«Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті» тақырыбындағы



бет13/14
Дата23.02.2024
өлшемі54.83 Kb.
#493053
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Интербелсенді оқыту сабақта қолдану

Педагогикалық этика (әдеп) — моральдің (ізгіліктің) тұтас педагогикалық процесс жағдайында қызмет етуінің ерекшелігін білдіретін этиканың құрамды бөлігі; мұғалімнің адамгершілік іс-әрекетініңәрқилы аспектілері туралы ғылым. Педагогикалық этика пәні — әдептің педагог санасындағы, мінез-құлқындағы, қатынастары мен іс-әрекетіндегі көріністердің заңдылықтары.
Әдіс , метод (гр. ‘μέθοδος’,methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады. Әдіс — нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбиеәдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады
Үдеріс-латынша алға жылжу,өзгеріс деген мағынаны білдіреді.Жағдай,даму сатысының қалыпты ауысымы.
Таксономия — әдетте иерархиялық құрылысы бар болмыстың күрделі ұйымдастырылған алаңдарын топтастыру және жүйеге келтіру теориясы (үрдісі).
Танымдылық белсенділік — жануарларда нысана рефлексі түрінде, ал адамда бұдан басқа ырықсыз зейін, білімге құмарлық, әуестену, шығармашылық түрінде керінетін психикалық белсенділіктің түрі.
Топтық (ұжымдық) педагогикалық тәжірибе — мектептің әдістемелік бірлестігінің, проблемалық топтың немесе бүкіл педагогикалық ұжымның мақсатты бағыттағы жұмысы нәтижесінде пайдаболган тәжірибе.
Түсінік — заттың, кұбылыстың ең елеулі касиеттерін, байланыстарын, қатынастарын көрсететін ойлаудың формасы. Түсініктің негізгі қызметі — берілген топтың жеке заттарының барлық ерекшеліктерінен назарын аударту арқылы жүзеге асатын жалпылылықты бөлу.
Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы — тұлғаның өзінің жеке және кәсіби мүмкіндіктерін анағұрлым толық айқындауы.
Тәжірибе — адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті; объективті болмысты игеруі және түрлендіруі; адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі.
Тәсіл (Педагогика) — 1. жалпы немесе жеке педагогикалық мәдениетте бекітілген тәрбиелік технологиясының салыстырмалы аяқталған элементі; белгілі бір жағдайдағы педагогикалық іс-әрекеттер әдісі; 2. әдіс элементі, оның құрамды бөлігі, әдісті іске асырудағы жеке қадам.
Шағын топ — ортақ әрекетпен, өзін ұстау нормаларымен біріккен, жақын эмоционалдық қарым-қатынаста болатын саны аз адамдар тобы (3-тен 15 адамға дейін). Сыныптық-сабақтық жүйенің аясындағы ұжымдық-топтық жұмысты ұйымдастыру шағын топқа арналған. [1]
Шағын топ — ортақ мақсат-міндеттер арқылы бір-бірімен тікелей байланысатын адамдар бірлестігі. Шағын топтағы моральды-психологиялық кейіп кіші топтың әлеуметтік психологиялық күйін сипаттайтын түсінік. Бұл түсінік негізінде топ мүшелерінің бір-біріне, іске қатынасына деген әдептік нормалар, топ мүшелерінің алдарына қойылған мәселелерді ұйымдасып шешуіне және жұмыс жасауына психологиялық дайындығы қарастырылады.[2]
Шеберлік — кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық. [1]
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет