“Инкюзивті білім беру” Оқытушы: Стамкулова Шолпан Ануаровна Білім алушы: Айтбаева Арайлым 2021-2022



бет2/8
Дата05.09.2023
өлшемі31.87 Kb.
#476587
1   2   3   4   5   6   7   8
“Инкюзивті білім беру” Оқытушы Стамкулова Шолпан Ануаровна Білі-melimde.com

Мүгедектіктің оңалту моделі - адамның белгілі бір қызметтерді орындай алмауы, ол үшін функционалдық ауытқушылықтарды жою немесе конпенсациялаудың маңыздылығының айқындалуы.

Инклюзивті білім берудің ең маңызды міндеттерінің бірі білім беру жағдайларын жасау,оқушылардың оқу барысында қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді оқыту процесін ұйымдастыру.
Инклюзивті сыныптарда білім беру барысында оқу жоспары және оқу бағдарламасы ерекше назар аударуды қажет етеді.
Арнайы мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуына басымдылық бере отырып, кәдімгі сынып мұғалімдері оларға оқу бағдарламасын меңгерту үшін өздерінің алуына үлкен талап қоюы қажет.
.Олар бұл балаларға көмек көрсету мен танымдық қабілеттерін дамытуға қолдау қажет екенін түсінеді,бірақ арнайы білім мен оқу процесін инклюзивті етіп ұйымдастыру әдістемесін меңгермеген.
Тәжірибе жүзінде дамуында ауытқушылығы бар баланың сабаққа үлгермеушілік мәселелері туындайды.
Себебі:баланың мүмкіндігі мен оқу бағдарламасының сәйкес келмеуінде.

Арнайы білімі жоқ мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балаларға, көмектесу барысында бастауыш мектептің әдістерімен тәжірибелерін қолдана отырып,негізгі орта білім беруге міндетті.



  • Білім ортасында инклюзивті сыныптардың кеңістікті-пәндік компоненттерін қалыптастыруға мыналар кіреді: мектеп ғимаратының архитектурасы, мектепішілік жобалау құрылымының ашықтық пен жабықтық деңгейі, мектеп ғимаратындағы бөлмелердің өлшемі мен кеңістіктік құрылымы, өтуге жеңілдігі, кеңістікті бөлмелерде субъектілердің қозғалу мүмкіндігі және т.б.

  • Сынып бөлмелерінің қол жетімділігі инклюзивті білім ортасында алдын ала оқудың маңызды шарты. Мүгедек балаларға арналған инклюзивті сыныптардағы кеңістікке қол жетімділігі туралы сөз болғанда ең бірінші ойға келетін нәрсе баспалдақтары бар жерлерге пандустар (мүгедектерге арналған жол) орнату. Пандустар арбамен қозғалатын балалар үшін өте маңызды, бірақ тек оларға ғана емес. Ол әр түрлі құралдарды (тірек-жақтаулары, балдақ) қозғалыс үшін қолданатын балалар үшін және де қозғалу қызметі бұзылған балаларға пайдалы. Мүгедектер арбасындағы балалардың қозғалуы үшін есік жақтауларын кеңейту талап етіледі. Есіктер құрылымы жағынан кеңінен ашылатын болуы керек және арбада отырған адам есікті оңай аша алуы қажет. Сонымен қатар есік тез жабылып қалмауы керек, адамның өтіп кетуі үшін жеткілікті уақыты болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет