Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Ажыраған бала жолдасын сыртқы тәсілдер арқылы сыртқа бөліп шығару»



бет22/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.39. Стандарт «Ажыраған бала жолдасын сыртқы тәсілдер арқылы сыртқа бөліп шығару»


Мақсат: Бала жолдасы өздігінен бөлінбеген жағдайда оны сыртқа шығару.
Ресурс: Босану залының жабдықталуы, қуық катетері, лоток; бір реттік перчатка.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Абуладзе тәсілі:
• Қуықтағы зәрді катетермен шығару;

  • Алдыңғы құрсақ қабырғасын екі қолмен көтеріп ұзыннан ұстаңыз және іштің екі тік бұлшықеттері саусақ арасында болуы тиіс.

  • Әйелдің күшенуін сұраңыз.

2. Гентер тәсілі :

  • Босанушының жанына тұрыңыз;

  • Екі қолыңызды жұдырыққа түйіп, жатырдыдың бұрыштарынан бастап басыңыз.

  • Жатыр түбін баса отырып басу күшін көбейтіңіз сөйтіп бала жолдасы туылғанша жасаңыз.

3. Креде – Лазаревич тәсілі:

  • Жатырыд ортаңғы бөлікке әкеліңіз;

  • Жатыр түбіне аздап массаж жасаңыз;

  • Ары қарай жатырдың алдыңғы қабырғасына үлкен саусақты ал қалған 4 саусақты жатырдың артқы қабырғасына орналастырыңыз.

  • Жоғарыдан төмен баса отырып, бала жолдасы туылғанын бақылаңыз.



3.1.40. Стандарт «Бала жолдасының бүтіндігін қарап-тексеру»


Зерттеу мақсаты: бала жолдасын бағалау.
Ресурс: поднос, функциональды үстелше, салфетка, таразы, сантиметрлік лента, бір реттік перчатка.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Бала жолдасын тегіс ыдысқа салыңыз, аналық жағын жоғары қаратып, салфеткамен құрғатыңыз және қарап тексеруге кірісіңіз.

  • Аналық жағынан барлық бөлікшелер түгел болуы керек. Беті тегіс және жылтыр, сұрғылт-көк түсті болуы керек.

  • Бала жолдасының шеттеріне назар аударыңыз. Яғни кальцинаттардың болуы, майлық өзгерістер сияқты т.б өзгерістер бар-жоқтығын анықтау.

2.Бала жолдасын кіндікбаудан ұстап көтеріңіз және қабының бқтіндігіне тағы көз жеткізіңіз.
3.кіндікбауды да қарап тексеріңіз. Ондағы қантамырларына мән беріңіз. 4.Бала жолдасын қарап болған соң оның салмағын және көлемін өлшеңіз
5. Медициналық құжатқа мәліметтерді тіркеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет