Инструктивно-методическое письмо по организации воспитательно-образовательного процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата31.01.2024
өлшемі1.78 Mb.
#490322
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
imp kz 1509

 
ІІ. Жылдық міндеттерді жоспарлау 
Мектепке дейінгі ұйым қызметінің негізгі міндеттері ағымдағы оқу 
жылында Үлгілік оқу бағдарламасы мен Жылдық жоспарды іске асыруды талдау 
барысында анықталған мәселелерден қисынды түрде туындауы тиіс. 
Жылдық жұмыс жоспарында қызмет бағыттары бойынша негізгі міндеттер 
айқындалады. Міндеттер әрбір мектепке дейінгі ұйым үшін басты болып 
табылады және өткен жылғы жұмысты талдау негізінде анықталады, оның 
барысында жұмыстағы проблемалық сәттер айқындалады.
Бұл мәселелер келесі оқу жылына жылдық міндеттерді таңдауды талап 
етеді. 
Жылдық міндеттерді шешуге бағытталған іс шаралар: 
1. Педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру 
Бұл бөлімде кадрлармен жұмыс жүйесі жоспарланады: 
- біліктілікті арттыру курстарынан өту (сараланған тәсілді ескере отырып, 
педагогтердің әртүрлі санаттары үшін); 
- аттестаттауға дайындық және аттестаттау; 
- кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында педагогтердің әдістемелік 
бірлестіктерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, вебинарларға, шеберлік 
сыныптарына және т. б. баруы; 
- педагогтердің өз білімін жетілдіруі. 
2. Педагогикалық- ұйымдастырушылық-жұмыс 
Әр түрлі жұмыс нысандары мен әдістерін қолдана отырып, педагогтерге 
әдістемелік көмек көрсету: 
- шығармашылық топтардың жұмысы; 
- педагогикалық кеңестерді дайындау және өткізу; 
- озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау, енгізу, тарату; 
- заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру; 
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау
- жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық 
олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) конкурстарының, 
орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және 
спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес конкурстарға қатысу
- кеңес беру; 
- семинарлар, семинар-практикумдар; 
- ашық есік күніне қатысу; 
- шеберлік сыныптары; 
- инновациялық технологияларды сынақтан өткізу және енгізу; 
- эксперименттік әрекетке қатысу 
- әдістемелік кабинетті жабдықтау және материалдармен толықтыру. 
Тәрбие 
жұмысы. 
Тәрбиеленушілердің 
қатысуымен 
әлеуметтік-
адамгершілік, тұлғалық, эстетикалық, экологиялық және дене тәрбиесі бойынша 


19 
іс-шаралар (конкурстар, көрмелер, экскурсиялар, дене шынықтыру-сауықтыру 
іс-шаралары және т.б. өткізу). 
Тәрбилеу-білім беру процесін психологиялық-педагогикалық және 
медициналық қолдау: педагог-психологтың, мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытуды ұйымдастыруда арнайы педагогтың, медицина қызметкерлерінің 
жұмыс түрлері. 
3.Тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара қарым-қатынас. Бұл бөлімде 
тәрбиеленушілердің ата-аналарының (заңды өкілдерінің) психологиялық-
педагогикалық құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс жоспарланады (ата-
аналар жиналыстары, семинарлар, тренингтер, практикумдар, дөңгелек 
үстелдер, консультациялар және т. б.): 
- балалардың, ата-аналар мен педагогтердің бірлескен шығармашылығы 
(конкурстар, акциялар, мерекелер және ойын-сауық); 
- ата-аналарды ақпараттық стендтерде, балабақшаның ресми сайтында 
түрлі мәселелер бойынша хабардар ету. 
4. Орта білім беру ұйымдарымен өзара іс-әрекет. Келісім шарттар жасалған 
мектептермен және ұйымдармен жұмыста сабақтастық мәселелері бойынша іс-
шаралар жоспарланады. 
5. Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру
бойынша жұмыс Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жазғы сауықтыру
жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге 
асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет