Экскурсиялар – информатиканың өндірісті басқаруын немесе
ЭЕМ-ді қолданатын мамандықтарды көрсету үшін ұйыдастырылады.
Бұл сабақ не курс басында, не соңында өткізіледі.
Сабақ
1
. Педагогика бойынша классикалық оқу құралдарында –
сабақ (басқа да оқу формаларымен толығып отыратын) оқытудың
негізгі ұйымдастырушылық формасы ретінде қарастырылады.
Мектепте жиі қолданылатын ұйымдастырушылық форма
сынып-сабақтық оқыту болып табылады, себебі оқушылар 85–95%
оқу уақытын сабақта өткізеді.
Сынып-сағаттық оқыту жүйесіне тән белгілері келесідей:
оқушылардан құралған оқу тобының тұрақты құрамы;
әрбір сыныпта оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
оқу сабақтарының кестесін анықтау;
оқушылардың жеке және ұжымдық жұмыс формаларын
үйлестіру;
мұғалімнің жетекші рөлі;
оқушыларды жүйелі тексеру және білімдерін бағалау.
-
жоғарғы оқу орындарындағы (ЖОО) сияқты сабақтар
(дәріс-сабақ, семинар-сабақ, практикалық сабақ, коллоквиум сабағы,
консультациялық сабақ, сынақ-сабақ);
-
арнайы бағыттағы сабақтар (практикум-сабақ, өздік
жұмыс сабағы, бақылау жұмысы сабағы, жаппай зертханалық жұмыс
сабағы, экскурсия-сабақ, пәнаралық сабақ);
-
ойын түріндегі сабақтар (рөлдік ойын сабағы, сайыс-сабақ,
сауалнама-сабақ, конференция-сабақ, кездесу-сабақ, жоба-сабақ);
-
мазмұнды құрылымдардан тұратын сабақтар (кітаппен
жұмыс жасау сабағы, электронды жұмыс дәптерімен өткізілетін сабақ,
қарқынды тірек сигналдар негізіндегі сабақ, жалпылаушы кестелер
негізіндегі сабақ, диктант-сабақ, типтік бағдарламалық құрылымнан
тұратын сабақ).
1
2.4-бөлімде қарастырылды.
|