Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет1/8
Дата23.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#4602
  1   2   3   4   5   6   7   8




№ исх: 02-18/19 от: 08.01.2013

Қызылорда облыстық мәслихатының

2012 жылғы 6 желтоқсандағы

кезекті 12 сессиясының

№66 шешімімен бекітілген




Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға

арналған даму бағдарламасы

Қызылорда қаласы, 2012 жыл

Мазмұны


1.

Бағдарламаның төлқұжаты

2.

Ағымдағы жағдайға талдау

2.1

Қызылорда облысының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы

2.2

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.3

Қызылорда облысының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама

2.4

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау

3.

Өңір дамуының көрінісі

4.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары.




1 бағыт: Өңір экономикасын дамыту;




2 бағыт: Әлеуметтік даму;




3 бағыт: Инфрақұрылым;




4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология;




5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер.

5.

Қажетті қаржы

6.

Бағдарламаны басқару

Бағдарлама төлқұжаты




Бағдарлама атауы

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы (Одан әрі - Бағдарлама)

Оны дайындауға

негіздеме



«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қызылорда облысының аумағы 226,0 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 8,3 %-ын алып жатыр, Тұран ойпатының кең байтақ жазықтау жерлеріне орналасқан, шығысында Қаратау сілемдері, солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік – батысында Қызылқұммен шектеседі.

Облыста 7 аудан, 3 қала және 263 ауылдық елді мекен бар.

2012 жылдың 1 қаңтарына облыс халқы 713 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 3,2 адамнан келеді.

Әкімшілік орталығы Қызылорда қаласы болып табылады.



Бағыттары

Өңір экономикасын дамыту;

Әлеуметтік даму;

Инфрақұрылым;

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология;

Мемлекеттік қызметтер.


Бағдарламаның

мақсаттары



Облыстың дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету.

Міндеттері

Жалпы Өңірлік Өнімнің (одан әрі-ЖӨӨ) тұрақты өсуін және инфляциялық процестердің тұрақтануын қамтамасыз ету;

Экономиканың өңдеу саласын дамыту;

Балама энергия көздерін пайдалануды дамыту;

Агроөнеркәсіп кешені (одан әрі-АӨК) өнімдері экспорты және өндірісін тұрақты өсіру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;

Инвестициялық қолайлы ахуал құру, қарым-қатынасты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті жетілдіру және әртараптандыру;

Облыстың инвестициялық жобаларында және тауар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алуда қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайту;

Мектептегі білім беру деңгейін арттыру;

Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

Бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату;

Әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету және тұрғындардың денсаулығын жақсарту;

Облыс халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және ықпал жасау;

Кедейшілік деңгейін төмендетуге ықпал жасау;

Облыс тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету;

Мәдениет саласындағы отандық өнімдердің талап етілу өсіміне жағдай жасау;

Жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы;

Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

Туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет сапасын жоғарылату;

Мемлекет және азаматтық қоғам институттарының қарым–қатынастарын және мемлекеттік ақпарат саясатының тиімділігін арттыру;

Елдің даму Стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту;

Азаматтық қоғам институттарының елдің стратегиялық дамуына қатысуын кеңейту;

Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

Есірткі бизнесі, нашақорлық және қылмыстармен күрес тиімділігін арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдау;

Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;

Байланыс және телекоммуникация саласында сапалы қызметпен қамтамасыз ету;

Жол инфрақұрылымын дамыту;

Көлік қызметін дамыту;

Облыстың коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығын дамыту;

Ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Жылу беру жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Кәріз жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Облыстың ауылдық елді мекендерін дамыту;

Экожүйені қайта қалпына келтіруге және сақтау бойынша жағдай жасау;

Орман және орман өндірісін өсіруге жағдай жасау;

Жергілікті атқарушы билік қызметінде тиімділікті арттыру


Іске асырылу мерзімдері
Мақсаттық

индикаторлар



2011-2015 жылдар

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %-бен;

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі;

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі;

Электр энергиясын шығаруды арттыру;

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің нақты көлем индексі;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі;

Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер және т.б.) белсенділік деңгейінің өсімі;

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұн үлесінің ұлғаюы;

Халықтың білімнің қолжетімділігі мен сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту;

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік (14-24 жас) жастағы жастардың үлесі;

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі;

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл;

1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімділікті төмендету;

Жұмыссыздық деңгейі;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі;

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту;

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі;

Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету;

Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру, шаршы метр;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

Жүк айналымының көлемі;

Жолаушылар айналымының көлемі;

Тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі;

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

Жылумен қамту қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Халықтың су бұрғыш қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын арттыру;

Зиянды заттар қалдықтарын тастауды азайту;

Мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарының көлемі;

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі.


Қаржыландыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

2011 жылы 210205,6 млн. теңге

2012 жылы 137182,2 млн. теңге

2013 жылы 90970,3 млн. теңге

2014 жылы 65900,4 млн. теңге

2015 жылы 49156,9 млн. теңге

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға нақтыланатын болады.


2. Ағымдық ахуалды талдау


Облыстың жалпы сипаттамасы

Қызылорда облысы Тұран ойпатының жазық алқабында орналасқан, шығысында Қаратау сілемдері, солтүстік батысында Қарақұм, ал оңтүстік батысында Қызылқұммен шектеседі.

Облыс орталығы – Қызылорда қаласы, құрылғанына 190 жыл толған ежелгі қалалардың бірі. Оңтүстігі мен солтүстігінің арасы тікелей 1000 шақырымға жуық.

Облыс аумағы 226,0 мың шаршы шақырым (одан әрі-мың шаршы ш.). Облыс халқы (2012 жылдың 1 қаңтарына жедел мәлімет бойынша ) – 713,0 мың адам (одан әрі-мың адам) немесе республика халқының 4,1 % -ы.

Қызылорда облысы бірегей бәсекелестік әлеуетін қамтитын аса маңызды қазба байлықтарға бай. Осы және 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықтың жалпы көлеміндегі тұрғындардың еңбекке қабілеттілігі 48 % құрайды.

Табиғи қазба қорлары уран, мұнай, ас тұзы, әк пен шынытас құмдар, темір және полиметалдық бай кен орындары болып табылады.

Облыс аумағы Азия аймағы, Таяу және Орта Шығыс пен Европа мемлекеттері арасын байланыстыратын экономикалық тиімді (әуежолы, теміржол және автомобиль) жол торабын қамтиды. Туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені, курортты-рекреациялық аймақтар, тарихи-сәулет ескерткіштері жеткілікті.

2011 жылы өнеркәсіп өнімінің өндіру көлемі 1 063,1 миллиард теңгені (одан әрі-млрд. теңге) құрады немесе 2010 жылдың деңгейінде қалды (100 %).

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 45,4 млрд. теңге.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 15 %-ға, оның ішінде: жұмыспен қамтылғандар 2,8 %-ға, шығарылған өнім көлемі 1,1 %-ға өсіп, 202,8 млрд. теңгені құрады.

Сауда көлемі 21,6 %-ға, сыртқы сауда айналымы 24,1 %-ға, оның ішінде экспорт 32,3 %-ға өсті.

Негізгі капиталға 222 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды.

құрылыс жұмыстарының көлемі 43,5 пайызға артты.

267 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 6 %-ға жоғары.

Есепті кезеңге жүк айналымы 44,5 %-ға, жүк тасымалдау көлемі 44 %-ға ұлғайды.

Статистикалық мәліметтер бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,9 %-дан 5,5 %-ға төмендеген, осымен қатар жұмыспен қамтылған адамдардың саны 302,2 мың адамнан


334,8 мың адамға өскен (32,6 мың адамға).

2011 жылы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі жыл бойы 1,4 % пайыздық шекке төмендеп, 5 %-ды құрады.

Орташа айлық жалақы жыл қорытындысымен 7,7 %-ға өсіп, орташа есеппен
81518 теңгені құрады. Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 15,4 %-ға артты.
Индустриалды-инновациалық даму

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі № 303 қаулысымен бекітілген индустрияландыру Картасы шеңберінде 2010-2011 жылдары жалпы құны 80 млрд. теңгенің 21 жобасы іске асырылып, 1000 жаңа жұмыс орны ашылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің аймағында теңдесі жоқ күкірт қышқылы зауытының құрылысы салынып, қамыс тақтайшалары өндірісі ұйымдастырылды. Күріш жаткаларын құрастыру және шығару бойынша Украинамен бірлескен кәсіпорын жұмысын бастады.

Индустриаландыру Картасы шеңберінде ашылған өндірістер мен өңдеуші өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 18 пайызы өндірілген.

2012 жылы тағы 20 жобаны жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр
(1,2 млрд. теңге, 449 жұмыс орны), оның ішінде 1 жоба (700 млн. теңге шамасында)
2012 жыл аяғына дейін жүзеге асатын болады.

Түсіндіру жұмыстарының арқасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасына бизнес-құрылымның қызығушылығы артты. 2012 жылдың 11 айында 73 жоба (өткен


2 жылдың ішінде 32 жобаға қарағанда (3,2 млрд. теңге)) субсидияланды (6,4 млрд. теңге).

Нәтижесінде соңғы жылдың ішінде белсенді шағын бизнес субъектілерінің саны


11 пайызға, олардың шығарған өнімдері 4,6 пайызға өсті.
Аграрлық сектор

Облыстың ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 2011 жылы


2010 жылмен салыстырғанда 43,5 пайызға артты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауға 3,2 млрд. теңге, оның ішінде 2,5 млрд. теңге жергілікті бюджеттен бөлінген.

2011 жылы облыстың барлық шаруашылық категориялары бойынша 160,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, оның ішінде 86,8 мың гектар–дәнді,


47,8 мың гектар-мал азығындық, 23,9 мың гектар–картоп, көкөніс, бақшалық және 2,2 мың гектар майлы дақылдар. Негізгі дақыл-күріштің көлемі 77,4 мың гектарға орналастырылды. 1,7 мың гектарға катоп пен көкөніс-бақша дақылдарының көлемі арттырылды. 2010 жылмен салыстырғанда картоптың жалпы өнімі 11,6 мың тоннаға, бақшалық дақылдардың 6,9 мың тоннаға артты. 70,6 пайызға (2010 жылғы 65 пайызға қарағанда) тарта алқапқа репродуктивті тұқым себіліп, жоғары өнім алуға мүмкіндік берді. Гектарынан орта есеппен 47,8 центнер өнім ала отырып, 370 мың тонна шикі күріш алынды.

Аяқ суды тиімді пайдалану мақсатында облыста тамшылап суару әдісі қолданылуда. Тамшылап суару әдісін пайдаланғанда өнімділік 3 есеге артып, аяқ су шығыны екі есеге төмендейді.

Соңғы 4 жылда Ресей селекциялық күрішінің 3 сорты аудандастырылды. Тағы екі (Фитш, Анаит) сортын аудандастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, су пайдалануды
5 пайызға азайтуға, вегетативті өсу кезеңін 7-10 күнге азайтуға, екі есеге күріш тұқымын үнемдеуге мүмкіндік беретін «Селест топ» швейцарлық фунгицидпен күріш тұқымын өңдеу тәжірбиесі ендірілді.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жоғары репродуктивті тұқыммен қамтамасыз ету үшін 1-репродукциялы 3300 тонна күріш тұқымының құнын ішінара арзандату үшін 2011 жылы облыстық бюджеттен 105 млн. теңге, ал республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қолдау (жоғары репродуктивті тұқымды субсидиялау) үшін 78,6 млн. теңге бөлінді.

2012 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара басы 240,6 мың басты, қой мен ешкі
761 мың басты, жылқы 67,1 мың басты, түйе 32,1 мың басты, шошқа 3,2 мың басты, құс 197,2 мың басты құрады.

Облыста 23 асыл тұқымды шаруашылықтар жұмыс жасайды, онда 3,6 мың бас мүйізді ірі қара, 49,7 мың бас қой, 3,4 мың бас түйе бар. Сонымен қатар 1 дистрибьютерлік орталық және 53 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды. Асыл тұқымды шаруашылықтарды дамыту мақсатында соңғы жылдары облыс шаруашылықтарына лизингке 4185 бас қой,


500 бас жылқы, 80 бас түйе, 1000 бас сүт бағытындағы мүйізді ірі қара алынып берілді. Нәтижесінде мүйізді ірі мал басы 3519-ға жететін 9 орта тауарлы шаруашылықтар ұйымдастырылды.

«КазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі» акционерлік қоғамының «Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде 2011-2015 жылдары облысқа репродуктивті шаруашылықтар арқылы 2,7 мың бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара, фермерлік шаруашылықтар арқылы 8,7 мың бас сиыр бордақылау алаңдары үшін , 5 мың бас мал сатып алу жоспараланып отыр.

Сиыр етінің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде бағдарламаға қатысушылардың барлығын орналастыру Схемасы әзірленді.

2011 жылдың қорытындысымен аталған бағдарламада 124 фермерлік шаруашылық қатысып, оның 29-ы «КазАгро» желісінен несиелік ресурстар алды.

Бұл қаржыға 1624 бас тауарлы мал сатып алынды, оның ішінде 1580 бас сиыр, 44 бас асыл тұқымды өгіз бар. Яғни, мүйізді ірі қара бойынша ет бағытымен қатар сүт бағытын да дамытуға негіз қаланды.

Оған қоса мал азығындық қорды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін 2012 жылы мал азығындық дақылдар алқабы 2,7 мың гектарға ұлғайтылып, жоңышқаның элиталық тұқымын шығаратын тұқым шаруашылығы құрылды.

Мал азығындық қорды қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы тәулігіне 80 тонна құрама жем шығаратын зауыт іске қосылды.
Тұрғын үй құрылысы

2011 жылы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,2 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 276 млн. теңге:

а) 236 пәтерлік 8 жалға берілетін тұрғын үй құрылысы басталды, оның 2012 жылдың
1 қаңтарына 170 пәтерлік жалпы алаңы 10,3 мың шаршы метрлік 5 тұрғын үйі іске қосылды;

б) 300 пәтерлік 6 ипотекалық тұрғын үй құрылысы басталды, оның 100 пәтерлік жалпы алаңы 6,6 мың шаршы метрлік 2 тұрғын үйі іске қосылды;

в) инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылым. 2011 жылы инженерлік инфрақұрылым құрылысына және жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 1,139 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы шеңберінде 24,3 шақырым электр желісі, 1,6 шақырым жылу желісі, 19,84 шақырым су желісі, 0,26 шақырым кәріз желісі, 2,1 шақырым газ және
2,1 шақырым телефон желісі тартылып, 24,14 шақырым кіре беріс жолдар пайдалануға берілді.

238,536 мың шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2010 жылға қарағанда 101,6 пайызды құрады.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту

Облыста 642 көп қабатты тұрғын үй бар, оның 70 пайызға жуығы күрделі жөндеуді талап етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 Қаулысымен бекітілген «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» шеңберінде 2011 жылы
18 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, онда қаржыландырудың 2 тетігі пайдаланылды.

Бірінші тетік бойынша облыс орталығының «Мерей» мөлтек ауданындағы 6 үйді жөндеуге «Қызылорда» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын капиталдандыруға республикалық бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді.

Екінші тетік бойынша 12 үйді жөндеуге, оның ішінде 3-уі «Ақмешіт», 7-уі «Мерей», 2-уі «Шұғыла» мөлтек аудандарында «Тұрғын үй қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын жарғылық капиталын ұлғайтуға республикалық бюджеттен 275 млн. теңге бөлінді.

2012 жылы тағы 37 тұрғын үйді жөндеу жоспарланып отыр (812,5 млн. теңге).


Энергетика

2009 жылы облыс бойынша электр энергиясы желісінің тозуы шамамен 70 пайызды құрады. Облыс бойынша электр энергиясын тұрақты түрде ажырату, еріксіз шектеу қою, электр беретін қондырғылар мен қосалқы станциялардың тозуы және шамадан тыс салмақ салынуы, қуаттылық резервінің болмауы, желілердің біршамасы апаттық жағдайда болуы өңірдегі электр энергетикасы жағдайының ауыр халінің көрсеткіші болып отыр.

«Қызылорда электрэнергиясын тарату компаниясы» акционерлік қоғамының барлық активін коммуналдық меншікке қабылдау арқылы облыстың электр желісін кеңейту, қайта жаңарту және жаңғыртуға қаржы бөлуге мүмкіндік туды.

Облыста соңғы 30 жылдан бері алғашқы рет барлық аудан орталықтарын электрмен қамтамасыз ету жүйесін дамыту бойынша үшжылдық жоба іске асырыла бастады.


2012 жылдың аяғына дейін Арал қаласында, Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттерінде бұл бағыттағы жұмыстар толығымен аяқталады.

Сонымен қатар, Жақсықылыш кентінде электр желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласында құрылысы 2013 жылы толық аяқталатын, қолданыстағы қуаттылығы 35/10 кВ-тты барлық қосалқы станцияларды жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. «Ауыз су» және «Ақбұлақ» бағдарламаларының аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда облыс тұрғындарының шамамен 70 пайызы таза ауыз суға қол жеткізіп отыр.


Көлік инфрақұрылымы

2008-2010 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жол-құрылыс жұмыстарына 18,4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржыға жергілікті маңыздағы (Арал ауданының «Самара-Шымент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген», «Самара-Шымкент-Сексеуіл» және Жалағаш ауданының «Самара-Шымкент-Аққошқар-Ақарық-Жаңадария») 99 шақырымнан астам жол қайта жаңартылды, күрделі жөндеуден 202,5 шақырымы өтті (жергілікті маңыздағы жолдың жалпы ұзындығының 9 пайызы), оның ішінде Қармақшы ауданының «Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев», Жалағаш ауданының «Жалағаш-Жосалы», «Еңбек-Ақарық-Жаңадария» автомобиль жолдары учаскесінде көпір құрылысы».

Сонымен қатар, 602,4 шақырым жол орта жөндеуден өткізілді (жергілікті маңыздағы жолдың жалпы ұзындығының 27 пайызы), оның ішінде Жалағаш ауданының «Жалағаш-Жосалы», Жаңақорған ауданының «Шиелі-Қарғалы-Байкенже», «Самара-Шымкент-Сүттіқұдық», «Кеңес-су бөгені», Қармақшы ауданының «Қармақшы» елді мекенінің кіре берісі», Қазалы ауданының «Әйтеке би-Басықара», Шиелі ауданының «Самара-Шымкент-Тартоғай», «Байсын елді мекенінің кіре берісі», «Қызылорда қаласынан Қорқыт ата аэропортына дейін».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет