК-нің 428-бабының бірінші бөлігіндегі іс кассациялық шағыммен немесе наразылықпен келіп түскен кезде қарау күнін белгілеп, оны судьяларға бөліп беруді сот төрағасьна немесе оның тапсырмасы бойынша алкасының төрағасына міндеттейтін ереже дәлелді түрде ҚІЖК-нің 408-бабына енгізілмеді.

5. Апелляциялық сатыда істі карау тәртібі (409-бап) іс жүргізудің кейбір жарыспалылық элементтеріне және апелляциялық инстанциядағы сотқа ережелермен толықтырылды. Апелляциялық наразылыктың себептері мен дәлелдерін баяндап беру, айыптау өкілі ретінде прокурорға міндеттелді.

Кассациялық сатыдағы сотқа карағанда апелляциялық сатыдағы соттың бір өзгешелігі - сотталушы туралы мәліметтердің толык аныкталмағандығына байланысты (егер ол істі қарау барысында осы жайттарды анықтауға мүмкіндігі болса) сот тергеуін толык емес деп айта алмайды (414-бап). Бұл норманың бұрынғы мәтінінде әлгіндегі соңғы жағдай көрсетІлмеген болатын.

Жоғарыда айтылған талдаулардан байқағанымыздай, апелляциялық өндіріс туралы ұлттық заңнамамыз республикамызда қолданыста болған кассациялық өндіріс негізінде кұрылған. Апелляциялық сот өндірісі туралы заңнама кассациялық өндірістің барлық негізгі ережелерін қабылдай отырып, жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізді.

Егер, 200І жылдың 11 шілдесінде кабылданған заңды қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот өндірісі туралы ережелер тұрғысынан алып, ҚІЖК-нің І997 жылғы редакциясында көзделген нормалармен салыстырсак, оның өмірлік шындыққа әлдеқайда жакын шыкканын байқауға болады. Бұрын карастырылғандай, сот үкімдері мен шешімдерін қайта қараудың классикалық үлгісі немесе былайша айтқанда, «толык апелляция» процеске қатысушылардың облыс орталықтарына, астанаға баруға әрдайым мүмкіндіктерінің бола бермейтінін ескерсек (елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасқаны, көлік катынастарының қиындығы, т.б.), жай болжам күйінде қалатынын аңғару қиын болмаса керекті. Яғни, бұл процеске қатысушыларға - қатардағы қарапайым тұрғындарға орындалуы мүмкін емес іс-жүргізу құқығын беру деген сөз ғой.

Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей құкық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылыктарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылыктарын білдіруге, іс кұжатгарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіңдік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.

Жаңа заңнаманың жағымды жетістігі ретінде істі қайта қараудағы тексеру тәртібінІң сақталып қалғандығын айтуға болар едІ. Қылмыстык істер бойынша кандай да бір даулы мәселелер туындай қалған жағдайда, соттарға өз бастамасымен бұл жөнінде баяндама жасауды міндеттейтІн осынау көне римдік тәртіп кезінде Еуропа елдерінің заңнамаларынан еркін орын алса, кейін КСРО мемлекеттерінің кодекстеріне еніп, Қазақстанның аумағында да кеңінен қолданылды.

Істерді кассациялық қайта караудың көп жылдық тәжірибесі шағым мен наразылық, әдетте, сот шешімінің тек қайсыбір бөлігін ғана қозғайтындығы жөнінде сот өндірісіне қатысушылардың көздерін әбден жеткізді. Айталык, сотталушылардың барлығы бірдей үкімге шағымдана бермейтіндігі туралы қаншама мысалдар бар немесе сотталушылардың тек кейбіреулеріне ғана байланысты наразылықтар жасалады, яки шағымдар мен наразылықтар көбіне үкімнің тек белгілі бір бөлігіне ғана қатысты болады. Міне, осындай шағымдар мен наразылыктарды қараған соттың кейбір шешімдері басқа сотталушылардың мүддесіне кері әсерін тигізуі мүмкін ғой. Сондыктан да, (ҚІЖК 404-баптың 2-бөлігі) үкімнің шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігіне де және шағым бермеген, наразылык білдірмеген адамдарға қатысты да төрелік айтуды соттьң құзырына қалдыра отырып, мынадай норманы бекітті: «Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот осы кодексте көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді, сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылык білдірмеген адамдарға катысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы. Яғни, үкімнің шағым және наразылық жасалмаған бөлігіне қатысты шешім қабылдау мәселесі белгіленді.

Апелляциялық сатыдағы сот жоғары соттардың — облыстык және соған теңестірілген соттардың, республикалык Жоғарғы соттың кұрамында қалдырылды. Мұнда қаралатын істі үш судья алқалы түрде жүргізеді.

Заңның апелляциялық инстанцияны жоғары тұрған соттың алқа құрамында қалдыруы да өмірлік тәжірибеге негізделген еді. Шын мәнінде, апелляциялық сатыдағы сот қабылдаған алқалы шешім, бүкіл республикадағы сот саласының бай тәжірибесіне сүйенген тәжірибелі заңгерлердің еңбектерінің жемісі іспетті. Сондықтан да, істің нактылы жағдайына және құқықтық бағалануына байланысты жоғары тұрған соттың пікірі төменгі сатыдағы соттар үшін заңдық ережелерді қолдануда және оларды түсіндіруде үлгі болып саналады. Сондай-ак, оның психологиялық мәні де өте зор: процеске қатысушылар және жалпы қоғам тарапынан ең жетік соттың шешімі ретінде қабылданады.ретінде қабылданады.

2001 жылдың 11 шілдесіндегі заңның ережелері сот шешімдерін қайта қараудың республикада қалыптасқан жүйесіне сәйкес келеді. Атап айтқанда:


  • заңдық күшіне енбеген үкімдер мөн қаулыларды кайта қарау
    (апелляциялық);

  • күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау (қадағалау);

- жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндіріс-
ті қайта бастау.

Бұл сот инстанциялары, сот қаулыларын қайта қараудың тәртібі ретінде де біздің құқықтық жүйемізге әбден «сіңісіп» алды, заңгерлер де өте жақсы меңгерген. Олардың іс жүргізу ережелерінде пәлендей қиындықтар жоқ, азаматтарға да қолайлы. Шешімдерді қайта қараудың бір сатыдан келесі бір сатыға, яғни аудандық соттан облыстық сотқа, облыстық соттан Жоғарғы сотқа өтуін қарастыратын апелляциялық инстанциямен қатар, қадағалау өндірісінің екі деңгейінің ойластырылуы, көп жылғы іс-тәжірибеміз көрсетіп жүргендей, сот қателіктерін фактілік жағынан да, құқықтық жағынан да дер кезінде жойып отыруға үлкен септігін тигізуде.

Апелляциялық инстанция — тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот. Әрі бұл жөнінде сот өз шешімін шығаруға міндетті. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін токтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді. Сөйтіп, сот та өзінің өкілеттігін тоқтатады. Ал, тараптардың шешімге қатысты бұдан кейінгі дауласуы баска «жазыктыкқа» ауысады; тараптардың шағымдарын келесі сатыдағы соттың судьялары мен лауазымды тұлғалары қарайды, әрі мәселенің каншалықты шешілетіндігі солардың еркіне байланысты. Тек, прокурордың наразылығы ғана ешбір бұлтарыссыз келесі сатыдағы соттың есігін аша алады.

Істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және кылмыстық жауаптылыққа тартылған адамнын кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс-жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза қолдану дәрежесін аныктайтын заңдардың еш бұрмаланбай, қатаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі кысқарту жағдайлары да бағынады.

Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың қаралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, қылмыстық іс жүргізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялық сот өндірісіне жүктеліп отыр.

Біз Л.Берсугурованың апелляциялық сатыдағы соттың соңғы шешімді қабылдауы бірінші инстанциядағы соттың беделін түсіреді-міс деген пікірімен келісе алмаймыз.

«Апелляциялық сот, — дейді ол, — істі мәні бойынша қарайды және іс бойынша жаңа шешім қабылдауға құқылы. Ал, бұл бірінші сатыдағы сот беделінің түскендігін көрсетсе керек».9

Істі тексеру барысында апелляциялық сатыдағы сот тиІсІнше мынадай шешімдерді (соның ішінде түбегейлі шешімдерді) қабылдауға құқылы: бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою; іс бойынша сот өндірісін тоқтату; бұрынғы шешімді сотталушының жағдайын жақсарту немесе нашарлату жағына қарай өзгерту. Әрине, заңда көрсетілген жағдайлар орын алған жағдайда, осынау шешімдерді қабылдау құқығы бірінші сатыдағы сот беделінің төмендеуімен немесе жоғарылауымен өлшенбесе керекті. Мұндай құқык негізінен сот әділдігі мүддесінен туындайды. Оны іс жүзінде апелляциялық сатыдағы сот қорғайды. Апелляциялық сот істі адамның негізсіз сотталғанын анықтаған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың беделі қаншалық түсетіндігіне қарамастан, істі міндетті түрде тоқтатуы тиіс. Бұл жерде апелляциялы сатыдағы сот, айыптау үкімі сотта жан-жакты зерттеліп, сарапталған дәлелдемелердІң негізінде ғана шығарылады деген қағиданы басшылықкқа алады. Ал, осы талаптарды орындамау, шын мәнінде, заңға қайшы келетін, негізсіз үкімнің қабылдануына әкеліп соғады. Міне, бұл расында да, сол үкімді шығарған соттың беделіне нұқсан келтіріп, абыройын, түсірмек және түсіруі тиіс. Сондықтан, әрбір сот қандай деңгейде тұрғанына қарамастан, өз беделінің кіршік шалмау жағын өзі ойластырғаны абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет