Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі


Соғыстан кейінгі кезендегі Ливиядағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер



бет17/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
африка и израйль

Соғыстан кейінгі кезендегі Ливиядағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер 1950 жылдары Ливия территориясында мұнай және газ бай кең орындары табылды. Оның болашағы зор жобаларын жүзеге асыруды американдықтар қолына алды. Одан кейінгі жылдары мұнай өндіру өнеркәсібі тез қарқынмен өркендеді. 1961-1969 жж. мұнай өндіру 96 млн-нан 180 млн тоннаға жетті. Нәтижесінде Ливия әлемде мұнай өндіруден 5 орынға шықты. 1961 ж. мемлекеттік пайда 3 млн долларды құраса, 1969 ж. 1175 млн долларға жетті.

Ішкі лттық өнеркәсіп 1962-1968 жж. аралығында 458 пайызға жетті. ІҰӨ құрылымы түбегейлі өсті. Айылшаруашылығына небары 11,7 пайыз тиесілі болды. Мұнай және оған жақын салалардың тез қарқынмен дамуы Ливияның әлеуметтік-экономикалық өміріне өзгерістер әкелді: 1. 0,9 пайыз- феодалдар, компрадорлық буржуазия, дінбасылар; 2. 99,1 пайыз – жұмысшы шаруалар, қолөнершілер, жұмысшылар. Ливиялық ауылдарда сандық және сапалық өзгерістер жүріп жатты. Сандық миграцияға байланысты болса, сапалық миграцияның әсерінен ауылнайлардың позицияларының төмендеуінен болды. Бұл қаладағы әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарға әкелді. Буржуазия шетел капиталымен байланысын үзбеді. Оның әлуметтік-экономикалық әлсіздігі оның парламенттегі орын үшін күресте мүмкіндіктерін шектеді.

Экономикалық құқытары үшін жұмысшы таптар көтерілді. Алайда олардың саны аз еді – 46 мың адам (1969 ж.(. Олар күрестерін прфсаюздар арқылы жүргізді. 1961 ж. тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси талаптар қойған жұмысшы қозғалыстары басталды. Мемлекеттік аппарат және экономикалық даму қажеттіліктері интеллигенцияны тудырды. Интеллигенция және жастар арасында араб ұлтшылдарының идеялары кең тарады. Оған сонымен қоса египеттік революцтя және Насердің қайта құрулары қатты әсер етті. Үкімет мемлекет қауіпсіздігіне көп көңіл бөлді. 1963 ж. дейін олар 3 провинция шегінде құрылды, кейін аймақтық ерекшеліктерін сақтаған бірыңғай ұлттық қайіпсіздік күші болып өзгертілді. Ол 11-12 мың адамнан құралды. Король оған толықтай сенді. Армияның да маңызы өсті. 1967 ж. оның қатарында 7 мың адам болды. Король оған күмәнмен қарады. Оған себеп – армияның түрлі тап өкілдерінен құралуы. Нәтижесінде Идристің болжамдары нақтыланды: армия қатарынан шыққан адамдар монархия жүйесін құлатып, жаңа Ливияның негізін салды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет