Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Акушердің (фельдшердің) акушерлік қан кетуде жасайтын әрекеті»



бет24/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.43. Стандарт «Акушердің (фельдшердің) акушерлік қан кетуде жасайтын әрекеті»


Мақсат: жедел жәрдем көрсету.
Ресурс: босану залының жабдықталуы, жатыр мойнын қарауға арналған заттар, тамырішілік катетерлер № 16, 18, тонометр, фонендоскоп, термометр, секундомер, қуық катетері, лоток, физиологиялық ерітінді, окситоцин, пробирка, мақталық және дәкелік шариктер, корцанг, шприцтер бір реттік 5,0 және 10,0мл, спирт 70%.


Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Бос мед.персоналды шақыру:

  • акушер-гинеколог;

  • анестезиолог;

  • лаборант.

2.Әйелдің жалпы жағдайын бағалау:

  • артериалық қан қысымы;

  • пульс;

  • температура;

  • тері жабындылары;

  • тыныс алу жиілігі;

  • кеткен қан көлемін анықтау.

  1. Екі перифириялық венаны катетерлеңіз (катетер мөлшері №16,18)

  2. Физиологиялық ерітіндіні кеткен қан көлеміне байланысты 3:1 қатынасында енгізіңіз. Енгізу жылдамдығы 15 минутта 1000,0мл.

  3. Қуықты катетерлеңіз.

  4. Қан кету себебін «4 Т» принциптеріне сүйеніп анықтаңыз.

  • Травма (жарақат) – аралық, қынап және жатыр мойны жыртылуларын тігіңіз.

  • Тромбин – егер лаборант болмаса, пробиркаға қанды жинап қан ұйығанша оны баяу шайқаңыз, қалыптыда 5 минутта қан ұю керек.

  • Ткань (тін) – бала жолдасының бұзылған жағдайда жатыр қуысын қол тсалып текесеріңіз.

  • Тонус –гипотония болған жағдайда, атония кезде жатырдың сыртқы массажын жасаңыз.

-5 ЕД окситоцинді 500,0 мл физиологиялық ерітіндімен минутына 60 тамшы жасап көктамыр ішіне 25-30 минут енгізіңіз. Окситоциннің максимальді дозасы 60 ЕД, оның ішінде 10 ЕД босанғаннан кейін 1 минутта енгізілген болып табылады.
-Жатырдың бимануальді компрессиясын жасаңыз. Стерильді қолғаптар киіп, қынап ішіне енгізіңіз, енген қолды жұдырыққа түйіп, алдыңғы күмбезге басып, жатырдың алдыңғы қабырғасын басыңыз, ал екінші қолыңызбен жатырды сыртқы құрсақ қабырғасы арқылы пальпациялап, оның артқы қабырғасын басып ұстаңыз, сонда жатыр екі қолдың ортасында қысылып тұрады.Бұлай басуды қан кету тоқтап, жатыр жиырылғанша тоқтатпаған жөн.

  1. Әйелді жылытыңыз. Ылғалды жаймаларды, пеленкаларды алып тастап, жылы көрпемен жабыңыз. Дене температурасын өлшеңіз.

  2. Құрсақ аортасын кіндіктің сол жағынан басуды пайдалну бұл уақытша қан тоқтату тәсілі болып табылады. Аортаны басу арқылы әйелді оперциялық бөлімге тасымалдау қажет.

  3. Мәліметті перинатальді орталыққа жіберіңіз, бас акушер-гинекологқа тәулік бойы.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет