Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Адам нанғысыз қысқыш ұстағыштар



Pdf көрінісі
бет115/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Адам нанғысыз қысқыш ұстағыштар 
Жабысқақ бұрандаға немесе қатып қалған сомынға тап болғанда білдекшілердің көбі
оттықты жағып, бөлшекті қызарғанға дейін қыздырады. Мұның себебі жылу металды кеңейтеді 
‒ көптеген құрал өндірушілердің өз және клиенттерінің мүддесіне пайдаланатын қасиет.
Құралды термиялық жолмен күйдіру «бір Миссисипи», «екі Миссисипи» және т.б. деп, 
бәлкім, 15 рет санай отырып, құрал ұстағыштарды индукциялық жылыту режиміне қою 
арқылы жұмыс істейді, нәтижесінде құрал ұстағыш оған қыздырғанға дейін саңылаудан гөрі 
үлкенірек болған кескішті орнатуға болатындай кеңейеді. Тағы да салқындау үшін 15 


120 
секундтай уақыт беріңіз, бұл кескіш енді ешқайда жылжымайды (мысал үшін 7-4-суретті 
қараңыз).
Бұл көп араласуды қажет етпейді. Мысалы, ұштық фрезадағы диаметрі 1 /2 дюйм 
болатын сағақ құрал ұстағыштағы саңылаудан бар-жоғы 0,0015 дюймға ғана үлкенірек. Ал 
термиялық тәсілмен отырғызудың жылжитын бөліктері болмағандықтан, құрал ұстағыш
симметриялық болуы мүмкін, бұл ‒ теңгерім маңызды рөл атқаратын жоғары айналымдағы 
өңдеу үшін таптырмас шешім.
Әрине, термиялық қысқышпен құралдарды алмастыру үшін кәдімгі құрал ұстағыштарға 
қарағанда анағұрлым көбірек уақыт қажет болады. Қысқышпен отырғызу тек қатты қорытпалы 
кескіштермен үйлеседі, мұнда индекстелетін немесе «HSS» ұштық фрезалар жоқ. Сондай-ақ, 
өндірушілер қысуға арналған қондырғыларды оңды-солды сыйға тарпайды, ал жақсы 
құралдың мың доллар тұруы әбден ықтимал. Егер абай болмасаңыз, онда саусақтарыңыз 
«Kiwanis» клубындағы құймақпен таңғы ас ішуге қарағанда көбірек күюі мүмкін. Бірақ қыздыру 
арқылы отырғызудың артықшылығы, бұл берілістің айтарлықтай жоғары жылдамдығы, құрал 
беріктігінің жақсартылған қоры, сондай-ақ жұлынып кету ықтималдығының болмауы тәуекелге 
бел байлауға тұрарлықтай. Тек қана жеткілікті лейкопластырь алып қойғаныңызға көз 
жеткізіңіз.
7-4-
сурет: Айналмалы күймешіктегі 
«CAT40» құрал ұстағыштардың 
түржинағы. Оларды ыстық отырғызу
ретінде анықтайтын термиялық 
түссізденген ұштықтарға назар 
аударыңыз 

«Proto Labs» ұсынған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет