Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі



бет4/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.7. Стандарт «Михаэлис ромбын өлшеу»


Зерттеу мақсаты: Жамбас тарылуларының формаларын анықтау.
Ресурс: сантиметрлік лента.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Зерттеу туралы әйелге айтыңыз.

  2. Әйелдің шешінуін айтыңыз.

  3. Әйелдің арқасына қарап орындыққа отырыңыз.

  4. Сегізкөз аймағының вертикальді және горизонтальді диагоналдарын стерильді сантиметрлік лентамен өлшеңіз:

  • вертикальді диагональ - Михаэлис ромбының жоғарғы бұрыштарынан (сегізкөз үсті ойығы) төменгі бұрышына дейінгі аралық (сегізкөз төмпешігі), 11 см-ге тең.

  • горизонтальді диагональ – Михаэлис ромбының бүйір бұрыштарының аралығы (мықын сүйектерінің артқы жоғарғы өсінділері), 10-11 см-ге тең.

5.Алынған өлшемдерді белгілеңіз.
6. Қолыңызды жуыңыз.
7. Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға тіркеңіз..


3.1.8. Стандарт «Диагональді конъюгатаны өлшеу»


Зерттеу мақсаты: Жамбас тарылуының дәрежелерін анықтау.
Ресурс: гинекологиялық кресло, жеке пелёнка, сантиметрлік лента немесе тазомер, бір реттік қолғаптар.
Іс-әркет алгоритмі.

  1. Әйелді зерттеу туралы ескертіп, қуықты босатуын айтыңыз.

  2. Әйелді гинекологиялық креслоға арқасымен жеке пеленкаға жатқызыңыз.

  3. Стерильді қолғаптар киіңіз.

  4. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз, оң қолдың ортаңғы және сұқ саусақтарын қынапқа енгізіңіз.

  5. Оң қолдың ортаңғы саусағымен сегізкөз мүйісіне дейін жетіңіз және сол қолмен қасаға сүйекке жанасып жатқан оң қолдың нүктесін белгілеңіз.

  6. Қолыңызды қынаптан шығарып, белгіленген жерге назар аударыңыз. .

  7. Ассистент көмегімен белгіленген жер мен ортаңғы саусақ ұшының аралығын өлшеңіз. Қалыпты жағдайда бұл аралық 13 см немесе одан кқп болуы керек. Шынайы конъюгатаны анықтау ұшін осы өлшемне 2 см-ді алып тастаңыз, сонда 11 см-ге тең.

  8. Сонымен диагональді конъюгатаны өлшеу арқылы шынайы конъюгатаны анықтауға болады.

  9. Қолғаптарды шешіп, ережеге сай тастаңыз.

  10. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.

11. . Тазомерді немесе сантиметрлік лентаны дез.ерітіндімен өңдеңіз
12. Медициналық құжаттарға тіркеңіз. .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет