Имам ғазали жүректің сырлары


Нәпсіге құл болмау және тақуалық



Pdf көрінісі
бет152/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Нәпсіге құл болмау және тақуалық 
Алла Тағала: «Өз әуейілігін (құмарлығын) тәңір тұтып, көңілі соққан нәрсенің құлы 
болған, сондай-ақ (ақ пен қараның, ақиқат пен жалғанның парқын) білсе де Алланың 
Өзі адастырып, құлағы мен жүрегін мөрлеп, көзін перделеп тастаған бейбақты көрдің 
бе?! Оны Алланың Өзі адастырғаннан кейін тура жолға кім түсіре алады дейсің?! Міне, 
осының өзін ойлап, ғибрат алмайсыңдар ма?!»
513
 
деген. 
513
 
«Жасия» сүресі, 23. 
Бұл аятқа ибн Аббас (р.а.): «Бұл жерде Алланың тура көрсетпеуіне және шынайы 
дәлелге сүйенбей тұрып өзіне тура емес жол таңдап алған кәпір туралы айтылып 
жатыр. Ол өз нәпсісіне ерді. Алланың Кітабына емес, нәпсісінің шақыруына бойсұнады. 
Міне, сондықтан ол нәпсісіне сиынған болып саналады» деп түсіндірме берген. 
Алла Тағала: «Өзіңе келген ақиқаттан сырт айналып, олардың әуейіліктеріне еріп, 
өзіңе келген ақиқаттан тайма».
514
 
514
 
«Мәида» сүресі, 48. 
«Уа, Дәуіт! Біз сені жер бетінде (Біздің үкімдерімізді басшылыққа ала отырып билік 
жүргізетін) халифа қылдық. Ендеше адамдар арасында әділ билік айт. Нәпсіңнің 
қалауларына ерме, әйтпесе, ол сені Алланың ақ жолынан тайдырып жібереді. 
Анығында, Алланың ақ жолынан адасқандарға жауапқа тартылар күнді ұмытқандары 
үшін тым қатты азап бар»
515
 
деп айтқан. 
515
 
«Сад» сүресі, 26. 
Өйткені нәпсінің қалаулары себеп болған істердің бәрі тозаққа сүйрейді. Алла 
бәрімізді одан сақтасын! 
Бір данышпан: «Қандай да бір мәселеде ақиқат қайда екенін біле алмасаң, қай жағы 
нәпсіңнің қалауларына жақын болса, оның керісіншесін жаса», – деген. 
Ибн Аббас (р.а.): «Екі көзқарастың қайсысы тура екенін біле алмай екі ұдай ойда 
болсаң, саған жағымды болғанын тастап, нәпсіңе жақпағанды таңда», – деп айтқан. 
Әзірет Омар (р.а.) айтады: «Нәпсілеріңді ауыздықтаңдар, өйткені ол сендерді 
жамандыққа шақырады. Шынында, ақиқат жолда жүру қиын, жаман жолға түсу оңай 
және нәпсіге жағады. Күнә істен аулақ болу, оны жасап алып, тәубемен жоюға 
қарағанда жеңіл. Арамға қарау асау құмарды қоздырып, көзге тартымды рақат ұзаққа 
созылған қайғыға жол ашады». 
Лұқпан данышпан ұлына: «Уа, балам, әуелі нәпсіңнен сақтануды өсиет етемін. 
Өйткені нәпсінің өз қалауы бар. Оған еретін болсаң, шектен шығарады. Шақпақ таста 
от жасырулы болғандай, жаман қалаулар да нәпсіде жасырылған. Егер оны шақсаң от 
тұтанады, тимесең, жасырылған күйі қалады», – деп насихат айтқан. 
Фадл ибн Аббас: «Кейде пенделердің абыройын көтереді. Кейде нәпсінің қалаулары 
қырағы, ақылды кісіні де төмендетеді. Кейде ел қателік жіберген біреуді мақтай береді. 
Кейде жақсы іс жасаған кісілер де сынға ұшырайды. Негізінде, оның жолы тура», – 
деген. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде: «Алла Тағала ақылды жаратқанда, оған «бері 
кел» деді, ол келді. Содан соң «ары бар» деді, ол кетті. Алла Тағала: «Ұлылығыма ант! 
Сені ең сүйіктілеріме беремін», – деді. 
Ал енді ақылсыздықты жаратқанда оған «бері кел», – деді. Ол келді. «Ары бар» деді, 
кетті. Алла Тағала: «Ұлылығыма ант! Сені жаман көрген пенделеріме беремін» деген», 
– деп айтылады. 
Данышпандар айтқандай: «Нәпсінің қалаулары сені кедергілі қараңғылыққа алып 
баратын жолға ұқсайды. Сондықтан нәпсіге еруден сақтан!» 


211 
Данышпан адам біреуге былай деп насихат айтады: «Сені нәпсіңмен күресуге 
шақырамын. Өйткені нәпсі – жамандықтардың кілті, жақсылықтардың дұшпаны. 
Нәпсіңнің барлық қалаулары – саған дұшпан. Нәпсің саған күнә нәрселерді әсемдеп 
көрсетеді. Көңіліңді ұйқы-тұйқы қылған екі ұдай ойларды қуалап, жақсы-жаманды 
айыра білуің үшін мықты ерік, жалғаннан аулақ болған дұрыстық, үздіксіз жақсы істер, 
үмітсіздікке түспеген сабыр, ғибадатсыз қалмаған ниет керек». 
Уа, Жаратқан Алла! Ақылымызды нәпсімізге жеңдіріп, бізді зиянға ұшырата көрме! 
Бұл дүниемен әлек болып, ақыретті ұмытуымызға жол берме! Пайғамбарымыз және 
жолбасшымыз әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) құрметі үшін бізді Сені зікір қылғандардың 
және нығметтеріңе шүкір қылушылардың қатарына қос. Бізге түрлі нығметтерді берген 
Аллаға мақтаулар болсын! 
Енді тақуалық туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерін тізбектей кетейік: 
«Діндегі ең жақсы істерің – тақуалық». 
«Істердің ең жоғары дәрежелісі – тақуалық». 
«Тақуалы болсаң, ел ішінен ең көп ғибадат жасаушылардан боласың. Қанағат 
қылсаң, ел ішінен ең көп шүкір қылушылардан боласың». 
«Алдынан шыққан күнәдан өзін ұстай алатындай тақуалығы жоқ кісінің жасаған 
істеріне Алла еш көңіл бөлмейді». 
Ибраһим ибн Адхам (рахматуллаһи аләйһи): «Тақуалықтың үш сатысы бар: бірінші 
сатысы – парыз. Ол – арам істерден аулақ болу. Екіншісі – иман саулығы. Ол – күмәнді 
істерден ұзақтау. Үшіншісі – ұлы дәрежеге жеткізеді. Ол – кейбір адал нәрселерді де 
өз ықтиярымен тастау», – деп айтқан. 
Яхия ибн Муаз (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бұл дүниеге сабақ алу үшін назар 
сал. Оны өз ықтиярыңмен таста, зәруліктен кейін онда еңбек қыл, шын жүрегіңмен 
ақыреттің артынан түс». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет