Тақырып 12. Жапырақтың астыңғы және үстіңгі бетінің транспирациясын салыстыру (хлоркобальт) әдісі
Кез келген өсімдік жапырағын (гортензия, наурызшешек,примула) құрғақ көк түсті хлорлы кобальт қағазының арасына салып, бөлімінің ауа құрамындағы ылғалдылықтың әсерінен сақтау үшін жапырақ оралған қағаздан үлкенірек шыны пластикаларының екеуінің арасына салынып, қағаз түсінің өзгеруін бақылау керек. Жапырақ оралған хлорлы кобальт қағазының көк түстен қызғылт түске өзгеруі сағатқа қарап отырып бақыланады. Жапырақтың қай жағындағы қағаз түсі тез өзгерсе, сол жағында транспирация қарқындылығы артық, ал әлсіз өзгерген жағында судың аз транспирацияланғаны. Сол жағында устьиценің саны аз екендігі анықталады.
Тақырып 13. Спирттегі пигменттер ертіндісін алу жолдары.
Жас өсімдік жапырақтарын (лимон, плюш, аспидистра, кливия), ал клетка шырынынында орг-лық қышқылдары бар (бегония, традесканция) жағдайда қышқылды бейтарапту үшін бір шымшым бор ұнтағын қосып пайдаланады. Алынған жапырақтың үлкен жүйкелерін алып тастап, қайшымен кәрлен келісінің үстіне ұсақтап туралады. Оны кәрелен езгісімен (пестики) езіп алған соң үстіне аздап спирт құйып, тағы езіп штативтегі пробиркаларға немесе стаканға сорғыш қағазы бар воронка арқылы ерітінді сүзіледі. Алынған спирттегі пигменттердің түсі ашық меруерт жасыл түсті болады.
Пигменттер қоспасын алудың екінші жолы өсімдіктен жұлып алынған жас жапырақты қайнап тұрған суға 1-2 минуттай салып алып, ыдыстағы спиртке шығарып сүзіп пайдаланылады.
Үшінші алу тәсілі: жас жапырақты ыдыстың ішіндегі спирттің үстіне ұсақтап турап қараңғыда 12-24 сағаттан кейін сорғыш қағаз арқылы сүзіп алынады.
Спирттегі өсімдік жапырақтарындағы пигменттер қоспасы, жоғарыда көрсетілген әдістің бірін пайдаланып, алынған қоспалар келесі жұмыстарда пайдаланылады.
Тақырып 14. Каротинді ертінді алу
Сәбіздің тамыр жемісі жуылып (егер ескі болса қабығы скальпельмен аршылып) үккіні екінші бір ыдыстың (кристаллизатор) үстіне қойып сәбіздің тазартылған тамыр жемісі үгіледі. Ыдыста жиналған езіндіні жинап, аузы тығындалатын шыны ыдысқа салып, оның үстіне ұнтақты жауып тұратындай артық мөлшерде бензин немесе петролей эфирін құйып, ыдыстың аузы иісі шықпайтындай тығындылады. Бір-екі күннен кейін сорғыш қағаз арқылы воронкамен екінші ыдысқа сүзіп каротин ертіндісі алынады. Ерітіндісі келесі жұмыс үшін сақталанады.
Достарыңызбен бөлісу: |