Имам ғазали жүректің сырлары


кімде-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал



Pdf көрінісі
бет133/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   193
Жүректің сырлары T.a

кімде-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал 
кімде-кім 
зәредей 
(мысқалдай) 
жамандық 
жасаса, 
соның 
жазасын 
тартады»
454
 
деген аятты оқыды. 
454
 
«Зілзала» сүресі, 99/7-8. 
Табаранидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күнәларынан тәубе жасаған 
пенде күнәсі жоқ кісідей», – деп айтқан. 
Байхақидің риуаятында Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Күнәларының кешірілуін тілеп 
тұрып, оны жасағанынтоқтатпаған пенде Жаратқан Иесін мазақтап жатқандай 
болады», – деп айтқаны бар. 
Ибн Хиббан мен Хакимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жасалған 
күнәға өкіну – тәубе жасау болып саналады», – деп айтқан. Яғни Арафатқа шығу 
қажылықтың негізгі шарттарының бірі болғандай, өкіну де тәубенің негізгі шарты. Бірақ 
Алланың бұйрығына қарсы іс жасағанына және сол жаман ісі үшін азапқа душар 
болатынына өкіну керек. Ал енді күнә жасағаны үшін мал-мүлкінен айырылып қалудан 
қорқып пұшайман болса, бұл тәубе болып саналмайды. 
Мүслимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен жаным қолында тұрған 
Аллаға ант етейін, егер сендер күнә жасап, артынан күнәларыңның кешірілуін 
тілемесеңдер, Алла сендерді жоқ қылып, орындарыңа күнә іс жасап, кешірім сұрап 
тәубе жасаған елді алып келіп, күнәларын кешірер еді» – деп айтқан. 
Мүслимнің риуаяты бойынша, Жухайна руынан бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
келді. Ол зинадан жүкті болып қалған еді. Нәтижеде ол Пайғамбарымыздан (с.а.с.): 
«Уа, Алланың Елшісі, жазаға лайық қылмыс жасадым, жазамды бер», – деп сұранады. 
Алла Елшісі (с.а.с.) әйелдің туыстарынан біреуді шақырып: «Бұл әйелге жақсы қарап, 


176 
туғаннан кейін маған алып кел», – дейді. Әйел туғаннан кейін Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
әкелінеді. Алла Елшісінің (с.а.с.) бұйрығымен әйелдің киімдері денесіне бекем 
байланып, тасборанға алынды. Содан соң Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның жаназасын 
оқыды. 
Әзірет Омар: «Уа, Алланың Елшісі, оның жаназасын оқып жатырсыз ба? Ол зина 
жасамап па еді?!» – дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ол шын жүрегінен тәубе 
жасағандықтан, оның тәубесі Мәдина елінен жетпіс кісіге бөлінсе де бәріне жетер еді. 
Сен өзі адасып келіп, Алланың үкімінің орындалуын сұранған бұдан да жақсы әйелді 
көрдің бе?» – деді. 
Тирмизи, ибн Хиббан және Хаким ибн Омардан (р.а.) риуаят етеді. Ол былай дейді: 
«Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузынан бірнеше мәрте естіген хадисті айтып берейін. 
Ол: «Исраилұлдарының ішінде Кифл атты күнә істен бас тартпаған біреу бар еді. Бір 
күні оның жанына бір әйел келді. Кифл онымен зина жасау үшін алпыс динар берді. Ол 
жақындағанда жаңағы әйел дірілдеп жылай бастады. Анау кісі одан: «Неге жылап 
жатырсың, не мені жақсы көрген жоқсың ба?» – деп сұрады. Әйел: «Жоқ, мәселе онда 
емес. Мен бұл істі осыған шейін еш жасаған емеспін. Қазір қара басымызды баға 
алмағанның себебінен ғана сол іске баруға мәжбүр болдым», – деп жауап берді. 
Кифл әйелге: «Егер осыған шейін бұл істі жасаған емес болсаң, онда кете бер, 
ақшаны да ал. Мен де бұдан кейін күнәға бармауға Аллаға ант беремін», – деді де, сол 
түні қаза болды. Ертесі оның есігінен «Алла Кифлді кешірді» деген жазу тұрғанын 
көрді». 
Ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Екі аймақ бар еді. Бірінің елі жақсы, екіншісінікі жаман 
болды. Бір күні елі жаман аймақтан бір кісі елі жақсы аймаққа қарай бара жатып, жолда 
қаза болды. Сонымен ол туралы періште мен шайтан таласа бастасты. Шайтан: «Ант 
етейін, ол кісі еш маған қарсы шыққан емес», – деді. Періште болса: «Әйткенімен ол 
анау аймақтан тәубе жасау үшін шыққан еді», – деді. 
Аяғында, Алла Тағала өлген кісінің қайсы аймаққа жақынырақ екенін анықтауға 
бұйырды. Нәтижеде қаза болғанның жақсылардың аймағына бір қарыс жақынырақ 
екенін көрді. Сонымен оның күнәлары кешірілді». 
Мағмар (рахматуллаһи аләйһи): «Мен бұл туралы «Оны Алла Тағала жақсылардың 
аймағына жақындатты», – деп айтқан сөздерді естігенмін», – дейді. 
Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: 
«Сендерден бұрын өмір сүргендерден бір адам тоқсан тоғыз кісіні өлтірген еді. Бір күні 
ол сол күнәлары үшін қайтіп тәубе жасарын сұрау үшін сол кездің ең үлкен ғалымын 
іздестірді. Нәтижеде ел оған бір монахты кеңес берді. Әлгі кісі айтылған монахқа 
барып, тоқсан тоғыз кісі өлтіргенін айтып, тәубесінің қабыл болып-болмайтынын 
сұрады. Монах: «Жоқ, қабыл болмайды», – дегенде, кісі өлтіргіш оны да өлтіріп, 
сонымен жүз кісінің жанын қиған болды. 
Сонда сол заманның ең үлкен ғалымын іздеп тауып, одан үкімін сұрағанда, ол тәубе 
жасауға болатынын, онымен Алланың ортасына ешкім түсе алмайтынын айтып, 
«Пәленше жерге барсаң, Аллаға ғибадат жасаған пенделер бар. Солармен бірге сен 
де Аллаға ғибадат жаса. Ауылыңа қайтып барма, өйткені ол жаман жер», – деді. Мұны 
естіген кісі өлтіргіш тіке айтылған жаққа кетті. Бірақ көздеген мақсатына жетпей, жарым 
жолда өліп қалды. 
Ол өлген соң оның жанына мейірім періштелері мен азап періштелері таласа 
бастасты. Мейірім періштелері: «Бұл кісі тәубе жасаған үшін сол жерге келді», – десе, 
азап періштелері «Ол мүлдем жақсы іс жасаған емес», – деді. Міне, сол сәтте адам 
бейнесіндегі бір періште келіп қалды. Мейірім періштелері мен азап періштелері одан 
үкім сұрады. Адам бейнесіндегі періште: «Қашықтықтарды өлшеңдер. Қай жаққа жақын 


177 
болса, сол жаққа тиесілі болсын», – деді. Қашықтықтарды салыстырғанда бара жатқан 
жағына жақынырақ екені анықталып, оны мейірім періштелері алып кетті». 
Басқа бір риуаят бойынша, хадистің ақырғы бөлігі: «Оның өлігі жақсылардың 
аймағына бір қарыс жақынырақ болғандықтан жақсылардың санына қосылды» деп 
аяқтайды. 
Тағы бір риуаятта: «...Алла Тағала әлгі аймаққа алыста, анау аймаққа жақында» деп 
бұйырғаннан кейін адам бейнесіндегі періште: «Екі жақтағы қашықтықтарды 
салыстырыңдар», – деді. Періштелер өлшеп көріп, тәубе жасаушылардың ауылына бір 
қарыс жақынырақ екенін көрді және сонымен өлген кісінің күнәсі кешірілді», – деп 
айтылады. 
Басқа бір риуаят бойынша, хадис: «...Өлім періштесі келгенде кісі ақырғы күшін 
жұмсап, жақсылардың аймағына жақындады» деп аяқтайды. 
Табаранидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бір кісі шектен 
шыққан бейбас еді. Жолда бара жатып жолыққан біреуден «Мен тоқсан тоғыз кісі 
өлтірдім, тәубе жасасам қабыл бола ма?» – деп сұраса, әлгі: «Жоқ», – деп жауап берді. 
Содан кейін кісі өлтіргіш оны да өлтіріп, одан ары жолға түсті. Біршама уақыттан кейін 
басқа біреуге жолықты. Одан да «Мен нақақтан-нақақ жүз кісі өлтірдім, тәубе жасауға 
жол бар ма?» – деп сұрады. Ол: «Егер саған «Алла Тағала тәубе жасаған пенденің 
тәубесін қабыл алмайды» десем, жалған айтқан боламын. Пәленше жерде уақытын 
ғибадатпен өткізген бірнеше кісі бар. Солармен бірге Аллаға ғибадат жаса», – деп 
жауап берді. Жүз кісі өлтірген адам айтылған жаққа бара жатып қайтыс болды. Мейірім 
және азап періштелері оның жанын қайсы жаққа алып баратыны туралы таласа 
бастасты. Алла Тағала оларға бір періште жіберді. Келген періште «Екі жақтағы 
қашықтықтарды салыстырыңдар. Өлік қай жаққа жақын болса, солардан болсын», – 
деді. 
Аралықтар өлшенгенде өлік тәубе жасаушылардың аймағына жақынырақ екенін 
көрді және сонымен оның күнәсі кешірілді». 
Басқа бір риуаятта хадистің ақырғы бөлігі: «...Сонда күнәһар басқа бір монахқа 
барып: «Мен жүз кісі өлтірдім, тәубе жасасам бола ма?» – деп сұрады. Монах оған: 
«Өте жаман іс жасапсың. Білмеймін, бірақ жақын жерде екі ауыл бар. Бірінің аты – 
Насара, екіншісінікі – Қафара. Насараның елі пейіштіктердің істерін жасайды. Ауылда 
олардан басқа ешкім өмір сүрмейді. Қафараның халқы болса тозақылардың ісін 
жасайды, ауылда солар ғана бар. Қазір сен Насараға бар. Егер ол жерде қалып, 
олардың ісін жасасаң, тәубең қабыл болатынына күмән жоқ», – деп жауап берді. 
Нәтижеде кісі өлтіргіш адам Насара ауылына қарай жолға шығып, екі ауылдың 
ортасында өлді. Періштелер оны не істейтіні туралы Алладан сұрады. Алла Тағала 
оларға: «Қараңдар, пенденің өлігі қайсы ауылға жақынырақ болса, оны сол ауылдан 
деп жазыңдар», – деді. Қашықтықтар өлшеніп салыстырылғанда, оның Насараға бір 
елі жақынырақ екендігі анықталып, сол ауылдың елінен болып саналды». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет