Айнымалы (өзгермелі) шығындар (TVC). Өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Өнім шығарылмаған уақытта айнымалы шығын нөлге тең болады. Айнымалы шығын қисығы бастапқы кезде өндіріс көлемінің ұлғаюымен қатар айнымалы шығындар қарқынды ұлғайып отырады, ал қалыптасу кезеңінде айнымалы шығын деңгейі бір қалыпты болып тұрады және де даму кезеңінде өндіріс көлемі өскен сайын айнымалы шығын көлемі де арта түседі. Өзгермелі шығындарға жұмыс күшін, шикізаттар, материалдар, отын, энергия сатып алуға жұмсалатын шығындар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |