I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет115/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   224
24344 (1)

 
 
МОТОРЛЫ (ЭКСПРЕССИВТІ) АЛАЛИЯ 
Моторлы алалия — сенсомоторлы және мағыналық операциялардың 
сақталған жағдайындағы сөйлеудің пайда болу процесіндегі тіл 
операцияларының 
қалыптаспауы 
салдарынан 
орталық 
органикалық 
сипаттағы экспрессивті сөйлеу тілінің жүйелі дамымауы. 
Бұл концепцияны жақтаушылар (Р. Коэн, Г. Гутцман, Р. А. Белова-Давид, Н. 
Н. Трауготт, Ф. К. Орфинская т.б. ) сөйлеу тілінің қалыптаспауын моторлы 
кемшілікке байланысты дейді. Авторлардың көбі алалияны кинетикалық 
немесе кинестетикалық апраксиямен байланыстырып, осыған байланысты 
эфферентті және афферентті түрлерін бөліп атайды. 
Афферентті алалияда сөйлеу тілі бұзылысының механизмі
кинестетикалық апраксиямен, эфферентті — кинетикалық апраксиямен
(афазия сияқты) салыстырылады. Соңғы аталған түрі 9-10рет жиі кездесетіні 
туралы ақпараттар бар. 
Сөйлеу тілі- көп деңгейлі іс-әрекеті ретіндегі моторлы концепцияларға деген 
заманауи көзқарастар әр түрлі. Апраксия деп әр түрлі артикуляциялық 
бұзылыстарды (дыбыс айту бұзылыстары, сөздің дыбыстық буындық 
құрамының бұзылысы) атауға болады. Алайда, алалияда негізгі болатын тіл 
бұзылыстарды, моторлы кемшілік деп түсіндіруге болмайды. Және де, 
моторлы жеткіліксіздік алалиясы бар балалардың жартысында ғана 
байқалады. 


256 
Психологиялық концепцияларға сәйкес, моторлы алалияның механизмін
психикалық процестердің (ойлауы, есте сақтауы) бұзылыстары және сөйлеу 
әрекетінің жеке кезеңдерінің байланыстары құрайды.
И. Т. Власенко, В. В. Юртайкиннің (1981) айтуы бойынша, мұндай 
балалардың сөйлеу әрекетін құрайтын құрылымдық компоненттер арасында
диссоциация айқындалады: біреулерінде операция жасау мүмкіндіктері 
сақтаулы болғанда мақсатты нұсқаулардың қалыптаспауы байқалса, 
екіншілерінде — тұрақты мотивация болғанда әрекеттің операция жасау 
аясында кемшіліктер байқалады. Орындау әрекетін қадағалау аясы да 
жетілмейді; нәтижелерді бастапқы жағдайлармен салыстыру да мүмкін 
болмайды. 
Заманауи психолингвистикалық көзқарас мына авторлардың тіл туралы 
концепцияларында орын алды: Е. Ф. Соботович, В. А. Ковшиков, Б. М. 
Гриншпун, В. К. Воробьева т.б. 
В. А. Ковшиковтың (1985) ойы бойынша, алалияның бұл түрінде 
бұзылыстың ядросы тіл операцияларының (лексикалық, грамматикалық, 
фонетикалық) қалыптаспауы болып табылады. Бұл кезде тілдің мағынасы 
мен моторлы деңгейі сақталған болады. Осының бәрі алалияны тіл бұзылысы 
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Моторлы алалияда ішкі (терең 
синтаксистік құрылымдардың бағдарламалауының бұзылуы) сөздерді, сөз 
тіркестерін іріктеудің қалыптаспауымен, фраза, мәтінді құрастыру бойынша 
сөздік іс-әрекеттердің қалыптаспауы қатар кездесуі мүмкін.
Е. Ф. Соботович (1985) моторлы алалияның негізгі симптомы деп, тілдің 
белгілі (знаковая) формасын, яғни сөйлеген кездегі белгілерді қолдануды 
меңгеру ережелерінің бұзылысын есептейді. Балаларда сөз материалын 
бағдарлау, іріктеу, талдау операциялары қалыптаспайды; қисындыру және 
іріктеу операциялары қалыптаспайды, соның салдарынан әңгімелеудің тілдік 
өңделуі бұзылады. Лексика-грамматикалық құрылымның барлық аспектілері 
(сөздерді іріктеп оларды дұрыс орналастыру, әңгімелеудің грамматикалық 
белгісі мен дыбыстық өңделуі) бұзылады. Осының бәрі, тілдің белгілерін 
дұрыс қабылдауын қамтамасыз ететін, психофизиологиялық механизмдердің 
қалыптаспауы деп сипатталуы мүмкін.
Алалиясы бар баланың тіл белгілері жүйесін, әр түрлі деңгейдегі тіл 
құралдарын меңгеруі шектелген. Әңгімелеудің пайда болу, өңдеу, 
операциялары қалыптаспаған болып келеді, атап айтқанда, фонемаларды 
іріктеумен қатар буын ішіндегі және буын арасындағы (яғни, артикуляторлы 
бағдарлау бұзылады), терең-синтаксистік және терең-семантикалық
деңгейлерді іске асыратын, яғни ішкі сөйлеу тілі деңгейі операциялары 
бұзылады.
Нейрофизиологиялық сипаттағы еңбектерде бас миы субстраты 
бұзылыстарының сөйлеу тілі дамымауы сипатымен байланысы талданады.
Психологиялық және лингвистикалық аядағы еңбектерде сөйлеу тілі 
бұзылыстарымен жалпы психологиялық функциялардың бұзылыстары 
арақатынастары, сонымен қатар бұзылыстың белгілерінің құрылымындағы 


257 
сөйлеу әрекетінің жағдайы талданады. Алалия туралы көзқарастардың 
әртүрлілігіне байланысты бір құбылыстар әр түрлі түсіндіріледі.
МОТОРЛЫ АЛАЛИЯНЫҢ СИМПТОМАТИКАСЫ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет