Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009


Дедукция - жалпыдан жекеге қарай жүргізілетін ой қорытындысы. Дефектология



бет8/101
Дата30.12.2022
өлшемі338.91 Kb.
#468059
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101
Æ. Ê. Àõìåòîâà, Í. À. Áèñåìáàåâà ïñèõîëîãèÿ ï?í³ áîéûíøà òåñò ñ?

Дедукция - жалпыдан жекеге қарай жүргізілетін ой қорытындысы.
Дефектология - аномалиялы балалардың дамуының психологиялықфизиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым.
Джеймстің - Лангенің эмоциялар теориясы - америкалық философ және психолог У. Джеймс пен неміс психологі Г. Лангенің XIX ғасырдың 80 - 90-жылдарында бір-бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл теория бойынша эмоциялардың пайда болуы еріксіз қозғалу саласындағы, сондай-ақ жүрек, қантамыр, секреторлық қызметтің саласындағы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш-сүйініштер осы өзгерістермен байланысты түйсіктердің жиынтығы болып шығады. Джеймстің ойынша, «жылағандықтан мұңданамыз, дірілдегендіктен қорқамыз, күлетіндіктен қуанамыз». Джеймс эмоцияларды перифериялық өзгерістердің кең тобымен байланытырса, Ланге қантамыр-қозғалу жүйесімен - иннервация күйімен және тамырлардың саңылауымен байланыстырды. Осылайша, әдетте, эмоцияның салдары деп қарастырылатын перифериялык, органикалық өзгерістер олардың себебі деп жарияланды.
Динамикалық стереотип - үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы
Дисфазия - мидың зақымдануынан қалыпты сөйлеудің бұзылуы. Синонимі – афазия.
Диффузиялық топ - құндылық-бағдарлылық топтасқандық болмайтын, қатысушыларының қатынастарын ортақтандыра алатын бірлескен іс-әрекеті жоқ қауымдастық.
Егіздік әдіс - біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Егіздік әдіс адамның психологиялық қасиеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Елестету, елес - бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық карекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, проблемалық жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай, алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.
Еліктеу - басқалардың мінез-құлқын не көшіру процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Адамның өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет