Қызылорда қалалық мәслихатының
2014 жылғы ______желтоқсандағы
кезектен тыс _______сессиясының
№_____ шешіміне қосымша
Қызылорда қалалық
мәслихатының 2011 жылғы 1 сәуірдегі
кезектен тыс ХХХХI сессиясының
№ 41/2 шешімімен бекітілген
Қызылорда қаласының 2011-2015 жылдарға
арналған даму бағдарламасы
Қызылорда қаласы, 2015 жыл
Мазмұны
1.
|
Бағдарламаның төлқұжаты
|
2.
|
Ағымдағы жағдайға талдау
|
2.1
|
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау
|
2.2
|
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
Негізгі өзекті мәселелердің кешенді сипаттамасы
|
2.3
|
Қызылорда қаласының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама
|
2.4
|
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау
|
3.
|
Қала дамуының көрінісі
|
4.
|
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары.
|
|
1 бағыт: Экономика;
|
|
2 бағыт: Әлеуметтік сала;
|
|
3 бағыт: Инфрақұрылым;
|
|
4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары;
|
|
5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер.
|
5.
|
Қажетті ресурстар
|
6.
|
Бағдарламаны басқару
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Бағдарлама атауы
|
Қызылорда қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама)
|
Оны дайындауға
негіздеме
|
«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығы.
|
Өңірдің негізгі сипаттамасы
|
Қызылорда қаласы 2,4 мың шаршы км жалпы көлемімен, Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік орталығы, облыс аумағының 1,1% құрайды.
Қаланың әкімшілік-аумақтық құрамына 2 кент және 7 ауыл округі кіреді. Халықтың саны 2014 жылдың 1 қаңтарына 260,8 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 108,7 адамнан келеді.
|
Бағыттары
|
Экономика;
Әлеуметтік сала;
Инфрақұрылым;
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары;
Мемлекеттік қызметтер.
|
Бағдарламаның
мақсаттары
|
Қаланың дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету.
|
Міндеттері
|
Экономиканың өңдеу саласын дамыту;
Агроөнеркәсіп кешені өнімін өндірудің және экспорттаудың тұрақты өсіруінің есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Шағын және орта кәсіпкерліктің серпінді дамуын қамтамасыз ету;
Инвестициялық қолайлы климат құру, ынтымақтастықты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;
Білім беру жүйесіндегі сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу;
Халықтың денсаулығын жақсарту және әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету;
Қала халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету;
Қала тұрғындарының өмір деңгейі мен сапасын арттыру;
Мәдениет саласындағы отандық өнімдеріне сұранысты арттыруға ынталандыру;
Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру обьектілерін, салауатты өмір салтын және туризмді дамыту;
Жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру;
Қауіпсіздікті, азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығын қажетті деңгейде қолдау және қоғамдық тәртіпті нығайту. Қылмыс әрекетінің алдын алу;
Тұрғын үйдің құрылысы және тапсырылуы;
Қала тұрғындарының көлікті пайдалану қажетілігін қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын дамыту;
Коммуналдық жүйелерді дамыту және жаңарту, нормативтік пайдалану бойынша кондоминиум нысандарын қамту;
Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерді көбейту және экожүйені қалпына келтіру және сақтау бойынша жағдай жасау;
Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерін көрсету сапасымен қанағаттандыру деңгейін көтеру.
|
Мақсаттық
индикаторлар
|
Өңдеуші өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі;
Бөлшек сауданың нақты көлемінің өсуі;
Ауылшаруашылық өндірісіне инвестициялардың нақты көлемі индексі;
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген білім алушылардың үлесі;
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;
Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл;
Жұмыссыздық деңгейі;
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі;
Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында);
Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің орташа саны;
Жүйелі түрде дене шынықтыру мен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;
Мемлекеттік тілді игерген халықтың үлесі;
Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі;
Жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетілімділігі бар тұрғындардың үлесін ұлғайту;
Жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін ұлғайту;
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының тозуын төмендету;
Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету;
Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;
Энергияны көп қажет етуді төмендету;
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы ауданынан ауылшаруашылық айналымына тартылғандардың үлесін ұлғайту;
Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі.
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.
Қаржыландыру көлемі:
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға нақтыланатын болады.
|
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ
2.1 Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау
Қызылорда қаласы 1938 жылдан Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы. Қала өзінің функционалды әртүрлілігімен, оңтайлы экономикалық – географиялық орналасуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы облыстағы барлық инновацияның және дамудың қозғаушы күші болып табылады. Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. 10 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма, Талсуат, Қарауылтөбе ауылдары. Қала теңіз деңгейінен 126-130 м биіктікте жатыр.
Қызылорда қаласы өндірістік өңір болып табылады, мұнда жалпы облыста өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің үлесі 91,2% құрайды. Өнеркәсіп өнімі көлемінде кен өндірісінің үлесі 95,0 %.
Қаланың өндіріс құрылымында елеулі дисбаланс байқалады-кен өнеркәсібі өңдеуші өнеркәсіптен басым түсуде – 95,0% және 2,7 %. Бұл жағдайда экспорттық минералды ресурстарының түрлі шикізат бағаларының ауытқуына қала экономикасы әлсіздік танытады және бірнеше мұнай-газ компанияларына тәуелді болады. Осыған байланысты, қала экономикасы өндірісті өңдеу өнеркәсібі жағына қарай диверсификациялауды қажет етеді.
Өңірде мұнай жиырма жылдан аса уақыт шығарылып келеді, шығарылатын қордың көбісі қолданылып үлгірген. Жеке кен орындарындарында мұнай қорының сулануы 90 пайызды құрап отыр. Болжам бойынша мұнай табысының көлемі аймақта төмендейтін болады.
Индустрияландыру картасы шеңберінде құрылыс материалдарын шығаруға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы өндеу өнеркәсібінің өсуіне мүмкіндік беріп, даму деңгейінің оң тенденциясы қалыптасты. Сәйкесінше, жоғары даму деңгейі құрылыс секторында байқалады, оның ішінде тұрғын үй құрылысы саласында.
Қызылорда қаласы 2014 жылғы 9 айдың облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар рейтингісінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша – 1 орынға және серпінділік көрсеткіштері бойынша да 1 орынға ие болды. (жедел есептеулер боынша)
Қызылорда қаласында Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2012-2014 жылдар ішінде Өңірдің индустрияландыру картасына енгізілген жалпы құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске қосылды. Атап айтсақ, «Алтын қамба Агроөнеркәсіп комбинаты» ЖШС-нің «Сауда логистикалық орталық және көкөніс сақтайтын қойма құрылысы», «КАИС Сервис» ЖШС-нің битум шығаратын зауытының құрылысы, «Ақбарыс» ЖШС-нің мал бордақылау цехы және ет өндіру цехының құрылысы», «Қайнар» спорт клубы қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда қаласында спорттық сауықтыру кешені құрылысы (мұз айдыны), «Хуа Ю интернационал в Кызылорде» ЖШС -нің «Химиялық реагенттер өндірісі», «Smart Rubber» ЖШС-нің «Жарамсыз автокөлік балондарын өңдеу арқылы резеңке ұнтағын және жер асты трубаларын шығару өндірісі», «Эко-Н Сервис» ЖШС-нің «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және тиімді пайдалану» жобасы, «Қожаниязов» ЖК-нің «Күйдірілген кірпіш шығару өндірісі», «Абсадыкова» ЖК-нің «Гигиеналық қағаз шығаратын цехы». Бұл өндірістерде 225 жаңадан жұмыс орындары ашылды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жыл сайын артып, облыс бойынша салынған қаражаттың 50 пайызын құрады.
Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының үштен бірі Қызылорда қаласының үлесіне тиесілі. Жыл басынан құрылыс жұмыстарының көлемі 40,7 млрд.теңгеге орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 123,4 пайызға артса, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 106,7 мың м2 құрап, халық қаражаты есебінен іске қосылған тұрғын үй көлемі 11,0 пайызға артып, облыстағы үлесі 50 пайызды құрады.
Көлік әлеуетін негізгі сыртқы республикалық маңызды автомобиль жолдары, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары және қала көшелерінің жолдары құрайды.
Самара-Шымкент (Орал, Қызылорда арқылы Ақтөбеге) Қызылорда қаласын Батыс Қазақстанмен автомобиль байланысымен қамтамасыз етеді; Қызылорда-Павлодар (Жезқазған және Қарағанды арқылы) Қызылорда қаласын Орталық Қазақстанның аудандарымен автомобиль байланысын қамтамасыз етеді; Қызылорда-Шымкент-Алматы Қызылорда қаласын Оңтүстік Қазақстанның аудандарымен байланыстырады.
Сонымен қатар, қалаға жергілікті маңыздағы облыстың аудандарымен шаруашылық байланысты қамтамасыз етуші жолдар қосылған.
Болашақта жүк және транзитті көлік ағымдарын қаланың сыртына шығару мақсатында Қызылорда қаласын, сол жағалауды қамтитын сыртқы айналма автомобиль жолдарының жүйесі салынады.
Қалалық көлік жүйесін жетілдіру кіші габаритті көліктерді үлкен сыйымдылықты көліктерге ауыстыруды қажет етеді. 2010 жылы қоғамдық жолаушылар тасымалдауда микроавтобустардың үлесі 70 пайызды құраса, қазіргі уақытта 60 пайыз деңгейінде. Болашақта қалалық және қала маңындағы маршруттар автопаркін кезең-кезеңмен жаңалау жоспарлануда.
Бүгінде қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала болып бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының, тауар мен қызметтің кең профилінің қалыптасуының, бюджет түсімдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Қаладағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері қарқынды динамиканы көрсетеді.
Жыл басынан бері бөлшек сауда тауар айналымы 119,0 млрд.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 25,0 пайыз өсімді қамтамасыз етті немесе облыс бойынша көрсеткіштегі үлесі 86 пайызды құрады.
Экономика саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 116808 теңгені құрап, облыстық деңгейден 112,2 пайызға артық болды.
Макроэкономикалық жағдайдың жақсару жағдайында есепті кезеңде қалалық бюджет үшін кірістердің және шығыстардың өсуінің жалпы тенденциясы қалыптасты.
Экономикалық өсім қалалық бюджеттің кіріс бөлігін көбейтуге мүмкіндік беріп, бір жылда 8,0 млрд. теңгеге артып (1,9 есеге), 16,2 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты. Білім саласының шығындары – 23,0 пайызға, әлеуметтік қамсыздандыру – 19,2 пайызға, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы 4,5 пайызға өсті.
Алайда, қалада бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелер бар, осы бағдарлама соларды шешуге бағытталған. Қаланың әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалай отырып, бұл материалдық–техникалық базаның әлсіздігінде екенін атап айтқан дұрыс, оны дамытуға, жетілдіруге және нығайтуға, жаңа обьектілер салуға бюджеттік қаржыландыру көлемі жеткіліксіз. Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы кезең-кезеңмен шешілуде. Сонымен қатар, спорт алаңдары құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Жыл сайын қала тұрғындарының мәдени және ақпараттық талаптар және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы алшақтық өсіп келеді.
Ауыл клубтарының үштен бірі күрделі жөндеуді қажет етеді. Қаланың еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі, білікті жұмысшылар және техникалық кадрларға деген сұраныс, жұмысшы күші сапасының төмен болуы басты мәселе.
Ірі экономикалық міндеттерді шешуге және өңірдегі инновациялық процестерді дамытуға ғылыми потенциал толық шамада қатыспайды. Нақты өнім шығаруға экономиканың бағытталуы өте әлсіз. Қала экономикасы құрылымдарының жоғары диверсификациялануына қарамастан өнеркәсіпте шикізат салалары басымды роль атқарады, олар аралық өнімдерді шығарады (мұнай, газ).
Авиациялық тасымалдау саласында «Қорқыт Ата» аэропортының» ұшу-қону жолына қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, ағымдағы жылы облыс орталығында халықаралық кластағы жолаушылар терминалының құрылысы басталды. Сонымен бірге, 2014 жылы Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» әуежайына «халықаралық әуежай» статусы берілді.
Курорттық – рекреациондық аймақтар, тарихи-архитектуралық ескерткіштер, бай даталы оқиғаларға негізделген туристік потенциалдың дамуына үлкен мүмкіндіктер бар.
«ЕХРО - 2017» әлемдік көрме шеңберінде Байқоңыр қаласы мен космодромына әлемнің түпкір-түпкірінен ондаған мың туристердің келуі, сонымен бірге басқа елдердің инвесторларын тарту жоспарлануда.
Жасалған жұмыстар қаланың инвестициялық және туристік әлеуетін арттыруға, транзиттік әлеуетті жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.
2.2 Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
Өнеркәсіп. Соңғы үш жылдың ішінде өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 24 пайызға артып, 2013 жылы 1 трлн. 270 млрд. 690 млн. теңгеге жетсе, 2014 жылдың 10 ай қорытындысымен 899 млрд. 641 млн.теңгені құрады. Қызылорда қаласы өндірістік өңір болып табылады, мұнда жалпы облыста өндірілген өнімнің үлесі 93,1% құрайды. Өнеркәсіп өнімі құрылымында кен өнеркәсібінің үлесі басымдыққа ие. Жыл сайын 11,0 млн. тоннаға жуық мұнай, 1,5 млрд.текше метр ілеспе газ өндірілуде. Дегенмен, соңғы кезде мұнай өндіру көлемінің азаю тенденциясы орын алып отыр. 2012 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру көлемінің 9,7% төмендеуі өңірдегі ірі мұнай операторларының мұнай скажиналарында шикі мұнай қорының азаюы және сулануы салдарымен түсіндіріледі. Жыл басынан бері 8,2 млн. тонна мұнай және 1,2 млрд. текше метр газ өндірілсе, өткен жылдың сәйкес кезеңімен тиісінше 93,7 және 99,6 пайызды құрады.
Тау-кен өнеркәсібі көлемінің төмендеуі мұнай кеніштеріндегі қордың біртіндеп таусылуынан, бұл өз кезегінде нақты көлем индексінің төмендеуіне әсер етті.
2011-2014 жылдардағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі
ӨНЕРКӘСІП
|
2011ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
қаңтар-қазан
|
2014 ж қаңтар-қазаны 2013 жылдың қаңтар-қазанына, пайызбен
|
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі (тауарлар, қызметтер), млн.теңге
|
1 021 609,1
|
1 043 396,6
|
1 270 690,0
|
899 641,7
|
96,4
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
|
988 468,5
|
999 762,5
|
1217684,8
|
854 475,8
|
95,7
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
17 233,9
|
20 041,2
|
28790,4
|
24 153,8
|
105,0
|
Электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау
|
13 566,1
|
20 760,4
|
21197,3
|
18 373,5
|
114,8
|
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
|
2 600
|
3 069
|
3 398
|
2 638
|
85,3
|
Кен өндіру саласындағы мұнай және газ конденсатын өндіруші «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «ТорғайПетролеум» АҚ, «Қазгермұнай», КАМ, КОР, СНПС Айдан мұнай ірі компаниялары қала аумағында жұмыс жасайды.
Өңдеу өнеркәсібінің үлесі жыл сайын артып келеді. Соңғы үш жылда 19,7 млрд.теңгеден 24,1 млрд.теңгеге жетті. 2014 жылдың 10 айында өндірілген өнімнің 5,0% артуына тамақ өндіру (8,0%), өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру (5,1%), машина жасау (1,1%) салаларындағы өсім есебінен қол жеткізіліп, облыс бойынша өндірілген өнімнің 41 пайызын қамтамасыз етті.
Қызылорда қаласында Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы 11390 млн. теңгені құрайтын 4 жоба, 2011 жылы 205 млн теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылды.
2012 жылы индустрияландыру картасынан тыс іске қосылған нысандар:
1.«Алтын Қамба Агроөнеркәсіп комбинаты» ЖШС-нің «Сауда логистикалық орталық және көкөніс сақтайтын қойма құрылысы». Жобаның құны – 440,0 млн.теңге. Жаңа жұмыс орындары-75.
2. «КАИС Сервис» ЖШС-нің битум шығаратын зауытының құрылысы жобасы. Жобаның құны 150,0 млн. теңгені құрайды. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 100 тонна битум өндірісі. 30 жаңа жұмыс орындары ашылды.
2013 жылы жобалық құны 1659,3 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, жаңадан 65 жұмыс орны ашылды.
1. "Ақбарыс" ЖШС-нің «Мал бордақылау цехы және ет өндіру цехының құрылысы» жобасы. Жоба құны 200,0 млн. теңгені құрайды. Жаңа жұмыс орындары – 15. Қазіргі таңда кәсіпорын жұмыс жасауда.
2. «Қайнар» спорт клубы қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда қаласында спорттық сауықтыру кешені құрылысы (мұз айдыны)» жобасы.Жоба құны 1459,3 млн теңге, жаңа жұмыс орнындарымен 50 адам қамтылды. Қуаттылығы күніне 162 адамға қызмет көрсетуде.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жалғастырылуда. Үш жыл мерзім ішінде жалпы сомасы 10,8 млрд. теңгені құрайтын 156 жоба бойынша 9,3 млрд. теңге көлемінде екінші деңгейлі банктер арқылы несие беріліп, оның 506,6 млн. теңгесі мемлекет тарапынан ішінара кепілдендірілді.
Жалпы бағдарламаны жүзеге асыру барысында Қызылорда облысы бойынша 1504 жобаның 80 пайызы қала кәсіпкерлерінің үлесінде болып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:
-
несиенің пайыздық ставкасын мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен субсидиялау бойынша 173 жоба немесе 84,4 пайызы;
-
ішінара кепілдендіру бойынша 24 жоба немесе 64 пайызы;
-
бизнесті жүргізу бойынша қызмет көрсету 985 кәсіпорын немесе 80 пайызы;
-
мемлекеттік грант беру бойынша 11 жоба немесе 65 пайызы;
-
қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 9 жоба немесе 64 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде бағдарламаның «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізу» бағыты бойынша Индустриалдық аймақты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 464,0 млн. теңгеге 2,6 км жол, 1,5 км сыртқы су желілері, 3,7 км кәріз желілері құрылысы салынып, электржөндеу шеберханасы ғимараттары құрылысы жүргізілуде. Бұл аймақта ірі өндірістік жобалар орналасатын болады. Олардың қатарында «Шыны шығару зауыты», «Қабырғалық және тротуарлық материалдар шығару зауыты», «Электрнасос қондырғыларын жинау цехы», «Полимерлік құбырлар өндіру зауыты», «Машина жасау зауыты», «Ферроқорытпа зауыты» жобалары бар.
2014 жылы индустрияландыру картасынан тыс жалпы құны 555,3 млн.теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылып, 681 жаңа жұмыс орны ашылды. Олар:
1. «Smart Rubber» ЖШС-нің «Жарамсыз автокөлік балондарын өңдеу арқылы резеңке ұнтағын және жер асты трубаларын шығару» жобасы. Жоба құны 500 млн. теңге. Жаңадан 24 адам жұмыспен қамтылды.
2. «Эко-Н Сервис» ЖШС-нің «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және тиімді пайдалану» жобасы. Жоба құны 10,3 млн. теңге. Жаңадан 9 адам жұмыспен қамтылды.
3.«Қожаниязов» ЖК-нің «Күйдірілген кірпіш шығару өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны 35 млн. теңге. Жаңадан 40 адам жұмыспен қамтылды.
4. «Абсадыкова» ЖК-нің «Гигиеналық қағазын шығаратын цехтың құрылысы» жобасы. Жоба құны 10 млн. теңге. Жаңадан 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қаладағы құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар силикат және күйдірілген кірпіш, темірбетон бұйымдары мен әртүрлі фракциялы қиыршықтас, асфальтбетон, полимерқұбырлар, ағаш және ұсталық бұйымдар т.б. құрылысқа қажетті заттарды шығарумен айналысады.
Қазіргі уақытта қалада құрылыс материалдарын мыналар шығарады:
- темірбетон бұйымдары мен тауарлық бетон шығару бойынша («Құрылыс» АҚ, «КСМиК» ЖШС, «Алагер» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «Адем Жан» ЖШС, «ЭкоҚұрылысМаркетинг» ЖШС, т.б.) кәсіпорындар мамандандырылған;
- кірпіштердің әр түрін өндірумен («АСАР-Құрылыс» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «Құрылыс» ЖШС, «Мұнай Құрылыс» ЖШС, «Қызылордаэкспорт астық» ЖШС) кәсіпорындары айналысады;
- әртүрлі фракциялы қиыршықтас шығару бойынша («Компания ҚазПромҚызылорда» ЖШС, «АЖБ», «Тасбұлақ» ЖШС («КДСМ Қыран»), т.б. кәсіпорындар.
-асфальт, битум зауыттары бойынша «КАИС сервис», УАД ЖШС-тері, т.б. айналысады.
Одан басқа полимерлік құбыр жасау өндірісінде «Қуат» ЖШС, «Техоснастка» ЖШС, «Smart Rubber» ЖШС тұрақты жұмыс жүргізуде.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 18373,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 19,7 пайызға артты. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 2,0 пайызын құрады.
Өнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер:
- Экономиканың өнеркәсіп құрылымында кен өнеркәсібінің басымдылығы, өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынының төмендігі;
- кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі;
- тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын өндірістің жоқтығы;
- инновациялық технологияны дамытуға мүдделі, қаржы құюға дайын отандық және шетелдік инвесторлардың жоқтығы;
- өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;
- өңдеу саласы өнімдерінің экспорттық деңгейінің жетімсіздігі;
- индустрияландыру картасына енгізу үшін ірі инвестициялық жобаларды іздестіру.
Достарыңызбен бөлісу: |