1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі
3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні
4. Қылмыстық процесс сатылары
5. Қылмыстық процесс принциптері
Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:
тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;
жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.
Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен маңызы
Құрылым деп қандай да бір біршама тұйық жүйенің құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы мен байланысын, оның ішкі құрылысын түсіну қабылданған. Қылмыстық іс жүргізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен ішкі өзара тәуелді логикасы – тұтас алғанда қылмыстық сот ісінжүргізудің мәні мен мазмұны анықтайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын қылмыстық іс жүргізу кодексініңқұрылымымен байланысты.
Сонымен бірге бұл – дәйектіліктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстық іс жүргізу нрмаларын дәйекті түрде қылмысты іс жүргізу құқығының мәнің пайымдау, түсіну дегенді білдіреді. Сөз болып отырған жағдайда логикалық, ұғымдық, мәндік дәйектілігі сақталуы тиіс.
Қозғалыс қарапайымнан күрделігі, механикалық деңгейлікті толықсайма-сай келтірудің мүмкін еместігі кез келген салалық заңдардың ерекшелігі болып табылады. Бұл белгілі бір ұғыды ашып көрсетуге кірісе ттырып, біздің ҚІЖҚ-нің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымызды білдіреді.
Алайда дәйектілікті осылай түсінуді өзі қылмыстық іс жүргізу құқығына қатысты мынадай жағдайларды ескерместен толық бола алмайды. ҚІЖҚ-індегі нормалардың орналасу құрылымы бұрын да айтқанымыздай қарапайымнан күрделіге өрбитін қозғалыс принципіне негізделген, оның мағынасы мынадай, әрбір келесі норма оның алдындағы ұйғарым иерархиясына байланысты болады не одан тікелей туындайды, ұйғарымды әлдеқайданәзік деңгейде дамытады және нақтылайды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығыныңоқу курсының тізімі үшін саланың ішкі логикасы айқыныдауыш болып табылады. Ал айталық ҚІЖҚ-не берілетін түсінікті құру үшін нормаларға, дәлірек айтқанда олар кодексте қалай орналасса, сол тәртіппен түсінік берілетін басқаша тәсіл орынды. Ескі көзқарасты да үйлестіру (сыртқы және ішкі) оқу курсының ққұрылымына тән және қылмыстық іс жүргізу академиялық курстының мақсаттары ен міндеттеріне анақұрлым толық жауап береді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді. Мұндай бөлудің екі ұдайы сипаты болады. Бір жағынан Қылмыстық іс жүргізу кодексі құрылымының ерекшелігін білдіреді, мының өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымынан тар. Екінші жағынан мұндай саралау әдістемелік тұрғыдан орынды.
Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі мақсаттары, міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан оның тұжырымдамасын айқындайтын негізгі, принципті түрде маңызды және елеулі ережелерді ашып көрсетуге арналған. Жалпы бөлім құқықтық қызмет түрі мен саласы ретінде қылмыстық іс жүргізудің мәні мен мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің тұжырымдамалық ережелері Ерекше бөлімді құрудың іргетасы және әділ сот мақсаттарынақол жеткізу үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді түсінудің кілті болып табылады.
Жалпы бөлімде қаланған категориальдық, институционалдық ұғымдар Ерекше бөлімде ортақ мақсаттағы бірқатар істердің ұғымдары түрінде, яғни белгілі бір іс жүргізуәрекеттерініңтәртібі мен дәйектілі туралы нақты құқықтық ұғымдар түрінде өзінің жамуын табады. Сонымен қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекеше бөлімдері өзара тек пен түр теріндегі қатынасын, тектік болуы Жалпы бөлімге тиесілі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |