Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті
06.09.2017
Түсіндірмесіз
«Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті» тақырыбындағы
Жубаева Жангуль Онаевна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ
«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының
аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ:
Белсенді үдерісті орындауды ұйымдастыру кезеңі. «Әр мұғалім – өзіндік тәлім бейнесі» жаттығуы. Түрлі фигуралар бойынша мозайкалық пазлдар топқа бөлу.
Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың маңызы. Бәсекеге қабілеттілікті дамыту жолдары.
Интербелсенді оқыту әдістері туралы түсінік. «Оқыту әдістері» шеруі
Қазіргі заман мұғалімінің келбеті (имиджі)
«Әр мұғалім – өзіндік тәлім бейнесі» жаттығуы бойынша мұғалімдер тез арада өзінің ерекшелігіне сай іс-қимыл не бір сөз арқылы өзінің мұғалімдік келбетін көрсетіп беруі қажет. Тез арада шешім қабылдауы мен шығармашылық ой-өрісі арқау болады. Мәселен, «Менің бейнем – күн! Білім сәулесін төгіп, барлық оқушыға бірдей қараймын.» «Менің бейнем кітапқа келеді. Өйткені, шығармашылығым мен ашылмаған қырларым көп», Мен өзімді еңбек құралына теңеймін. Себебі, өмірде барлығын өз еңбегім мен төзімділігім арқасында жеттім.» т.с.с.
Түрлі фигуралар бойынша мозайкалық пазлдар арқылы топтарға бөлу кезінде «дөңгелек пішінді – қарым-қатынасқа ашық, төртбұрыш – өз-өзіне сенімді, үшбұрыш — Кан-каликтің психологиясына сай озық ойлы, бесбұрыш – шығармашыл, алтыбұрыш – көрқырлы» қасиеттері де ескеріліп, түсінік беріледі.
Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың маңызы.
Жаһандану заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ.
Достарыңызбен бөлісу: |