ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
РАДИАЦИЯҒА ҚАРСЫ ТАСАЛАРДЫ ЖОБАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
ИНСТРУКЦИЯ ПО ПРОЕКТИРОВАНИЮ ПРОТИВОРАДИАЦИОННЫХ УКРЫТИЙ
Енгізілген күні 2001.10.01
КIРIСПЕ
1 ЖАСАЛҒАН «Азаматтұрғынжоба» жобалау-өндірістік бюросымен.
2 АУДАРЫЛҒАН «Геотехстройинновация» ЖШС-імен.
3 ӘЗIРЛЕНГЕН «KAZGOR» Жобалау академиясымен мемлекеттік тілге аударылуына байланысты қайта басуға.
4 ҰСЫНЫЛҒАН Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (ҚР ИСМ) Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасымен.
5 ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ҚР ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 26.05.2004 ж. № 251 бұйрығымен
ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI 01.09.2004 жылдан бастап.
6. Осы ҚР ҚН Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің (ҚР ЭжСМ) 2001 жылғы 13 қыркүйектегі № 266 бұйрығымен 01.10.2001 жылдан бастап қолданысқа енгiзiлген орыс тiлiндегi «Радиацияға қарсы тасаларды жобалау жөніндегі нұсқау» ҚР ҚН В.1.1-14-2000-ның теңтүпнұсқалық мәтiні және мемлекеттiк тiлдегi аудармасы болып табылады
7 ОРНЫНА: ҚР ҚН В.1.1-14-2000.
МАЗМҰНЫ
1 Жалпы ережелер РҚТ орналастыру
Құрылымдық шешімдер
2 Көлемдік - жайғастырушылық және құрылымдық шешімдер
Көлемдік-жайғастырушылық шешімдер
3 Құрылымдар есебі
Жүктемелер
Бетонды және темірбетонды құрылымдар
Тастардан және басқа материалдардан жасаған РҚТ есебі
4 Радиацияға қарсы қорғау есебі
5 Инженерлік - техникалық құрал-жабдықтар
Желдету және жылыту
Сумен жабдықтау және какнлизация
6 Өртке қарсы талаптар
1-қосымша РҚТ-ға бейімделетін бөлмелердің көлемдік- жайғастырушылық шешімдерінің
нұсқалары (1-7 сұлбалар)
2-қосымша Темірбетонды элементтердің көтеруші қабілеттерін есептеу мысалдары
3-қосымша Тас қабырғаларының көтеруші қабілеттерін есептеу мысалдары
4-қосымша РҚТ үшін қорғау коэффициенті есебінің мысалдары
5-қосымша “Жылу қоздырғышы бар” таса желдеткіші жүйесінің есептеу мысалы
6-қосымша Ғимараттар мен имараттардың қоршау құрылымдарының сипаттамасы
7-қосымша Бөлмелерді РҚТ-ға аудару құжаттарын жиынтықтау және
ресімдеу жөніндегі негізгі ережелер
8-қосымша Сілтеме берілген нормативтік-техникалық құжаттар тізбесі
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Осы нұсқау радиацияға қарсы тасаларды (онан әрі - РҚТ) жобалау үшін пайдалануға қажетті ережелерден, нұсқаулардан және көмекші материалдардан тұрады.
Нұсқау материалдары есептермен суреттелген және сызбаларға сәйкес есептелген, суреттелген және кестеленген.
1.2 Осы нормалар өндірістік, қосалқы бөлмеге ыңғайлы орналасатын тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттар және экономиканың басқа объектілерінің қорғаныш имаратын жобалауда сақталуы керек.
РҚТ соғыс уақытында жаппай зақымдау қаруы әсерінен паналаушыларды қорғау үшін белгіленеді және бейбіт уақытта шаруашылық кешен мұқтаждықтары мен тұрғындарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ басқа төтенше жағдайлар кезінде қолдануы мүмкін.
РҚТ ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 сәйкес топтарға бөлінеді.
Осы нұсқау талаптарынан басқа, РҚТ жобалаған кезде қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын, сондай-ақ қорғаушы имараттар құрылысын салудың өзіндік ерекшеліктерін есепке алып, басқа нормативтік құжаттарының талаптарын ескеруі керек.
1.3 РҚТ:
- өндірістік және қосалқы ғимараттар, кәсіпорындар, емдеу мекемелері, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының үйасты қабаты, шығыңқы ірге және бірінші қабаттарда;
-мектеп бөлмелерінде және қоғамдық қызметтік ғимараттардың бөлмелерінде;
- кинозалдарда, клубтарда, пансионаттар, демалыс үйлері және базалары ғимараттарында;
- отынды, көкөністерді, азық-түліктерді маусымдық сақтау және шаруашылық керек-жарақтар қоймаларында;
- үйасты қабаттарында, еденастыларында және кірпіш (тас) ғимараттардың жерүсті қабаттарының бөлмелерінде орналастыру қажет.
РҚТ орналасқан жерін анықтау кезінде ең бірінші құралымдарды қорғайтын ионданатын сәулелерден тиімдірек қорғануды қамтамасыз ететін және толқынды соққыдан мықты болып табылатын үйасты қабаттар мен төменгі қабаттарға көңіл аудару керек.
Көп қабатты ғимараттардың бірінші қабатында РҚТ орналасқан кезде ең бірінші бөлмелерден бөлек күрделі ішкі қабырғалармен және аралық қабырғалармен табиғи жарықтандырылған ішкі бөлмелерді (дәліздер, холдар, қоймалар және т.б.) пайдалану керек.
РҚТ үйасты қабаттарында немесе шығыңқы ірге қабаттарда орналастырғанда ғимарат астының барлық ауданын немесе бір бөлігін алуға болады. Ерекше жағдайларда мысалы, топырақ сулары жоғары деңгейде болған кезде РҚТ ғимараттың бірінші қабатына орналастыруға рұқсат беріледі. Осындай жағдайларда тас ғимараттардың орталық бөлігінен оқшауланған бөлме таңдап алынуы керек.
1.4 РҚТ лайықты бөлмелерді жобалау кезінде экономикалық аса көлемдік-жайғастырушылық және сындарлы шешімді қарастыру керек. Бейбіт уақытта экономика объектілері және әскери уақытта РҚТ мұқтаждықтары үшін көрсетілген бөлмелерді тиімді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін ең кіші бөлмелер габариттерін тағайындау керек.
Негізгі құрылыс материалдарын үнемдеп жұмсау жөніндегі техникалық ережелерде қарастырылған тәртіппен нақты құрылыс алаңы жағдайында олардың тиімділігін және экономикалық мақсатқа лайықты екенін есепке алуымен құрылымдарды қабылдауы керек.
РҚТ жобалаған кезде жергілікті материалдарды, өндірістік өнім бұйымдарын, сондай-ақ механикаландыру құралдарын қолдануға, еңбек шығынын азайтатын, таса тәртіптемесінде құрылысты арзандататын және бөлмеден ауыстыру мерзімдерін қысқартатуға мүмкіндік беретін техникалық шешімдерді жоғары бағалауда көбінен қолдану керек.
Негізгі және көмекші бөлмелер аудандарының белгіленген нормаларын сақтауға ерекше көңіл аудару қажет.
1.5 Ғимараттың қорғаныш бөлігінде немесе жекелеген имарат түбінде орналасатын РҚТ бөлмелер құрамы бейбіт өмірде олардың пайдалану есебімен анықтау керек, сонымен бірге көрсетілген бөлмелер аудандары бейбіт өмірде пайдалануға арналған қорғаныш имараттары үшін қажетті ауданнан аспау керек.
1.6 Үйасты қабаттарында, шығыңқы ірге мен бірінші қабатта және бөлек тұрған имараттарда орналасқан РҚТ бейбіт өмірде мыналарға қолданылуы керек:
- санитарлық-тұрмыстық бөлмелер (себізгілі және жуынатын жері бар бөлме және көше киімдерін шешетін гардероб);
- мәдени қызмет көрсететін және оқу сабақтарын өткізетін бөлмелер;
- адамдар үшін зиянды сұйықтықтар, булар мен газдардың бөлінуімен тасымалданбайтын және табиғи жарықтандыруды талап етпейтін технологиялық процестерде жүзеге асырылатын өрт қауіпсіздігі бойынша Г және Д санатына жататын өндірістік бөлмелер;
-технологиялық, көлік және өтпелі тоннельдер;
-жеңіл автомобильдерге арналған гараждар, автокарлар мен автомобиьдердің жер асты тұрақтары;
- өрт сөндірудің автоматты жүйелері бар болған кезде жанатын ыдыстардағы жанбайтын, сондай-ақ жанатын материалдар мен жанбайтын материалдары бар қойма бөлмелері;
- сауда бөлмелері және қоғамдық тамақтанулар (дүкендер, асханалық залдар, буфеттер, дәмханалар);
- спорттық бөлмелер (ататын тирлер және спорттық жаттығуға арналған залдар);
- халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелері (тұрмыстық үйлер, ателье, шеберханалар, қабылдау орындары, фото ателье, конторлар, офистер және т.б.);
- емдеу мекемелерінің (бальнологиялықтардан басқа) қосалқы (көмекші) бөлмелер.
Санитарлық-тұрмыстық бөлмелер екпінді толқынның әсер ету аймағындағындағы сияқты және одан тыс жерлерде РҚТ қолданылуы мүмкін. Екпінді толқынның әсер ету аймағынан тыс тасалар үшін ғимараттың үйасты қабатында, шығыңқы ірге және бірінші қабатында орналасқан тұрмыстық бөлме, ал әсер ету аймағында тек қана шығыңқы ірге қабаттар мен үйасты қабаттар 1-қосымшада пайдаланылады..
РҚТ сауда кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану мен шеберханаларын пайдалана алады.
РҚТ үшін гараждарды қолдану туралы мәселелерді шешкен кезде жер асты гараждарына көңіл аудару керек. Жер бетіндегі көп қабатты гараждарда, екпінді толқынның әсер ету аймағында орналасқан бірінші қабаттарды топыраққа тереңірек етіп тиімді, ал әсер етпейтін аймақтан тыс қабырғалар ойындыларында жер бетінде ең аз мөлшерде жобалау керек.
Кәсіпорынның жұмыс істейтін ауысымын жабуға арналған олардың ішіндегі тасалар асты бөлек бөлмелердің аз байланысты өндірістік үдерістермен жабдықталған болуы мүмкін.
Кіші қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде екпінді толқынның әсер ету аймағынан тыс жеке құрылысты кірпішті үйлердің үйасты қабаттарында, еден астында кіші көлемді (отбасылық) жабдықталған РҚТ болуы мүмкін.
1.7 Қойма бөлмелері, РҚТ асты материалдарын жүктеуге арналған, қоймалау мен түсіруге лайықты көлік құрылғыларымен жабдықталған болуы керек.
Қоймалардағы жанатын ыдыста жанбайтын, жанатын материалдарды сақтау, тасаларға көшіруге (аудару) дейін рұқсат беріледі. Мұнда қойма сыртқы су көздерінен өрт сөндірудің автоматты жүйесімен, сондай-ақ өрт болған жағдайда түтінді жоюға арналған желдеткішпен жабдықталған болуы керек.
РҚТ салу кезінде ғимараттың үйасты қабаттарында немесе бөлек тұрған, солтүстік климаттық-құрылысында орналасқан аймақта оларға бейбіт өмірде суды көп жұмсауды талап ететін технологиялық процесс өндірісін орналастыру ұсынылмайды.
Бейбіт өмірде РҚТ қоймаға қолдану кезінде ең алдымен қоймада қанша мөлшерде және технологиялық жүктемесін сақталуы керек, қоймалау мен материалдарды түсіру бағасын шешіп алу қажет.
Бөлмені тасаға ауыстыру кезінде ол барлық жанғыш материалдардан босатылуы керек.
Қойманы жанғыш заттардан (толық немесе жартылай) босату тасаның сиымдылығына байланысты.
Мүмкіндігінше стеллаждардың көп бөлігі сәкілердің орналасуымен біріктірілуі керек, ал олардың құралымдары мен тасаның отыру мен жатуға арналған орындарына ұқсас қабылдау керек.
Қоймадан материалдар құндылығын жүктеу, қоймалау, түсіру механикаландырылған болуы керек.
1.8 Бейбіт өмірде пайдаланылатын бөлмені РҚТ тәртіптемесіне ауыстыру ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 сәйкес мерзімде қарастырылуы керек.
Негізгі жұмыстар қоршау құралымдардың қасиеттерін күшейту бөлмені РҚТ тәртіптемесіне ауыстыруға дайындау кезінде жүргізіледі.
1.9 РҚТ сыйымдылығы отыруға (1-ші яруста) және жатуға (2, 3-ярустарда) арналған орын сомасымен анықталады.
РҚТ сыйымдылығын мына түрде қарастыру керек:
- қолданыстағы ғимараттардағы немесе имараттардағы жабдықталган таса бөлмесінің көлеміне байланысты 5 не одан да көп адам;
- жаңа салынып жатқан жаппалы ғимараттар мен имарараттарда 50 немесе одан да көп адам.
Денсаулық сақтау мекемелеріне арналған РҚТ сыйымдылығы РҚТ ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 әдістемесі бойынша анықталады.
1.10 РҚТ тапсырмасы жаңа және пайдаланымдағы кәсіпорындарды, ғимараттарды және имараттарды күрделі жөндеуден өткізуді жобалау тапсырмасының құрамды бөлігі болып табылады.
Жобалау, жобалау кезеңі, РҚТ жобаларының әзірлемесі мен ресімдеу тапсырмасының құрамы РҚТ ҚР ҚНжЕ А.2.2-1-2001 тапсырмасына сай қабылданады.
РҚТ жобалау тапсырмасына нұсқау талабына қосымша көрсету керек: паналайтын ерлер мен әйелдер санын, желдеткіш режимі, бейбіт өмірде бөлменің берілу мақсаты.
РҚТ жобалау материалы кәсіпорын, ғимарат, имарат жобасына кіреді және өз бетінше тарау ретінде ресімделеді.
РҚТ жобалау тапсырмасында мыналар көрсетіледі:
- РҚТ кұрылысының талабы негізіндегі өкім;
- тасаның сыйымдылығы;
- паналаушылардың құрамы;
а) кәдімгі тасалар үшін ерлер мен әйелдер, екі қабат және емізетін аналар, 7 жасқа дейін мектепке дейінгі балалар, 12 жасқа дейін мектеп жасындағы балалар саны;
б) денсаулық сақтау мекемелерінің тасалары үшін ауру ерлер мен әйелдердің (ауыр халдегі және сауыққан), медициналық және қызмет көрсететіндер саны;
- тасаға лайықты пайдаланылатын бөлмелердің, құрылыстар мен ғимараттардың атауы;
- тасаға лайықты бөлмелердің мақсаты, оларда технологиялық үдерістердегі жобаланатын жабдық;
- таса жобасына арналған елдімекен санаттары;
- таса тобы мен қорғау коэффиценті (Кз);
- көлемді-жоспарлы және құралымды шешімдердің негізгі талаптары;
- желдеткіш бойынша талаптар;
- тасаны сумен, жылумен, электр энергиясымен қамсыздандыру көздері
- ағын суды бөлетін (жіберетін) орын;
- РҚТ жобалау кезінде қол жеткізетін негізгі техникалық-экономикалық көздер.
1.11 Кәсіпорын немесе объект құрамындағы РҚТ құрылысының, бөлмені екінші рет (қосарлы пайдалану) жобалау шығынын қоса, сметалық құнын анықтауды және келісімді бағасын ресімдеуді ҚР Құрылысмині Коллегиясының 1996 жылғы 28 мамырдағы 5-3 қаулысымен бекітілген «ҚР құрылыс өнімдеріне шарттық бағаға мәліметтік және сметалық есеп айырысуды құрумен кәсіпорын, ғимарат және имараттың сметалық бағасын анықтау жөніндегі негізгі ережелерге» сәйкес орындау керек.
РҚТ-ны жиынтықтау және ресімдеу жөніндегі негізгі ережелер 7-қосымшаға сәйкес алынады.
РҚТ орналастыру
1.12 РҚТ екпінді толқынның әсер ету шегінде бөлмелерді орналасқан үйасты қабаттар мен шығыңқы ірге қабаттарда орналастыру керек, ал әсер шегінен тыс үйасты қабаттарыде, шығыңқы ірге қабаттар мен еден астында, сондай-ақ аз мөлшерлі еңбек шығыны мен оньң жабдығының қорын есепке ала отырып жердегі кірпішті (тасты) ғимараттардың бірінші қабатындағы бөлмелерге орналастыруға болады.
Екпінді толқынның әсер ету аймағында тасаға лайықты бөлменің қоршайтын құрылымдары екпінді толқын әсерінің күшіне төзуі (төзімді болуы) керек. Бұл күштердің шамасы үйасты қабаттары мен шығыңқы ірге қабат қабырғаларының ойынды бөлігіне қарағанда, бірінші қабат қабырғаларыньң құрылымдарында көп.
Көрсетілген аймақта тасаны қолдану кезінде бөлменің бірінші қабатының қабырғаларының мықтылығын күшейту талап етіледі. Үйасты қабаттары мен шығыңқы ірге қабаттарда тасаны орналастыруда қабырғалар мықтылығын күшейту, қағида бойынша, талап етілмейді.
РҚТ-ды орналастыруға арналған үйасты қабаттары мен шығыңқы ірге қабаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ көп қабатты ғимараттардың және имараттардың бірінші қабаттарындағы бөлмелер пайдаланылады. Топырақ төгілмеген жердегі бір қабатты ғимараттар мен имараттардың иондық сәулелер әсерінен қорғайтын қасиеті бар. Оларды үйасты қабаттарында, көп қабатты имараттардың бірінші қабаты мен төменгі қабатында орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ғана РҚТ пайдалануға болады.
Барлық жағдайларда ғимараттар құрылысы ішінде орналасқан жоғары радиацияға қарсы қорғаныш қасиеттері бар екенін естен шығармау керек. Сыртқы қабырғалары кішкентай аула мен жіңішке көше жакқа қаратылған мұндай ғимараттарда бөлмелерді лайықты таңдау керек.
1.13 РҚТ лайықталған бөлмелерге келесі талаптар қойылады:
- ғимараттардың немесе имараттардың сыртқы қоршау құрылымдары гамма-сәулеленуді әлсіретудің қажетті еселігін қамтамасыз етуі тиіс;
- бөлмені таса режиміне көшіру кезінде ойықтар мен саңылаулар бітеуге дайындалуы тиіс;
- бөлмелер паналайтындардың көпшілігі болатын орынға жақын орналасуы тиіс.
Осы тармақта қарастырылған талаптар, қоршаулы құралымы, шектеулі мөлшерде ойындылары бар ғимараттар мен имараттарға тасаны орналастырған кезде оңтайлы орындалуы мүмкін.
Таса бөлмесін таңдау кезінде негізгі құрылыс құрылымдардың өртке төзу шегімен жанғыштығына көңіл аудару керек. Қағида бойынша, қабырғалар мен баспалдақты торлардың қабырғалары, бағандар жанбайтын, 2 сағатқа дейін өртке төзімді болуы керек.
1.14 РҚТ еденінің деңгейі топырақты су деңгейінен 0,2 м жоғары болуы керек.
Сенімді суоқшаулағышы бар бұрын құрылған ғимараттар мен имараттардың үйасты қабаттарында, топырақты су деңгейінен төмен орналасқан еденде РҚТ орналастыруға рұқсат беріледі.
РҚТ-ды жаңа салынатын үйасты қабаттылық бөлмелерде жобалауға еден деңгейінен жоғары топырақ сулары бар болса, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың сенімді гидрооқшаулау орнатқан кездегі жол беруімен рұқсат етіледі.
1.15 Ғимараттардың газды желілері жүйесімен байланысты және бу тартқыштар, ыстық суы мен қысымды ауалы құбыр тартқыштарды РҚТ бөлмесі арқылы транзитті төсеуге рұқсат берілмейді.
Жылу құбыр тартқыштарын, су тартқыштар мен кәріздерді РҚТ бөлме арқылы транзитті төсеу оларды еденге немесе дәлізге, РҚТ бөлменің қабырғаларынан оқшау өртке төзімділігі мөлшермен 0,75 сек болған жағдайда рұқсат етіледі.
Жылу мен желдеткіш, сумен қамту мен кәріздердің құбыр тартқышы ғимараттың жалпы инженерлік жабдықтар жүйесімен байланысты, сондықтан РҚТ бөлмесі арқылы төсеуге болады.
Газ желісі, бу тартқыш, ыстық су мен ауа қысымы бар құбыр тартқыштар орналасқан жерге адамдардың толассыз келуіне рұқсат етілмейді. Құбырлар таса бөлмесінен тыс арнайы коллектрлерде немесе еден астында төселуі керек.
2 КӨЛЕМДІК-ЖАЙҒАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШЕШІМДЕР
Көлемдік-жайғастырушылық шешімдер
2.1 РҚТ құрамында паналаушыларды орналастыру үшін (негізгі), санитарлық торапты, желдеткіш және ластанған сырт киімдерді сақтауға арналған (жанама) бөлмелерді қарастыру керек:
20 адамға дейін сыятын кәрізденбеген тасаларда төзімді ыдысқа арналған бөлмелерді қарастыруға болады.
Денсаулық сақтау мекемелеріне арналған РҚТ мынадай негізгі бөлмелері болуы керек: науқастар мен сауыққандарды жатқызу үшін, медициналық және қызмет көрсетушілер, рәсімдік (таңу бөлмесі), буфет және медбикелер посты.
Кезекші адамнан басқа, ауруларды, медициналық және қызмет көрсетушілерді бөлек бөлмелерге орналастыруды қарастырған жөн. Хирургиялық бейімдегі ауруханалардың РҚТ қосымша операциялық таңу мен операция алдындағы стерилдеу палаталарын қарастыру керек.
Жұқпалы аурулар үшін РҚТ жеке тапсырма бойынша жобалау керек, инфекция түрі бойынша ауруларды оқшау орналастыруды қарастыра отырып, қажет жағдайда бөлек бокстарды бөліп беру керек.
РҚТ көлемдік-жайғастырушылық шешімі мыналармен қамтамасыз ету керек:
- жабдықталған таса орналасқан кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның үзіліссіз өндірістік іс-әрекетіне;
- қарапайым жоспар, сыртқы қабырғалардың кіші периметрін;
- ішкі аудан мен көлемді үнемді пайдалану;
- халық шаруашылығы қажетіне арналған бөлмелерді таса ретінде пайдалану үшін орташа жағдаймен;
- паналаушыларды орналастыру мен толтыру ыңғайлылығы;
- ұзақ паналайтындарға қажетті жағдайлар туғызу;
- ішкі инженерлік-техникалық жабдықтарды орынды орналастыру.
РҚТ жобалау кезінде аудандарды негізгі және жанама (қойма, киімілгіш, дәліздер, коридорлар т.б.) ретінде барынша пайдалануға тырысу қажет.
Мекемелерге, денсаулық сақтау орындарының РҚТ кәдімгі тасалар сияқты санитарлық тораптарды, желдеткіш бөлмелер мен ластанған сырт киімдерді сақтайтын бөлмелерді қарастыру керек.
Медбикелерге арналған посттар саны 100 ауруға бір пост есебінен алынады. Пост көлемі 2 м² тең деп алынады.
2.2 РҚТ негізгі бөлме еденінің аудан мөлшері бір паналаушыға нардың орналасуы екі ярустыға 0,5 м² және үш ярусты болса 0,4 м² тең деп алу керек.
Денсаулық сақтау мекемелеріне арналған РҚТ бөлмелер ауданының нормаларын ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 сәйкес қабылдаған жөн.
Баспана үшін бөлшектелінбеген және пайдаланылмаған жабдықпен қамтамасыз негізгі жайлардың ауданы бір баспананың ауданы нормасына кірмейді. Жылу шығындарымен күреске арналған +25 оС жоғары сыртқы ауа температурасын есепке алғанда негізгі мақсаттағы жайдың едені ауданының нормасын бір баспанаға 0,75 шаршы метрге дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі. Алайда аудан нормасын тек қана техникалық-экономикалық негіздемелері болса ғана 0,4 және 0,5 шаршы метрден жоғары көтеруге мүмкіндік берілуге тиіс.
2.3 Жалпы білім беру мектептері мен кіші балабақшалар РҚТ жобалау кезінде аудан нормалары 10 кестедегі ҚР 2.04-09-2002 ҚНжЕ 17-19-тармақтарына сәйкес қабылдануы тиіс, бұл жағдайда 12 жас және одан жоғары жастағы оқушыларды үлкендер санатына, қалғаны - балалар санатына жатқызу қажет.
РҚТ қолданыстағы жалпы білім беретін мектептерге орналастырарда 12 жасқа дейінгі оқушылар үшін (оқытудың алғашқы төрт жылы) жеке жайлар бөлу қарастырылады. Олар үшін аудан нормасы бір паналаушыға 1 шаршы метрге тең деп қабылданады. Оның сыртында мектептерде орналастырылған баспаналарда оқушыларға арналған тағамды жылытатын жайы бар буфетті бөлме алдын ала қарастырылуы қажет.
Буфетті бөлме мен тағам жылытуға арналған жай баспананың сыйымдылығына қарай: 400 оқушыға дейін - 20 шаршы метр, 401-ден 600 оқушыға дейін 30 шаршы метр, 601-ден 1000 оқушыға дейін 40 шаршы метр деп алынады.
2.4 Қолданыстағы ғимараттар мен имараттарда жабдықталған РҚТ үшін :
- бөлменің биіктігі 2,8-3 м болғанда - нардың үшқабатты орналасуы;
- бөлмелердің биіктігі 2,2-2,4 м болғанда - нардың екіқабатты орналасуы қабылдануға тиіс.
РҚТ жерасты, еденасты қабаттарында, тау қазбаларында, үңгірлерде, үйасты қабаттары мен басқа да тереңдетілген бөлмелердің биіктігі 1,7-1,9 м болғанда нардың бірқабатты орналасуы қарстырылуға тиісті. РҚТ негізгі бөлмелердің еден ауданының нормалары бір тасаға 0,6 шаршы метрге тең деп алынады.
Баспананың негізгі бөлмелері 1-кестеге сәйкес жату және отыру орындарымен жабдықталады.
Жатуға арналған орындар сәкінің бір қабатты орналасуында 15 %-дан, екіқабатты орналасуында 20 %-дан, үш қабатты орналасуында 30 %-дан кем жасалмау қажет. Жатуға арналған орындар 0,55 х 1,8 м көлемде алыну керек.
Қолданыстағы еден астыларының, үйасты қабаттардың, қоймалар мен басқа да тереңдетілген бөлмелерде сыйымдылығы аз (5-20 адам) РҚТ жабдықтағанда бөлмелердің биіктігі 1,7-1,9 м деп алынады. Сыйымдылығы үлкен (20 адамнан жоғары) бөлмелердің биіктігі 2,2 метрден кем болмауы керек.
Отыруға арналған орын бір адамға 0,45 х 0,45 м-ге тең деп қабылданады. Отыруға арналған орындықтың биіктігі 0,45 м, екінші қабатта жатуға арналған орынның биіктігі 1,4 м, үшінші қабатта жатуға арналған орынның биіктігі 2,15 м болу керек. Жоғарғы қабаттан төбежабынға дейінгі немесе шығыңқы құрылымдарға дейінгі ара қашықтық 0,75 м-ден кем болмауы керек.
Өту жолдары мен дәліздердің ені 1-кесте бойынша қабылдануы керек.
Адамдарға арналған орындарды орналастыру нұсқалары 7-сұлбада келтірілген (1-қосымша).
Бөлшектенбеген жабдықтары бар бөлмелерді РҚТ ретінде пайдаланғанда жабдықтың жеке түрлері арасындағы қашықтықты олардың арасына орындықтар мен сәкілерді орналастыру шартына орай қабылдау керек, ал жабдықтың кейбір түрлерін адамдарды орналастыруға арналған мақсатқа сай орналастыру керек.
1-кесте
Көрсеткіштер
|
Тасалардағы
ара қашықтық
|
Кәсіпорындар мен елді мекендерде
|
Емдеу мекемелерінде
|
Отыруға арналған орындықтар деңгейіндегі өту жолдарының ені:
|
|
|
а) көлденең қатарлар арасында орындар саны бір қатарда 12-ден аспайтын кезде)
|
0,7
|
-
|
б) көлденең қатарлар мен көлденең қатарлардың ұштарының арасында
|
0,75
|
-
|
в) тік қатарлар арасында (қатардағы орын саны 20-дан аспағанда және біртарапты шығу кезінде)
|
0,85
|
-
|
Аурухана кереуеттерінің арақашықтығы:
|
|
|
а) екіқабатты орналасу кезінде
|
-
|
1
|
б) бірқабатты орналасуда
|
-
|
0,6
|
Жапсарлас өту жолдары:
|
|
|
а) көлденең қатарлар арасында
|
0,9
|
-
|
б) тіке қатарлар арасында
|
1,2
|
-
|
Кереуеттер қатарларының арасындағы өту жолдарының ені
|
-
|
1,3
|
Коридорлардың ені
|
-
|
2,5
|
Кіру есіктерінің ені
|
-
|
1,2
|
Ескерту - Тік қатар ғимарат қабырғасы бойынша үлкен санмен, ал көлденең қатар аз санмен алынады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |